Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

«Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж


Мазмұны

Кірісп

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы

2 Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс түрлері

3. Балаларды табиғатпен таныстыруды ұйымдастырудың

негізгі формалары

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 28

Қосымшалар . . . 30


Кіріспе

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.

К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, Е. Н. Водовозова, Е. И. Тихеева, Л. К. Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С. Көбеев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыровтардың еңбегі зор.

Атап айтқанда: Н. С. Сарыбеков, Ә. С. Бейсенова, М. Н. Сарыбеков, Ж. Б. Шілдебаев т. б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө. Т. Танабаев, С. Әбубәкіров, Қ. Нұрланова, З. Серікқалиұлы, Д. Н. Сарыбеков, К. Ж. Бұзаубақова, Г. К. Құрманбаева, М. А. Лигай, А. Болтаев, Г. М. Сабденалиева, С. Тілеубергенов, Д. І. Жангельдина, В. П. Кәрібжанова, А. Қ. Егенисова, Н. Т. Есеналина, К. И. Исламова т. б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапарларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ соляр шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай, т. б. бейнелеуге де жете көңіл бөлінбегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен таным нысаны қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды.

Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады.

Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барасында өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.

Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларына сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.

Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:

- балаларды сәндік-қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;

- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;

- мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен таныстырудың бірізді жүйесін жасау;

- сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні - жұмбақ.

Мысалы:

Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)

Қыста жер бетін басады,

Жазда сай-сайға қашады. (қар)

Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:

- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;

- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;

- тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.

Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның таным нысандарымен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері» түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.

Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асырауға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспаны бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай-ақ күн ерте батады.

Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны - ай. Ай бетіндегі «теңіздер көлеңкесін», таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын бақылай отырып, оның бейнесінің - орақ тәріздес жарты ай және толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларында ымырт үйіріле жүргізген ыңғайлы. Таныстыру жұмыстарын «Жеті қарақшы» жұлдыздар шоғырынан бастаған жөн. Балалар «жеті қарақшыны» оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін «Темірқазық» және «Кіші жетіқарақшы» жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады.

Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес беріледі.


2 Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс түрлері

«Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.

Табиғатты бейнелеу әдісі - экологиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарға қамқор болуға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Табиғат әлеміне қамқорлық жасау мақсатында таным білім саласы, қоршаған орта бойынша:

1. «Судың маңызы»

2. «Құстар тіршілігі».

3. «Ағаштар неге ашуланды».

4. «Үй жануарлары».

5. «Жыл мезгілдері». тақырыптарында ұйымдасқан ойын іс -әрекеттері өткізу керек.

Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар.

Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі.

Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Қоршаған ортамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, т. с, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.

Қоршаған ортамен таныстыруда мына ұғымдарды қалыптастырамыз: Мен - адаммын түсінігі және өзі, өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейтеміз. Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтауға, дене мүшелері (қол, аяқ, бас және т. б. ), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажеттігін білуге, мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т. б. ), өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдауға, өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызуға, өзінің қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйретуге, құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйретеміз.

3 . Балаларды табиғатпен таныстыруды ұйымдастырудың

негізгі формалары

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында тұрған міндеттер зор. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Табиғаттағы, ауа-райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға талпындыру арқылы эстетикалық талғам қалыптастырамыз.

Балабақшада тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарындағы табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде.

Балабақшада «Табиғатты аялай біл», «Табиғат және біз», «Күзгі орманға саяхат», «Тірі объектілермен танысу», «Бөлмеде өсірілетін өсімдіктермен танысу» ашық сабақтары мен семинарлар ұйымдастыруға болады.

Сонымен қатар балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар жинақталған «Табиғат әлемі» мұражайын ұйымдастырып, «Қысқы бақ» жасақталатын болса, балаларға зор қуаныш болары анық.

Күнделікті ауа - райын бақылап, оны табиғат күнтізбесінеи белгіленіп отыруда балаларды ойландыру үшін бірнеше сұрақтар қоюға болады. Бүгін аспан қандай? Ауа - райы туралы не айтуға болады? Егер де аспанды бұлт шалса, ауа - райы бұлтты; егер аспан ашық болса - күн шуақты, ашық, ал егер жел соқса - деп суреттер салу арқылы ауа - райын белгілейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру
Аналитикалық химия және экология.
Биология оқыту әдістемесі
Экологиялық тәрбие беру
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz