Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың шығармалары бойынша)


Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың шығармалары бойынша)
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.
Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен белгілі бір кезеңге тән балалар тақырыбына жазылған шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін салыстыра отырып, оны антропоцентристік аспектіде, жас ерекшелік психологиясына сай бала танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты таным - мәдениет - тіл үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысында ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты - қазіргі антропоцентристік бағыттың ғылыми теориялық қағидаларына сәйкес балалар әдебиетіндегі кейіпкердің дүниетанымы мен болмысын, тілдік қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты концепт ретінде тұжырымдау, сондай-ақ, балалар шығармалары ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдер мен тілдік көріктеуіш тәсілдерді, бала психологиясының когнитивтік құрылымын анықтау. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
- балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілінде көрініс табатын ономастикалық атауларды анықтап жүйелеу, инвентарлау;
- шығармалардың ономастикалық кеңістігіндегі антропонимдік жүйе мен кейіпкерлердің лақап есімдерінің қолдану жиілігін айқындау;
- көркем шығармалардағы баланың тілдік тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін прецеденттік есімдерді көрсету;
- жоғарыда көрсетілген ономастикалық кеңістік, прецеденттік есімдер негізінде М. Гумеровтың, Б. Соқпақбаевтың, М. Қабанбаевтың шығармаларының этнотанымдық жүйесін айқындау;
- балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің тілдік құралдарды - фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, диалект сөздер, өзге де көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;
- М. Гумеровтың, Б. Соқпақбаевтың, М. Қабанбаевтың шығармаларының ұлттық мазмұны негізінде көркем тілінің концептуалдық құрылымын анықтау;
- балалар әдебиеті кейіпкерлерінің санасындағы эстетикалық танымға сәйкес символдық ұғымдардың қалыптасуын нақты дәйектеу;
- М. Гумеровтың, Б. Соқпақбаевтың, М. Қабанбаевтың шығармаларындағы кейіпкердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға тұрғысынан сипаттама беру;
- шығармада қолданылған онимдерді қазақ тілінің ономастикалық концептосферасындағы құрылымдармен сәйкестендіре қарастыру;
- балалар тақырыбына арналған шығармалар тілінің бала танымының психолингвистикалық ерекшелігін айқындаудағы мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде тіл біліміндегі лингвокогнитивтік, психолингвистикалық зерттеудің жаңа бағыттарында анықталған танымға сәйкес балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. М. Гумеровтың, Б. Соқпақбаевтың, М. Қабанбаевтың шығармалары.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар, талдау жасалған тілдік деректер қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистиканы өз деңгейінде толықтыруға үлес қосып, лингвомәдени, этнолингвистикалық бағытта арнаулы курстарда талдау жүргізуге септігін тигізеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерін психолингвистика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндерінен қосымша дәріс оқуға да септігі тиеді.
Зерттеу жұмысының әдістанымдық негізі. Қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің тілін антропоцентристік парадигмада сөз ету, оған жан-жақты когнитивтік аспектіде талдау жүргізу барысында ресейлік когнитолог ғалымдар В. А. Маслова, Е. С. Кубрякова, А. Бабушкин т. б. және қазақ тіл біліміндегі Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, Н. Уалиев, Е. Керімбаев, Ж. Манкеева, Қ. Рысберген, Б. Тілеубердиев т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектері, теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- зерттеу жұмысында балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінің ерекшелігі мен тілдік тұлғасы анықталып, жалқы есімдердің , этнолингвистикалық, лингвокогнитивтік ерекшеліктері көрсетілді;
- балалар әдебиеті кейіпкерлеріне лақап есімдердің берілуінде ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымның ерекшелігі анықталды;
- Б. Соқпақбаевтың, М. Гумеровтың, М. Қабанбаевтың балаларға арналған шығармаларындағы кейіпкер қолданысына тән тілдік көріктеуіш құралдарына талдау жүргізілді;
- концепт ұғымы кешенді құрылым деп танылып, балалар әдебиетіндегі кейіпкер дүниетанымын нақтылайтын концептінің типтері анықталды;
- бала санасындағы қалыптасатын символдық белгілердің лингвомәдени мазмұны сипатталды;
- баланың дүниетанымдық ерекшелігін анықтау мақсатында кейіпкердің тіліне психолингвистикалық тұрғыда талдау жасалды;
- көркем шығармадағы баланың сөйлеу мәдениетін анықтау мақсатында жұмыста алғаш рет синэргетика термині қолданылып, бала санасына әсер етуші энергетикалық қуаты бар сөздер анықталды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың балаларға арналған шығармаларындағы тілдік бірліктердің семантикасы ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымға байланысты қалыптасады;
- баланың ғалам бейнесі жас ерекшелігіне, танымдық тәжірибесіне, психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты ересек адамның ғалам бейнесінен өзгеше болып келетінін зерттеу нысаны айқын көрсетеді;
- баланың тілдік тұлғасы ұлттық құндылықтар жүйесін белсенді қабылдайтын өсу, қалыптасу процесіндегі тілдік тұлға;
- жасөспірімдердің танымдық деңгейі, қоршаған дүниені қабылдау, лексикалық қордың ортақтығына байланысты балалардың ұжымдық тілдік тұлғасы қалыптасады;
- балалар тілінің қолданысындағы жалқы есімдер ономастикалық атаулардың когнитивтік аспектіде зерттелуіне тілдік дерек бола алады;
- тіл білімінің когнитивтік саласында лақап есімдер концептқұраушы таңба ретінде танылады;
- баланың тілдік тұлғасын қалыптастырушы негізгі сыртқы факторлардың бірі прецеденттік есімдер болып табылады;
- шығармадағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, теңеулер, диалект сөздер, авторлық қолданыстар, ұғымдық мәні тектес концептуалдық өрістер өзіндік жүйе құрайды;
- концептілік құрылымдар арқылы бала ұғымындағы символдық таңбалар лингвомәдени мазмұнға ие болады;
- балалар әдебиетіндегі бала санасына ықпал жасаушы синэргетикалық тілдік бірліктердің психолингвистикалық мазмұнын сипаттау арқылы ұлт мәдениетінің тілдегі көрінісі анықталады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен мазмұны бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де өткен ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2005) ; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен « Қазақ және орыс тілдері шет тілдік кеңестікте: оқытудың қазіргі технологиялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2005) ; ҚазҰАУ-да өткен «Мемлекеттік тілде маман даярлау “Жаңа мақсат, жаңа жүйе”» атты республикалық конференцияда (Алматы, 2006) ; А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналында (Алматы, 2007) ; Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының Хабарларында (Алматы, 2007) және А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми-әдістемелік семинарда (2008, маусым) баяндамалар жасалды. Зерттеу жұмысы бойынша республикалық ғылыми басылымдар мен жинақтарда 7 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдер, жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері, теориялық маңыздылығы мен практикалық құндылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар жинақталып баяндалды. Әр тараудың соңында және қорытындыда тұжырымдар беріледі.
Бірінші тарау «Поэтонимдердің көркем мәтіндегі терминдік, функционалдық сипаттамасы» деп аталады.
Қазіргі қазақ тіл білімі өзінің дамуында жаңа бағытты басынан өткеріп отыр. Тілді психолингвистикалық, когнитивтік тұрғыдан қарастыру арқылы тілші ғалымдар тілдік бірліктердің антропоцентристік сипатын ашуға мүмкіндік алды. Бұл орайда ономаст ғалым Б. Тілеубердиев «Когнитивтік лингвистика жалқы есімдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады, бұл дегеніміз бұған дейінгі этнолингвистикалық, дәстүрлі, жүйелі-құрылымдық, , әлеуметтік лингвистикалық парадигмаларды жоққа шығармайды, қайта керісінше ономастикалық процестерді жаңа тұрғыдан көрсету мен ұғынуға ұмтылыс жасайды» (1. 21) . Осыған орай, біздің мақсатымыз қазақ балалар әдебиетінің ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдерді тану, ондағы бала санасы арқылы дүниені тану мен қабылдаудың мәнін ашу болып табылады.
1. 1. Балалар әдебиетіндегі жалқы есімдердің қолданыс аясы.
Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаев қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлғалар. Аталмыш жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлер мен олардың лақап аттары, жер-су атауларының мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен повестерінде дүниені танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы көрінісі айрықша рең беріп тұрады. Мысалы: «Менің атым - Қожа» шығармасының тілдік жүйесі Қожаның психологиялық қабылдауы мен оның когнитивтік санасындағы дүниетанымы деңгейінде құрылған. Шығарманың басты кейіпкері Қожаберген өз есіміне деген танымдық көзқарасты психологиялық тұрғыдан былай көрсетеді: Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер [Б. С. ] т. б. Бұл жерде Қожаның пікірін пайымдау үшін алдымен оның таным деңгейін түсіне білу қажет. Мұндағы ең басты әсер етуші фактор қоршаған орта, қоғамдық сана. Егер индивид өзінің жеке ойы мен қабылдауын әлеуметтік сананың пікірімен байланыстыра алмаса, онда мұндай логикалық құрылым болмаған болар еді. Ұлттың болмысына қатысты мұндай құбылыс «Ортаншы ұл» шығармасында былай суреттеледі: Тақыр бас бала тақылдап біраз сөйледі. Алмастың ұққаны: Өлместің шын аты Өлкебай екен. Көршісіндегі бір келіншек қайынағасының атын атамау үшін, оны ойнап жүрген балалардың көзінше ылғи «Өлмес» дей беріпті. Бұл сөз бірте-бірте балалардың құлағына сіңіп, ақыры олар оны «Өлмес» деп атай бастапты [М. Ғ. ] . Мұндағы бір көрініс, қазақ халқындағы отбасына келіп түскен келіндердің жаңа түскен үйдегі адамдардың атын атамай, астарлап жеткізудің әсерінен болғанын байқатса, халқымыздығы ырым-тыйым сөздердің әсері де болғанын көрсетеді. Сонымен бірге, «Қала және қыз бала» әңімесінде де адамға ат қоюдағы ырымға сену құбылысы анық байқалады. Мысалы: Елубір деген бала ылғи мені сыртымнан бағып жүреді дедім ғой. Өзі аппақ шөлмектей жүдеу, артқы партада отырады. Әке-шешесі ұзақ жылдар перзент көрмей, елу бір жасында осы бала дүниеге келіпті. Елубір деп сол себептен атапты [М. Қ. ] . Мұның өзі адамзаттың, оның ішінде қазақ халқы, қай кезеңде өмір сүрсе де ұлттық таным мен ойлаудың ежелгі дәстүрлі тәжірибесіне сүйенетінін байқатады. Жалпы, жалқы есімдер өз бойында белгілі бір кезеңге, тіпті тұтас бір елдің тарихына қатысты ақпараттарды жинақтай отырып, көркем мәтіндегі қолданыста ерекше маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Жазушы шығармаларындағы жалқы есімдер қаламгердің өскен ортасы мен дүниетанымы тұрғысынан ұлттық болмысқа негізделген. Мысалы, Б. Соқпақбаев Қостөбе топониміне қатысты қызықты мәліметтер келтіре келіп, оны Текес гидронимімен тығыз байланыста алып қарайды. Мысалы. Қазақстан картасынан Алматыны көзіңізді жұмып тұрып тауып алатыныңызға мен дауласпаймын. Астанаға дәл барып тірелген саусағыңызды енді тау сілемімен шығысқа қарай сырғытыңыз. Тоқтаңыз! Мен әңгіме етіп отырған үркердей шағын ауыл Қостөбе, міне, осы арада, шекараның дәл түбінде, менің Қостөбем, менің Текесім! [Б. С. ] . Сондай-ақ бұл атаулар денотаты, топографиялық мекен-жайы нақты, Қазақстанның топонимдік кеңістігінде кездесетін реалды нысандар.
Машқар Гумеров өз шығармаларында ономастикалық атауларды талғаммен қолдана отырып, оған тән мәдени ақпараттарды бала санасында қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген. Яғни, әрбір атауды бере отырып, оның шығу тарихына тоқтала кетуді мақсат еткен. Әсіресе, қаламгердің Шұңқыртомар, Қорасал атауларына берген түсініктемелері осыған дәлел. Мысалы: Ауылдың шығыс жағындағы осы бір үлкен көлдің аты Қорасал. Бұлай аталған себебі: көлдің орта тұсына таман екі арал бар. Тұрмысқа қолайлы көлді жағалай үш ауыл қоныс тепкен. Соның бірі- осы Қорасал, екіншісі- теріскей жақта, бір жарым шақырым жердегі Жалтыр. Колхоз орталығы да жеті жылдық мектеп те сонда [М. Ғ. ] .
Б. Соқпақбаев шығармаларындағы тағы бір жиі кездесетін атаулар - ру атаулары. Бұл атаулардың барлығы да қаламгердің дүниетанымы мен өскен ортасымен тығыз байланысты. Автор бұл атауларға қатысты көркем мәтінді образды түрде бере отырып, кейбір ру аттарына қатысты этимологиялық этюдтерді сәтті ашып көрсетеді. Мысалы: Беснайзалар ежелден жауынгер, ұры ел болған. Рудың Беснайза атануы да тегін емес. Бір үйдің шаңырағынан сорайған бес найзаның ұшы шығып тұрыпты, содан Беснайза атаныпты деген сөз бар [Б. С. ] . Осы берілген мысалда Беснайза руына қатысты мәдени ақпараттарды жазушы шеберлікпен бере білген. Сондай-ақ: Қостөбеде, негізінен, Құрмандар тұрады. Құрманның «Киікбай», «Найза» деп аталынатын екі руы. Біз Найзамыз, Дұрысы Беснайза. Беснайза екіге бөлінеді: Байқазақ, Жолыш. Біз - Жолышпыз. Барлығы Алаштың балалары ғой [Б. С. ] т. б. деген сөйлемдер арқылы Қостөбедегі этникалық құрамды нақты көрсетіп кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz