Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең


Евразия академиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Даму психологиясының пәні мен міндеттері
2. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған «кескінділерді» өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, - дейді. Мұны «қирау» теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.
Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді.
Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып, дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В. В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтамыз.
1. Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Даму психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т. б. зерттейді.
Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б. ) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады. Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін) ;
2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін) ;
3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін) ;
4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін) ;
5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін) ;
6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін) ;
7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 - 23 жасқа дейін) ;
8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін) ;
9) кемелдік кезең (30 жастан 55 - 60 жасқа дейін) ;
10) қартаю кезеңі (60 - 70 жас аралығы) ;
11) кәрілік кезең (70 - тен жоғары) .
Даму психологиясының мынадай салалалары бар:
- балалар психологиясы;
- жасөспірім психологиясы;
- балаң жас психологиясы;
- акмеология (кемелдік) ;
- геронтопсихология (кәрілік) .
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.
Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі - бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы - педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады. Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен (еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т. б. ) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.
2. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең
Балалар жасын кезеңдерге топтастыру. Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын.
Жасты кезеңдерге бөлуі жабайы өмір тұрғысынан Г. Гете мен Л. Н. Толстойдың еңбектерінде кездеседі. Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді, әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келді. Азия мен Африка елдерінде бала бір жастан екінші жасқа өткенде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі болып келеді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде болады. Әлеуметтік жас дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.
Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: әр жас кезінде өз үй ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңдерін топтастырып көрейік: туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі.
Нәресте жас мынадай 2 кезеңге бөлінеді:
- бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін) ;
- еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін) ;
- 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең - бөбектер жасы. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі;
- 3- тен 7-ге дейінгі кезең - сәбилік жас. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты. Қыздар көбіне аналарына көмектесіп, ұлдар болса әкелеріне көмектеседі;
- 8-ден 11 жасқа дейінгі жас - періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда (1-1, 5) жыл алда келеді. Бұл жас кезеңін періште жас кезеңі деп атау себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді;
- 12 жастан 15 жасқа дейінгі кезең - бозбала жасы. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың дәуір есейіп қалған кезі. Үйге қонақ келсе қыздар қонақтардың көзіне көрінбейді, ұлдарды үлкендермен табақтас ететін;
- 15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кезеңдегі бала өзінің ісін соған түгелдей арнап отырған.
Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық «дағдарыс» кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу) тұрады. Ж. Пиаженің жүйесінде сезу-қозғалу интеллектісінің бастапқы кезеңі.
1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейінгі кезең - бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.
16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста «балаға» тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.
Осы келтірілген жас кезеңдері психологиялық тұрғыдан топтастыру балалар бақшасында, не мектепте ресми түрде қабылданған жастарға үнемі ұқсамайды. Себебі психологиялық тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.
Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең.
Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивті кез деп атайды. Сензитивтік кезді, әдетте, метафора ретінде егіннің жақсы, не нашар шығуымен ұқсастырады. Әр жылдары егіннің жақсы не нашар шығатын мезгілдері сияқты, адамның, соның ішінде баланың әр нәрсеге әуесқойлығы, сезімталдығы түрліше болып кездесетін мерзімі бар. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы
Мария Монтессори (1870-1952) . Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л. С. Выготский, Н. С. Лесгафт осы жөнінде құнды пікірлер таратты.
Сензитивті кезге мән беретін себебі, осы кезде аса әсерленгіш келеді, осыны пайдаланып қалу үшін дұрыс тәрбие мен оқыту тәсілдері қолданылуы керек. Сензитивтік кез тек қана бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлұматтар айқын қалмаған деп сұраса, ол 20-25-ке дейінгі басынан кешірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді. Әсіресе жастық кезеңде адам өте сезімтал болып келеді. Бастауыш мектеп жасындағыларда (7-10) мұғалімнің айтқанына сын көзбен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенгіш болып келеді, осыны пайдаланып көп мағлұматтар ұқтыруы тиіс. Ал егер осы кезеңді дұрыс пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға түсуі мүмкін. Осы жастағы балалар келесі кезеңге өткенде (11-16) бұрынғыдай емес, енді ұстаз сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан балалар үшін бастауыш мектеп кезеңі өте маңызды, оларды оқу мазмұнымен қызықтыру керек. Бірақ жеткіншектердің өздеріне тән сензитивтік кезеңдері бар: бұлардың күші мен ақылы молайып, қуатын, ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін-өзі құрбыларының, не үлкендердің алдында көрсеткісі келіп тұрады. Ал ересек жас (16-18) кезеңіне келсек, олар әрі істі ойланып орындауға икемдері көлемді және өзінің келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді. Сензитивтік кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. АҚШ-тың тілшісі Э. Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп кетеді. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кезеңі түрлі уақытта кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz