Ғылым мен тәжірибе фактілерін жинақтау және жазу әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасның Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология кафедрасы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ғылым мен тәжірибе фактілерін жинақтау және жазу әдістері

Орындаған: Мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелеу мамандығының 2 курс
студенті Куандыкова Н.У.
Тексерген: Қадыржанова Ж.Е.

Орал, 2014ж

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1. Ғылыми білімді зерттеу әдіснамасы
2. Ғылым мен тәжірибе фактілері жинақтау және жазу әдісі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория
педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады
және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория
– таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны
құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер
жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті
процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы
және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп
көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық
принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады.
Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын
қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық,
аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы
түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің
әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері
ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми
білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологкялық-
педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір
әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде
құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және онын ең
басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен
педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты
ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін
қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді.
Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар
желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу
керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні
тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер
туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып,
олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп
болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және
оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудьщ да пайдасы зор. Іске
осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға,
белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер
ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір
саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ғылыми білімді зерттеу әдіснамасы
Ғылым – білімді өндіруге байланысты туындайтын іс-әрекеттер
(ғалымдардың білімділігі мен қабілеттері, ғылыми біліктілігі мен
тәжірибесі; ғылыми еңбекті бөлу және кооперациялау, ғылыми мекемелер мен
оның құрал-жабдықтары); ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері; ғылыми
түсініктер мен категориялар; ғылыми ақпарат жүйесі және ғылыми өндірістің
негізі немесе құралы немесе нәтижесі ретінде көрінетін білімдер жиынтығы.
Ғылым төрт аспектіден тұрады:
-жеке-ғылыми (ғылым білімді алу көзі ретінде);
-әлеуметтік мәдени (ғылым әлеуметтік институт ретінде);
-пәндік (ғылым ғылыми пәндер үйлесімділігі ретінде);
-іс-әрекеттік (ғылым адамның іс-әрекеті ретінде).
Ғылымды мынандай белгілері ерекшелейді:
1) әлеуметтік, мұндай белгіде ғылымның дамуына қоғамның қажеттіліктері
негіз болады;
2) жүйелілік, яғни ғылым – өзара байланысқан нысан мен пән, өзіндік
категориялық аппарат, теория мен болжам, әдістер мен фактілер сияқты
элементтерден құралған жүйелі феномен;
3) серпінділік, ғылым эмпирикалық тексерілген және теориялық
негізделген дәлелді білімдермен үздіксіз толықтырылып отырады .
Сондықтан, кез келген ғылым – бұл тек білім ғана емес, сонымен қатар
білімді өндірудің үдерісі; пән ретінде әрекеттегі білім саласы болып
табылатын адамның практикалық іс-әрекетінің бір түрі. Педагогика ғылым
ретінде жоғарыда аталған аспектілер мен белгілерге сүйенеді және еш
күмәнсіз жеке ғылымдар жүйесіне жатқызылады. Әдіснамагрек тілінен
аударғанда әдіс туралы ғылым деген мағьшаны береді. Метод әдістермині
тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология
мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама –
зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы
әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретіңде дамуы мүмкін. Сонда бұл
нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің
бастамасын жөне негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші
болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар
әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар
аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып
көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде
табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным
әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола
алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен
ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсок ережелерінің қосындысы емес,
ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болыл табылады.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз козғалыспен даму
барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және
адам тәжірибесі туралы ғылымдарынын деректерімен толық сәйкестік барын
көреді. Диалектика дамудың ең жалпы зандылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік
және қарама қайшьшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске
шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп
салдар, кажеттілік жөне кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және
құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. аныкталады. Диалектикалық өдіс таным
процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда
болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара
байланысында материалдық шындықгың заңдылықтарын ашады.
Сонымен материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын
береді, бірақ ол нақгылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап
бермейді. Әдіснамалық анықтамаларды менгеру арқылы ғалымда да және
машықтандыруда да көзкарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан
кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік
іс -әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы ғылымның
әдіснамасымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады.
Одақгық педагогикада XX ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді
жауап іздестіру уақыты болды.
Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде
жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты- табиғат, коғам
және ойлау ғылымдарына қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан
дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да
ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс -әрекеттеріне
байланысты ғылымдарға орын жоқ. Сондықтан XX ғасырдың екінші жартысының
өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады.
Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс – әрекеттері
ғылыми білімдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине,
нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның әдіснамасын,
теориясын, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық
ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде
қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды теориялаңдырудан тұрады. Міне
осыдан ғылыми жұмыстардың ең көп тараған фундаментальдық терең, қолданбалы
және талдамалық бөлінуінен келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман)
ғылымдардың бөлінуін басқаша береді: фундаменталдық, теориялық, теориялық –
қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді теорияландырудың ролін баса
көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс-тәжірибеге шығуды
қарастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің
негізі болуы мүмкін.
Іргелі терең зерттеулер, кұбылыстар мен процестерді сипаттау мен
түсіндіруде, олардың әрекеттерінің тетіктерін, зандар мен зандылықтарын,
олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын теориялық
зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың
мәнін зерттеумен, олардын өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен
байланысты, оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін
айқындайды. Теориялық қолданбалы зерттеулер практикалық іс – әрекеттердің
табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды.
Талдамалар машықтандыру (халыкқа білім беруді ұйымдастырушыларға,
мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына керекті әдістемелік оқу құралдарың
нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және т.б. беруге бағытталған.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және
тәжірибелік аспектшер өзара тыгыз байланысты. Сондықган педагогикада
теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы
тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың әдіснамасы деген сұрақгы
қарастырғаңда күмән жоқ,бұл сұракқа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру
мүмкін емес — ал, бүл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық
деңгейін күшейту деген сөз.
Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы
ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану
ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл
айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасның шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді
немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснамасның пәні болып
педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін
(Ф.Ф. Королев) зерттеу процесі екендігі анықтылған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама қызметін атқаратын
әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқыңдалуда. Әдіснамалык
білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары,
педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа
ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі;
педагогикалық пәңдердің жалпы және ерекшелік міңдеттері, педагогиканың
анықтамалы – терминдік жүйесі жатады.
Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау білетін туралы білім
береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін
мәселелер анықталады, білетін туралы білім, яғни педагогикалық
құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері,
болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық
нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және
конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара
байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық
принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, ұғымдар қатарын және
т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И.
Журавлев).
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің
мәнін, зандылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын;
педагогикалық процесте тұлғаны қальштастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны
қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің
принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.
Әрине, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Библиографиялық тізім
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері
Зерттеу мәселелерінің жағдайын талдау
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Бастапқы құжаттарды классификациялау
Дидактика туралы түсінік
Блум таксономиясын физикада қолданысы
Бухгалтерлік есептің даму тарихына шолу
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
Пәндер