Баланың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Педагогика және психология
кафедрасы
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Баланың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, жұмыстарын
ұйымдастыру
Орындаған:
Жетекші:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
1 Балаларда алғашқы математикалық түсініктерді дамыту
2. Математикалық түсініктердің дамуындағы әр түрлі анализаторлардың рөлі
3. Балаларда натурал қатардың белгілі кесіндісі туралы
түсінікті дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам
дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай
өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажет
болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде
мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен
тәлім – тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: мектепке
дейінгі мекемелерде оқытудың мемлекеттік стандарты, бағдарламалар жасалып,
соларға сәйкес төлтума оқу - әдістемелік кешендер жазылды, демек, оқу –
тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектепке дейінгі мекемелердің
тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен
жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын
тауып отыр.
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық
білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, балаларға
тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім –
тәрбие беретін, балалардың ой - өрісін, қабілетін жан – жақты дамытуға
толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін
ескеруге тура келеді.
Ерте жастан бастап балада бірыңғай заттардан тұратын жиынтық туралы
түсініктер жинала бастайды: Көп қуыршақ, Үш кубик, Қолда бес саусақ
бар. Бұл алғашқы түсініктер алдымен баланың пассив сөзінде бейнелене
отырып, жинақтала бастайды. Нәрселер мен құбылыстар жиынның әр түрлілігін
бала әр қилы – есту, көру, кинестетикалық және басқа анализаторлармен
қабылдайды.
1. Балаларда алғашқы математикалық түсініктерді дамыту
Кішкене балада қатарласа немесе сандық фигура түрінде орналасқан
жиынды қабылдау ерекшеліктері қандай және олардың айырмашылықтары неде?
Бұл мәселені зерттеу сандық фигурадағы кеңістіктік тұйық жиын жиынның
сызық бойымен орналасқанына қарағанда құрылымдық – бүтін бірлік түрінде
қабылдауға шынында да үлкен жағдай жасайтынын көрсетіп берді. Тіпті өте
кішкене балалардың өзі карточкада үш, төрт, бес түйменің суреті салынып,
сандық фигура түрінде орналасқанын көре отырып, әдетте бір қолымен қораптан
бір уыс түймені алып, оны карточканың үстіне төгеді. Үлкенірек балалар
түймелерді олардың бейнелерінің үстіне қойып шығуға тырысады, алайда көп
жағдайда сол санды толық қойып шыға алмайды, олар жеке суреттердің аралығын
да толтырады. Баланың қолы мен көзінің қозғалысы бір түзудің бойына
орналасқан жиынды қабылдау кезіндегі өзгеше болатынын атап өту керек.
Әдетте, балалар осы жағдайда, түймелерді суреттердің үстіне қоя отырып, бір
қолымен әрекет етеді. Егер бала түймелерді оң қолымен қоятын болса, ол
әдетте оң жақтағы төменгі суреттен бастайды және оның қозғалысының бағыты
дөңгелек сағат тіліне қарсы жүреді. Егер түймелерді қойып шығу сол қолмен
жүргізілсе, ол да әдетте сол жақ төмен түймеден басталады және қозғалыс
бағыты сағат тілі бойынша жүреді.
Қозғалыстың бұл ерекшеліктері сандық фигура түрінде бейнеленген жиынды
шын мәнінде балалар тұтас тұйық бүтін түрінде қабылдайды деп есептеуге
мүмкіндік береді. Алайда жиынның бір сызық бойына орналасуы кезінде және
сандық фигура түрінде элементтер санының еске түсуін салыстырмалы
салғастыру бір сызық бойына орналасудың артықшылықтарын дәлелдейді. Балалар
неғұрлым аз болған сайын, санды қабылдау үшін жиынның бір сызық бойына
орналасуы соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Түймені суреттің үстіне қойып
шығу тәсілін пайдалана отырып, балалар 1 жыл 6 ай – 2 жас арасында бір
түзудің бойына орналасқан жиынды дәлірек қабылдайды, яғни, 75%, ал сандық
фигура түрінде орналасқан кезде 50% қабылдайды. Үш жасқа қарай бұл
көрсеткіштер теңеледі, себебі балалар беттестіру әдісін меңгеріп алады.
Сонымен, элементтердің квадрат немесе үшбұрыш түрінде орналасуы тұтас
кеңістіктік тұйық бүтін ретінде жиынды симультандық жолмен қабылдауға
жағдай жасайды, алайда бұл орналасудың аса күрделі формасы, жеке
элементтерді бөліп көрсетуге қиындық келтіреді. Есептеу операциясын оқыту
үшін ең маңыздысы жиынның барлық элементтерін айқын көрсету болып табылады.
Осыдан мынадай педагогикалық қорытынды шығады: есептеу операциясын
оқытудың алғашқы сатыларында жиын элементтерінің аралығында өзара –
бірмәнді сәйкестік орнату жолымен қандай да бір нәрселердің жиынтығын бір
түзудің бойына орналастырған дұрыс.
Сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдаудағы элементтер
түсінің рөлі. Бала өз дамуының ерте кезеңінде элементтердің түсі қандай
екенін байқамайды: ол кез келген түстегі түймелерді алады да оларды ортадан
екі жаққа қарай қоя бастайды. Ал жиынды қашан оның шекарасынан бастап
қабылдайтын болғанда, элементтер құрамының біркелкі болуын талап ете
бастайды. Бұл сондай – ақ, оның қабылдау сипатында болып жатқан
өзгерістерді дәлелдейді. Бала байқамай басқа түсті түймені қолына ұстап
қалған жағдайда, ол бүтін ретінде жиынға қарап, өз қатесін түзетеді. Ол
өзінің қалауымен, жиынындағының бәрі бірдей түсте болуы үшін, кейбір
түймелерді ауыстырады. Жиынның біртектілігіне қойылатын бұл талап
элементтердің кез келген орналасуында байқалады, оның үстіне балалар жиын
элементтерінің түсін біртекті етуге талпынуы сызықты орналастырғанға
қарағанда, элементтерінің саны нашар дифференциалданса да, сандық фигура
түрінде орналастырғанда ертерек байқалады.
Бірыңғай сапалы элементтерден тұратын жиынды жасау бағыты жастың
өсуімен бірге өсіп отырады және ол орналасу формасына тәуелді болмай
қалады. Мысалы, бес жастағы және одан да ересек балалар үшін жиын әрқашан
шектелген және элементтері сапасы жағынан әрқашан бірдей болады. Сондықтан
жиын бір түзудің бойына орналасқан жағдайда, бірінші үш элемент қызыл түс,
келесі үш элемент көк түс болса, балалар мұны әр түрлі жиын ретінде
қабылдайды. Белгілі бір даму кезеңінде шектелген жиынның біртектілік
белгісі, яғни элементтер сапасының белгісі ең алдымен түс болып табылады.
Алайда жиын элементтерінің біртектілігі әр түрлі сапалық белгілерімен ғана
(түс, мөлшер, форма) емес, түрлік, тектік белгілерімен де білінуі мүмкін.

Бала нәрселермен ғана емес, дыбыстармен де, қозғалыстармен де және
т.б. білдіретін әр түрлі жиындармен қоршалған. Бұл жиындарды бала әр түрлі
анализаторлар: көру, есту, сезу, кинестика және т.б. арқылы қабылдайды.
Түйсіктердің рецепциясы арқылы бала жүректің, дем алудың және басқалардың
қозғалыс актілерін қабылдайды. Бастағы ми қыртысына берілген барлық осы
түйсіктер әр түрлі құбылыстардағы анықталмаған жиын туралы түсінікті
қалыптастыруға негіз болады. Мұны И. М. Сеченов те өз сөздерінде атап
көрсеткен болатын. Қайталанатын біртекті нәрселер мен құбылыстарды бала
бірыңғай қайталанатын сөзбен сүйемелдей бастайды: Міне... міне... міне...
және т.б.
Жиын мен оның элементтерін қабылдаудың түрлі кезеңінде анализаторлар
түрліше рөл атқарады.
Кинестетикалық анализатор санау әрекетінің өзінің де, сондай – ақ
жиындық пен жиын жөніндегі түсініктің де қалыптасуында басты рөл атқарады.
Қозғалыссыз санау мүмкін емес. Мысалы, біз аудиториядағы студенттерді
үнсіз, қолымызды қозғалтпай санаған сияқты боламыз, алайда біз жанарымызды
бір адамнан екіншісіне аудара отырып көзбен санаймыз.
Оның үстіне сан есім – сөздерді ойымызда айтамыз. Бұл сөздерді ешкім
естімейді, алайда арнайы аппараттардың көмегімен жүргізілген физиологиялық
зерттеулер біздің сөйлеу аппаратымыздың қозғалыста болатынын дәлелдеп
берді. Жиынды басқа анализаторлармен қабылдағанда да осындай жағдай
қайталанады. Біз дыбысты санағанда көбінесе санды ойымызда ғана айтып
қоймаймыз, басымызды да ақырындап изейміз немесе әрбір дыбысты бөлген
сияқты болып басқа да ырғақ түріндегі қозғалыстарды (қолмен, аяқпен)
жасаймыз, осының арқасында оны дәлірек қабылдаймыз.
Халықтық педагогика алғашқы сан есім – сөздердің қозғалыспен
байланысын байқады және санамақ деп аталатынды шығарды.
Мұның бәрі жиын элементтерін санауда және жиын жөніндегі түсініктерді
алғашқы қалыптастыруда қозғалыс анализаторын басты рөл атқарады деп
есептеуге негіз болады.
Дамудың түрлі кезеңдерінде басқа анализаторлар да түрліше рөл
атқарады.
Көру анализаторының рөлін қарастырып көрейік. Сәбилік шақта, бала
жиынның шекарасына назар аудара бастаған кезде, ең алдымен нақ солар есте
қалатын кезде көру анализаторларының рөлі едәуір күшейеді. Балалар жиынды
тұтас кеңісті – тұйық бүтін ретінде көріп қабылдайды. Кейінірек дұрыс
педагогикалық басшылықтың арқасында екі (көру және қозғалу) анализатордың
өзара әсері қарқындап дамиды. Беттестіру және тұтастыру әдістері
балалардан, жиынды оның шекараларында қабылдауды ғана емес, жиынның әрбір
элементін көзбен бақылай отырып, оны көзге елестетуді талап етеді; бұл
жоғарыда айтылғандай, балалардың қолдарының қозғалысын өзгертеді. Тұтасты
оның элементтерімен бірлікте көріп қабылдау барған сайын жетіле түседі.
Балалардың сан аттарын атауына қатысатын тілдік анализатор қандай рөл
атқарады?
Балалар ересектер айтқан сан есім – сөздерді қайталауға ерте бастан –
ақ бейім болады. Бұл неліктен және олардың атқаратын функциясы қандай?
Асан қала үйлеріндегі оттарды бағдарлап, тұрып, оларды көрсеткен
сияқты қолын қозғап, оған сөз қосады: бір, екі, үш, бес, жеті, яғни
қимылмен үлкендердің санағанына еліктейді.
Төрт – бес жастағы балалар әткеншекте тербеліп тұрып, өз қозғалысын
сан атымен қостап отырады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, он
төрт, ол тоқтағаннан кейін сол сөздерді қайталайды. Сан есім – сөздер
қозғалысты ырғаққа түсіреді.
Осыдан мынадай қорытынды шығады: тіпті ретімен айтылған сан есім –
сөздер санның мәнін түсіну емес, тек қана сөйлеу жүйесінің стереотипі болып
табылады. Сондықтан сан есім – сөздерді атауға ерте үйрету, рет – ретімен
болғанда да, санау әрекетінің дамуына және санның мәнін түсінуге
жәрдемдеспейді.
Балаларға санау әрекетін үйретуде және сан ұғымының қалыптасуында есту
анализаторының рөлі қандай?
Жоғарыда біркелкі қозғалыстың үнемі қайталануы уақыт шнгіндегі жиын
туралы түсінік туғызатыны көрсетіледі. Есту арқылы, яғни уақыт
бірізділігімен қабылданатын дыбыстарды қабылдау кезінде де осындай болады.
Дыбыс пен қозғалысты бірінің соңынан бірін қабылдау уақыт шегінде (басы
және соңы) санада бір бүтін болып синтезделетін жиын элементтерін өте дәл
дифференциялауға жәрдемдеседі.
Тәрбиеші санауды және сан есім – сөздерді білмейтін кішкене балаларға
педагог қанша рет тықылдатса, сонша рет тықылдатуды ұсынады. Бала дыбысты
естиді және оның қолының қозғалысын көреді. Ол бұларды қалай қабылдайды
және қалай көз алдына келтіреді?
Балалардың өмірінің екінші жылында өзі естіп қабылдаған санды әлі көз
алдына келтіре алмайды: оларға берілген екі – үш дыбыстың орнына бала көп
рет тықылдатады. Кейінірек, жаттығу дәрежесіне қарай, олар дыбыстың санына
құлақ қоя бастайды, тәрбиешінің жасаған қозғалысына қарап алады да және үш
– бес дыбысты дұрыс тақылдата бастайды. Демек, осы жағдайда жиынды есту
арқылы қабылдау анық емес жиындықтан жиынға қарай дамиды, бұл онша көп емес
3 – тен 5 – ке дейінгі дыбыстар қабылданатын болғанда олар уақыт шегінде
синтезделе бастайды, балалар оны құрылымдық – тұйық бүтін ретінде
қабылдайды. Зерттеу көрсеткендей, осылай қайта құру бала өмірінің жиынды
көру арқылы қабылдау кезеңінде болады.
Анализаторлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz