Беғазы Дәндібай мәдениеті туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

реферат
Тақырыбы:

Беғазы Дәндібай мәдениеті

Орындаған: Жалғасбаева Б.
Тексерген: Тлекқабылұлы Ж.

Орал, 2013

Жоспар

1. Беғазы-дәндібай мәдениеті
2. Беғазы Дәндібай мәдениетін зерттеген зерттеушілер
3. Беғазы Дәндібай мәдениетін зерттеудегі Әлкей Марғұланның еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Беғазы-дәндібай мәдениеті
Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б.
IX - VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті.
Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай
мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы -
Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында
Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі
Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай,
Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл
кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа
жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік
шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды
билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім
кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар
шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою
ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу
өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері
күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы,
Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді.
Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы
(пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге
жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен
батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған
шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер
жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен
өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі
кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген.
Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ,
Қарқаралы, Aқкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр
түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-
екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп
болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған
төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3
— 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым
көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан.
Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты
негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар
басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен
қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда
болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-
Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті
тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған,
қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі
мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен
тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі
(Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста
дамыды.

2. Беғазы Дәндібай мәдениетін зерттеген зерттеушілер
АРХЕОЛОГИЯ – тарих ғылымының төресі деген сөзді өмірлік қағида етіп
ұстанған академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның отандық археология ғылымын
дамытуға қосқан еңбегіне ешкім күмән келтірмесі анық. Әйгілі Арқаның
Бетпақдаласынан бастап, қасиетті Баян жеріне дейінгі аралықты түгелдей
шарлап, тамыры тас дәуірінен бастау алатын көнелердің орнын анықтап,
ежелден бері Қазақстан аумағы иесіз жатқан жер емес екенін шама-шарқы
келгенше дәлелдеген Әлекеңнің ашқан жаңалықтарының бірі – Беғазы қорымы
екенін адамдардың бірі білсе, екіншісінің есінен қалыс қалуда. Соғыстан
кейінгі жылдары Қазақ­станда белсенді түрде атқарылған ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде күллі Еуразия аумағының көне тарих беттері жаңа
жаңалықтармен толықтырылып, Әлемге қола дәуірінде Орталық Қазақстан жерінде
өркендеп, көршілес аумақтарға ықпал етіп, кеңінен тараған атақты Беғазы-
дәндібай мәдениеті жарыққа шығарылды. Беғазы феноменін бүгінгі күні Еуропа
ғалымдары түгелдей мойындауда. Сарыарқаның төлтума археологиялық
мәдениетінің ашылуына және аталуына себепші болған көрнекті ескерткіштердің
бірі Дәндібай қорымын осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын ауыл­шаруашылық
жұмыстардың қарқынды түрде атқарылуына байланысты, болашақтағы су
қоймасының орнын зерттеуге бағытталған П.С. Рыков жетекшілік еткен Нұра
экспедициясы зерттеді. Зерттеу жұмыстарына П.С.Рыковтан басқа, М.П.Грязнов,
М.И.Артамонова, И.В.Синицына, Н.К.Арзютова, М.Н.Комарова мен А.Н.Рогачева
сынды ғалымдар қатысқан болатын. Экспедиция жұмыстары барысында алынған
заттық мәдениет бұйымдары Қазақстан жерінен табылған көптеген басқа да
құнды жәдігерлер сынды әлі де Эрмитаж қорында сақталуда. Қазіргі таңда бұл
эпонимді ескерткіш Қарағанды қаласының маңындағы Топар су қоймасының
астында қалған болатын. Ал Археологияның атасы атанған Әлкей Марғұлан
бастаған, Есік обасындағы Алтын сарбаздың авторы Кемал Ақышев, орыстың
белгілі ғалымы Л.Р. Кызласов қатысуға мүмкіндік алып, қазба жұмыстарын
жүргізген Беғазы зиратының қазіргі жағдайын кім біледі? Археолог-ғалымдар
арасында азды-көпті бұл ескерткіш жайында аракідік сөз болып отырғаны
болмаса көпшілік көңілінде тіпті де еске алынбайды. Бұл жердің Әлекеңнің
қазба жұмыстарынан кейінгі жағдайы жайында қандай ақпараттар бар? Кімдер,
қандай ғалымдар отандық археология ғылымындағы өзекті тақырыпты күн
тәртібіне қоюда? Беғазы­ның болашақтағы даму бағыттары қан­дай? Жоғарыда
аталған және басқа да мәселелер бойынша көпшілік оқырман қауым­ды хабардар
етуді өзіме міндет санадым.
Ең алдымен, сөз басында Беғазыда орналасқан ескерткіштердің көлемінің
қомақты болуы себепті бұл нысандар ежелден бері адамдардың назарында
болғандығы анық. Ал бұл өлкедегі қорым туралы алғашқы деректер ХХ ғасырдың
басынан кездесетінін айта кеткен жөн. Кезінде Семей облыстық статистика
комитетінің ұйымдастыруымен 1900 жылы жүргізілген археологиялық
ескерткіштер туралы ақпараттар жинау шарасының аясында Н.Коншиннің 1903
жылы жариялаған О памятниках старины Семипалатинской области еңбегінде
Қарқаралы уезі бойынша төмендегідей мәліметтер келтіріледі: В Токраунской
волости на ур. Бегазы есть 10 курганов круглой формы с насыпью из мелкого
камня. Около 3 из них по четырем углам поставлено по камню высотой до 2 ½
арш., 3 обложены у основания крупными камнями в ½ арш. высотой, у остальных
же 4 на верхушках поставлено по камню высотой в 3 арш. ... Сипаттамаға назар
аударар болсақ, Н. Коншиннің сөз етіп отырған нысандары қазіргі таңда
ғылымда кеңінен танымал Беғазы қорымындағы әйгілі тас кесенелері туралы
екенін болжамдап айтуымызға болады.

3. Беғазы Дәндібай мәдениетін зерттеудегі
Әлкей Марғұланның еңбегі
1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың тікелей атсалысуының арқасында ашыл­ған
ҚазССР Ғылым академиясында Тарих, архео­логия және этнология институтының
қарамағында Әлкей Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан археологиялық
экспедициясы жұмыс атқара бастайды. Алғашқы уақыттағы басым бағыттардың
бірі ретінде Орталық Қазақстан бойынша археологиялық тұрғыда тарихи-мәдени
ескерткіштерді іздеу мақсатында толыққанды барлау жұмыстарын жүргізу таңдап
алынып, сол жылдың далалық маусымында Әлкей Марғұлан көпте­ген басқа да
ескерткіштермен қатар Беғазы қорымы бойынша алғашқы деректерді жинай
бастайды. Бұл археологиялық кешеннің маңыздылығын Әлкей Марғұланның сөзімен
келтірер болсақ: ... этот комплекс памятников относится к редким
археологическим находкам Казахской Республики,– деген болатын. 1947-1952
жылдары аралығында арасына үзілістер салынып зерттелген қорымнан орта қола
дәуірі бойынша мәліметтер қоры толықтырылып, соңғы қола дәуірі бойынша тың
деректер жинақталды. Сол жылдары далалық зерттеу жұмыстарының ауқымды
жүргізілуінің арқасында отандық археолог ғалымдардың жергілікті мәліметтер
негізінде іргелі еңбектерінің жазылуына себеп болды.
ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақыт аралығында қола дәуірі бойынша
шоғырланған деректерді алғашқы болып Кемал Ақышев өзінің кандидаттық
диссертациясында талқылаған болатын. Дәндібай мен Беғазы тас кесенелерінің
ерекшелігіне назар аударған ғалым алынған материалдардың бірегейлігіне
байланысты қола дәуірінің кезеңдемесінде арнайы Беғазы сатысын бөліп
шығарған еді.
Әлкей Марғұланның еңбегінің арқасында Орталық Қазақстан бойынша
деректік қор жыл өткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Қола дәуірінің тарихнамасы
Беғазы-Дәндібай мәдениеті мұраларының қазбалары еуропаға жетелейді
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс,ежелгі Тас дәуірі, Мезолит, Неолит және Қола дәуірі
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қола дәуіріне тән ескерткіштер
Қазақстан территориясындағы Қола ғасырының Андронов және Биғазы Дәндібай мәдениеттері
Беғазы-Дәндібай кезеңі
Пәндер