Баланың психикалық танымдық процесін дамытуға арналған ойындар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Баланың психикалық танымдық процесін дамытуға арналған ойындар
Пәні: Психология
Мамандығы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті
3бКДО топ студенті
Дюсекенова А.
Тапсырылған күні:______________
Тексерген оқытушы: Сарсенгалиева А.Б.
Бағасы: _______ қолы: ___________

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе
1. Мектепке дейінгі балалардың таным процесін ойын әрекеті арқылы дамыту
2. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
3. Мектепке дейінгі балалардың таным үрдісін дамытуға арналған ойындар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің
түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен
өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын
проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- Ойын – сауық;
- Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- Әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның
нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін
жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы,
бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр баланың жеке
әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар балаларды жан-жақты дамытып,
білімді толық игеруіне көмектеседі.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін
қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі.
Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен
бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді. Осы
мәселені шешу мақсатында, мен зерттеу жұмысымның тақырыбын Мектепке
дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдары деп
алдым.
1. Мектепке дейінгі балалардың таным процесін
ойын әрекеті арқылы дамыту
Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп,
жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы
дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге,
шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет,
шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс
дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар
ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең
қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде баланың өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр баланығ алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды
жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін
тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Балалар әрекет үстінде өзін-өзі еркін
ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық
сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту
болса, әдіскердің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып балалардың
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра
түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие
жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген
ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың
әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық
ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі
күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен
мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі
қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш
ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз,
ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен
атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта
аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ,
ел іргесі сөгілмек емес.
Балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша
жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда
жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту
барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы
балалардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы балаларға шешендік сөздерді үйретіп,
олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
2. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни
ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ.
Ойын- дегеніміз не?Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке,
сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар
берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын
тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды
қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде
елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті-
рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің
сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып
табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы
әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының
әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда
негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы
үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-
рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар болып бөлінеді.
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни
тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту.

3. Мектепке дейінгі балалардың таным үрдісін дамытуға арналған ойындар
Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар
аты. Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын.
Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын- баланың өмір тынымының алғашқы
қадамы.
Ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы
ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты
дамиды. Ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу
мәдениетін дамытады.
Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Қандай ойын түрі
болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, сюжетті ме, әлде драмалық болсын
баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
жетілдіреді.
Баланы нәресте шағынан бастап адалдыққы, мейірімділікке, еңбек етіге
тәрбиелеудің негізгі құралы- ойын. Ойын- тәрбиенің бастауы. Ойын тәрбие
берудегі ең тиімді тәсілдің бірі. Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында
баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.

Дидактикалық ойын.
Ойын ретінде оқытуда әр түрлі сипаттағы дидактикалық ойындар, т.б.
олардың білуін қалыптастыруда
Қандай пішін жетіспейді?, Бірдей өрнекті тап, Өзің құрастыр,
Кілем дүкені, Өз үйіңді тап, Апта күндері, Ұлттық киімді ажырат,
Құстар, т.б. ойындар ұйымдастырылса, мұндай ойындар балалардың ойлау
қабілетін жетілдіреді және геометриялық пішіндермен оның түр-түсімен
танысады. Бұл ойындарды оқыту процесінде қолдануға болады. Мысалы: Дайын:
Орнын тап. Бұл дидактикалық ойында әр топ заттардың кеңістікте өз орнын
тауып орналастыру жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын
ажырата білуге үйрену.
Дидактикалық ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар: есте
сақтау ойындар. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты Сиқырлы щеңбер, Не
артық, Егіздер және Төртбұрышты жина ойындарын, сонымен қатар саусақ
ойындарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Интелект дамуында бұзылысы бар балалардың танымдық дамуының ерекшелігі - жоғары психикалық функциялардың қалыптасуының тым баяулауы
Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар
ЕРЕСЕК ТОПТАРҒА АРНАЛҒАН ДАМЫТУ ОЙЫНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Оқу іс-әрекеті дамытуды эскпериментаиды зерттеу
ОЙЫННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Ойын технологиясы туралы
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Пәндер