Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері Методтардың жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері
Методтардың жалпы сипаттамасы. Танымдағы сезімділік пен тиімділіктіц
бірлігі. В.И.Ленин жасаған бейнелеу теориясы танымды сезімдік қабылдау мен
абстрактілік ойлаудың диалектикалық бірлігі ретінде қарайды. И.М.Сеченовтың
рефлекстер және И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв әрекеті жөніндегі
ілімдері танымдық табиғи-ғылыми негіз болып табылады. Табиғатағы заттар мен
құбылыстардың әсерінен адамда болатын тітіркенулер бірінші хабар жүйесін,
ал оларды білдіретін сөздер екінші хабар жүйесін құрайды. Таным процесінің
есімдік жағы бірінші жүйесімен байланысты ол — түйсік, қабылдау және
түсінік формасындағы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының тікелей
сәулесін қамтиды. Дерексіз ойлау екінші хабар жүйесімен байланысты. Екінші
хабар жүйесі тек бірінші хабар жүйесі арқылы сыртқы дүниемен байланысты
жүзеге асырылады, сондықтан түйсіксіз, қабылдау мен нақтылы түсініктерсіз
ойлаудың болуы мүмкін емес.
Танымның сезімділігі мен тиімділігі бір процестің екі жағы болып
табылады. Танымның сезімділігі мен тиімділігінің өзара қарым-қатынасы
дамудың әр түрлі сатыларында әр түрлі сипатта болады.
Балаларды табиғатпен таныстырудағы көрнекілік және сөз. Баланың
қоршаған шындықты тануы — табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім
мүшелеріне әсер етуі процесінің көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік
танымның физиологиялық негізі — көру, есту, тері, иіс және баска
анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И.П.Павлон атап көрсетті.
Қабылдауға анализаторлар өебірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек,
молырақ анықырақ және маңыздырақ болады, Мұнан балаларды табиғатпен
таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың
олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың
объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, одардың ауырлығын т.б.
сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.
Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар
табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе
жинақтайды. Мысалы, балалар бақшасына кетіп бара жатқан жолда олар ауа
райының жағдайын (суықтығын, жылылығын, ыстықтығын, дымқылдығын)
түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскеңде, ойнаған кездерінде судың
қасиетін (суықтығын, жылылығын, құйылуын, оған тастардың батып
кететінін, ағаш сынығының қалқып жүретінін) біледі. Әр түрлі жануарларды
бағып-күткен кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарың т. б. біліп
алады.
Табиғатпен қарым-қатынаста бала оны түсінеді. Бірақ ол әрқашанда
табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала бермейді. Балалар заттарды әрқашан
ескере бермейді немесе оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады
түйсінгендерін дұрыс атамайды. Мысалы, 2-4 жастағы бала аквариумде жүзіп
журген балықты көріп, ол аттап жүріп келе жатыр немесе қанаттарын қағады
дейді. Демек, баланы табиғатпен таныстыруда затты немесе құбылысты көрсету
жеткіліксіз танымдық процесті басқару қажет деген ұғым туады.
Тәрбиеші балалардың зейінін заттағы басты нәрсеге олардың атын
білдіретін сөздерге аударуы тиіс. Сезімдік түйсінуден, тек түйсінуге сәйкес
сөзбен атауға болатын нәрсе ғана меңгеріледі. Сезімдік қабылдау —табиғат
жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі
осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт
есте ұстау керек.
Балалардың түсініктерін қалыптастырудың және олардың сөз байлығын
молайту бір уақытта жүзеге асырылады.
Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен құбылыстардың
сапасына және қасиеттеріне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде
жалпылауға келеді. Әрбір түсінікте жалпылаудың бір кезі болады.
Түсінік — мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар
табигаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін
бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол
белгілсрдің сөзбен берілуін ажырата отырып, оларды басқаларымен салыстыру
нәтижесінде жасалады. Түсініктер іс-әрекетте — балалардың ойыны мен
екбегінде — мңңгеріледі және тексеріледі.
Түсініктер балалардың санасына сезіну жолымен алынған қабылдаулардың
негзінде болғанда ғана дұрыс дамиды. Түсініктің жасалуы — ұзақ
процесс.
Балаларды табиғатпен таныстырудың сан алуан құралдары (формалары,
методтары, тәсілдері) бар. Оларды таңдау — тәрбиелік-білімдік міндеттерге,
программалық материалдық мазмұнына және балалардың жас ерекшеліктеріне
байланысты. Алға қойылған міндеттерді іске асыруды анықтайтын жолдардың
негізгі принциптері — тәрбиелеу білім берудің көрнекілігі де танымды,
балалардың белсенділігінің және тәрбнешінің жетекшілік рөлінің бірлігінде.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру методтарының
жалпы сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен
іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан методтар мен тәсілдерді
қолданады.
Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді
меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай
методтарға (әдістерге) бақылау, эксперимент, еңбек, ойындар жатады.
Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген — әңгіме айту, көркем
шығармаларды оқу, табиғи объектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы
әңгімелесу методтары кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған метод пен
тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешіннің, әңгімесі көркем
шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі т.б.

Кроликке бақылау жасау
Ересек топ балаларымен жүргізілетін сабақтың үлгі жоспары
Программалық материал. Қоянның сыртқы түрі, қимыл ерекшеліктері.
Жабдықтар. Кішкене кленка.
Топта жұмыс жүргізу үшін кроликті алып келеді.
Сабақтың барысы:
1.Балалар кроликтің үлкендігі қандай екенін көрсетеді оны мысықтың
және иттің үлкендігімен салыстырады.
2. Кроликтің тұмсығы қандай? Көздері, құлақтары, құйрығы, аяғы қандай?
– деген сұрақтарға жауап береді.
3. Алдыңғы және артқ аяқтарының ұзындық айырмашылығына көңіл аударады,
хайуанның қозғалысын бақылайды, оның неліктен секіретін, жүрмеуі неліктен
екенін түсіндіреді.
4. Кроликтің қорыққан кезде құлақтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Пәндер