Object pascal тіліндегі объетілі-бағытталған бағдарламалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Delphi-дің негізгі ұғымдары

Бағдарлама сыртқа құрылымы

Delphi интерфейсінің элементтері

Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс жасау

II. Object pascal тіліндегі объетілі-бағытталған бағдарламалау

2.1 Класс және объект туралы түсінік

2.2 Кластың синтаксисі

2.3 Кластың өрістері

2.4 Кластың әдістері

2.5 Кластың қасиеттері

2.6 Кластың құрылымы. Кластың элементтерінің көріну аймағы

2.7 Кластарға операциялар қолдану. IS және AS кілттік сөздері

Қортынды

Әдебиеттер тізімі

I. DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ

1.1 Delphi-дің негізгі ұғымдар

Бұл бөлімде қазіргі кезде жиі қолданылатын белгілі бір программалау
тілдері, олардың құрлымы, қазіргі кездегі программалардың дамуының негізгі
тұжырымдамалары қарастырылады.

80-жылдардың ортасында программалауда жаңа бағыт орын алды, оны объектілі-
бағытталған программалау (ОБП) деп атады. Программалаудың бұл бағытында да
құрылымдық программалаудың принциптері маңыздылығын жойған жоқ. Оған
мәліметтер мен программалаудың құрылымдылығы, модульдығы т.б айтуға болады.
ОБП негізінде объект ұғымы жатыр, бұл ұғымда мәліметтер мен олармен мүмкін
амалдарды түсіну керек. Сөйтіп объектіде оның қасиеттері мен қимыл-тәртібі
топтастырылған. Объектілердің құрылымы ұқсас, тек қана қасиеттердің мәнімен
ажыратылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, программалауда объектінің бір
құрылымына негізделген жаңа типтер жасалады, оны класс деп атайды. Ал осы
кластың құрылымына дәл объектіні кластың экземпляры деп атайды.

Объектілік, оқиғалық және құрылымдық программалаулардың технологиялары
қазіргі заманда RAD-жүйелеріне біріктірілген, ондай жүйелердің құрамында
көрнекі құрауыштар ретінде көптеген дайын кластар бар, олар программаға
тышқанның бір түртуімен қосылады. Программист тек қана қолданба терезесінің
сыртқы түрін және негізгі оқиғалардың өңделуін анықтауы қажет (яғни,
түймешелерді, меню пункттерін, тышқан түймешесін басқанда қандай
операторлар орындалатынын). Барлық қажетті алғашқы кодтарды программалау
орталары өздері генерациялайды. Осындай орталарға Visual Basic, Visual C++,
Delphi жатады.
Осы кемшіліктер ескеріле отырып, Borland фирмасы Delphi программасын жасап
шығарды. Delphi – объектілі-бағытталған программалаудың тамаша жүйесі.
Delphi – қазіргі кездегі жеке қолданбалы Windows программаларын құруға
мүмкіндік беретін, сонымен қатар интернетте және корпоративтік жүйелерде
жұмыс жасауға арналған жүйелердің бірі.
Delphi – өте тез дамитын жүйе. Оның бірінші нұсқасы Delphi 1.0 1995 жылдың
ақпан айында шыққан. Сосын жыл сайын жаңа нұсқалары шығып отырды. Сонғы
нұскау Delphi 7 бағдарламалау жүйесі.
Delphi – Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасауға бағытталған бағдарлама
құру ортасы. Delphi - дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау
технологиясының негізінде құрылады, ал олар өз кезегінде объектілі (3 – ші
бөлімді қараңыздар). Delphi – дегі бағдарлама Object Pascal тілінде
жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады.
Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық
құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде
бағдарламалауды оқып – үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған.
Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және
қолайлы құру ортасына байланысты.
Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын бағдарлама құру
әдістерінен, сондай-ақ құрауыштар кітапханасынан тұрады. Delphi
бағдарламасы – бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар. Кез – келген
бағдарлама жоба файлы (мұндай файл .dpr кеңейткішінен тұрады) және бір
немесе бірнеше модульден тұрады (.pas кеңейткіші бар файлдар). Жоба файлы
бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады, ол өте үлкен емес және
Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.
Класс: Берілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип. Ол өріс, әдіс
және қасиеттерден тұрады. Кластың данасы болып объект табылады.
Объект: Белгілі тапсырманы орындауға арналған, екілік бағдарламалық кодтың
автономды бөлігі болып саналады. Объектінің барлық құрауыштары объект болып
табылады, бірақ керісінше емес.
Құрауыш: Delphi – дің стандартты класы, Delphi ортасында көрнекілік
бағдарламаны іске асыруға арналған. Құрауыш болып меню, батырмалар,
стандартты диалогтар (мысалы, қаріпті таңдау, файлды сақтау), енгізу
терезесі және редактірлеу терезесі және т.б. табылады. Құрауыштар өріс,
әдіс және қасиеттерден тұрады. Қолданушының құрауыштармен жұмысы, оны
негізгі терезедегі Құрауыштар палитрасынан таңдап және пішіннің терезесіне
орналастырып, олардың қасиеттері мен мазмұнына қарай белгілі оқиғаға
ықпалын икемдеу болып табылады. Delphi құрауыштары қолданушымен жылдам
қарым – қатынас жасау үшін қолданылады.
Құрауыштар қасиеті: Белгілі объекті берілгенде немесе өзгергенде автоматты
түрде оның атрибутын өзгертетін құрауыштың өрісі. Құрауыштың функциясын
анықтайды.
Құрауыштың оқиғасы:Құрауыштың қолданушы немесе операциялық жүйемен
әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Әрбір құрауыш стандартты
оқиғалардың жиынынан тұрады.
Құрауыш хабарламаны өңдеу әдісінен тұрады, олардың әрқайсысы құрауыштың
белгілі оқиғаға ықпалын анықтайды.
Оқиғаны өңдеу деп: Өрбіген оқиғаға жауап ретінде белсенділік танытатын
қосымшаның код бөлімін айтамыз.
Құрауыш пішінге немесе басқа құрауышқа тиісті болуы мүмкін.
Пішін деп - Windows терезесінің қасиеттеріне ие және біркелкі функционалдық
тағайындалумен байланысқан, құрауыштарды орналастыруға негіз болатын
көрнекілік құрауышты айтамыз.
Қосымшаның пішіні қолданушылық интерфейстің негізі болып саналады.
Қосымшада бірнеше пішін болуы мүмкін.
Пішін туралы ақпарат екі типті файлда сақталады - .dfm және .pas, файлдың
бірінші типі пішіннің файлы бұл екілік пішіннің кескінін және қасиеттерін
сақтайды, екінші тип пішіннің модулі сіздің қосымшаңыздың функциясын іске
асыратын кодтардан тұрады және пішін мен оның құрауыштары үшін оқиғаларды
өңдеуді қарастырады. Екі файл да автоматты түрде Delphi – де синхрондалады.
Әрбір пішінге өзінің модулі сәйкес келеді.

1.2 Бағдарламаның сыртқы құрылымы.

Delphi - дің көмегімен құрылған бағдарламаның құрылымы дәстүрлі
бағдарламаның құрылымынан өзгешелеу болады, ол өз кезегінде мұндай
бағдарламаларды құрудың ерекшеліктерін шартты түрде көрсетеді. Мұндай
бағдарламаны екі бөлімнен тұрады деп көрсетуге болады: интерфейс –
бағдарламаның бөлімі, ол бағдарламаға ақпаратты енгізуге және оны шығаруға,
сонымен бірге тікелей тапсырманы шешуге арналған операторларды тағайындауға
арналған (есептеу, ақпараттың түрленуі және т.б.). Бағдарлама өз жұмысында
операциялық жүйе, әртүрлі сыртқы құрылғылар, деректер базасы, басқа
бағдарлама және т.б. әрекеттеседі. Сондықтан бағдарламаның соған қатысты
сыртқы құрауыштармен әрекеттесу құрылымын суретте 1.1 көрсетілгендей түрде
көруге болады.
Интерфейс бұл объектілердің жиынтығы, оның көмегімен ақпаратты белгілі
бағытқа жіберу асырылады, - пішін, қарым – қатынас терезелері, басқару
элементтері және т.б. Көптеген жағдайларда таңдап алынған интерфейс барлық
бағдарламаның құрылымын анықтайды.
Объектілер бағдарламада жеткілікті түрде автономды болғандықтан, олардың
арасында ақпаратты жіберу, сонымен бірге бағдарлама мен операциялық жүйе,
бағдарлама мен сыртқы құрылғылар т.б. арасында ақпаратты беру үшін
хабарлама жүйесі қолданылады.

Сурет 1 Бағдарламаның сыртқы құрылғылармен әрекеттесуі

Мұндай бағдарламаның жұмысы да өз сипатында. Әдетте ол іске қосылғаннан
кейін келесі хабарламаны күту режимінде тұрады. Хабарлама пайда болғанда
бағдарлама оған талдау жасайды, қандай әрекет жасау керек екенін
анықтайды, одан кейін сол әрекетті орындап, келесі хабарламаны күтеді.
Әртүрлі хабарлама пайда болғаннан кейін бағдарлама шарт бойынша әртүрлі
әрекет жасайды, барлық орындалатын операторлар бағыныңқы бағдарламалардың
жиынтығын береді, олар әртүрлі объектінің әдістері ретінде бекітіледі
(хабарламаны және оқиғаны өңдеу әдістерін қоса алады), немесе өздік
бағыныңқы бағдарлама. Нақтылы түрде әртүрлі операциялық жүйелер және оларды
баптау, олар белгілі командаларды күтеді, содан кейін оларды өңдеуге
кіріседі.
Объект (TApplication класының) болып бағдарламаның өзі саналады. Шынында
бұл объектіні программист өзі құрмайды, ол Delphi ортасында автоматты түрде
құрылады, бірақ бағдарлама құру кезінде оның әдістері мен қасиеттерін
қолдануға болады.
Құрауыштар пішінге орналастырылады және ақпаратты алу, түрлендіру және
бейнелеу үшін операцияларды орындауға қатысты объектілерді сипаттайды.
Олардың классификациясы қиындау, сондықтан жиі қолданылатын құрауыштар
тобын қарастырайық. Пішін құрауыштардың кез келген санынан тұра алады.
Құрауыштардың бәрі TComponent (Құрауыш) класына, объект жобасында
қолданылатын жалпы және көп санды топтарға қарайды. Нақты түрде бұнда тек
файлдармен жұмыс істеу, графикалық әдістер, әртүрлі тізімдер мен ағындар
және басқа объектілер қатары ғана кірмейді. Қосымша меншік TApplication
(Қосымша) класын қалыптастырады, ол тікелей TComponent класының ұрпағы
болып саналады.
Кластың басқа элементтері пішіннің өзін қоса алғанда айтарлықтай қиынырақ
құрылымды жасайды. Ең алдымен бұл элементтерді екі топқа бөлуге болады:
TControl (Басқару) класын қалыптастыратын басқару элементтері.
Басқару элементтері (TControl класының ұрпақтары болып келген құрауыштар) –
қолданушымен қарым – қатынасты жүзеге асыратын экранда бейнеленетін
құрауыштар (көрнекілік құрауыштар) Бағдарламада қолданушы шарт бойынша
оларды басқара алады (пернетақтаның көмегімен ақпаратты енгізу, оларға
тышқанның көмегімен әсер ету және т.б.). Олар экранда қосымша орындалғанда
бейнеленеді.
Экранда бейнеленбейтін элементтер (бейнеленбейтін немесе көрнекілік емес
құрауыштар). Олар жүйелік ресурстарға қатынауға жауап береді: драйвер,
деректер базасы, таймер, меню, әртүрлі қиын объектілер, стандартты диалог
терезелеріне ұқсас және т.б. Құру кезінде көрнекілік емес құрауыштар
пиктограмма түрінде бейнеленеді, ал қосымшаны орындағанда ереже бойынша
көрінбейді.
Басқару элементтерін өз кезегінде екі үлкен кластарға бөлуге болады және
олардың арасында принциптік айырмашылық бар:
Терезелік басқару элементтерінің класы TWinControl (Терезелік басқару
элементі).
Терезелік басқару элементі ( TForm, TButton, TEdit, TMemo, TPanel,
TGroupBox және т.б. кластардың құрауыштары) терезелік функциялардан (немесе
процедуралар) тұрады, олардың арқасында ол келіп түскен ақпаратқа ықпал
етеді және экранда активтенеді.
Графикалық басқару элементтерінің класы TGraphicControl Графикалық басқару
элементі ( TImage класының құрауышы – кескін, TPaintBox – сурет салуға
арналған панель, TShape – геометриялық фигура, TCustomLabel – белгінің
тегі) мұндай функцияны басқармайды, тек экранға ақпаратты ғана шығарады,
олар тышқан арқылы берілетін хабарламадан басқа белгілі қимылға ықпалын
тигізе алмайды. Жеке жағдайларда пішін терезелік басқару элементіне жатады.
Мысал 1. Бұл мысал ерікті түрде пішінге орналастырылған келесі
құрауыштардан тұрады: радиотоп, екі радиобатырма және батырма. Қосымшаны
іске қосқанда, пішіннің OnCreate оқиғасы туындағанда екі радиобатырма
RadioGroup1 құрауышына жоғарғы сол жақтың берілген координатасы бойынша
орналасады. Button1 батырмасына шерткенде екі радиобатырма пішінге
тасымалданады.
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
RadioGroup1.Caption := 'Радиогруппа';
RadioButton1.Parent := RadioGroup1;
RadioButton1.Caption := 'Первая радиокнопка';
RadioButton1.Top := 15;
RadioButton1.Left := 10;
RadioButton1.Checked := True;
RadioButton2.Parent := RadioGroup1;
RadioButton2.Caption := 'Вторая радиокнопка';
RadioButton2.Top := 35;
RadioButton2.Left := 10;
end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
begin
RadioButton1.Parent := Form1;
RadioButton2.Parent := Form1;
end;
property ControlCount: Integer – тек оқу үшін. Басқару элементінің кіші
құрауыштарының санын береді (тек терезелік құрауыштарда ғана болады).
property Controls[Index: Integer]: TControl – тек оқу үшін. Ағымды басқару
элементінің барлық кіші құрауыштарының тізімін береді (тек терезелік
құрауыштарда ғана болады).
Негізгі - Көмекші деген қарым – қатынасты бейнеленген және
бейнеленбеген құрауыштарға қолдануға болады.
Үлкен - Кіші қарым – қатынасы тек қана бейнеленген құрауыштарға ғана
қолданылады.
Мысал 2. Бір пішіннен тұратын жобаны қарастырамыз. Тікелей пішінге
төмендегілерді орналастырамыз:
Негізгі меню - MainMenu.
Таймер - Timer.
GroupBox – тақырыбы бар панель.
Button - батырмасы.
GroupBox тақырыбы бар панельге орналастырамыз:
Енгізу жолы - Edit.
Белгі - Label.

Құрауыш ComponentCComponents Owner ControlCControls Parent
ount ount
Form1 6 MainMenu1 Application2 GroupBox1 nil
Timer1 Button1
GroupBox1
Button1
Edit1
Label1
GroupBox1 0 Бос Form1 2 Label1 Form1
Edit1
Button1 0 Бос Form1 0 Бос Form1
Label1 0 Бос Form1 - - GroupBox1
Edit1 0 Бос Form1 0 Бос GroupBox1
MainMenu1 0 Бос Form1 - - -
Timer1 0 Бос Form1 - - -

Бағдарлама құрарда шешілетін тапсырмалар

Негізгі болып келесілер табылады:
Жобаның түрін анықтау
бір құжатты интерфейс;
көп құжатты интерфейс;
DLL-кітапханасы.
Пішінді таңдау
Құрауыштарды орналастыру
Менюді құру
Хабарламаны өңдеу
хабарламаны өңдеудің келесі кезеңдерін ерекшелеуге болады:
хабарламаның типін қалыптастыру;
инициализация сообщения;
хабарламаны өңдеу және оқиғаны құру;
оқиғаны өңдеу;
хабарламаны өңдеу циклін қалыптастыру.
Деректер базасын қалыптастыру.
Тапсырманы бағдарламалау.
Қарым – қатынас, ақпарат терезелерін қалыптастыру.
Ерекше жағдайларды өңдеуді қамтамасыз ету.
Анықтама жүйесін құру.

1.3 Delphi интерфейсінің элементтері

Бірінші тәжірибелік жұмыс Delphi ортасы мен осы тіл туралы негізгі
ұғымдарға кіріспеден басталады. Сіздер жобамен Delphi ортасының қосымшасы
ретінде танысу, ал пішінді құрауыштарынан бағдарлама құрылатын жобаның
қалауы ретінде қарастырамыз. Нақты мысалдарда Delphi ортасында
бағдарламалаудың концепциясы тереңдетіліп оқылады, олар: жобаны анықтау,
жаңа пішінді құру, пішінге құрауыштарды қосу, осы құрауыштардың қасиеттерін
анықтау және бағдарламаның орындалуы.
Жұмыстың мақсаты: Delphi ортасымен және оның негізгі терезелерімен танысу.
Өзіміздің бірінші қосымшамызды құрып және оны сақтауды үйренейік.
Delphi — Windows жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламалаудың
көрнекілік тілі. Оның қосымшасы, яғни Delphi ортасында құрылған бағдарлама
да Windows жүйесіне арналған.
Delphi ортасында бағдарламалау объектілі-бағытталған технологияға
сүйенеді. Бағдарламалаудың базалық тілі ретінде Object Pascal тілі таңдап
алынған.
Delphi ортасында бағдарлама құру жұмысының көп бөлігі құрауыштарды таңдау,
оларды тышқанның көмегімен экранға орналастыру және осы құрауыштардың
қасиеттерін анықтауға кетеді. Құрауыштар — құрылысшы блоктар деп
саналады, олардан Delphi ортасының қосымшалары құрылады. Олар өз кезегінде
көрінетін болуы мүмкін, олар қолданбалы интерфейстің бөліктері (айналдыру
жолағы, басқару батырмалары, меню т.б.), сонымен бірге көрінбейтінде болуы
мүмкін — таймер, деректер базасы.
Енді Delphi – ді қалай іске қосу жөнінде қысқаша тоқтала кетейік.

Delphi – ді іске қосу үшін 3 әдістің біреуін орындаймыз:
1. Егер сіз Windows ортасында отырсаңыз , онда Жұмыс стөліндегі Delphi
пиктограммасына тышқанның көмегімен екі рет шертіңіз.
2. Келесі қадамдарды орындаңыз: Пуск – Программы – Borland Delphi 6 –
Delphi 6
3. Windows бағыттауышынан (Каталог Program Files\Borland\Delphi 6\Bin)
delphi32.exe файлын тауып алып, соны орындаңыз.

Delphi интерфейсінің элементтерін оқып – үйрену.
Ортаның интегралдық құрылымы (IDE – Integrated Development Environment).
Delphi ортасының интегралдық құрылымына қосымшаларды құрайтын және жобаны
басқаратын келесі құралдар кіреді:
Негізгі меню
Құрал – саймандар панельі
Жоба диспетчері (Project Manager)
Код редакторы (Code Editor)
Құрауыштар палитрасы (Component Palette)
Пішін терезесі
Объект инспекторы (Object Inspector)
Объект бұтақтары (Object Tree View)
Меню конструкторы (Menu Designer)
Зерттеуші (Browser)
Delphi 6 ортасын іске қосқанда компьютер экраны сурет 1.3 – де
көрсетілгендей көрініс табады.

Сурет 1. Delphi 6 ортасының терезелері мен панельдері
Бағдарламалау ортасының негізгі терезесін қарастырайық. Ол терезенің
тақырыбы — Delphi 6 – Project 1, яғни Delphi сізге бірінші жобаңызды
құруға нұсқау береді және оған Project 1 деген ат тағайындайды. Төмен қарай
негізгі меню, 16 батырмадан тұратын құрал-саймандар панельі және құрауыштар
палитрасыорналасқан.
Негізгі меню бағдарламалау ортасының командаларына қатынасты қамтамасыз
етеді, олардың көбі Windows ортасынан және оның қосымшаларынан белгілі, ал
қалғандары Delphi – ді оқып– үйренгенде кең түрде талқыланады.
Құрал – саймандар панелі негізгі менюде жиі қолданылатын командаларды
жылдам орындауға мүмкіндік береді.
Құрал – саймандар панельінің батырмалары.

Жоғарғы сол жақтағы екі батырма Windows ортасының басқа
қосымшаларынан белгілі файлды ашуға (Open) және файлды
сақтауға (Save) тағайындалған.
Файл жобасын ашу (Open Рroject ) және файл жобасын сақтау (Save
Рroject As.. )
Файлды жобаға қосу (Add file to project) және файлды жобадан
жою (Remove file from project).
New Items диалогтық терезесін ашады. Ол алдын – ала даярланған
элементтер жиынынан тұрады және сіздер ол элементтерді
өздеріңіздің жасап жатқан қосымшаларыңызға қолдана аласыздар.
Тізімнен модульді таңдау (View Unit).
Ағымды жобадағы пішіннің тізімін шақыру (View Form). Сіз піш
інді таңдалған ол активтенеді, ал онымен байланысты модуль
Кодтар ред акторында активтенеді.
Бағдарламаның орындалуы
Бағдарламаның орындалуын тоқтату (Pause).
Пішіннің өзіне сәйкес бағдарламаның кодында жазылған модульге
ауыстырып қосу және керісінше (Toggle Form Unit).
Пішіннің жобаға қосылуы (New).
Бағдарламаны жөндегенде оның қадаммен орындалуын қамтамасыз
ететін батырмалар (Trace into, Step over).

Құрауыштар палитрасы: Пішінге қосуға болатын көптеген объектілер
жиынтығынан тұрады. Delphi ортасында қосымшаны құруға осы құрауыштар
қолданылады. Олардың әрқайсысы үшін орындауға болатын бағыныңқы бағдарлама
немесе Windows интерфейсінің элементі белгіленген. Құрауыштар ортақ
қасиеттері бар топтарға біріктірілген (Standard, Additional және т.б.),
олардың әрқайсысы өздеріне сәйкес бетбелгіге тышқанның көмегімен шерткенде
шақырылады.
Құрауыштар палитрасының кейбір парақтарын қарастырайық:
Standard –Windows – де қосымшасы бар стандартты басқару элементтерін
жүзеге асыратын құрауыштар жиынынан тұрады. (батырмалар, тізімдер және
т.б.).
Additional – қосымша басқару элементтері (графиктер мен диаграммаларды
салуға арналған құрауыштар, графикалық көріністерді бейнелеу және т.б.).
Data Controls – қолданушымен қарым – қатынас орнататын көрнекілік
құрауыштардан тұрады және деректер базасы үшін берілгендерді басқару
үрдісін орындайды.
Dialogs – стандартты қарым - қатынас құратын құрауыштар (қаріпті таңдау,
файлдармен операциялар жасау және т.б.).
System – операциялық жүйемен қарым – қатынасты орнататын құрал.
Бұл құрауыштар көбі құрлатын бағдарламаларда қолданылады.
Код редакторы бағдарлама кодынан тұрады, олар бағдарлама кодын құруға және
редакциялауға тағайындалған. Код редакторының ағымды менюінің командаларын
қарастырайық.
Open File at Cursor – атына тышқанның көрсеткіші орналасқан файлды ашады.
Browse Symbol at Cursor – терезедегі кез – келген модульді, объектіні және
айнымалыны көруге мүмкіндік береді
Toggle Breakpoint – тоқтату нүктесін тағайындайды
Run to Cursor – қосымшаны тышқанның көрсеткішіне дейін орындайды
Debug – EvaluateModify – айнымалыны өзгерту және көру үшін қарым – қатынас
терезесін ашады
Debug – Add Watch to Cursor – айнымалыларды бағдарламаның орындалуы
барысында көру үшін қосады
Read Only – файлда мәтінді редакциялауға тиым салады
Объект инспекторы қосымша құрамындағы объектілерді қадағалауға мүмкіндік
береді. Оның көмегімен объектінің қажетті қасиеттері және олардың
стандартты оқиғаларға әрекеті тағайындалады (пернеге басу, екі рет шерту,
өзгерту және т.б.).
Объект бұтақтары Delphi 6 ортасында пайда болған жаңалық болып табылады.
Бұл терезеде пішінде, берілгендер модульінде немесе фреймде орналасқан
құрауыштар бейнеленеді және олардың арасындағы логикалық қарым – қатынас,
мысалы аталық – еншілік қарым - қатынасы.
Editor files ( Run командасын таңдағанда немесе Delphi – ден шыққанда
кодтар редакторында өзгертілген файлдар сақталады).
Project Desktop (Delphi – ортасынан шыққанда немесе жобаны жабу кезінде
орналасуын сақтайды).
Compiling and running тобында(компиляторлау және іске қосу):
Show Compiler Progress Жобаның компиляциялауы туралы есепті көруге
мүмкіндігін береді);
Minimize On Run Қосымшаңы іске қосу кезінде Delphi – ді кішірейтеді.
Қосымша жабылу кезінде Delphi орнына қайта келеді;
Hide Designers On Run -Қосымша іске қосылып тұрған кезде Object Inspector
және Form window типіндегі жобалау терезелерін жасырып қояды. Қосымша
жабылғанда терезе пайда болады.

Delphi – дің негізгі терезелерінің қасиеттерін оқып – үйрену.
Delphi – де негізгі он терезе бар. Олардың төртеуін Delphi бағдарламасын
іске қосқанда көреміз: негізгі терезе, негізгі пішіннің терезесі, Объект
бұтақтарының терезесі және Объект Инспекторы терезесі. Төртінші терезе —
Бағдарламалау Кодының Редакторы — ол ашық тұрады, бірақ пішін терезесінің
артына тығылған, оны көру үшін құрал – саймандар панеліндегі Toggle
FormUnit батырмасына шерту керек.
Пішін терезесі — Құрауыштар палитрасындағы құрауыштардан бағдарлама
жинақталатын негізгі орын. Пішіннің өзі орындауға болатын дайын бағдарлама.
Тышқанның көмегімен Run батырмасына шертіңіз және осы бағдарламаны
орындаңыз.

1.4 DELPHI ОРТАСЫНДА МӘЛМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

Delphi-дің алғашқы нұсқаларында мәліметтер қорымен жұмыс істеу негізі болып
Borland Database Engine (BDE) - Borland фирмасының мәліметтер қоры
процессоры болып табылады. Ол қазірде өз қасиеттерін жоғалытқан жоқ.
Бірақта, Delphi 5 бастап компоненттер кітапханасында мәліметтермен
байланысудың альтернативті миханизмдері пайда бола бастады. Олардың
көпшілік бөлігі Delphi 6 – да пайда болды. BDE қолданба мен мәліметтер қоры
арасында келістіруші (делдал) болып жұмыс атқарады. Ол қолдаушыға нақты
мәліметтер қорын жүзеге асыратын бірыңғай интерфейспен жұмыс істеу
мүмкіндігін береді. Осыған орай мәліметтер қорын жүзеге асырудың ауысуы
барысында қолданбаны ауыстыру қажет емес. Delphi қолданбасы мәліметтер
қорына BDE арқылы қатынайды. Delphi қолданбасы мәліметтер қорымен байланысу
қажет болған жағдайда BDE жүгінеді немесе әдетте мәліметтер қоры бүркеніш
атымен оған қажетті кестелерді хабарлайды. BDE динамикасы біріктірілген DDL
кітапханасы түрінде жүзеге асырылған (IDAPIO1.DLL, IDAPI32.DLL файлдары).
Олар басқада кез келген кітапханалар сияқты IDAPI(Integrated Database
Application Program Interface) деп аталған API(Application Program
Interface – қолдп\анбалы бағдарламалар интерфейсі) жабдықталған. Бұл
қолданбада қолданылатын мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін арналған
процедуралар мен функциялар тізімі.
BDE бүркеніш аты бойынша көрсетілген мәліметтер қорына сәйкес келетін
драйверлерді табады. Драйвер – бұл анықталған типті мәліметтер қорымен
қалай жұмыс істеуді білетін көмекші бағдарлама. Егер BDE-де МҚБЖ-не сәйкес
келетін өз драйвері бар болса, онда BDE ол арқылы мәліметтер қорымен және
қажетті кестелермен байланысады. BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox,
dBase және т.б сияқты мәліметтер қорына қатынауды сүйемелдейді. Егер BDE-де
МҚБЖ қажет драйвер жоқ болса, онда ODBC драйвері қолданылады. ODBC (Open
Database Connectivity) - Microsoft фирмасымен құрылған BDE функцияларына
ұқсас DLL. Ол ODBC. DLL файлында сақталады. BDE, Sybase, Microsoft SQL,
Oracle, Interbase сияқты SQL серверлерімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік
беретін сұраныстардың стандартталған тілі SQL сүйемелдейді. Бұл мүмкіндік
әсіресе клиентсервер платформасында және үлестірілген қолданбаларда
кеңінен қолданылады.

резесінің қасиетін меңгереді

II.OBJECT PASCAL ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ – БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ

Процедуралық бағдарламалау бағдарламаның негізі алгоритм, берілгендерді
өңдеу процедурасы деп тұжырымдайды.
Объектілі - бағытталған бағдарламалау (ОББ) – ол негізінде нақты өмірдің
объектісі мен тәртібіне сай келетін, қандай да бір құрылым ретінде
қарастырылатын объект түсінігі бар бағдарламаны құрудың әдістемесі.
ОББ әдістемесінің қолданылуымен шешілетін тапсырмалар объект және оларға
қолданылатын операциялар деген терминдермен сипатталады. Мұндай түрдегі
бағдарлама объектілер жиыны мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді.
Кластар мен олардың элементтеріне ат тағайындауда ұсынылатын ережелер:
Кластың аты Т префиксінен басталады.
Мысалы: TObject, TForm, TButton және т.б.
Кластың өрісі, қасиетке сай келеді (property), әдетте қасиеттің атымен
аталады, бірақ F деген префикстен басталады.
Мысалы: FCount: Integer;
property Count: Integer read FCount write SetCount;
Әдістің параметрі, оның мәні қандай да бір өрістің класына меншіктеледі,
өрістің атымен аталады, бірақ А деген префикстен басталады.
Мысалы: procedure SetCount(ACount: Integer);
Әдістің аты, оның көмегімен қасиеттің мәні оқылады, әдетте Get сөзінен
басталады.
Мысалы: function GetParam: Integer;
Әдістің аты, оның көмегімен қасиеттің мәні жазылады, әдетте Set сөзінен
басталады.
Мысалы: SetCount әдісі (жоғарыдан қараңыздар).
Конструктор әдісіне әдетте Create аты беріледі.
Мысалы: constructor Create(Owner: TComponent);
constructor Create(AName: String);
Деструктор әдісіне әдетте Destroy аты беріледі:
Мысалы: destructor Destroy; override;
Хабарламаны өңдейтін әдістердің аттары WM префиксінен басталады,
хабарламаның типтерінің аттары - TWM , ал хабарламаның индексі - WM_ -
префиксінен басталады.
Мысалы: procedure WMSetFocus (var Message: TWMSetFocus);
message WM_SetFocus;
message WM_Quit; {әр кез бағдарламаның орындалуын
тез
арада тоқтату
керек болғанда өрбиді}
Оқиғаның өңдеуішіне қатынауды жүзеге асыратын қасиеттің аттарына On
префиксі бар ат тағайындалады.
Мысалы: property OnChange: TNotifyEvent read FOnChange write FOnChange;

2.1 Класс және объект туралы түсінік

ООБ – дың негізінде класс (class) және объект деген ұғымдар жатыр. Object
Pascal – да класс деп - өріс, әдіс және қасиет деген ұғымдардан тұратын
арнайы типті айтамыз. Кластың арғы - тегі болып объект деп аталатын,
ескірген Turbo Pascal тілінің типі жатады. Объект Turbo Pascal тіліне
Delphi - ді құрғанға дейін кіргізілген ұғым. Object Pascal тілінің жаңа
нұсқасында пайда болған Delphi ортасында объектілер ескі бағдарламалық
өніммен үйлесімділік үшін сақталған. Қазір объектіні қолдану маңызды
емес.
Класс өз кезегінде нұсқағышты береді. Бірақ ол дәстүрлік нұсқағышқа
қарағанда ерекше типтің нұсқағышы: онда класқа қатынағанда "^" символын
қолдануға болмайды.
Класс –берілгендер мен оларға қолданылатын әрекеттерден тұрады.
Объект – кластың физикалық іске асырылуы (кластың экземпляры).
Класс өзінше бір сипатталатын тип болып табылады және типтерді жариялау
бөлімінде жарияланады.
Мысалы:
type
TForm1 = class(TForm) { TForm1- TForm класының ұрпақ - класы}
{Аталық кластың өрісін, әдісін
және қасиеттерін иемденеді}
Button1: TButton; {өріс}
Button2: TButton; {өріс}
L1: TLabel; {өріс}
L2: TLabel; {өріс}
procedure Button1Click(Sender: TObject); {әдіс}
procedure FormActivate(Sender: TObject); {әдіс}
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
Класс бір жағынан жазба (record) – типіне де ұқсайды, ол берілгендердің
өрісінен ғана емес,
Мысалы:
private
FCaption: String; {жолдық типтің өрісі}
FModified: Boolean; {логикалық типтің өрісі}
оларды өңдейтін бағыныңқы бағдарламалардан (әдіс),
Мысалы:
private
procedure SetCaption(Const ACaption: String);
procedure Close;
сонымен қатар өрістер мен әдістердің сипаттамалары бар қасиеттерден тұрады.

Мысалы:
public
property Caption: String read FCaption write SetCaption;
property Modified: Boolean read FModified write SetModified;
Сол себепті класта оның сипаттамалары мен тәртібі сипатталған.
Объект – белгілі бір класқа сай келетін айнымалыны береді және айнымалыны
жариялау бөлімінде сипатталады. Мысалы:
var
Form1: TForm1;
Барлық кластарға сай келетін объектіні құра беруге болмайды. Олардың
бірқатары әсіресе барлық кластардың иерархиялық ағашының басында
орналасқаны бұны орындауға мүмкіндік бермейді, немесе олардың негізінде
құрылған объектілер жұмыс істеуге қабілетсіз болып келеді, мысалы TObject
ағымды класы. Ол мынамен байланысты, мұндай кластар сол немесе басқа
аяқталған объектінің жан – жақты сипаттамасын бермейді (мысалы үшін,
жиһаздың тек үлгісін ғана құруға болмайды, ал нақты стөл, нақты орындық
және т.б. құруға болады). Мұндай кластар абстрактілі кластар деп аталады,
сондықтан оларға абстрактілі әдістер сай келеді. Бұл ерекшелігіне
қарамастан, мұндай кластарды құру тиімді, өйткені бұл кластарда барлық
ұрпақтарында көп рет қайталамайтындай барлық кластарға тиісті жалпылықты
жинақтауға болады.
ОББ үш негізгі қасиеттермен сипатталады:
инкапсуляция (encapsulation),
туындау (inheritance),
полиморфизм (polymorphism).

2.2 Инкапсуляция, туындау және полиморфизм

Класс - өріс, әдіс және қасиетті өзіне бүтіндей қоса отырып, жеке
тапсырмаларды шешуге тағайындалған, аяқталған құрылымдық бірлік болып
табылады. Әдетте мұндай тапсырма шешімі қандай да бір мәселелер жетегінің
айналымында табылатын тапсырма болады. TRichEdit класы rtf-файлдардың
(Rich Text Format форматындағы файл) қуатты мәтіндік редакторын береді, ол
файлды көруді және редактрлеуді ұйымдастыруға, қаріптің өлшемі мен типін
сақтау мен өзгертуге, символдар жолын іздеуге және т.б. тағайындалған.
Өріс, әдіс және қасиеттің мұндай бүтіндігін инкапсуляция деп атаймыз.
Бұл тілде көптеген кластар бар (300 – ге жуық ), олар Delphi ортасын
қолданатын бағдарламашыға арналып Object Pascal тілінің құрауыштарымен -
Inprise International фирмасының қызметкерлерінің көмегімен құрылған.
Программист, бағдарламаны құра отырып өзінің пайдаланушы класын құрады.
Мұндай кластар не айқын емес құрылады, онда программист Delphi ортасының
көрнекілік құралдарын қолданады, ал кластың мәтінін Delphi өзі құрастырады,
немесе айқын, онда программист кластың кодын Object Pascal тілінің
құралдарымен өзі жазады.
Жаңа класс басқа қарапайым кластың негізінде құрылады. Ол үшін кластың
тақырыбында оның аталық класын көрсету керек. Жаңа кластың тақырыбының
синтаксисі мынандай түрде болады:
type className = class (ancestorClass)
мұнда className – жаңа кластың аты; ancestorClass – аталық кластың аты.
Жаңа класс автоматты түрде өзінің аталық класының өрісін, әдісін және
қасиеттерін иемденеді және өзінің өрісі, әдісі және қасиеттерімен
толықтырылады. Кластың бұл қасиеті туындау деп аталады. Туындаудың
көмегімен қарапайымнан қиынға өту әдісі арқылы, қандай болса да қиын
дәрежедегі класты құруға болады. Қарапайым класс болып TObject табылады,
ол өріс пен қасиеттен тұрмайды, бірақ кластың данасын құратын, жоятын, осы
класқа қызмет көрсету және бағдарламаны қалыпты функциялауға арналған
қандай да әдістердің жиынынан тұрады. Осының негізінде барлық аталық
класқа ортақ кластың туындау ағашы құрастырылады. Мысалы:
type TPersistent = class (TObject),
type TComponent = class (TPersistent),
type TControl = class (TComponent).
Кейде аталық класта сипатталған әдістер қандай да бір себепке байланысты
ұрпақ класты қанағаттандырмайды. Мұндай жағдайда ұрпақ класта аталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Dеlрhi ортасында ақпараттық жүйе құру
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Кирллицадан казакшаны латинцага аударатын бағдарламаның жобасы
Delphі тіліндегі бағдарламаның құрылымы
«Жұлдызнамалық күнтізбе» бағдарламасын құру
Қасиетті таңдау терезесі
«Биологиялық кітаптар»
«Бағдаршам»бағдарламасын құру.
Дельфи ортасында бағдарламалау
Пәндер