Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамдов атындағы педагогикалық колледжі

Пәні Дене шынықтыру

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2014 ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары
мен шарттары
2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
3. Дене шынықтырудың міндеттері мен дене жаттығулары
4. Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық,
ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және
республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер
жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты,
жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты
дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі
жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру
және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім
беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен
мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік,
жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды
үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене
тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды
өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру
қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін
жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене
тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте
жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты
жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен
дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене
мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау
болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев,
Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және
т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова,
Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына,
күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
1. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі
бағыттары мен шарттары
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік
қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып,
қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары.
Дене шынықты- руға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне
санитар лық-гигиеналық фактор лар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен
әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану
үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне
ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін
қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді.
Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға
қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету
жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына
тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы.
Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене
шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі;
дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі
бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып,
баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін
қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға
арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл
шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру
қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене
шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін
қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу
балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге
көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен
айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен
салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру
жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл
сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына
байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас
ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық
тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол
денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі –
дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені
жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары
деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік,
эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің
елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын
педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам
денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған
табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының
барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған
ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың
жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді,
психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы
және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және
өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен
сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады.
Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің
мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын
талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік
қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары
жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің
жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір
бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және
оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып
біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір
қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып
табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға
сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі
кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен
байланысты.

2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы
дене тәрбиесінің ролі
Балалар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы
мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың
күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық
ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты
бағыттылыққа ие. Мектеп балаларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің
бөліктері мынадай:
–әр топта жетісіне үш рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы түріндегі
сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;
–оқу күні режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа
дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған
үзілістегі дене жаттығулар);
–ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;
–дене шынықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дайындық топтарындағы спорт
түрлері бойынша секцияларды, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен
жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар.
Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың
түрлерімен толықтырылады:
–балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде,
жазғы демалыс лагерлеріндегі әр түрлі типтегі спорт секцияларында
өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу
сабақтары;
–балалардың жазғы және қысқы лагерлерінде ұйымдастырылатын көпшілік
дене шынықтыру-сауықтыру шаралары;
–спорттық, туристік базаларды мәдени және демалыс бақтарында балалар
секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік
ойындар.
Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері:
–күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік
гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);
–спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене
тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;
–каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын
ойындар, серуендер, жорықтар, спорттық көңіл көтерулер;
–отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы.
Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті болып екі түрге
бөлінеді.
Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене шынықтыру сабақтары ғана
жатады (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі).
Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастыру белгілеріне
қарай сабақтық не сабақтық емес болуы мүмкін.
Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түлеріне мектептегі дене
шынықтыру сабақтары және секциялардығы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға
тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас
педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы
анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт
мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша
жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты
бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің
болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті
түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық
басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді,
жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың
ішінен негізгісі есебінде Дене шынықтыру пәні бойынша жаттығудың сыныптық-
сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру
жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір бала үшін
сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене
бірлікте шешу мүмкіндігіне бала организмі мен жеке басына педагогикалық
әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы
жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда
оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне.
Дене тәрбиесін ұйымдастырудың өзге түрлері тәрбиеленудің алғы
шарттарын жасай және қозғалыс белсенділігінің көлемін ұлғайта отырып,
құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады.
Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы
балалардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру
басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс
орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт
мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар,
дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт
базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен
тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру
түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың
мүмкішіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін
мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Балалардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын
жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық
жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс
мекемелер көптеген мектептің балаларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір
мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін
бағыттарында балаларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді
ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар,
ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын
жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла
жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары
жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер
денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты балалар
контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)
- Спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың
қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол
бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары
жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс
істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
- Жазғы сауықтыру лагері
- Еңбек сауықтыру лагері
- Стадиондар, су станциялары
- Жас туристер станциялары
- Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері
- Мәдени демалыс парктері
- Аула клубтары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі әдістемесінің пайда болуы мен қалыптасуы
Дене тәрбиесінің әдістемесі
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Гигиеналық дене шынықтыру
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Пәндер