Бес жастағы балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмысының мазмұны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Бес жастағы балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыру жұмысының мазмұны
Пәні: Қарапайым математика
Мамандығы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті
3ж КДО топ студенті
Кусаналиева У.К.
Тапсырылған күні:______________
Тексерген оқытушы: Маденова Т.У.
Бағасы: _______ қолы: ___________

Орал, 2016

Жоспары
Кіріспе
1. Математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын дидактикалық
ойындар
2. Математикалық түсініктерді қалыптастыру тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды
өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс
қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық
талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар
дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны балабақша
тәрбиеленушілерінің білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына
мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға,
оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас
қасиеттерге ие: балалар үшін оның оңайлығы мен игерімділігі,
демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы
ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық
құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала
бола ма? - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың
өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері
ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді.
Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік
арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде балабақша
тәрбиеленушілеріне тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін
тапқан.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене
түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн,
жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір
әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс
жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы
көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан
өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында
баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа
алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да
алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы
құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын
өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.
1. 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Балалар ересектерге көп сұрақтар қояды. 5 жасар баланың сұрақтары
ересектермен кәдімгідей байсалды әңгімелесуге бағытталады. Олар қойған
сұрақтардың жауабы көп жағдайда айқын болады. Дегенмен де, сұрақтары жаңа
ақпарат алуға, бірдеңені білуге деген танымдық қызығушылықтан туындауы жиі
кездеседі. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен
құбылыстар арасындағы байланыстарды түсінгендігін ересектерге көрсетуге
бағытталады.
Ересектермен сенімді қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілік туындап,
олардың сезімдік жай-күйін сезу қабілеттері дамиды. Ересектермен қарым-
қатынас жасаудың жаңа түрі - әуелі, танып-білуге негізделген іс-
әрекеттермен (мысалы, ойындарды, заттар мен ойыншықтарға тәжірибе жасауды,
табиғи материалдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б.) қатар танымдық
тақырыптағы әңгімелесу - пайда болып, дамиды.
Балалардың ересектермен қатынас жасау барысына қанағаттанбауы
ересектер мен балалар арасында салқындық тудыруы мүмкін. Мұндай қарым-
қатынас әрқилы түрде көрініс береді. Кейбір балалар тұйықталып, өз-өзімен
болып кетсе, екіншілері мазасызданып, кез-келген нәрсеге жылай салатын
болады, ал енді біреуі қыңырланып, теріс мінез көрсетеді.
4-5 жастағы балалар өз құрдастарының мазасыздықтары мен теріс мінез-
құлқына жақтырмай қарап, оған деген көзқарасы да өзгереді.
5 жасқа қарай баланың өз құрдастарымен араласуға деген қажеттілігі
күшейе түседі. Бірлесіп ойнау негізінде балалар қоғамы пайда болады.
Сонымен қатар бала құрдастары арасындағы өзінің орнын сезіне бастайды.
Сыпайы сәлемдесу және қоштасу, досын есімімен атау, адамның қызметі мен
рөлі бойынша қатынас жасау сияқты (Жүргізуші, дөңгелегіңіздің желі шығып
кетті. Дәрігер, ол ауырып тұр.) қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды.
Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой
қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Танымдық үдерістер: түйсік, ықылас, ес, ой, қиялын дамыту.
2. Ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру: салыстыру,
қорытындылау, талдау жасау, байланыстың себеп-салдарын анықтау.
3. 5 көлеміндегі санау дағдыларына үйрету.
4. Заттардың көлемімен, пішінімен, олардың кеңістікке қатынасымен
таныстыру.
5. Қарапайым уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мазмұны:
Сан мен санау
5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, заттарды санауға, санды
ретімен және қорытынды санын атауға, Барлығы неше? деген сұраққа жауап
беруге үйрету.
5 көлемінде реттік санау және реттік санды атап Қайсы?, Нешінші?
деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра
отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету.
Заттың аз тобына қосу немесе көп заттың тобынан бір затты алу, Қанша
болды?, Қанша қалды? деген сұрақтарға жауап беру арқылы екі тәсілмен
теңсіздікті анықтай білуге үйрету.
5-ке дейінгі сандармен таныстыру.
Заттың саны оның көлеміне және орналасуына байланысты емес екені
туралы түсініктерін қалыптастыру.
Түрлі сезім мүшелері арқылы (көру, есту, сипап сезу) санауға үйрету.
Көлем
Екі заттың көлемін бір белгісі бойынша (ұзындығын, енін, қалыңдығын)
салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.
Көлемін екі белгісі бойынша (мысалы: ұзындығы мен енін, қалыңдығы мен
биіктігін және т.б.) салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.
Бірнеше заттарды (5-ке дейін) түрлі көлемде өсу және кему ретімен
қойып, заттарды орналастыру ретін сөзбен айтып (мысалы, биік, төмен, өте
төмен, ең төмен) салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Екі затты үшінші-шартты белгінің көмегімен салыстыру дағдыларын
қалыптастыру.
Геометриялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың жолдары
Пәндер