Балабақшадағы қарапайым математиканы оқытудағы бағдарламалар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Облыстық білім беру басқармасы

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: «Балабақшадағы қарапайым математиканы оқытудағы бағдарламалар»

Пәні: «Қарапайым математика»

Мамандығы: «Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу»

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті 3 ж КДО топ студенті

Дюсекенова А.

Тапсырылған күні:

Тексерген оқытушы: Маденова Т. У.

Бағасы: қолы:

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе

1. Балабақшада алғашқы математикалық ұғымды қалыптастыру

2. Санамақтар және сандарға арналған өлеңдер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы - ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады.

Күнделікті өмірде және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетнде дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан - жақты, бағыт - бағдар беріп отырады.

Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті құрылымының - көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.

Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден - педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады. Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады

Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер балаларға пайдалы, қызықты болады.

Математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетнде дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т. б. Өзімнің математика бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар таңдаймын, логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама жасаймын. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл - ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.


1. Балабақшада алғашқы математикалық ұғымды қалыптастыру

Балалардың сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдау ерекшелігі. Арифметиканы оқыту әдістемесінде санның қалыптасуындағы сандық фигуралардың рөлі туралы мәселе баяғыда пайда болды.

Сандық фигураларды қорғаушылар әдетте балалардың жиынды симультандық жолмен қабылдауын жақтаушылар болды. Олар, егер дөңгелектер қатарластыра емес, қандай да бір формаға келтіріліп қойылса, топты бүтіндей қабылдау оңай болады деп дәлелдеді.

Кішкене балада қатарласа немесе сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдау ерекшеліктері қандай және олардың айырмашылықтары неде?

Бұл мәселені зерттеу сандық фигурадағы кеңістіктік тұйық жиын жиынның сызық бойымен орналасқанына қарағанда құрылымдық - бүтін бірлік түрінде қабылдауға шынында да үлкен жағдай жасайтынын көрсетіп берді. Тіпті өте кішкене балалардың өзі карточкада үш, төрт, бес түйменің суреті салынып, сандық фигура түрінде орналасқанын көре отырып, әдетте бір қолымен қораптан бір уыс түймені алып, оны карточканың үстіне төгеді. Үлкенірек балалар түймелерді олардың бейнелерінің үстіне қойып шығуға тырысады, алайда көп жағдайда сол санды толық қойып шыға алмайды, олар жеке суреттердің аралығын да толтырады. Баланың қолы мен көзінің қозғалысы бір түзудің бойына орналасқан жиынды қабылдау кезіндегі өзгеше болатынын атап өту керек. Әдетте, балалар осы жағдайда, түймелерді суреттердің үстіне қоя отырып, бір қолымен әрекет етеді. Егер бала түймелерді оң қолымен қоятын болса, ол әдетте оң жақтағы төменгі суреттен бастайды және оның қозғалысының бағыты дөңгелек сағат тіліне қарсы жүреді. Егер түймелерді қойып шығу сол қолмен жүргізілсе, ол да әдетте сол жақ төмен түймеден басталады және қозғалыс бағыты сағат тілі бойынша жүреді.

Қозғалыстың бұл ерекшеліктері сандық фигура түрінде бейнеленген жиынды шын мәнінде балалар тұтас тұйық бүтін түрінде қабылдайды деп есептеуге мүмкіндік береді. Алайда жиынның бір сызық бойына орналасуы кезінде және сандық фигура түрінде элементтер санының еске түсуін салыстырмалы салғастыру бір сызық бойына орналасудың артықшылықтарын дәлелдейді. Балалар неғұрлым аз болған сайын, санды қабылдау үшін жиынның бір сызық бойына орналасуы соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Түймені суреттің үстіне қойып шығу тәсілін пайдалана отырып, балалар 1 жыл 6 ай - 2 жас арасында бір түзудің бойына орналасқан жиынды дәлірек қабылдайды, яғни, 75%, ал сандық фигура түрінде орналасқан кезде 50% қабылдайды. Үш жасқа қарай бұл көрсеткіштер теңеледі, себебі балалар беттестіру әдісін меңгеріп алады.

Сонымен, элементтердің квадрат немесе үшбұрыш түрінде орналасуы тұтас кеңістіктік тұйық бүтін ретінде жиынды симультандық жолмен қабылдауға жағдай жасайды, алайда бұл орналасудың аса күрделі формасы, жеке элементтерді бөліп көрсетуге қиындық келтіреді. Есептеу операциясын оқыту үшін ең маңыздысы жиынның барлық элементтерін айқын көрсету болып табылады.

Осыдан мынадай педагогикалық қорытынды шығады: есептеу операциясын оқытудың алғашқы сатыларында жиын элементтерінің аралығында өзара - бірмәнді сәйкестік орнату жолымен қандай да бір нәрселердің жиынтығын бір түзудің бойына орналастырған дұрыс.

Сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдаудағы элементтер түсінің рөлі. Бала өз дамуының ерте кезеңінде элементтердің түсі қандай екенін байқамайды: ол кез келген түстегі түймелерді алады да оларды ортадан екі жаққа қарай қоя бастайды. Ал жиынды қашан оның шекарасынан бастап қабылдайтын болғанда, элементтер құрамының біркелкі болуын талап ете бастайды. Бұл сондай - ақ, оның қабылдау сипатында болып жатқан өзгерістерді дәлелдейді. Бала байқамай басқа түсті түймені қолына ұстап қалған жағдайда, ол бүтін ретінде жиынға қарап, өз қатесін түзетеді. Ол өзінің қалауымен, жиынындағының бәрі бірдей түсте болуы үшін, кейбір түймелерді ауыстырады. Жиынның біртектілігіне қойылатын бұл талап элементтердің кез келген орналасуында байқалады, оның үстіне балалар жиын элементтерінің түсін біртекті етуге талпынуы сызықты орналастырғанға қарағанда, элементтерінің саны нашар дифференциалданса да, сандық фигура түрінде орналастырғанда ертерек байқалады.

Бірыңғай сапалы элементтерден тұратын жиынды жасау бағыты жастың өсуімен бірге өсіп отырады және ол орналасу формасына тәуелді болмай қалады. Мысалы, бес жастағы және одан да ересек балалар үшін жиын әрқашан шектелген және элементтері сапасы жағынан әрқашан бірдей болады. Сондықтан жиын бір түзудің бойына орналасқан жағдайда, бірінші үш элемент қызыл түс, келесі үш элемент көк түс болса, балалар мұны әр түрлі жиын ретінде қабылдайды. Белгілі бір даму кезеңінде шектелген жиынның біртектілік белгісі, яғни элементтер сапасының белгісі ең алдымен түс болып табылады. Алайда жиын элементтерінің біртектілігі әр түрлі сапалық белгілерімен ғана (түс, мөлшер, форма) емес, түрлік, тектік белгілерімен де білінуі мүмкін.

2. Санамақтар және сандарға арналған өлеңдер

«Кім жылдам құрастырады?» деген ойын ойнайық.

Қызыл, жасыл, сары, көк,

Алуан түрлі пішіндер.

Үшбұрыш - төбесі,

Төртбұрыш - денесі,

Терезесі - дөңгелек

Тік төртбұрыш - аяғы

***

Бір дегенім- бүркіт,

Қалады аңдар үркіп,

Екі дегенім - ешкі,

Қорамызды тесті,

Үш дегенім - үйім,

Үйде жақсы күйім.

Төрт дегенім - түлік,

Жүрші мұны біліп.

Бес дегенім - бесік

Шықтық одан өсіп.

***

Кел, санайық санамақ,

Саусақтарды даралап,

Бас бармағым - алғашқы,

Балаң үйрек - жалғасы

Ортан терек - атасы

Шылдыр шүмек - анасы

Шынашағым - балапан

Бәріне ортақ - алақан.

***

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым - атам,

Балаң үйрек - әжем

Ортан терек -әкем

Шылдыр шүмек -анам

Кішкентай бөбек - мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

***

Бір дегенім -білеу

Екі дегенім-егеу

Үш дегенім- үскі

Төрт дегенім-төсек

Бес дегенім-бесік

Алты дегенім-асық

Жеті дегенім-желке

Сегіз дегінім-серке

Тоғыз дегінім-торқа

Он дегенім-орақ.

***

Жіңішке жалғыз таяқша-

Бір саны ол айрықша.

***

Екі саны байыпты,

Аққуға ұқсап қалыпты.

Ұзын мойын, құйрықты,

Қазды да қатар қойыпты.

***

Екіліктен кейін қараңдар,

Үш саны шықты, жарандар

Үшінші орын тұрағы,

Үш ілмекті қосып тұрады.

***

Сүйір шынтақ шығарып,

Төрт тұр алға үшті алып.

***

Басталады саусағым бас бармақтан,

Балан үйрек келеді санағанда.

Ортан терек, билігі, тұрып қалған

Шылдыр шүмек келеді кезегім деп

Кішкентай бөбек таласпай болған екен.

***

Алты саны ол-алтау

Бестен кейін келеді

Тапқыр бірден біледі.

***

Дүйсенбіде гүлдер ектім,

Сейсенбіде жуа тердім.

Сәрсенбіде су әкелдім

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен киноға бардым,

Жексенбіде бір демалдым.

***

Кел, балалар, санайық,

Жетіге бірді қосайық.

Жаңа шыққан санды біз

«Сегіз»деп енді атайық.

***

Рет-ретімен санасақ,

Тоғыз саны домалап,

Сегізден кейін келеді.

Жіңішке таяқ тірегі.

***

Он, білесің, басы ашық

Тоғыздан кейін келеді.

Саусақтарды санап шық,

Есебін сол береді!


Қорытынды

Қорыта айтқанда, әр тәрбиешінің негізгі мақсаты - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сапасын көтеру, балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық
Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Төрт жастағы балаларды сан жайлы ұғым қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін оқытудағы жалпы дидактикалық принциптер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz