Аспан денелерінің қызықты сырлары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Аспан денелерінің қызықты сырлары

1. Астрономияны білмесек, аспанды қалай игереміз?
2. Айдың да айтары бар
3. Наурыздың астрономиялық мәні
4. Таңшолпан
5. Ғарышкерлер қызықтары
1. Астрономияны білмесек, аспанды қалай игереміз?
Астрономдардың зерттеулері бойынша Күнге ұқсас жұлдыздардың шамамен
үштен бірі дара жұлдыздар. Олардың барлығы немесе тіпті болмағанда
көбісінің планеталық жүйелері бар. Тіршілік жоқ табиғатта қызықты
оқиғалардың кездеспейтіні ғылым тәжірибелерінен белгілі. Галактикадағы дара
жұлдыздар маңындағы тіршілік пайда болуы үшін қолайлы жағдайлары бар
планеталардың саны көп болуы қажет. Күн мен Жердің қалыптасуын саналы
тіршіліктің қалыптасуының біздің кезімізге дейінгі уақытымен салыстырғанда,
қолайлы жағдайдың нәтижесінде, Жердегі тіршілік әлде қайда аз уақыт ішінде
пайда болды. Табиғат заңдары әмбебап, жан-жақты болғандықтан қай жерде
қолайлы жағдай туса, сол жерде тіршілік пайда болуы керек.
Қазақстанда астрономия насихатты, қолдауды қажет ететін салалардың
бірі болып саналады. Жастардың бұл мамандыққа келуі тоқсаныншы жылдардан
кейін күрт төмендеп кетті. Бүгінгі күні В.Г.Фесенков атындағы
астрофизикалық институт тек еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы санаулы
институттардың қатарына жатады. Мамандардың айтуынша, мұнда қызмет
ететіндердің жас айырмашылығы өте алшақ. Яғни жас мамандар тапшы.
Жыл сайын астрономия мамандарын даярлауға мемлекеттен 40 грант қана
бөлінеді. Ақылы бөлім бойынша оқуға түсуге ниет білдірушілер бұдан да аз.
Гранттың дені әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін бөлінеді,
яғни отандық астрономдарды, негізінен, осы оқу орны ғана дайындап отыр
деуге болады. Ал өкініштісі, бұл мамандық бойынша білім алғандардың 3-4-і
ғана осы салада қалады екен. Қалғаны мұғалім не оқытушы болып жұмысқа
орналасып жатса, шүкір. Мамандардың сөзіне қарағанда, жастар ғылымға қаржы
аз бөлінеді деп есептегендіктен бұл салаға аяқ баспайды екен. Ал аяқ
басқандарының көбі аз уақыттан кейін қызметін тастап кетеді. Оған ең әуелі
жалақының тұрақсыздығы себеп болып отырған көрінеді. Екіншіден, астрономия
ғылымын оқыту мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбей отырған сияқты. Бұлай
дейтініміз, салаға қатысты қазақ тіліндегі оқулықтардың болмауы. Осы
себепті қазақ тілді мамандардың бірнеше буыны орыс тілді мамандардан кенже
қалып келеді. Ал мұндай жағдайда қалайша ғарыштық держава боламыз деуге
болады? Негізінде, аспан әлемі туралы ғылым біздің ұлтқа таңсық емес еді.
Ұлан-ғайыр даламызды мекендеген ежелгі халықтар, жеті қат көктің киесін
таныған көне түркілер, данагөй халықтың одан бергі ұрпағының бәрі халықтық
астрономияның негізін салды емес пе?
Жұлдыздарды тап басып анықтап, сегіз қиыр шартараптың жұмбағын ашқан,
аспанға қарап, күнтізбені, ауа райы мен жағрафиялық орналасуды реттеген,
уақытты жұлдыздар қозғалысы бойынша өлшейтін Тоғыс есебін жүргізген де –
біздің халық. Одан қалды, орта ғасырлық обсерваторияларды да өз ұлыларымыз
ашты.
Жақында Алматыда В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының
жанындағы бір метрлік телескоп ұзақ жылғы тоқыраудан кейін қайта іске
қосылды. Институт қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, мұндай телескоп
Қазақстанда бар-жоғы үшеу ғана. Өзге телескоптардан ерекшелігі жаңа іске
қосылған аспанды зерттеу құралы автоматты жүйеге көшірілген, яғни оны
ғаламтор арқылы кез келген жерден басқара беруге болады. Оның тағы бір
тиімділігі онымен студенттер де тәжірибе жүзінде таныса алады. Бұл
телескоп белсенді галактикалық ядроларды, айнымалы, қос жұздыздарды және
басқа да аспан денелерін бақылап, зерттеуге арналған. Бұл Қазақстан
ғылымындағы озық жетістіктің бірі болып саналады, – дейді институт
қызметкерлері. Ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы қоқыстардың жиналған жерін
әлемдегі екі-ақ мемлекеттің территориясынан анық бақылауға болады. Оның
бірі – АҚШ болса, екіншісі – Қазақстанның Алматы қаласы. Бүгінгі күні
көптеген дамыған елдер ұшырылған жасанды жер серігінің қоқыстармен
соқтығысып қалмауын алдын ала білу үшін біздің көмегімізге жүгінеді.
Сондықтан жаңа қондырғының тек Қазақстан үшін емес, әлем мемлекеттері үшін
де маңызы өте зор деп айтуға болады. Телескоптың ашылу салтанатына арналған
жиында мамандар, бірнеше мәселені ортаға тастады. Ол – ең әуелі оқу
орындарында астрономия, астрофизикадан мағлұмат беретін мемлекеттік тілдегі
оқулықтардың жетіспеушілігі, екіншіден, ұлттық кадрлардың тапшылығы. Себебі
ХХІ ғасырда ғарыш қызметі ұлттық мүддемізге қызмет етуі керек.

2. Айдың да айтары бар
Алғашқыда ай жерге жақындап келеді, жақындаса, апатын ап келеді,
сақтанбасаң, бір тықыр тап келеді деп білгіштер екі күннен соң, 12
наурызда болатын тарихи оқиғаны дабырайта жеткізгенімен, сөйлей береді...
деген дегіштер де табылған. Алайда жұма күні жапон елінде болған жойқын жер
сілкінісі мен цунамиден соң, дегіштер де көктегі айға қауіппен қарай
бастағандай. Құпиясы мен қызығы мол айдың биылғы қаһары тек жапондарға
төнді ме, әлде?.. деген күдік бар көкейде.
Тарих өзі куәгер, айдың бұлайша жерге тым жақын кеп, сәлем берген
жылдарында, қуаныштан ба, басқадан ба, жер де бір толқып алады да тұрады.
1974 жылы австралиялық Дарвин қаласын қуаңшылықпен қуартқан Трэйси циклоны
мен 2005 жылғы Индонезияны шайып кеткен алапат цунамиді әлгі дегіштер
кездейсоқ сәйкестікке балап жүр еді, жапон оқиғасы үрейді үдетіп отыр...
Білгіштердің көкесі — ғалым да, ғұлама да емес, өзіміздің ба­ба­лар.
Хатқа түсіріп, бүгінгіше па­­тент алмады демесеңіз, жұл­дыз­дың да, айдың
да тілін білген. Ес­кі ай есірке, жаңа ай жа­рыл­қа, Ай көрдім — аман
көрдім, бая­ғыдай заман көрдім, Айың тусын оңыңнан... бабалардан қал­ған
сөздер. Бұл жалпы бата тек­тес тілектер ғана, әйтпесе ауа райын болжауға
қатысты айтылған сөздер, тіпті көп. Ай әсерінен теңіздердің тартылып,
то­лысатынын, ауа райының құ­былатынын, тіпті жойқын апат­тардың да ай
ықпалымен боп жа­татынын бүгінгі ғалымдар әліге дейін мойындамай жүрсе де,
бабаларымыз әріден-ақ біл­ген. Мәселен, Шалқалап ай туса, өзіне жайлы,
шаруаға жайсыз. Тік туса, өзіне жайсыз, шаруаға жайлы. Табиғат тамыршылары
бұл құбылысты тап басып айтқан. Олардың пайымына сенсек, ай қызыл түспен
сақиналанып, бұл шеңбер кеңейіп барып, көзден жоғалатын болса, келер күн
ашық болады. Осындай екі шең­бер не бір күңгірт шеңберді кө­зіңіз шалса,
қатты суықты күте беріңіз. Ай бұлыңғыр тартса, күн жаңбырлы болады да, ашық
болса, күн де бұлтсыз болмақ. Айға қарап, келер күннің емес, жалпы жылдың
да ауа райын болжай беруге болады. Айталық, ай қораланса, жаз жаңбырлы, ал
қыс қарлы, боранды болады деген сөз. Айға қатысты ырымдар да көп. Жаңа ай
туған күні түскен келіннің құрсағын берекелі санаған. Мұндай келіндер
әдетте дүниеге көп бала әкеледі, ал мұндай шақта дүниеге келген бала
ғұмырлы болады, ұзақ өмір сүреді деп есептеген. Ай басқа-басқа мінез-
құлыққа да қатты әсер етеді. Адамның биоырғағына әсер ету арқылы, оның
көңіл-күйін, жұмысқа белсенділігін, тіпті асқорытуына шейін өзгер­теді.
Осыған орай, білгіштер айдың толған, туған күндерінде арақ-шарап атаулыдан
аулақ жүруге кеңес береді. Неге де­сеңіз, спирттік ішімдіктердің уландырғыш
әсері ай кезең­дерімен де тығыз байланысты екен. Әсіресе, айдың үш
жаңа­сында — ай туғанға дейінгі бір, ай туған және ай туғаннан кейінгі бір
— барлығы үш күнде адамның биоырғағы тым әлсіреп, ағза арақтың уына қарсы
тұра алмай қалады. Бұл күндері бауырдың сүзгілік қабілеті де төмендейді,
соған орай, спирт бірден қанға сіңіп, денсаулықты құртады.
Сонда біздің бар өмірімізге тікелей ықпалын жүргізіп отыр­ған ай
дегеніміз не өзі? Ғалым­дардың анықтама беруінше, ай — өзінен жарық
шығармайтын жердің табиғи серігі және жерге ең жақын аспан денесі. Ол
жер­ден қашықтығы 356,4 мың — 406,8 мың шақырым қашықтықта айналып жүретін
болса, оның орташа қашықтығы — 384,4 мың шақырымды құрайды. Бұл жерде айта
кететін жайт, үстіміздегі жылдың 19 наурызында айдың жерден қашықтығы 356,5
мыңды құрайтын болады, демек, Ай жер­ге ең мүмкін жақындау нүк­тесінен бар
болғаны 100 ша­қырым қашықтықта ғана болады деген сөз. Әлемнің кәсіпқой,
әуесқой фотографтары бұл сәтті ондаған жылдар бойы күтіп жүрген көрінеді.
Айдың жерді бір мәрте айналып шығатын уақыты — 27,32 тәулікті құрайды. Мұны
сидерлік ай, болмаса жұл­дыздық ай деп атайды. Жалпы, бүгінгі ғылымға айдың
құ­пи­я­лары жайлы белгілісінен белгісізі көп. Бірақ сол белгілінің өзін
бәріміздің біле бермейтініміз тағы бар. Мәселенки, жоғарыда атап
өткеніміздей, айдың өзінен жарық шығармайтын аспан денесі екенін ешкім біле
бер­мейді. Айдың жарығы деп жа­тамыз, қыздарымызға Айжарық есімін
белгілейміз. Әрине, көзге жарқырап көрініп тұрған соң, мұнымыздың айыбы да
жоқ болар, десек те, ай өзіне түскен күннің жарығын ғана шағы­лыстырып,
бізге нұрын төгіп тұратынын біліп жүрген жөн. Айдың біздің көзімізге бірде
сары табақ алтындай боп, енді бірде хас сұлудың қиық қасындай болып
көрінетіні де содан. Ай, жер және күннің ор­наласу ыңғайына қарай,
кө­лең­ке түсіп, айдың бөлігі көзге көрін­бейді. Сондай-ақ екінің бірі айда
да дәл біздің жердегідей, 4 мез­гіл­дің болатынын да біле бермейді. Ал
расында айда да көктем, жаз, күз, қыс болады. Олар, әрине, дәл біздегідей
сипатта және ұзақ­тықта емес, десек те, әр мез­гіл адамдардың мінез-құлқы
мен белсенділігіне әрқилы әсер етеді. Айталық, айда қыс боп жатқанда,
жердегі адамдарды жалқаулық басады, биоырғақтары төмендеп, әл­сірейді.
Бірақ жақсысы — ай­ың қысы жердегідей 3 айлап жатып алмайды, 7 күнде жаңа
ай туды­рып, тізгінді келесі мезгілге бере салады. Жаз да дәл осылай, 7
күнмен шектеледі. Бірақ мұнда ай тумайды, толады. Міне, бұл кез­е
керісінше, адамдардың күш-қайраты тасып, өмірге де­ген құлшыныстары артып
са­лады екен. Балалардың Айдай толған кезімде, би билеймін дөңгелеп... деп
әндететіні де осы­дан болса керек. Көктем мен күз ылғалдандыруы мен
құр­ғатуымен ерекшеленеді.
Ай туралы аңыз да көп, ертегі де мол. Бірін ғана сөз етейік.
Аңыздардың бірінің сөйлеуінше, күн мен ай — сұлулығы бір-бірі­мен таласқан
екі қыз екен. Десек де, Ай күннен көріктірек болса керек, онысын қызғанған
күн бауырының бетін тырнап алады. Ай бетіндегі тыртық дақ содан қалған
деседі. Әрине, бұл қазақ хал­қының аңызы. Әр елде мұндай ертегілер көптеп
айты­лады. Қазақ халқы айдың сұлулығына балап, қыздарына Ай­дана, Айсұлу,
Айсәуле, ұлдарына Айбек, Айдос тектес есімдер еншілейді. Ислам дінінде де
ай­дың орны зор. Мешіт, күмбез, кесене үстіне жарты ай белгісі орнатылатыны
белгілі. Мұндағы ма­ғына, ай — нұр секілді. Ислам қараңғылықтан жарыққа,
нұрға алып шыққан асыл дін болса, ай да сол секілді, қараңғылыққа нұрын
төгіп тұрады.
Әңгімемізге Жапониядағы жойқын апат пен айдың жерге жақындауының
тылсым байла­нысы себеп болғандықтан, Ай апат әкеле ме? деген сауалға
те­реңдеп көрелік. Сонда мұндағы тылсым құбылыс не дерсіз? Тылсымның бір
жауабын басына алма құлап түсіп, адамзат ал­дында атақ пен абырой әперген
ғалым Исаак Ньютон берген. Ол жауап — Бүкіләлемдік тартылыс күші. Мұның
ішінде ай мен жердің бір-біріне деген тартылыс күші, тіпті ерекше. Ай жерді
бір жыл ішінде 13,5 рет айналып шығады екен. Әр күн сайын ай 52 минутқа
кешігіп туып оты­рады. Демек, әр 12 сағат 26 минут сайын айдың жерді тарту
күшінің әсерінен теңіз суы тасып, қайта қайтып отырады. Бұл білгіш­тердің
ғылыми дәлелдеп берген жаңалығы. Мұндай құбылыс­тардың ең күшті болатын
кейбір кездерінде су ғана емес, жер беті қабаттары да көтеріліп, толқуға
ұшырайды. Айдың әсерінен жанартаулар атқылайды, тіпті. Ауа райы күрт
құбылады. Ал айдың жерден белгілі бір қа­шықтыққа жақындап және алыстауынан
оның жер қабатына тигізетін ықпалы да өзгеріп отырады екен. Ғалымдардың
зерттеулеріне сенсек, ай бетіндегі құбылыстар жиілеген сайын жер бетіндегі
зілзалалар саны да артып отырады. Бұл зерттеулер жерасты дүмпулердің басты
себептерінің бірі — айдың әсері екенін ділелдейді. Демек, біл­гіштер не
білсе де, дегіштер не десе де, Жапониядағы жойқын зілзала мен цунамиге
айдың жерге жақындауының тікелей әсері болуы әбден мүмкін. Қасиетті Құран
Кәрімнің Тәбәрәк сүресінде: Жеті қабат аспанды бір-біріне үйлесімді етіп
жаратқан — Ол Алла. Рахманның жа­ратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре
алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? делінген. Рас, ақау жоқ.
Өзгесі бір Ал­л­аға аян...
Айдың айтары көп. Халықтық наным-сенімдерде төмендегідей де түсініктер
бар:
- Ай жасыл реңге боялса — бұл құрғақшылықтың хабаршысы;
- Айды сақина қоршаса — жел тұрады деген сөз;
- Ай мүйіздері үшкірленсе — жел тұрып, жуандаса — суық болады;
- Күздің ортасында ай мүйіздері жел бағытын көрсетеді...

3. Наурыздың астрономиялық мәні
Наурыз. Оның жыл басы болуының толық астрономиялық негізі бар. Ал
Григорий календары бойынша аталып келе жатқан қазіргі жаңа жылдың 1
қаңтарға белгіленуі мүлде басқа мәселе.
Қай жұрт, қай елде бол­масын ертедегі жыл санау­дың алғашқы бастамасы
наурызбен тікелей байланысты болды. Белгілі ғалым, әлем халықтары
күнтізбесін зерттеуші Мыңбай Исқақов 1980 жылы Алматыдағы “Қазақстан”
баспасынан жарық көрген өзінің “Халық календары” кітабында: “Наурыз мейрамы
өте ерте заманнан келе жатыр, ол көктем мейрамы ретінде халықтардың
көпшілігінде бар. Екіншіден, бұл пікірді “нау” – парсы тілінен аударғанда
“жаңа”, “ырыз” – “күн” сөздері де сипаттайды. Әртүрлі өзгерістерге ұшырай
отырса да ол бірталай халықтардың тілдерінде сақталып қалды: орысша – нов
ай, немісше – нойе, латынша – нео. Сонда “нау” сөзі индо-еуропалық
халықтар дараланудан да бұрын қолданылған сөз болып шығады. Ал одан бері
кемінде 5000-нан аса жыл өтті!..” деп жазды.
Наурыз мейрамының ерте заманнан бастау алаты­ны жөнінде бұдан басқа
де­ректер де өте көп. Олардың көбі мәселен Нұх пайғамбар кемесінің Қазығұрт
тауына келген сәтінде топан суы­ның кері қайтқанын, сонда жерге табаны
тиген тіршілік иелері қуанғандарынан қауышып, аспаннан түскен қасиетті
қазаннан бірге дәм татқанын, сондықтан да көк­темнің бұл күнінің жай жаңа
күн емес, ұлыстың ұлы күні деп аталатынын айтары хақ. М.Исақов жоғарыда аты
аталған кітабында наурыз­дың аңыздан берідегі сипа­тын былайша түсіндіреді.
“Наурыз – дін мейрамы емес, халық мейрамы”, “Ау­рулар сауығамын деп, аштар
тойынамыз деп, жалаңаштар киімсіз де күн көреміз дегендей, жұрттың бәрінде
үміт, әркімде жылы шырай сезіле бастап, “бәріміз де табиғаттың бергеніне
ортақ­пыз” дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақ­тасуларымен жаңа
жылды қарсы алатын” (Сәбит Дөненбаев) кез. Қай аңызды оқысақ та, қай ғылыми
деректі зерделесек те, наурыз мейрамының, жаңа күн жаңа жылдың көктем
айында басталатынына көз жеткіземіз.
Қазақ халқының байыр­ғы күнтізбесінің негізі де осында жатыр. Оған
қайран қалмасқа еш шара жоқ. Халқымыз о бастан-ақ жыл мөлшерлеу мен
күнтізбе жасаудың бірнеше тәсілін білген. Оны аспандағы жеке жарық
жұлдыздар және шоқжұлдыздармен байла­ныс­­тырып отырған. Жыл­дың төрт
мезгілін, ол мез­гіл­дердегі ауа райының құбы­луын, тәулік пен сағаттық
мез­гілдерді сол жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың, аспан денелерінің
қозғалыс­тарына қарап дәл аңғарған.
Халқымыз жыл басы нау­рыздың жаңа күнін 22-інен санайды. Бұл көктемнің
келуі, жер бетінің ақ қар­дан арылып, жіпсіп, тоң еріп, бәйшешек гүл бас
көтеріп, шөп жайқалып, қой қоздап қорада шу болатын­дық­тан емес, қысқы
ұзақ түн қысқара-қысқара келіп, наурыздың 21-інде 12 де 12 сағаттық уақыт
болып теңеліп, 22 наурызда се­көнд­теп жарығы ұзара бе­ретін ғаламдық
заңдылық­тың сәйкес келетіндігінен. Аспан әлемі үнемі айна­лыс­та болып,
Күн бір жыл ішін­де өзіміз жақсы білетін зодиактық шоқжұлдыздар: тоқты,
торпақ, егіздер, шаян, арыстан, бикеш, тара­зы, сарышаян, мерген,
еш­кімүйіз, суқұюшы, ба­лық­тар шоқжұлдыздарының тұстарынан жүріп өтеді.
Эклиптика делінетін осы жолында Күн аспан эква­торын екі рет қияды. Оның
бірі наурыздың 21-індегі күн мен түннің теңелуіне дәл келеді. Күннің осы
күннен ке­лесі осы күнге дейінгі жү­ріп өткен мерзімі жыл деп аталады.
Астрономия ғылы­мында тропикалық жыл делінетін бұл жыл 365 күн 5 сағат 48
минөт 46 секөндті құрайды. Бұл мерзім негі­зі­нен қалыпты болып келеді, ол
арада бірнеше мыңдаған жылдар өткеннің өзінде не­бәрі секөндтің бөлшегіндей
ғана уақытқа ауытқиды, сондай уақытқа ғана ұзайды.
Бұдан 2,5 мың жылға жуық уақыт бұрын күн мен түннің аспандағы теңелу
нүктесі тоқты шоқжұлдызы тұсында болған. Ал шоқжұл­дыз­дың басқа емес,
тоқты аталуының өзі бабалары­мыз­дың наурызды сонша жыл бұрын бастағанына
ай­ғақ бола алады. Ол кезде өмір сүрген ата-бабаларымыздың көзілдірік
тағып, дүр­біні қолданбай-ақ қыра­ғы көздерімен түнгі аспан­дағы ең көмескі
деген жұл­дыздардың өзін көре алғаны түсінікті. Жасанды жа­рық­сыз, Айсыз,
бұлт­сыз тұнық аспанды түнде қай жұлдыз­дың да шырақ­ша нұр шашаты­ны
белгілі. Ал көктемнің салқын самалды ауасы саф түндерінде ол жұлдыздар
жайнай түспек. Көктемнің көңілді кеш­терінде, қой қоздаған, қорада шулаған
түндерінде сыртқа шыққан ата-бабаларымыз сол күн мен түннің теңелген
тәу­лі­гінде көрген шоқжұлдызын тоқты деп атауы да заңды.
Бабаларымыз ол шоқжұл­дыз­дан қойдың өзін, оның мүйізін көзге
елестеткен. Оның астрономиялық таңбасы да осы жануардың мүйізіне келеді.
Бұл жөнінде қазақтың белгілі ға­лым-астрономы, физика-ма­тематика
ғылым­да­ры­ның кандидаты Хасен Әбішев өзінің “Аспан сыры” атты ғылыми-
танымдық кітабында былай деп жазады: “Қой мүйізіне ұқсас осы таңбаның
өзінше шежіресі бар. Ол шынында да қой мүйізін сымбалдайды. Астрономия
кур­сының авторлары бұл таңбаны отын жарғыш сынаға, не балтаға ұқсатады. Ол
таңбаға сәй­кес келмейді. Одан гөрі қой­мүйіз деген термин таң­баның түріне
сәйкес әрі көңілге қонымды”.
Күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесінің бастапқы символы болып
қалыптасқан таңбалы шоқжұлдыздан араб жұлдызшылары да қойды елестеткен.
Тоқтыдан негізінен екі жұлдыз жақсы байқалады. Одан көмескілеу екеуі көздің
қырағылығын қажет етеді. Осы төртеуі аңғарған адамға қойдың мүйізін көз
алдыға еселтетеді.
Ата-бабаларымыздың жаңа жылды көктемгі күн мен түннің теңелу
тәулігінен ерте заман­нан бастағанын дәлелдейтін ғылыми негіз тек аспанда
ғана емес, жер бетінде де бар. Нау­рыз­дың 22-індегі таңнан бастап күннің
секөндтеп ұзара бере­тінін, нағыз жаңа жыл, жаңа күн мен жаңару табиғи
түрде бас­тау алатынын дәл есептеген ертедегі қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯ
Гравитациялық тұрақтылық
Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Аспан механикасы. Студенттерге арналған қосымша оқу құралы
Күн жүйесіндегі планеталарды оқыту әдістемесі
Гравитациялық күштер
Физика пәнінің әдебиетпен байланысы
Әлемнің ұлғаюы
Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
Пәндер