Дені саудың - жаны сау туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Өзін-өзі тану пәні

Тақырыбы:

«Дені саудың - жаны сау»

Орындаған: 3 СП Мендыгалиева Г.

Тексерген: Естұрсынова М. К.

Орал, 2013

Пәні:
«Өзін - өзі тану»
Пәні:: Тобы:
«Өзін - өзі тану»: 3 СП
Пәні:: Сабақтың тақырыбы:
«Өзін - өзі тану»: «Дені саудың жаны сау»
Пәні::

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

«Өзін - өзі тану»:

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру

Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту

Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Пәні:: Сабақтың типі:
«Өзін - өзі тану»: Жаңа материалды хабарлау
Пәні:: Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
«Өзін - өзі тану»: Білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту, ұжымдық және дамыта оқу
Пәні:: Сабақтың әдісі:
«Өзін - өзі тану»: сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.
Пәні:: Пәнаралық байланыс:
«Өзін - өзі тану»: жаратылыстану, экология, валеология, музыка, дене шынықтыру.
Пәні:: Оқыту құралдары:
«Өзін - өзі тану»: тірек сызбасы сызылған суреттер, тақтаға әр түрлі нақыл сөздер, зиянды тағамдар, Денсаулық журналы.

Жоспар:

Кіріспе

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында Қазақстан егеменді еліміздің болашағы жастар олардың денсаулығы мықты болып, шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді. . Бірақ бізге әрдайым қалын бұқара үшін біздей адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін, адамдарға бағыттайтын, оларды үлгі өнегелермімен еліктіріп, ілестеріп жүретін ұстаз. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып отыр. «Саулық байлық негізі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың алдың алу және болдырмау. Дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту туралы, сонымен дене тәрбиесімен айналасуы керек. Есірткілерді темекі мен алкогольды тұтынуды қойып тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет.

Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.


1. Дені саудың - жаны сау.

Кез келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты екендігі - дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз - салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз - адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық - зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей - ауру корольден бақытты», - деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың - жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертенгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы - денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н. Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл - Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

Табиғаттың ең қымбат жемісі - адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны. Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ, -дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Бір кездері мақтаныш көріп, жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.

Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту - көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Жаңа ғасыр болашақтың тағдыры - оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір, - дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау - міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі - халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!

Есірткі, нашақорлық - азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы - дені сау, рухани бай адам!


2. Денсаулық ұғымы

Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т. б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы - жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық - денсаулық», «Дені саудың - жаны сау», «Жаны саудың - тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

3. Салауатты өмір салты

Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау өсіп келе жатқан жеткіншектерге денсаулық-зор байлық екендігін түсіндіру аса маңызды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі ұзақ мерзімді және баяу процесс, бірақ та бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады.

Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.

1. Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.

2. Дұрыс тамақтану.

3. Дұрыс тынығу.

4. Дене еңбегімен шұғылдануы.

5. Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу.

6. Табиғат аясында болуы.

7. Зиянды әдеттерден сақтану.

8. Дұрыс қозғалыста болуы.

Біз мектебімізде оқушыларға денсаулық туралы үйрете отырып, жоғарыда айтылғандардың барлығын сабақ процессінде қолданамыз. Мысалы, «Өмір қозғалысты талап етеді» деп Аристотель айтқандай, адамда қозғалыссыз өмір жоқ. Мұны әркім білуі тиіс, ұзақ өмір сүргің келсе қимыл қозғалыста болу керек. Адамдарда аз қозғалудың нәтижесінде аурушандық пайда болады Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.

Есірткі, нашақорлық - азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы - дені сау, рухани бай адам!

4. Жеке бас тазалығының ережелері.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

-Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау - бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

- Кітап - дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

Тері тазалығы - адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

5. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салты туралы
Халықтың саулығы - мемлекет байлығы
Дені сау азаматтар-мемлекеттің ең бағалы капиталы
Тәні саудың – жаны сау
Денсаулық туралы ұғымдар
Салауатты өмір салты, денсаулық негізі
Дені саудың –жаны сау
Салауатты өмір салтын ұстанайық, жастар
Денсаулық – адам организмінің қалыпты формасы
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz