Биологиялық ластану және халық денсаулығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан медициналық колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Биологиялық ластану және халық денсаулығы

Орындаған: Амангелді О.Т.
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қоршаған ортаның биологиялық
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.Топырақтың биологиялық
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Биологиялық ластану және адам
денсаулығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..16

Кіріспе
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге
айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен
бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бенбалаларымыздың балалары
кінаратсызжағдайда толыққанды өмір сүретін болады, - дейді
Н.Ә Назарбаев жолдауында.
Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-
химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортағазалал келтіруі.
Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп,
қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен
орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне
қарай:
- физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы)
- химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары)
- биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты)
- механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы,
қоқыс) болып бөлінеді.
Ластану көздеріне қарай:
- өндірістік
- көліктік
- ауыл шаруашылық
- тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді.
Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфералық ауа, су,
топырақ. Ауаны негізінен: жылу электрстансалары, түсті және қара
металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты,
көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін
кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар,
пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды.
Ірі қалаларда негізгі ластану көзі — автокөліктер, себебі олар
шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар (көміртек және
азоттың тотықтары,көмірсутектер, қорғасынның токсиндік байланыстары,
канцерогенді заттар, т.б.) кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға
сағатына шамамен 6 — 10 м2 улыгаз бөліп шығарады. Қоршаған ортаның ластану
дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті көрсеткіштер
арқылы бақыланады.
Биологиялық ластану- ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар,
қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтретін жәндіктер.
Биологиялық ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері
қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды
бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы
күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру
тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте
қауіпті.Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын
фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады. Кейбір фитонцид
түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді
өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және саңырауқұлақты флораға
қатты әсер етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф
қоздырғыштарын өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер
стрептококты, май қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын, қарағайдың
қылқандары - өкпе - құрт ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы
күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп
қана қоймай, шыбындарды және басқа да жәндіктерді жолатпайды.
1. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру
туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі. Биологиялық ластануға:
ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т.б. жатады. Олар
ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі. Жер
бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-ға жуығы паразиттік тіршілік
етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып
саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік
етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша
паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады.
Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер
үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін
тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар,
қышыма қоздырғыштары жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт - адам
организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы.
Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық
өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-
өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе
алады.
Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы
аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады.
Біріншіден, сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру
қоздырғыш микробтар шашырап ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының
сілемейлі қабығына таралады. Мұндай жолмен тарайтын ауруларды ауа арқылы
таралатындар деп атайды. Оларға: тұмау, қызылша,шешек т.б.
Екіншіден, микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек қарын жолдарына
түсуі . Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы
шығады. Бұл жолмен ішек-қарын жұқпалы аурулары тарайды. Оларға тырысқақ, іш
өту, полиомиелит, т.б. Негізінен, жұқпалы аурулар адамдардың гигиенаны,
тазалықты сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған жеміс-жидектерді
жеуден болады. Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер, әр-түрлі жәндіктер
ауру микробын таратады. Олардан сақтанудың жолы - тазалық.
Үшіншіден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала,
бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек,
бөртпе, сүзек т.б.
Төртіншіден, жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да таралады. Бұған
жыныстық жолмен жұғатын мерез, соз, СПИД аурулары жатады.
Биологиялық ластауыштарды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып
саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың
қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Мысалы, жауын құрттары,
балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, т.б.
Көптеген ауру таратқыш микробтар жер асты суларына өтіп, жұқпалы
аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан құдық пен бұлақ суларын
пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы
микроорганизмдермен ластанады. Су көздері тырысқақ секілді аурулардың
таралуына себепші болады.
СПИД вирусы тек адам организімінде ғана ауру тудырады. Жануарлардың
организмінде тіршілік ете алмайды. СПИД ауруын тек қана адам ғана тарататын
болғандықтан, бірнеше рет пайдаланылған шприц инесі арқылы қан құйғанда
немесе нашақорлардың бір инені бірнешеуі пайдалануынан да жұғуы мүмкін.
Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық
шараларын жасауы керек . Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез
ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, безгек аурулары шыққан
аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары
ұйымдастырылады.

2.Топырақтың биологиялық ластануы
Топырақтың биологиялық ластануы – ауру тудыратын же де басқа жағымсыз
жағдайға итеретін микроорганизмдердің топырақта болуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіп орындардың
шығарындылары, көлік, А.ш. қолданылатын шөп жойғыштармен минералды
тыңайтқыштар қалдықтар
Топырақтың (химиялық, мұнай өнімдерімен, радиоактивті және өндірістік-
коммуникалдық ақаба сулармен ) ластануы егістіктерде, мұнай-газ
кәсіпорындары алаңдарында, әскери полигондарда елді мекендерде байқалған.
Егістіктерде минералдық тыңайтқыштар, гербицидтерді өлшемсіз қолдану
нәтижесінде топырақта өте улы: мышьяк, кадмий , сынап, селен, қорғасын,
мырыш, фтор; улылығы орташа:кобальт, бор, никель, мыс, молибден, хром;
Қауіптілігі шамалы: стронций, барий, марганец, вольфрам жинақталады.
Химиялық элементтердің ыдырауы, усыздануы топырақтың қышқылдылығына,
механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына, механикалық құрамына,
температурасына, ылғалдылығына және микробиологиялық процестерге байланысты
болады. Мұнай, газ өндіруші және тасымалдаушы аудандарда топырақ олардың
қалдықтарымен және қолданылатын химиялық заттармен ластанады. Сонымен,
барлық табиғат зоналарында топырақтың экологиялық мәселелері бар. Сондықтан
топырақты қорғау және сақтау, жердің тақырлануын болдырмау және ұтымды
пайдалану ұлттық саясатқа айналып, тұрақты дамудың негізгі болуы тиіс.
Топырақты қорғау жүйесін жетілдіруі қажет, оның ішінде эрозияға тұздануға
жол бермеу, қарашірік балансын сақтау, органикалық және минералдық
тыңайтқыштар беру, мелоризация, ауыспалы егістік , топырақты өңдеу мен
биологиялық қорғауды жетілдіру, егістіктер мен жайылымдарды дұрыс
пайдалану.
3. Биологиялық ластану және адам денсаулығы
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз
байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән.
Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді.
Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен
бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне,
дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор.
Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне
қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір
сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды.
Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте
бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор.
Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза
болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс
әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта
жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді.
Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің
тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі
ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде
биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен
қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың
көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен
басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір
типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни үшінші табиғатқа айналуына
байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері
артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса
да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына
әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы
адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-
кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы
мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-
теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық
қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар
мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда
(Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Радиациялық ластанудың көздері
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Радияциядан қорғау
Радиоактивті заттармен ластану. Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану
Экология және халық денсаулығы
Экология және адам денсаулығы
Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері
Радиация туралы
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Пәндер