Діни бірлестіктер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім
1. Дін деген
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Діни
бірлестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Мешіт - Мұсылмандар құлшылық ететін
ғимарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
4. Шіркеу– христиан ғибадаттарын атқаруға арналған
ғимарат ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
Кіріспе
Экономика өрлеп, әлеуметтік саясат тереңдеген сайын пост-материалдық,
немесе рухани құндылықтар алға тартыла бастайтыны бұл тарихи заңдылық.
Сондықтан бүгін бәсекелестік экономика, қорғаныс, қаржы, басқа да
салаларда, әсіресе рухани салада шиеленісіп тұр.
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер дінге сенетін адамдардың санын
әртүрлі статистикалық көрсеткіштермен өлшейді. Сағаттың кілті (маятнигі)
сияқты атеизммен дінге бет бұрыс бар, бірақ біздің діни сеніміміз өте
тайыз. Ол түсінікті де. Ол кешегі атеисттер. Шынайы бет бұрыс жастардың
арасында да бар, бірақ ізденіс қай бағытта екені, екінші мәселе. Сонымен
бірге сенімнің тайыздығын білген бөтен дін өкілдері ел халқын өз ықпалына
көндіріп деп жатыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы жарлығында Соңғы
онжылдықта шетелдік насихатқа, сондай-ақ жекелеген азаматтар мүдделілігіне
бола елде таратылып отырған діни жоралғылармен байланысты түрлі
экстремистік пікірлер байқалуда.
Жастардың кришнаиттер, Иегова куәгерлері секілді Қазақстан үшін
дәстүрлі емес бірлестіктерге, сондай-ақ экстремистік ұйымдарға, мысалы,
"Хизб-ут-Тахрир" діни саяси бірлестігіне және басқаларға деген қызығушылығы
осы бірлестіктер мен ұйымдардың белсенді жақтаушылардың жас адамдардың
санасына психологиялық ықпал етуімен байланысты. Сондықтан діни саладағы
пайда болатын өзекті проблемаларды реттеудің нақты тетігін әзірлеу қажет,
- делінген. Демек алаңдаушылық терең орын алып отыр.
Негізгі бөлім
1. Дін деген не?
Дін кең ауқымды, сан қырлы ұғым. Дін тек Аллаға құлшылық ету ғана
емес, ол отбасылық мәдениет, заңдылық, ұлттық-діни дәстүр, ұлттық рухани
мәдениет, діни-ұлттық білім, діни ілім, ұлттық тілдегі діни уағыз. Дін оны
ұстанған ұлттардың рухани мәдениетімен ажырамас байланыста.
Осыдан келіп барлық мәдениетті тек дінге балап болмайды. Мәдениеттің
мазмұны діннен кеңірек. Дін ұлттың мәдениетіне сүйенсе, ұлттық мәдениет
діннен сусындайды. Мұсылман діні қазақ ұлтының мәдениеті, салт-дәстүрінің
тірегі. Егер қазақ түгел орыстанып кетпей, белгілі бір деңгейде тілін,
ділін, дәстүрін сақтап қалса ол дініміздің арқасы. Ресми билік дінді
қудалағанмен, тұрмыста көптеген адамдар дінді ұстанып келеді. 70 жылдары
жүргізген дінге көзқарас туралы сауалдарда бірқатар қазақтар коммуниспін,
бірақ мұсылманмын депті. Коммунист болу міндетті түрде атеист болу дегенді
білдірмейді дейтіндей психология орын алған. Оны ғылымда тұрмыстық ислам
дейді. Сондықтан әртүрлі діндер діни бірлестіктер, секталар, қазақтың
рухани тірегі деп қарау үлкен қате. Тек тарихи қалыптасқан дәстүрлі дін
ғана, мұсылман діні, қазақтың сенімді қолдаушысы. Заң сол дінді дәріптеуге,
бөтен діннен қорғауға негіз салуға тиісті.
Кез келген діни бірлестікті дін деп тіркей беру, дін деп мойындау
айналып келгенде тіпті діннің өзін жоққа шығарады. Сондықтан біз бұл
мәселеде толеранттылық (төзімділік) туралы бір түсінік берген орынды.
Толеранттылық ұғымы бүгінде орынды - орынсыз пайдаланылады,
ымырашылық, келісім емес, жалпақшешейлік, келісімпаздыққа,
шексізтөзімділікке ұласып жатыр. Дін мәселесінде толеранттылық шексіз емес.
Діни сенім бостандығы азаматты, сонымен бірге заңды кез келген дінді қолдау
дегенді білдірмейді. Дінді қудалау адам құқына қандай зиян келтірсе, діни
сенімге шексіз еркін беру де сондай зиянды.

Діни сенімді пайдаланып қылмыскер, экстремистерге ерік беру - ар ождан
бостандығы емес, елді сыйламау болып табылады. Сөз жоқ бүгінде оларды адам
құқын жамылып қолдайтындар көптеп табылады. Адам құқын пайдаланып
ұлтымыздың тұтастығына, отбасы тұтастығына қауіп төндіруге, жік туғызуға
жол беруге болмайды. Сондықтан заңда сенім бостандығының шектілігінде айту
жөн. Қазір Еуроодақтың Конституциясы қабылданып жатыр. Онда Еуропа
халықтары үшін христиан дінінің басым құндылық екені көрсету үшін пікір-
талас жүріп жатыр.
Жаһандану заманы бір тілге, бірдей ойлауға, бір дінге, бір мәдениетке,
бір валютаға, бір Үкіметке, бір мемлекетке итермелеп, адамзатты
бірыңғайлап, бір үрдіс қалыптастырады деген пікір кең тарауда. Оған қарама-
қарсы да ұстаным-ұлттану (этнизация) тенденциясы да кең тарауда, кейде оны
антиглобализм деп орынды айтады.
Өкінішке Қазақстан Республикасы көптеген секталардың тұрағына,
жаһанданудың, полигонына айналды. Егер жуық арада қоныс аударушылардың,
секталардың тасқынына тосқауыл қоймасақ, қазақтар ұлттық және діни және
мәдени ерекшеліктерінен айырылғалы тұр.
Бір мысал келтірелік. Кәріс ұлтының үлкен қайғысы – ол қырық пышақ
болып, ұлттық тұтастығынан айырылуы. Оңтүстік – Солтүстік, социалистік -
капиталистік болып бөлінген кәрістер енді діни жікке бөлініпті. Халықтың
тең жартысы протестант дініне ауып, миссионерлердің ықпалында кеткен. Бұл
әсіресе Оңтүстік Кореяға байланысты. Елу жылда бұл ел діни тұтастығынан
айырылған.
Бұл іргесі сөгілген ұлтты одан әрі ыдыратып отыр. Бұл неден басталды?
Діни сенімге шексіз ерік берген заңнан басталды. Енді бүгін Оңтүстік
Кореяның шоқынған кәрістері Қазақстанға үлкен діни экспансия жасап отыр.
Мен бұл мәселемен әдейі шұғылдандым. 1997 мен 2006 жылдары аралығында Қазақ
еліне, Корея республикасындағы Елшіліктің мәліметі бойынша 46189, виза
алған, оның 3603, немесе 7,8 пайызын миссионерлер құрайды. Туристік
мақсатпен келген болып дін тарату жолға қойылған. Заң бұл жолға да тыйым
салу керек. Сонымен бірге 23 шақырушы шіркеулер де бар. Елшілікте бар
мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасы аумағында қазірге кезеңде
Оңтүстік Корея дін таратушы ұйымдарының қатысуымен шамамен 10-15 шіркеу
шіркеу жұмыс атқаруда.
2000 жылдан бастап жыл сайын кәрістер негізін қалаған Благодать дін
таратушылар орталығында (Алматы қаласы) әлемнің 10 елінің діни өкілдерінің
қатысуымен кездесулер өтіп тұрады. Аталған шараға Оңтүстік Кореядан орташа
есеппен алғанда 250-300 адам қатысады. 2006 жылдан бастап бұл кездесулер
жылына 3 мәрте: көктемде, жазда және күзде өткізілетін болады. Жыл сайын
қазақ еліне Кореяның 30-40 діни ұйымдарының өкілдері келеді. Шіркеулер
негізінен студенттер, зейнеткерлер мен үйде отырған әйелдермен жұмыс
жасайды. Ақшалай көмек көрсетеді. Олардың жиындарына тыйым салуға болмайды,
бірақ қаржы көздерін бақылау, тежеу олардың жұмыстарын шектеуге тиімді
болар еді. Сондай-ақ Жеке адамның тәжірибесіздігі, сауатсыздығы,
мұқтаждығын пайдаланып, ақшалай, болмаса діни уағызбен діни сенімінен
кетіруге тиым салынады, деген толықтыру Қылмыстық кодекске енгізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында қазақ елі өзін
зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады. Еуропада бірнеше мемлекет зайырлы
мемлекет болып есептелмейді: ол Ватикан (католик діні мемлекеттік дін),
Англияда англикан шіркеуі, Грецияда православие діні - мемлекеттік дін. Ал
зайырлы мемлекеттерде дін, айталық – шіркеу, мешіт мемлекеттен бөлінген,
бірақ қоғамнан бөлінбеген, ажырамаған, ол мүмкін де емес.
Зайырлы мемлекет ұғымын билікте, қоғамдық пікірде де атеист Құдайсыз
мемлекет деп есептейді. Біз Советский мен светскийді әлі ажырата алмай
жүрміз. Мемлекеттің міндеті тек діни бірлестіктерді, тіпті мәдениетінен,
дәстүрінен алшақ болса да, тіркеу және олардың жұмысын қадағалау деп
түсінеді. Бұл дұрыс, бірақ аздық етеді. Бірақ көптеген мемлекеттер
ғибадатханаларды, мешіт, шіркеу, соборларды үлкен кішілігіне қарамастан
мәдениет ошақтары деп қаржыландырады. Көптеген еуропалық мемлекеттер
священниктерге мемлекеттен еңбекақы төлейді, бірқатар елдерде шіркеу салығы
енгізілген. Азаматтар қолдаса мешітті қаржыландыруға болады. Бұл азаматтық
қоғамның бір белгісі.Бұл барлық діндерді қолдау үшін емес, тарихи дәстүрлі
діндер ғана үшін ғана енгізілген. Дәстүрлі діндерді қолдау мақсатында
секталарда шектеуге арналған баптар енгізілген, тіпті тыйым салынған.
Халықтың тарихи, рухани өмірінің негізіне арналған діндерді мемлекет ашық
қолдайды. Германияда белгілі бір аймақ халқының 1 пайызынан астамының
қолдауына ие діни топ бірлестік болып тіркеле алады. Діни телеарнаның
қажеттілігі ауадай. Ресей телеарналарын айтпағанда, Ресейде Татарстан,
Башкорстан республикаларында мұсылмандарға арналған телеарналар жұмыс
жасауда.
Қорыта айтқанда, бізге совет заманында дайындап, 1992 жылдың басында
қабылданып, жамау – жамау шекпен сияқты өзгертілген, толықтырған заңнан
гөрі, жаңа заң қажет. Конституцияның 22 бабына сәйкес Діни сенім емес, ол
Ар-ождан бостандығы туралы болуы керек, себебі елімізде ешқандай дінге
сенбейтіндер де бар.
2. Діни бірлестіктер
Діни бірлестіктер - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған.
Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшыл ық ету, басқа діни
салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз
ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі.
Олар діни топтар (заңды тұлға емес) және діни ұйымдар (заңды тұлға ретінде
тікеуден өткен) ретінде құрыла алады. Діни ұйымдаржергілікті (ізін қуған
адам оннан кем емес) және орталықтандырылған (құрамында үштен кем емес
жергілікті ұйымдар кіретін) болып бөлінеді.
Діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі.
Қазақстан Республикасында: жергілікті, өңірлік және республикалық
мәртебесі бар діни бірлестіктер құрылуы және әрекет етуі мүмкін.
1. Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша
құрылған, бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың
шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып
танылады.
2. Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және
астанадан өкілдік ететін, олардың әрқайсысынан Қазақстан Республикасының
кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан да көп жергілікті діни
бірлестіктердің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан
Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни
бірлестік өңірлік діни бірлестік болып танылады.
3. Республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер өз
жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы.
Республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер өз
жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы.
Діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін,
конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы
бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы
шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар
құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке түрде
қатысады.
Республикалық діни бiрлестiктердi және өңірлік діни бірлестіктерді
мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге
асырады. Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім
ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке:
1) діни бірлестік басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;
2) құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;
3) тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз
жеткізгіштердегі құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының
тізімі;
4) дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;
5) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және
осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни
баспа материалдары;
6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алымдар төлемін растайтын
құжат;
7) діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни
орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уәкілетті органмен келісілгенін
растайтын құжат қоса беріледі.
Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше
ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға
және олардың қызметіне жол берілмейді.
Діни бірлестіктің мынадай белгілері:
1) ортақ діни ілімі;
2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;
3) өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын дінге
тәрбиелеу;
4) қызметінің діни бағыты болуға тиіс.
3. Мешіт - Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат.
Діни аңыздарға қарағанда алғашқы мешіт 7 ғасырдың 1-ширегінде Медине
қаласаның жанындағы Құбыла деген елді мекенде салынған. Төбесі құрма
ағашының жапырақтарымен жабылған төртбұрышты үй болған. Мешітке мұсылмандар
намаз оқу, діни өсиеттерді тыңдау және қоғамдық мәселерді талқылау үшін
жиналатын болған.[2]
Мешіттің ашық аулалы және төбесі күмбезделіп жабылған екі түрі кең
өріс алған. Ашық аулалы түрі, негізінен, араб елдерінде, күмбезді мешіттер
Орта Азияда жиі кездеседі. Мешіттің Меккеге қараған қабырғасында мінажат
ету үшін жасалған қуыс - михраб, оның оң жағын ала құран немесе аят оқу
мақсатында орнатылған мінбер болады
Мешіт құлшылық пен ағартушылық мекені. Аллаға мың да бір шүкір,
халқымызды имандылыққа шақырушы мұнарасы мен күмбезі көк аспанмен таласқан
исі мұсылманның құлшылық пен ағартушылық ошағы мешіттеріміз көбейіп келуде.
Тәуелсіздік туы желбіреген күннен бастап кең-байтақ еліміздің түкпір-
түкпірінде Алла тағаланың жердегі үйі саналатын мешіт саны өсіп келеді.
Мұның барлығы да, Алланың қалауымен, жүрегіне иман үйірілген жомарт
азаматтардың көмегімен жүзеге асуда.
Елордамыз Астанада да бүгін Әзірет Сұлтан мешітінің салтанатты ашылу
күні. Бұл сәулеті мен сәні үйлескен зәулім рухани орталық қалалық алты
мешіт қатарына жетінші болып қосылды.
Мешітке ислам әлемінің көрнекті ғұламасы Ахмет Яссауи аты берілді.
Білім және тақуалықпен халыққа ұстаздық етіп, мұсылмандар жүрегінің төрінен
орын алып, рухани сұлтанына айналған ғалымды жұрт Әзірет Сұлтан деп атап
кетті. Әзірет Сұлтан қожа Ахмет бір ғана түрік еліне бес жүз ғұлама
шәкіртін жіберген екен. Олар түрік еліне исламды үйретуші ұстаз боп қызмет
етті. Түрік бауырларымыздың күні бүгінге дейін біздің қожа Ахмет бабамызды
рухани ұстаз тұтуының сыры осында жатыр. Сондықтан да, түгел түркі еліне
және жаппай ислам әлеміне әйгілі дін қайраткері, қазақтың ғұламасы қожа
Ахмет Яссауи есімінің жаңа мешітке берілуі заңдылық.

Мешіт құрылысына жәрдем ету үлкен сауап. Айша (р.а.) анамыз риуаят
еткен хадис-шәріпте: Кімде кім ел аузында жүру немесе жұртқа көрсету үшін
емес (тек Алла ризашылығы үшін) мешіт салса, Алла тағала оған жәннаттан үй
тұрғызады,-деген.
Имам Бухари және Муслим жинағында айтылған кең тараған хадисте:
Қияметте Аршының саясында тұратын жеті түрлі кісінің ішінде... жүрегі
мешітпен байланған кісі..., - дегені бар.
Жүрегі мешітпен байланған мешітті жақсы көреді дегенді білдіреді.
Ал, егер мешітке деген сүйіспеншілік пенденің жүрегіне орнықса, мешіт
құрылысына, оны жөндеуге және күтіп ұстауға қаржысын да күш-қайратын да
аямасы айдан анық. Құранда Тәубе сүресінің 18-аятында: Расында Алланың
мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып,
зекет берген және тек Алладан ғана қорқатын (пенде) тұрғызады. Шын мәнінде
олар тура жол тапқандар,-делінген.
Ибн Касир тәпсірінде: бұл аятта Алла тағала мешіт салған адамдарды
иманды деп айтқан делінген. Жүрегінде шынайы иманы бар адам ғана
мұсылмандардың рухани орталығы саналған мешітті салу үшін өз үлесін қосуға
дайын тұрады. Хафиз Әбу Бәкір Бәззар сахаба Анастан (р.а.) риуаят еткен
хадисте: Мешіттерді салушылар Алланың адамдары,-деген.
Қоғамда қаншама қалталы азаматтар болса да, егер олардың жүректерінде
күшті иман болмаса, мешіт құрылысына көмек беру тіпті ойларына да келмесі
хақ. Ал, жүрегінде дін қызметі бар қарапайым мұсылман мұндай сауаптан
қалмасы анық. Демек, ең бастысы шынайы ниет. Анас бин Малик (р.а.) риуаят
еткен қудси хадисте Алла тағала: Ұлылығым және құдіретіммен ант етемін!
Мен жер бетіндегілерге бір азап бермек боламын. Сонда Менің үйлерімді
(мешіттерді) тұрғызғандарға, Менің жолымда бір-бірін жақсы көргендерге,
сәресі уақытында тәубе сұрағандарға қараймын да, азапты оларға
жолатпаймын,- дейді екен.
Жаратқан Алла құзырында мешіт салған адамның қадір-қасиеті жоғары
екендігін бұл хадисте анық аңғарылып тұр. Демек, мешіт салуға жәрдем ету
адам баласына келе жатқан жамандықтың бетін аулақ ететін ізгі амалдардың
бірі.
Алла тағала Құранда: Расында мешіттер Алланікі. Алла тағаламен бірге
еш біреуге құлшылық етпеңдер,-дейді (Жын сүресі, 18).
Егер қонақ жомарттың үйіне түссе, оның қонақжайлығы мен сый-сияпатына
кенеледі. Ал, енді әлемнің Раббысына және жомарттардың Жомартына қонақ
болып барған кісіге берілетін сыйлық пен сыбағаны елестетіп көріңіз.
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла елшісінен (с.а.с) мына Қудси хадисті
риуаят етеді:Расында Менің жерімдегі үйлерім мешіттер. Мені зиярат
етушілер сол мешітті салушылар. Үйінен дәрет алып (тазаланып) Мені үйіме
зиярат етіп келгенге жәннат болғай. Үй иесі қонағына құрмет етуі міндет,-
деген.
Әрине, пендеге берілген ең үлкен құрмет пен ең үлкен сыйлық
Жаратқанның жақындығын сезінуі, құлшылық ләззатын татуы және яқин иман. Бұл
келесі хадисте анық байқалуда.
Әбу Сағид әл Худри риуаят етеді: Егер мешітке үнемі келетін кісіні
көрсеңіздер, оның иманды екеніне куә болыңыздар. Алла тағала: расында
Алланың мешіттерін Аллаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың даму және құрылу үдерісін талдау
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Қоғамдық бірлестіктер
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Діни бірлестіктердің құру тәртіптері
Құқық және заң анықтамалары
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы ақпарат
Діни қатынас мәселесіндегі мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бейімділігі
Пәндер