Байланыс желісінің қондырғылары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Байланыс желісінің қондырғылары

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2013ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қазіргі заманғы электрлік байланыс
1.1. Электрбайланыстың бағытталған жүйелерін дамытудың негізгі кезеңі ... .5
1.2. Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелерінің түрлері және олардың басты
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне негізгі
талаптар ... ... ... ... .12

2. Электрлік байланыс кабелі
2.1.Электрлік байланыс кабелінің
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Электрлік байланыс кабельдерінің таңбалануы және
түрлері ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
Кіріспе
Байланыс кабелі — әр түрлі жиіліктегі электрлік не оптикалық
сигналдардың көмегімен ақпаратты (телеграмманы, телефон, телеграф,
теледидар және радио хабарларын, түрлі деректерді, телемеханикалық
сигналдарды, т.б.) жеткізуге арналған кабель. Ол құралымы бойынша:
симметриялық, коаксиалды және талшықты-оптикалық байланыс кабелі;
жеткізілетін токтың жиілігіне қарай төменгі жиілікті және жоғары жиілікті
Байланыс кабелі; қолданылу аясына қарай алысқашықтықтық байланыс кабелі
(қалааралық) және жергілікті байланыс кабелі (қалалық, ауылдық, т.б.);
кабель тарту тәсіліне сәйкес жер асты, су асты және аспалы (ауалық)
Байланыс кабельдері, т.б. болып ажыратылады. Электрлік байланыс кабелінің
ток өткізгіш өзекшелері, әдетте, мыстан, оқшаулағышы қағаздан не
полимерден, ал қабықшасы қорғасыннан не алюминийден жасалады. Талшықты-
оптикалық байланыс кабелі қорғағыш қабықша (фторпластан,
поливинилхлоридтен, т.б. жасалған) ішіне орналасқан жарық өткізгіш
талшықтардан құралады. Қазір көбіне талшықты-оптикалық Байланыс кабелі жиі
қолданылады, себебі ол басқаларына қарағанда арзанға түседі, әрі онымен
берілетін сигналдың сапасы төмендемейді
Қазақстанның магистральды бірінші байланыс желілірінің қазіргі
уақыттағы дамысы кабельді, радиорелелік және ғарыштық байланыс жүйелерін
қолдануға негізделіп отыр. Атмосфералық әсерлерден және әртүрлі
кедергілерден жоғары қорғалған байланыс каналды кабельді байланыс желілері,
республиканың ең негізгі байланыс желілері болып саналады; кабельді желімен
барлық ақпараттың 75% таратылады.
Қазіргі уақытта әртүрлі белгіленген орындарға жеткілікті мықты
байланыс түйіндерін жеткізуге мүмкіндік беретін ең көп тараған байланыс
құралы коаксиальды кабельдер болып табылады.
Коаксиальды кабельдерде аналогтық сияқты цифрлық жеткізу жүйелері де
жұмыс істейді. Дегенмен, металлды кабелдерде елеулі кемшіліктері бар:
жиілікті өткізуде шектелген жолақ; найзағайдан зақымдалудан жоғарғы
ықтималдық; құралдың антитоттануының жоғарғы мәні; өңді металлдарды көп
пайдалануда ( кабелді өндірушілік 50% ке дейін мысты пайдаланады және жалпы
ресурстың 25% ке дейін қорғасынын қолданады); екі ортадағы күшейту
пунктерінің сандарының өте көп болуы - бұл жүйенің сенімділігін төмендетуге
және оның бағасының көтерілуіне алып келеді.
Жіберілетін ақпараттың көлемі кенет көтірілген жағдайда ғарыштық
байланыс және радиорелелік байланыстары сияқты кең таралған байланыс
жолдарымен салыстырғанда талшықты-оптикалық кабельді байланысты қолдану
нәтижесінде, өткізудегі кең жолақтылығы едәуір жоғары болып, толық қол
жетімділікке мүмкіндік береді. Оптикалық кабельді қолдану өзарабайланған
байланыс желісінің барлық аудандарында экономикалық эффективті және
мақсатқа сай болады. Бұл тек жіберу жүйесінде техникалық-экономикалық
көрсеткішті едәуір жоғарлатып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық желіге
кезең-кезеңімен өткізуге мүмкіндік беріп интегральды қызмет көрсетуді (ISDN
желісі) қамтамасыз етеді. Әсіресе қазіргі кездегі бүкіл әлемде өңді
металдың тапшылығы кезінде, әсіресе мыстың, ВОЛС- ты дәл қазір енгізу өте
көкейкесті мәселеге айналып отыр.

1. Қазіргі заманғы электрлік байланыс
1.1. Электрбайланыстың бағытталған жүйелерін дамытудың
негізгі кезеңі
Бағытталған жүйе - симметриялы, коаксиалды кабельдер, талшықты-
оптикалық кабель және т.б. сонымен олардағы сигналдар таралуы бір
абоненттен (станциялар, құрылғы жйне т.б) басқа абонентке жеткізілуі тек
арнайы берілген тізбекпен және байланыс жүйесінің трактысы арқылы іске
асады.
Бағыттаушы жүйелер берілген бағытқа электромагнитті сигналдарды
лайықты сапасымен және сенімділікімен жеткізу үшін белгіленген.
ЕСТ - бірыңғай автоматтандырылған байланыс жүйесі (жалпымемлекеттік
елдің байланыс торабы). Ол магистральды, зоналық және қалалықбайланыс
тораптарын біріктіреді. ЕСТ-ның құрама бөлімдері болып: жалпымемлекеттік
автоматтандырылған коммутирленген телефондық торап (ЖАКТТ); елдің
телеграфты торабы (ТЕ); жалпымемлекеттік мәліметтер жіберу торабы (ЖММЖТ);
факсимальды байланыс торабы (ФБТ), телевизиялық хабар тарату торабы (ТХТТ)
Электрбайланыстырушылар бағыттайтын жүйелер (ЭБЖ) электрлік телеграфтың
пайда болуымен бір уақытта туындады. Бірінші электрбайланыстың бағыттайтын
жүйелері (байланыс жүйесі) кабельді болды. Кабельдер конструкциялары
жетілдірілмегендіктен жерасты кабельді байланыс жүйелері көп кешікпей
ауамен орнын алмастырды.
1854- Алғашқы ауа байланыс каналы Петербургпен Варшава арасында болды.
XIX ғасырдың 70-жылдарының басынды Петербургтен Владивостокка дейін
ұзындығы 10 мың.км болатын әуелік телеграфиялық байланыс орнатылды.
1881 жылы Ресейде 89500 км әуе телеграфтық байланыс каналы және 1083
телеграфты станциялар жұмыс істеді.
1939 жылы - 8300 км ұзындықтағы Москва-Хабаровск жоғарыжиілікті
телефондық әуе магистралы эксплуатацияға жіберілді. Бірінші кабельді
байланыс каналының пайда болуы орыс ғалымы П.Л. Шиллингтің атымен тікелей
байланысты. Және Шиллинг Петербургте теңіз жарылысын ұйымдастырып, оны
қолдану арқылы олардан изолирленген өткізгіш жасауды мақсат етті.
1851 жылы - Москва мен Петербург арасында темір жол салу кезінде
телеграфты кабельде біруақытта тартылады. 1852 жылы - бірінші рет суасты
кабелі Солтүстік Двина арқылы тартылды.
1879 жылы - Каспий теңізі арқылы Баку мен Красноводск арасында
тартылды. 1866 ж. - Франция мен АҚШ арасында телеграфиялық байланыстың
кабельді трансатлантикалық магистральы құрылысын бастады.
1882-1884 жылдары - Москвада, Петрогралта, Ригада, Одессада бірінші
рет қалалық телефондық желілер салынды. 1901 жылы - жерасты қалалық
телефондық желілердің құрылысы басталды.
XX ғасырдың басында - телефондық қатынасты ең ұзақ қашықтыққа дейін
істеуін жүзеге асыратын - бұл әуе-қағазды изоляция желісі және олардың
орамаларының жұбы бар қалалық телефондық кабельдер, кабелдік байланыстардың
конструкциясы пайда болды.
1900-1902 жылдары - индуктивтілікті катушка тізбегіне қосу тәсілімен
кабель индуктивтілігін жасанды жоғарылату үшін (инженер Пупинаның ұсынысы)
және ферромагнитті орауышы бар токөткізгіш желіні қолдау
(Крарупа ұсынысы) жолымен жіберу ұзақтығын жоғарлату үшін әрекет
жасалынды. Бұндай жолдар сол уақытта телеграфты және телефонды байланыстың
ұзақтығын бірнеше ретке дейін ұзартуға мүмкіндік берді.
1912-1913 жылдары - электрондық лампаларды өндіру меңгерілді.
1917 жылы - электрондық лампаға телефондық күшейткіш каналына тәжірибе
жасалынып өңделіп шығарылды. ( В.И. Коваленковым). 1923 жылы - Харьков -
Москва - Петроград бағытында күшейткішті телефондық байланыс іске қосылды.
30 - шы жылдары - көпканалды жеткізу системалары, жіберілетін
жиіліктің спектрін кеңейту үшін каоксиальды кабелдер және өткізетін желілер
мүмкіншіліктерінің артуы дамытылды. 1935 жылы - эскапона типтес
жоғарысапалы жаңа диэлектриктердің, жоғарыжиілікті керамикалардың,
полистиролалардың және т.б пайда болған уақытында олар көп көлемде
дайындалды. Бұл кабельдер токтың бірнеше миллиондаған жиілік герцінде
энергияларды жібереді және өте үлкен қашықтықта олардын телевизиондық
программаны өндіруге мүмкіндік береді.
1936 жылы - бірінші коаксиалды желі ЖЖ телефонирлеуге 240 канал. 1956
жылы – көпканалды телефонды байланыс үшін Европа мен Америка арасында
суасты коаксиальды магистраль тартылды.
1965 - 1967 жылдары – кеңжолақты ақпарат тарату үшін тәжірибелі
толқынды желі пайда болды, сонымен қатар өте өшіп қалуы төмен криогенді
жоғарыданөткізгіш кабельді желіліер пайда болды. 1970 жылы – толқын
оптикалық диапазонының көрінетін және инфрақызыл сәулеленуін қолданатын,
жарықшамы мен оптикалық кабельдер құрылды.
80-жылдардың басында нақты шартты жағдайда талшықты-оптикалық байланыс
жүйесі жетілдіріле түсті және сыналынды. Бұндай жүйені қолданудағы басты
негізгі сфера – телефонды желі, кабельді телевидение, ішкіобъективті
байланыс, есептеу техникасы, технологиялық процесстерді басқару мен
контроль системасы және т.б.
1.2. Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелерінің түрлері және олардың басты
ерекшеліктері
Бағыттаушы жіберу ортасы жалпы екіге бөлінеді: атмосферадағы желі
(радиожелі – РЖ) және бағыттаушы жіберу жүйесі (байланыс желісі).
Электромагниттік сигналдардың еркін кеңістікте (космос, ауа, жер, су және
т.б) таралуы радиожелінің ерекшеліктері болып табылады.
Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелерінің ерекшеліктері бағытталған
системаларды бейнелейтін, берілген бағытқа электромагниттік сигналдарды өте
жоғарғы сапамен және сенімділікпен жеткізуге тағайындлған, бір абоненттен
(станциялар, құрылғылар, схема элементтері және т.б) келесісіне сигналдарды
тарату тек қана арнайы жасалынған тізбек және тракт арқылы іске асырушысы
болып табылады.
РЖ байланысты әр түрлі ортада іске асыруға мүмкіндік беру үшін,
абоненттер арасында, бір біріне қатысты қозғалмалы жағдайда болғанда
қолданылады.
Электромагниттық сигналдарды әр түрлі ортада тарату сиппаттамасы
радиосигналдың жиілігіне байланысты (жиілік тасымалдаушы)
Келесі типтегі толқын ұзындықтарының диапазондарына және
радиожиіліктеріне бөлінеді:

Өте ұзын толқындар (ӨҰТ) 100...10км (3 ... 30кГц)
Ұзын толқындар (ҰТ) 10...1км(30 ... 300кГц)
Орта толқындар(ОТ) 1,0 ...0,1км(0,3...3МГц)
Қысқа толқындар (ҚТ) 100...10м(3...30МГц)
Ультрақысқа толқындар (УҚТ) 10 ... 1м(30 ... 300МГц)
Дециметрлік толқындар(ДТ) 1 ... .0,1 (0,3 ... 3ГГц)
Сантиметрлік толқындар(СТ) 10 ... 1см(30...300ГГц)
Миллиметрлік толқындар (МТ) 10 ... 1мм(30...300ГГц)
Оптикалық диапазон (ОТ) 30...0,1мкм (3*1013...3*1015Гц)
ЭБЖ - де аналогтық және цифрлық ақпарат тасымалдау системасы (АТЖ және
ЦТЖ) ұйымдастырылады. Аналогтық тасымалдау жүйесі каналдың дербес бөлігіне
негізделген. Электрлік фильтр көмегімен барлық тасымалданушы спектрлер
жиіліктік жолақтарға бөлінеді. Базалық негіздегі 4 кГц кеңдігіндегі телефон
қабылдайтын канал – үндестік жиілігінің каналы (ҮЖ). Жиілік жолағының ені
үлкен болған сайын, ЭБЖ арқылы тасымалдауға болатын соншалықты көп каналды
алуға болады және оның бағасыда арзан түседі.
Цифрлық тасымалдау жүйесі каналдың уақыттық бөліктенуіне негізделген.
Бұл жерде әртүрлі хабарлы сигналдарды желі бойынша тасымалдау кезек бойыншы
іске асады, сонымен қатар уақыт бойынша жылжып отырады. Желі бойымен
цифрлық сигналдарды шығаратын, реттілігі мен ұзақтығы анықталған импульстер
таратылады. Осы үшін ақпараттың барлық түрлері (телефондық, радиохабар,
телевидение және басқа да) алдын-ала кодталады. Ең көп таратылғандары болып
микросекундты және наносекундты ұзақ импульсты импульсты-кодтық модуляция
(ИКМ) есептелінеді.
Цифрлық тарату жүйесінің құндылығы:
- Байланыс ұзақтығының үлкендігі;
- Тізбек қорғанысына талаптың оңтайлануы;
- Біртекті интегралды байланыс жүйесін құру мүмкіндігі;
- ЦЖТ аппаратураларын өндіру технологиясының қарапайымдылығы;
- ЭВМ көмегімен импульстік ақпараттардың тура кірісін және
жылдамдығын өңдеу мүмкіншіліктері;
- Мәліметтерді тарқату автомазизациясы;
Кемшіліктері болып телефондық каналда жиілік жолағының ені 64 кГц ке
дейін ғана (4 кГц жиілік жүйесінде).
Тарату жүйесі сызық жолында көрсетілген цифра кабель бойынша құрылатын
телефондық каналдар санын білдіреді. Күшейткіш учаскелердің
(регенерационды) ұзындығы қызмет көрсетпейтін күшейтілген (ҚКП) пунктердің
арасындағы арақашықтықпен сәйкес келеді. Бұл ҚКП-ға қызмет көрсететін
күшейтілген пунктен (ККП) дистанционды электрқоретендіруші түседі. ККП-ның
арасындағы қашықтық 20 ... 240 км. Магистральды байланыс әрекетінің жалпы
ұзақтығы 12500 км-ді құрайды, ішкізоналық – 600 км.
ИКМ-480 және ИКМ-1920 тарату жүйелері коаксиальды кабельді
магистральды желілі байланыстарға арналған. Ішкізоналық торап ИКМ-120
жүйесі негізінде, ауылдық торап - ИКМ-15 негізінде дамыды. Қалаларда АТС
арасында көпканалды қосылған желіліер құрылғылары үшін ИКМ-ЗО аппатарурасы
кең қолданылады.
Бағыттаушы тарату жүйесі. Қазіргі уақытта кең қолданыстағы кабелдермен
бірге басқа да ақпарат таратушы орталар дамып келеді олар: толқыншалар
сияқты, жарықшалар, толқынның үстіңгі желілері, жоғарығаөткізетін және
ленталық кабельдер және т.б. Бұлардың барлығы да жалпы бір атауға
біріктірілген – бағыттаушы жүйелер.
Бағыттаушы жүйе (БЖ) – бұл берілген бағытқа электромагнитті
энергияларды тасымалдауға арналған құрылғы. Осындай арна тартушы қасиетті
сымдар, диэлектрик және кез келген әртүрлі электрлік қасиеті бар орта
шегінің бөліктері (металл – диэлектрик, диэлектрик –ауа) иеленіп отыр.
Сондықтан БЖ ролін металдық желі, (кабель, толқынша), диэлектриктік
өтімділігі ε 1 бар материалдан жасалған диэлектрлік желі (диэлектрлік
толқын, талшықты жарықша), сонымен қатар металдиэлектрикалық желі (толқын
үстіндегі желі) атқара алады.
Жоғарғыжиілікті энергиялар тарататын қазіргі заманғы бағыттаушы
жүйелер ау байланыс жүйесі (АБЖ), симметриялық кабельдер (CК), коаксиальды
кабельдер (КК), жоғарыдан өткізгіш кабельдер (ЖӨК), толқыншалар (Т),
оптикалық кабельдер (ОК), толқын үстіндегі желілер (ТҮЖ), диэлектрлік
толқыншалар (ДТ), ленталық кабельдер (ЛК), жолақты желілер (ЖЖ),
радиожиілікті кабельдер болып өз ішінен бөлінеді.
Радиожиілікті кабельдер (РК) коаксиальды, симметриялық немесе
спиральды конструкциялы болады.
Бағыттаушы жүйенің соңғы үш түрі (ДТ, ЖЖ, РК) локальды тағайындалған
және антеннадан аппаратураға дейін энергияны қысқа қашықтықта таратуға
фидеров сапасында қолданады. Толқын үстіндегі желі ең бастысы желіден көп
емес ұзындықта ауытқитын телевизиондық құрылғыға арналған. Қалған
бағыттаушы жүйелер қазіргі заманғы әртүрлі ақпараттарды (телефония,
телеграфия, телевидение, мәліметтерді тарату, радиохабар, фототелеграф,
газет тарату және т.б) таратуға арналған жоғарғыжиілікті байланыстарды құру
үшін қолданылады.
Қалааралық байланыс желісін электрлік байланыс кабельдерін қолдану
арқылы екі- немесе төртсымды схемамен құруға болады. Екісымды схемада тура
және кері бағытта тарату сымның бір сыңары арқылы жүзеге асады. Ал,
төртсымды схемада бір сыңары арқылы тура бағытта байланысты қамтиды, ал
келесісімен – кері бағыттағы байланыс қамтылады.
Байланыстың тұрақтылығы мен ұзақтығында төртсымды жүйе өз артықшылығын
көресетеді. Ол былай түсіндіріледі: Жоғарғыжиілікті алыс байланыс құруда
екісымды жүйе қолданылса спектр екі бөлікке бөлінеді: төменгі және жоғарғы.
Спектрдің төменгі бөлігі бір бағытта тарату үшін қолданылады, ал жоғарғы
бөлігі – кері тарату үшін. Осындай екісымды жүйе ЖЖ каналдарда электрлік
төртсымды болып табылады. Таратуды тура және кері бағыттарға бөлу үшін және
генерацияның алдын алу үшін әр күшейткіштің шығысы мен кірісіне бөліктейтін
фильтр қойылады
1.3. Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне
негізгі талаптар
Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне мынадай келесі талаптар
көрсетілген:
- мемлекет шеттерінде магистральды байланысты 12500 км қашықтыққа
дейін, мемлекетаралық байланыста 25000 кмге дейінгі қашықтықта жүзеге
асыру;
- әртүрлі типтегі заманауи ақпараттарды тарату үшін кеңжолақтылығы
және жарамды болуы (телефония, телевидение, мәліметтер тарату, хабарлар
тарату т.б);
- өзара және ішкі кедергілерден, сонымен қатар найзағай мен тот
басудан қорғанысы;
- желінің электрлік параметрлерінің тұрақтылығы; байланыстың
тұрақтылығы мен сенімділігі;
- байланыс жүйесінің бүтіндец үнемділігі;
Кабельді техника келесі бағыттарда дамып келеді:
1.Оптикалық жүйелердің айтарлықтай дамуы; байланыстың мықты түйіндерін
құруға және әртүрлі түрдегі ақпараттарды ұзақ қашықтыққа дейін жеткізуге
мүмкіндік береді
2.Көп мөлшердегі каналды құра алатын және өз өндірілуіне дефицитті
меалдарды (мыс, қорғасын) талап етпейтін, перспективті ОК байланыс құру
және енгізу;
3.кабельді техникаға жақсы электрлік және механикалық қасиеті бар және
өндірісті автоматтандыруға мүмкіндік беретін пластмассаны (полиэтилен,
полистирола, полипропилен және т.б) қолдануды кеңінен енгізу.
4.Алюминийлі, болаттың және металдыпластмассалық қабықшаларды енгізу.
Қабықшалар герметикалық болуы мүмкін өызмет көрсету кезіндегі барлық
уақытта кабельдің электрлік параметрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуі
керек.
5. Абоненттік тораптар үшін оптикалық кабельдердің экономикалық
конструкциясын өңдеуге енгізу және өндіру.
6. Абоненттік тораптар үшінқымбат емес кеңжолақты электрлік байланыс
кабельдерін құру.
2. Электрлік байланыс кабелі
2.1.Электрлік байланыс кабелінің классификациясы
Байланыс кабелі анықталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр желісінің құрылымдары
Байланыс желілері және коммутация жүйелері
Электрмен жабдықтау жүйесінің режимдерін, техникалық-экономикалық сәйкестігін, адам өмірінің қауіпсіздігі және тақырыбына сәйкес электр қондырғыларының сенімділігі
Электр энергияны қабылдағыш өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалары
Компанияда қолданылатын техникалық жабдықтар
NGN қызметтеріне қосылуды ұйымдастыру
Инженерлік жүйелерге,желілерге жалпы сипаттама
ENRC корпорациясы үшін радиорелейлі жүйелер негізінде резервтік радиоарна құру
Конвергентті базалық станция
Технологиялық байланыс құралдарын техникалық тасымалдау кезіндегі жұмыстарын бөлу
Пәндер