Валюта бағамы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
Валюта бағамы

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2015 ж.

ЖОСПАРЫ

Кіріспе
1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
2 Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
3 Валюта бағамын реттеу құралдары
4 Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық
шараларды талдау
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы
төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және
ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап
тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан
қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта
болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта
нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол
қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы
институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің
коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның
айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды.
Валюта туралы заңдар қарама – қайшы және толық емес. Еліміздің валюта
нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі
айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату
отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығындағы болып
жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде.
Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі
макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас
барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын
әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен
ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық
саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына
Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-
несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас
бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының
айғағы.
Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын
қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу
проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық
реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.
Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар
және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу
пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және
ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте
өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және
оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып
табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп
ажыратады.
Ұлттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен
анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.
Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген,
тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы
болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында
парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың
дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар - валюталық қатынастарды тұрақты
жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр
түрлі салаларында қызмет етеді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын
орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы ,
байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән,
олардың ішінде аса маңыздылары :
- халықаралық ақшалай тауар ;
- халықаралық өтемпаздық;
- валюта бағамы ;
- валюталық нарықтар ;
- халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;
- халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар - әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген
байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай
тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің
валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .
Валюта - бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша.
Оның негізгі екі түрі бар:
- халықаралық сауда валютасы ;
- халықаралық резервтік валюта .
Халықаралық сауда валютасы - халықаралық сауда операциялардың бағалауы
үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол
өзі сату - сатып алу объектісі бола алады.
Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы
халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті
жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.Сонымен
қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.
Шетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік
вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады
Осыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік валюта
дегеніміз бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда
операциялар мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға
сақталатын шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы
, жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .
Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:
1 Еркін - айырбасталатын валюта - елдердің әлемде өз валютасының
айналысына шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы
2 Жартылай айырбасталатын валюта - елдердің белгілі бір шеңбер
ауқымында халықаралық операциялар
З Айырбасталмайтын - бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі
шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай
да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.
Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік
шаруашылқтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік
шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің
формасы жаңаға ауысуы тиіс. 19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта
жүйесі эволюцияның үш сатысынан өткен.
Алғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын стандарт жүйесі болған. Алтын
стандарт жүйесі 1879 - 1934 жылдар аралығында әлемдік валюта жүйесінде
қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының
барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы
болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды :
- ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет ;
- алтың қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет ;
- алтынның экспорты мен импортына кедергілердің болмауы қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайты және алтын
салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ доллары = 25
грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жердегі алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын,
тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл
шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай шығындарды 3 цент деп
есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 доллар
төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы
басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл
бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағыла бастайды.
Ал бұл нүкте алтынның импортттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Мысалы, фунт
пен доллар тепе-теңдік жағдайында деп алайық. Белгілі бір себептердің
әсерінен фунтқа сұраныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам
алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын.
Алтын стандартын алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі
тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі
керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады
және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға
деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы
пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы
сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмысшылар санының, баға
деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі
керіснше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, долларға
деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың
салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды
және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады.
Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан бастапқы деңгейіне
түседі. Бүл жүйенің нашар жағы:
- жұмыссыздық деңгейінің өсуі;
- жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы.
1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хемпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған
халықаралық бас қосуда (саммитте) әсер етілетін байланған валюталык бағам
жүйесі туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттын тиімді
жақтарымен оның келіңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Бұл конференцияда
- Халықаралық валюта қоры құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер
ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.
Бүл жүйенің пайда болуына не әсер етті ? Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік
мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға ұшыратты. Себебі ел валютасы
басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады.
Мысалы, а және б елдері бар және а елі өз валютасының құның б
елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты
үлкейтті.Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен
жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде а және б елдері жалғыз емес
және олардың көбі өзін а елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан
бұл жүйенің ең басты мақсаты - дүние жүзіндегі валюта бағамының
тұрақтылығын сақтау болды.
Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір
жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше
жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз
алуға мәжбүр болады.
Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары
тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік сауданы
ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда
қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.
Бұл жүйе неге жойылып кетті ? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық
валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану
көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік
валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:
1 АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
2 Алтынның үлкен қоры құрап алды.
Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша
рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты
бағамен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ
ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігн жойды. Ол Американың
бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба
алмауынан 1971 жылы 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы
35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.
Бұл жүейні реттеулі ауытқулы валюта бағамы деп атаған дүрыс болады.
Қалыпты валюта бағамын кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы
ауытқуларды реттеп, елдің саясаттын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі
бағамды реттеді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы
үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге
дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады.
Осы жүйенің жақтаушылары мен қарсыластары да болған. Жақтаушылардың
келтіретін дәлелі :
- сауда көлемінің өсуі;
- келеңсіз жағдайлардың басқарылуы.
Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерін айтуда :
- ауыспалықпен бейімделу.Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер
бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отыруы ;
- жүйелі еместігі.
Үшінші халықаралық валюталық жүйенің құрылымы 1976 жылдын қантарында
Ямайканың Кингстон қаласында өткен жиналыста қабылданды. Осы валюта жүйенің
негізі еркін айналымдағы валюталық бағам және көп валюталық стандарт болды.

2 Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

Валюта - бұл тауар жэне эрбір тауардың бағасы болады .Влюта тауарының
бағасы - валюта бағамы . Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бійлігін
қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа;ылығы.
Валюта бағамының негізгі рөлі:
1 Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін
баскшварға айырбасталу кажеттілігімен ;
2 Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен
қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен ;
Фирмалардың,банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға
кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.
Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :
- валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;
- елдің төлеу қабілеттілігі;
- төлем балансының сальдосы ;
- инфляция.
Бұлардың ішіндегі маңыздылары:
- инфляция екпіні;
- пайыздық қойылымның өзгеруі ;
- елдің төлем балансы ;
- ұлттық табыс ;
- жағдаятты факторлар .
Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында
инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды
эсер етеді.Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта
бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта
бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.
Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның
өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды
өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі
кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер
өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі
тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға
деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.
Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі
пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын үстауь^өте
табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык
бағытқа әсер етеді.
Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне
кері пропорционлды эсер етеді. Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы.
Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті
төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі
шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс
немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін
туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің
экономикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық валюталар
Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлерін жүргізуге талдау жасау
Валюта атауы валюта бағам
Валюта саясаты
Қазақстан Республикасы валюта жүйесi
Валютаның сатып алу
Валюталық тәуекелдер: бағалау және басқару әдістері
Валюта – дербес экономикалық категория ретінде
Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар
Валюта бағамының өзгеруінің бухгалтерлік есебі
Пәндер