Мәдениеттану. Будда діні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ж. Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледж

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Мәдениеттану. Будда діні

Тексерген:
Орындаған:

Орал - 2013 жыл
Жоспары:

Кіріспе

1. Үнді-будда мәдениеті
2. "Будда ескерткіші"
3. "Будда паркі"
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді
мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді – будда мәдениеті. Үнді елінің
ғасырлар бойы мәдени дәсүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің
қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б. з. б. 2000 жылы шыға
бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті
халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы
дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің,
табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.
Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді Халықтың
қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қоқынышының
поэтикалық куәгері деп өте жоғары бағалаған болатын. Жаратушы әні
гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: Ең алғашқы кезеңде
дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының
тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан
кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер
бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып
пайда болды.
Шамамен, б. з. б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің
діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені,
упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды
ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өмір мен
мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді.
Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс
тапқан. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилық, бұл дүниеде одан
тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы
Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып – жеке тұлғаны
мойындау.
1. Үнді-будда мәдениеті

Үнді-будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз
байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: Үнді
мәдениеті – жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың
философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия
ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады.
Сондықтан да болар, ведалар – діннің ғана негізі емес, сонымен қатар
философияның да негізі болып саналады
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына
қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге
дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті
мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда
мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты
халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға
бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті
халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы
дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің,
табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.
Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді Халықтың
қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының
поэтикалық куәгері деп өте жоғары бағалаған болатын. Жаратушы әні
гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: Ең алғашқы кезеңде
дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының
тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан
кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер
бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып
пайда болды. Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-
арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады.
Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы,
адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы,
өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып
келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен
көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл
дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның
мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке
тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі
болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді-будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз
байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: Үнді
мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың
философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия
ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады.
Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар
философияның да негізі болып саналады
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына
қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге
дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі
әдістерін қарастырады. Мысалы, миманса — діни салт-жораларды түсіндірумен
айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның
құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз карманың
құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Карма бүкіл үнді мәдениетінде
айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір
адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы,
осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара
адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына
әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен мимансаны атеистік ілімге
де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды.
Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды
мойындаудың мәні жойылады.
Веданта брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де
оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. XIX ғасырда Веданта
мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті
мемлекет қайраткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің
жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды
ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан
жаңғырады.
Санкхья материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл
ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір
сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжарлығы
басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен
рухты, яғни соқыр мен ақсақтың бастарын біріктірсе олардың бойындағы
кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бүл дүниеде жаңа құбылыстар пайда
болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер
жазылған, ал одан арылу үшін руханилылық мате- риалдықтан бөлінуі шарт. Бүл
— өмірге келу мен өлімдер тізбегінің торынан шығып, нағыз бостандық пен
әділеттілікке жету жолы. Санкхья будда дінінің идеялық жағынан қалыптасуына
да үлкен ықпал жасады. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға
жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі
шектеу (аскетизм) және қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл күйде болу
және т.б. жатады, Үнді поэзиясының тамаша туындысы Махабхараттада санкхья
ілімі мен йог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап
көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез
келген ақыл-ой қызметін тоқ- тату әдістерін қолдануға ерекше назар
аударылады. Демек, иогтардың шынайы дарындылық қасиеттері мен құдіреттен
басым түсу қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып
келеді.
Ньяя логика зандарына сүйенеді, оны үғынып-білу — адамның жан
дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына
көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соң- ғы жүйесі — вайшешикаға
жақын болып келеді. Вайшешика адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін
көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма), жалпылық, ерекшелік
мәнділік). Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан түрады жөне ол
мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан түрғанымен, оның
басты қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып
саналады.
Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі
және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі
тағдыры оның бүл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне
байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда: адам
өлтірушілер — жыртқыш аңдарға, ет үрлаушылар — қаршыға- ға, астық
үрлаушылар — сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер — ит пен есекке, ал
маскүнемдікке салынған немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Будда діні құдіреті
Буддизм және джайнизм
Буддизм ұлттық дін
Қазақстандағы будда діні
Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті
Шығыс діндері
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Үнді – будда мәдениеті туралы сипаттама
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Пәндер