Аргеологиялық ескерткіштерді қорғау


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Аргеологиялық ескерткіштерді қорғау»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. 1 Археология - тарих ғылымының саласы
1. 2. Археологиялық ескерткіштердің түрлері
1. 3. Тарихи мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік қорғау жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ескерткіш - кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т. б. ) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т. б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т. б. археологиялық және сәулет ескерткіштері - ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды.
Негізгі бөлім
- Археология - тарих ғылымының саласы
Қазба жұмыстардың нәтижесінде табылған, өткен дәуірлерден қалған бұйымдар мен заттарды тарихи деректердің көзі негізінде зерттеп, адам баласының өсіп-даму тарихын анықтап, бейнелейтін ғылым - археология. Археология мен тарих арасы ашылмайтын түпкілікті мақсаты бірге, бүтін, күрделі тарихи ғылым. Олардың айырмашылығы-деректер жинау мен зерттеу ерекшелігіне байланысты археологтар өздеріне тән әдіспен класстарға бөлу жүйесін құрды, бірақ зерттеу жұмыстарының аяқталу сатысында тарихи түсінік пен археологтың жинаған табыстарын байланыстырумен қорытылады.
Түсінікті жазба деректер қалмағандықтан көп дәуірдің тарихын зерттегенде, археологияның маңызы жоғары деңгейде. Сонымен қатар, археологияның деректі табыстарының орны орта ғасырлардың тарихын зерттегенде де маңызды, олар жазба деректерді толықтырады.
Археологияның жетілуі, даму сатылары басқа ғылымдармен сабақтас, тығыз байланыста. Көптеген ғылымның әр саласымен қатарлас деректері арқылы немесе әр түрлі әдістермен алмаса-толықтыру, анықтау жолдарымен саяси - қауымдық, табиғаттану және арнаулы, дербес ғылымдармен, әсіресе геология, антропология, этнография, палеозоология және палеоботаника ғылымдарымен қосыла өрісі кеңейді. Аталған салалармен байланысы археологияның шапшаң нығаюына ықпалы тиеді, басқа ғылымдардың жаңа жетістіктерін қолданып, археологияның ашылған деректерімен ескерткіштерінің тегі мен жасын дәлелдеп табуға нақты шешімін береді.
Археологияның тарихтан ерекшелігі: қысқа мерзімнің ішінде негізгі деректі ескерткіштердің қатарын бірнеше есе толықтыра алады, қазіргі уақытта бұл саланы байытатын өте көп қор жиналған. Бірақ та, естен шығармайтын жағдайлар: жақсы зерттелген ауылдармен қатарлас археологиялық картада ақтаңдақтар көп, деректер көзі жер шарында, соның ішінде біздің Қазақстанда жаппай белгіленіп тегіс тараған деуге болмайды. Атап айта өтуге реті бар, әрбір дәуірлердің ескерткіштерін, көне тас дәуірі мен ерте орта ғасырлардың, тұрақты қауымдар құрған халықтардың тарихын, әлі аз білеміз.
Деректер көзі мен ескерткіштер тегінің көпшілігі ғылым қазынасына арнаулы экспедициялар қазба жұмыстарының зерттеу қортындысында қосылады. Сонымен қатар археологияға қосымша деректердің көзі кездейсоқ табыстарда не болмаса күтпеген кездегі ескерткіштердің табылуы, қайбір құрылыс салуға арналған жер қазу жұмыстарының кеселінен қирауына байланысты ашылады. Ол кезде, бірсыпыра, ескерткіштердің құнды, маңызды деректері біздің қауым үшін мүрдемге кетеді де, не болмаса оқымыстыларға қажетті мәліметтер ғылыми құнсыз деңгейде жетеді. Өндіріс пен азаматтық құрылыстардың кеңінен өрбіген кезеңінде осындай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан, тарихшының ең сапалы, жаңа археологиялық тұрақты жерлерді табу, керек болған жағдайда құтқарып қалу жұмыстарын ұйымдастыра білу және ескерткіштерді арнайы ғылыми экспедиция келгенінше қорғау.
1. 2. Археологиялық ескерткіштердің түрлері
Археологиялық барлау және қазба жұмыстарды жетістікпен өткізу үшін зерттеушінің археологиялық ескерткіштердің әр түрі жайында көрегендігі болуы керек, қайсыбір археологиялық түсініктер мен терминдерді анық ұғынуы қажет. Адамның іс-әрекеттерінің қалдығы табылған жер қабаттары археологияда мәдени қабат деп аталады.
Мәдени қабаттың қалыңдығы әр түрлі болады: адамның аталған жерде қалай, қанша уақыт тұрғанына байланысты бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жетеді.
Мәдени қабаттың археологиялық деректерінің деңгейі әртүрлі. Әр дәуірдің қалдықтары бар көп қабатты ескерткіштер де кездеседі. Қайсыбір қабаттардың арасында адамның іс-әрекетінің қалдырған ізі жоқ топырақтың қабаты кездеседі. Оны қоспасыз таза қабатша дейді және бұл тұрақтың тарихында үзіліс болғанның куәсі. Ашылған бір көлемді бөлшек жердегі мәдени қабаттардың қоспасыз таза қабатпен кезекті бірінен соң бірінің құралуы ескерткіштің стратеграфиясы деп аталады. Адамның іс әрекетінің ізі жоқ, ең көне дәуірдің мәдени қабатының астында жатқан қабатты археологияда жер деп атайды. Мәдени қабатпен жабылған көп қара топырақты «көмілген топырақ» дейді.
Көптеген археологиялық ескерткіштердің арасында жиі кездесетін және көзге үйреншікті түрлерін бөліп алуға болады: тұрған жерлері, мәйіт жерленген орны, діни-таза орын.
Тұрған жерлеріне қатысты: ашықта тұрақтаған мекендер, жартастардың күркелі жерлері мен үңгірлер, құлама тастардың арасы ауылдар, қалалар, тұрақтар және көш-қоңыс аудандары. Ашық тұрақтарда уақытша тоқтаған аз ғана топ адамдардың қалдырған іздері кездеседі, әсіресе, олардың арасында бәрінен жиі аңшылардың қалдықтары табылған, әрдайым судың жанынан, өзендердің жағалауында құлама жарлардың маңынан кездеседі. Олар, көбінесе тас дәуірінің бірнеше ғасырларына қатысты. Бұндай тұрақтардың көлемі кішкентай, нашар сақталған, көп жағдайларда жуылып- шайылып кеткен немесе қазылып, бұзылып қалған, және де әр жерде ойдым-ойдым болып орналасқан мәдени қабаттар өте жұқа; көңілге демеу болатын қабаты қалыңдау, деректілеуі от жағылған ошақтар.
Күркелі жартастар мен үңгірлер азғантай топты адамдарға суық кездерде негізгі ұзақ уақытқа қолданатын тұрақтардың орны болған; көне тас дәуірінен, кейбір жерлерде темір дәуіріне дейін тұрақтаған. Мұндай ескерткіштердің стратеграфиясы өте күрделі мәдени қабаттары соншама қалың, деректері де төтенше толық, әсіресе, үңгірге кіре берісте.
Ауылдар: Табиғи құлаған тау-тастар өзендер мен көлдердің оңтүстік күнге қараған жағында болады. Ондай тұрақтардың адам баласының күшімен салынған бекіністері болмаған, дегенмен қоныстануға орын таңдағанда, қалай қорғану мүмкіншіліктері есепке алынғаны байқалады. Осы сияқты тұрақтардың көлемі бірнеше жүздеген, мыңдаған шарша дейін; жаңа тас дәуір мен ерте темір ғасырлар кезеңінде көп кездеседі.
Табылған тұрақтардың мәдениет қабаттарының қалыңдығы әртүрлі, қабаттар деректі ескерткіштерге бай; көбі көне дәуір кезеніне жатады.
Қалалар. Қалалардың ауылдардан ең басты айырмашы- лығы - қорғаныс бекіністері: қоршай қазылған орлар, үйілген дөңдер, тұрғызылған қалың жарлар мен қарауылшы мұнаралары, тағы басқа бекіністердің көбі темір ғасырларының көрінісінен «хабар» береді. Даулы мәселелердің көбісін соғыспен шешу күнделікті құбылысқа айналған кезен болған. Қаланың төңірегі белгілі шекарада қоршалғандықтан, мәдени қабаттары өте қалың, құнды, маңызды деректі ескерткіштерге - ауылмен салыстарғанда бай. Қаланың маңызды ерекшелігі - қалған қабаттарда біздің уақытқа дейін жеткен құрылыс ескерткіштері: тас, кірпіш, ағаштар, ашық қалған қаланың жобасы, қатаң түрде тығыз салынған үйлер мен шаруашылық бөлімшелері, шеберханалар, дәстүрлі діни рәсімдерді атқаратын құрметтелген жерлері. Қаланың топографиясы жақсы айқын сақталып, біздің көп сұрақтарымызды қанағаттандырады.
Тұрақ немесе жайлау. Тұрақ немесе жайлау - көшпенді малшылардың темір ғасырлары кезеңінде қыста, жазда мал жаятын аудандары. Бұл жерлерде мәдени қалдықтарды табу қиын: адам топтары сулы жерлерді жағалап өзендердің құйылыс сағаларында не болмаса тау шатқалдары мен етектерінде, тағы басқа ығынды, құнарлы, жайылымды, орнығуға қолайлы жерлерде тоқтаған. Мәдени қабат тек қана от жаққан жерлерде және шаруашылық шұңқырларында шашыраңқы түрде кездеседі.
Жерлеу. Археологиялық ескерткіштердің бір түрі - жерлеу. Адамды жерлеуді қабірлерді, құрылысты салу әдеттеріне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады: қорғандар, жертопырақтан құрылған қабірлер, дөльмендер - тік қойылған бірнеше тас блоктардың үстінен тас тақтаймен жабылған мегамет- ғимараттар, көп ретте дөльмендер өлікті жерлеуге пайданылған, табытпен қоятын қоймалар.
Археология үшін қабірлерді зерттеу ерекше маңызды. Біріншіден, біздің ата тегіміздің рухани ішкі өмір күйі мен қөзқарасы, жан дүниесінің даму сатыларын болжап, қарастыруға мүмкіндік туғызатын бірден-бір ескерткіштер.
Екіншіден, қабірлердің түрі этникалық белгілер мен ерекшіліктерінің көмегімен зерттеушіге археологиялық мәдениеттік топтастыруға жайлы-ыңғайлы.
Үшіншіден, қабірлерді бағалы анпропологиялық дерек сақталған, және көптенген дәстүрлі ресми саймандар, бұйымдар, марқұмның қауымда қандай әлеуметтік сатыда болғанын бейнелейтін, онымен коса экономикалық тұрмыс деңгейін топшылап қорытуға бағалы дерек көздері жинақталған.
Қорғанды молалар. Қорғанды молалар жер топырақ пен тастардан құрылған, көлемі әр түрлі; қыратты-биіктеу жерлерде жеке біреуден не болмаса бірнешеуден топтастырылып орналастырылған.
Үлкен, орташа қорғандарды табу оңай, үйілген үймелері биік 15-20 м дейін жетеді, астында бірден-бірнеше оңдаған жерленген мүрделер табылған.
Кейбіреулері бірнеше ғасырлар бойы құрылған, ертегісінің үстіне қосымша үйілген, стратиграфиясы сол себептен күрделі.
Алғашқы көрініс алған кезеңі мыс дәуірінен басталып, кейбір жерлерде соңғы ортағасырларға дейін жалғасқан.
Жертопырақ молалар. Жертопырақтан құрылған молалар дөңесті, биіктеу жерлерде орналастырылған. Көне кездерде, олар қабір үстінде қорған үй тәрізді болғаны ғажап емес, қалған тастардың, ағаштардың іздері сондай болжамға итермелейді. Жертопырақты көмбелерде ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған мүрделер жерленген, бірақ та қорғандардан айырмашылығы өткен уакыт кезеңдері қысқа мерзіммен шектелуімен белгілі.
Дөлмендер. Дөлмендер тік койылған, өте зор тас плиталардан құрылып, үстінен тас тақтармен жабылған. Жер бетіндегі құрылыс мегалит - ғимарат деп аталады. Ішінде өлген адамдар жерленген. Кавказда қола дәуіріндегісі кездеседі. Табылған дөлмендердің көбі ұрланып, бұзылып кеткен. Темір ғасырларында әлдеқайда көп әдістермен жерлеу етек алған, мысалы; мүрдені өртеу, құмыраға салып жерлеу, әрқилы құрылыстар жерден, тастан салынған, т. б.
Табыну орны. Бұл археологиялық ескерткіштер түрлерінің арасында жиі кездесетіні. Оларды барлық құрылыстармен рәсми, діни дәстүрлі қызмет атқаратын орындарда, бөлек табыну мүсіндеріңде, тастарда, бұлақтарда, орманды жерлерде т. б. кездестіруге болады.
1. 3. Тарихи мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік
қорғау жүйесі
Аталарымыздың қалдырған тарихи-мәдени мұрасы, археологиялық ескерткіштері біз үшін жоғары бағалы, кең байтақ Республикамыздың кеңістігінде өткен көне замандағы маңызды процесстерді зерттеп, сараптап, тарихымызды қайта толықтырып жазуға әділ деректер көзі. Олар: қалалар, қорғандар, көне заманның құрылыс қалдықтары, жолдар, суландыру жүйелері, көне заманның жерлеу әдістері - орындары, тастан қашалған халықтар өнерінің қалдықтары, халықтардың тұрақтаған тарихи жер қабаттарының аймақтары, тау-кен қорыту естеліктері, археологиялық табыстардың, әртүрлі өмірге қажет бұйымдардың жиналған тарихи қоры.
Табиғи ауа-райының әсерінен және әсіресе адамзаттың өмір-әрекетінің ықпалынан (азаматтық және өндіріс құрылыстарын салу, қажетті кен өндіру, ауыл шаруашылық өндірістерін салу, тың жерлерді игеру шаруашылығы, кішігірім шаруалардың өмірге қажетті еңбек қортындылары т. б. ) бүкіл халықтық табиғи-тарихи байлық бұзылып және ескерткіштер мүлдем жойылуда. Осыған байланысты: 1992 жылы Қазақстанда «Тарихи-мәдениетті мұраны қолданып және қорғау» жайында заң шықты. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алу» 4-бөлім 25-бап «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру». Еске алатын жағдай: тарихи естелік мүлік немесе бұйым жеке адамның не болмаса мекеменің қолында болса да мемлекеттік есепте болуы абзал.
Ескере кететін жағдай: бір кезде Қазақстанның кеңістігіндегі тарихи және мәдени ескерткіштердің құрамын жинақтау жайында жоғары деңгейде қаулылар қабылданған болатын, мысалы:
- 1981 ж. 05. 07. ҚазССР ҒА Президиумының,
- 1982 ж. 06. 04. № 1 94/97, 10 тамызда «ҚазССР тарихи және мәдениет ескерткіштерінің құрамын шығаруға әзірлеу» жөнінде ҚазССР ҒА Президиумының қаулысында, ҚазССР мәдениет министрлігінде, ҚазССР мемлекеттік шығармашылық, полиграфия және кітап сату бөлімінен ұйымының біріккен қаулысында;
- №с 44, 1983 ж. 03. 17. ҚазССР ҒА Президиумының қаулысы.
- 1980 ж. 06. 14. ҚазССР Совет министр қаулысы.
- 1988 ж. 06. 17. №284 ҚазССР Совет министр қаулысы. ҚазССР ҒА ескерткіштер құрамының бөлімшесі Ш. Ш. Уалиханов атындағы археология және этнография тарих институтында құралған.
1991 ж. ҚРҰА А. Х. Марғұлан атындағы археология институтында жеке бөлімше бөлініп ғылыми жұмыскерлері ашылған археологиялық экспедициялардың табыстарын және жазбаша естеліктер жайындағы тарихи мұражайлар қорларын зерттеп, сараптап тағы басқа кездейсоқ табыстарды да есепке алып тарихи - мәдениет естеліктерімен күрделі жұмыстар жүргізген. Осы жұмыстардың қортындысымен 1994 ж. Оңтүстік Қазақстан аймағынық ескерткіштерінің тарихи - мәдениет жинағының 1 бөлімі шығарылған. Бірақ 1994 ж. Қаражат жетіспеушілігінің салдарынан жоспарланған көлемді жұмыс тоқтап қалған.
Құрамды үлкен - ауқымды себептер: Қазақстанның әлемдік қауымдағы деңгейлі орнына байланысты, халықтың ұлттық өзіндік санасының оянуын, ата-тегінің тарихын білуге ынтасын кеңейтті. Халықтың тарихи ұлттық сана-сезімінің бейімделуiне мемлекеттік саяси бағыттық жоспары жасалған.
1997 ж. 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының № 3790 қарарымен 1998 ж. Ұлттық тарихта халықтардың бірлестік жылы аталып хабарланған. Осыған байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары жандандырылып тарихи ескерткіштер құрамын бүкіл мемлекеттік маңызды іс қатарында жалғасын тапты. 1998 ж. ҚРҒА - ҰҒ Археология
Институтында археология ескерткіштерінің құрамы үшін ЖТК ұйымдастырылды. (3) - А. Грошев. Археология ескерткіштерінің құрастыру тобының қысқаша есебі АН ҒМ - ҰА ҚР 1998 ж.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz