Дене әдістемесінің теориясы мен әдістемесі, пәні


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Педагогика және психология»
кафедрасы
«Дене шынықтыру» пәнінен
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Дене әдістемесінің теориясы мен әдістемесі, пәні»
Орындаған: 3у КДО тобының студенті
А. К. Мансурова
Тексерген: Калмурзина Р. С.
Орал 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары
мен шарттары
2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы
дене тәрбиесінің ролі
3. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
- Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
- Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
- Тәрбиелік міндеттер - мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
1. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі
бағыттары мен шарттары
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықтыруға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитар лықгигиеналық фактор лар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып, баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1, 5-2 есе аз жұмсайды.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы
дене тәрбиесінің ролі
Балалар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп балаларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:
-әр топта жетісіне үш рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;
-оқу күні режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулар) ;
-ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;
-дене шынықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дайындық топтарындағы спорт түрлері бойынша секцияларды, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар.
Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлерімен толықтырылады:
-балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде, жазғы демалыс лагерлеріндегі әр түрлі типтегі спорт секцияларында өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу сабақтары;
-балалардың жазғы және қысқы лагерлерінде ұйымдастырылатын көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру шаралары;
-спорттық, туристік базаларды мәдени және демалыс бақтарында балалар секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік ойындар.
Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері:
-күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары) ;
-спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;
-каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын ойындар, серуендер, жорықтар, спорттық көңіл көтерулер;
-отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы.
Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті болып екі түрге бөлінеді.
Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене шынықтыру сабақтары ғана жатады (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі) .
Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастыру белгілеріне қарай сабақтық не сабақтық емес болуы мүмкін.
Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түлеріне мектептегі дене шынықтыру сабақтары және секциялардығы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша жаттығудың сыныптық-сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір бала үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне бала организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Балалардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің балаларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында балаларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
3. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген педагогикалың үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ә) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік) дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты әсерін тигізеді, денсау лығын нығайтады.
Мектепке дейінгі балалардың дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан ай- налым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі ағзалар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта 240 рет) .
Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см жетеді.
Мектепке дейінгі балалардың жалпы дене шынықтыру дайындығы өмірде, еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда жақсы жүзе білу, секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру, алысқа нақты лақтыра білу, т. б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді балалық шақтан қалыптастыру дене шыныңтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена) құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының жақсаруына әсерін тигізеді.
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін, ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.
Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттықтырушысынан дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нүсқаулар алады. Осы жағдайда спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін шешеді.
Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстай білу, т. б. ) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.
Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар, мерекелер балаларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.
Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz