Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні

Балалар әдебиеті - балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сондай-ақ, арнайы балаларға арналып жазылмағанымен, олардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, өзіне балаларды тартатын көркем шығармаларды да Балалар әдебиеті қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті - сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, т. б. ізгі мұраттарға баулу. Балалар әдебиеті - балалардың эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалар ғана емес, оның сырлас досы, қорғанышы және ақылшысы да болып табылады. Олар негізінен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықтап жазылады. Х. К. Андерсеннің ертегілері, М. Твен, Ж. Верннің романдары, т. б. суреткерлердің шығармалары балаларға арналып жазылған. Д. Дефоның, Дж. Свифтің В. Скоттың шығармалары балаларға арналып жазылмағанымен, олардың сүйіп оқитын кітаптарына айналған. Балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің де арналы саласы; қ. Қазақ балалар әдебиеті. [1]

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин

Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1916 жылы І дүниежүзілік соғыс майданының қара жұмысына алынған. 1929-1935 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық соты қызметтерін атқарған. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Оның «Қазақ қыз -бозбалаларына» деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында басылған. Кейін бейнелі ой тереңдігімен, лирикалық-романтикалық толғаныстарымен елдегі өзгерістерді, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар тұлғасын, туған жердің сұлу көркін шабыттана жырлаған «Қыран кегі», «Цимлян теңізі», «Таңдамалы», «Сырлы қайнар» т. б. өлеңдер мен поэмалары жарық көреді. Жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп, оларды отанды сүю рухында тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз», ІІІ томдық таңдамалы шығармаларының жинағы т. б. әңгімелер мен повестер жинақтары, «Замана белестері» атты романы жарық көрді. Т. Г. Шевченко, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың жекелеген өлеңдерін, Д. Н. Мамин-Сибиряк, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударды. «Қарагөз», «Көктем», «Бесік жыры», «Ақ көгершін», «Сағындым сені, сәулем-ау» т. б. 50-ге тарта өлеңдеріне ән шығарған-сазгер. Жазушы шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Халықтар достығы, екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.

Повестегі басты кейіпкер - Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады. Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала», «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер, бұл оны іскерлікке, икемділікке, алғырлыққа үйретеді. Бұл бір қыры болса, екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп, Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен, оның байлығымен танысады. Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады. Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді. Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады.

«Таңбалы тастағы» әр алуан суреттер мен әр түрлі тастардың табылуы жай нәрсе емес екені Сәтжанды үлкен ойға қалдырған-ды…

Балалар үшін жазылған көркем әдебиеттегі ең құнды мәселе-өзінің оқушысын осы сияқты істерге баулып, өмірге үйрететіндей, соған қызықтыратындай уыты болуында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуы
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz