Х. Досмұхамедовтың туған жері, өскен ортасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . …3

І. Х. Досмұхамедов - тарихи тұлға

1. 1. Х. Досмұхамедовтың туған жері, өскен ортасы . 5

1. 2. Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси қызметі . 8

1. 3. Х. Досмұхамедов шығармалары. 11

Қорытынды. 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 14

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Халел Досмұхамедұлы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық бағыттағы зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол - белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы - педагог Қазақстанда және Түркістанда ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау ісін талантты ұйымдастырушы болды.

Халел Досмұхамедұлының табиғи дарынының ғұлама ғалым ретінде бай мүмкіншіліктерінің жан-жақты дамыған кезеңі - кеңестік кезеңде болатынды. Оның энциклопедист ғалым ретінде қоғамдық-педагогикалық, ғылыми жұмысының ең жемісті кезеңі 1920-жылдан бастап, 1930 жылдарға дейінгі ташкенттік кезеңі. Бұл кезең Х. Досмұхамедұлының әртүрлі қоғамдық, мемлекеттік, ғылыми-педагогикалық, оқу ағартушылық, ұйымдастырушылық, ұстаздық сан-қилы, әртүрлі деңгейдегі жауапты жұмыстарды атқарумен тығыз байланысты.

Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.

Мақсат-міндеттері:

  • Х. Досмұхамедовтың туған жері мен өскен ортасына сипаттама беру;
  • Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси қызметіне шолу;
  • Х. Досмұхамедов шығармашылық өміріне баға беру.

Зерттелу деңгейі: Ғұлама ғалымның мұрасының зерттелуі туралы айтқанда 1996 жылы «Санат» баспасынан алматылық ғалымдар Қ. Нұрпейісов, М. Құлкенов, Б. Қабижанов, А. Мектеповтердің авторлығымен «Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы» атты тұңғыш жарық көрген ғұмырнамалық еңбек болып табылады. 1998 жылы белгілі ғалым Р. Сыздықованың ғылыми жетекшілігімен «Халел Досмұхамедовтың таңдамалы шығармалары» атты ғылыми жинақ дүниеге келді (Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1998) . Халел Досмұхамедұлының жан-жақты ғылым салаларын қамтитын ғылыми мұрасын зерттеуде белгілі ғалымдар З. Қабдолов, М. Қазыбаев, Р. Сыздиқова, К. Нұрпейісов, М. Құлкенов, А. Мектепов, Ғ. Анес, Б. Хабижанов, Д. Абдрахимова, Ө. Озғанбай және т. б. авторлармен қатар жергілікті атыраулық зерттеушілеріміз де бұл бағытта біршама жұмыстанып келеді.

І. Х. Досмұхамедов - тарихи тұлға

1. 1. Х. Досмұхамедовтың туған жері, өскен ортасы

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.

1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.

Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.

Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.

Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.

1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.

1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік - сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж. Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

Халел Досмұхамедов, Алашорда үкіметінің Орал облысынан сайланған белді мүшесі, Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, жан-жақты білімпаз-ғалым, мамандығы жағынан әскери дәрігер. 1883 жылдың 24 сәуірінде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, №4 ауылында дүниеге келген. Алғашында Ойыл болыстық қазақ мектебінде оқып, 1895 жылы тамыз айында Орал әскери жолды училищенің дайындау бөліміне түсіп, училищені 1903 жылы кілең 5-ке бітіріп, сол жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын 1909 жылғы 17 қарашада үздік емші-дәрігер атағымен бітіріп шығады. Бір қызығы, академияда оқып жүрген кезінде, сол кездегі қалыптасқан тәртіп бойынша, академия бастығының 1908 жылғы 10 желтоқсандағы рұқсатымен Тоқтыбаев Сағира Жұмағашқызына үйленеді. Академияда оқып жүргенде-ақ ол баспасөз беттерінен империяда болып жатқан әр түрлі саяси толқулардың мән-жайын түсіндіріп, оның шет ай­мақтағы қазақ даласын қамту мүмкіндігін ашып айтып, оған алдын ала дайын отыруын ескертеді. 1905 жылы Теке (Орал) қаласында бес болыстан жиылған сиезге қазақ оқығандары Ресей кадет партиясының үлгісімен саяси ұйым құруға әрекеттенеді. Олардың арасында студент Халел де бар болатын.

Академияны бітірген соң міндетті медициналық қызметін не әскери, не теңіз салаларында өтеуге тиіс болғандықтан, әр түрлі әскери бөлімшелерде әскери дәрігер қызметін атқарады. Оба індетіне қарсы күресті. 1913 жылы міндетті әскери қызметінен босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болады. Сол кезеңдерде «Қазақ» газетінде жұқпалы аурулардан қорғану, әр түрлі жалған емшілерге емделмеу сияқты пайдалы кеңестер ұсынады. Кітапша да шығарады.

Ақпан төңкерісінен соң ұлтжанды азамат ретінде Халел де туған халқының болашағы үшін саяси күреске араласады. Орал облыстық қазақ сиездеріне қатысып, әр түрлі заң жобаларын дайындап ұсынады.

1. 2. Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси қызметі

1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер - халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В. И. Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. В. Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.

1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым - «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.

Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.

1920 жылы 21 тамызда Түркістан рес­публикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.

Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеусанитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.

Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.

1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.

Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.

Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.

1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.

Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды

Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.

1. 3. Х. Досмұхамедов шығармалары

Х. Досмұхамедов Махамбет Өтемісов, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз шешен, Ығылман жырау тағы басқалардың шығармаларын тірілтті. Халық ауыз әдебиеті мұраларын жинап жариялады, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған «Қазақ әдебиетінің тарихы» теориялық зерттеуін қалдырды Бар жоғы 55-56 жыл ғұмыр кешкен Х. Досмұхамедов өмірін төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады: 1. тұлғалану жылдары (1916 жылға дейін) ; 2. күрес жылдары (1916-1920) ; 3. ғылыми-шығармашылық және қоғамдық-педагогикалық қызметпен айналысқан жылдары (1921-1928) ; 4. қуғын-сүргінге ұшыраған азапты жылдары (1929-1939) . Х. Досмұхамедов қазақтың ұлтжанды зиялылары қатарында жалпы ұлтттық саяси «Алаш» партиясын құрушылардың бірі және Алашорда үкіметінің мүшесі болды. 30-шы жылдары қуғынға ұшыраған Х. Досмұхамедов жеті жылға Ресейдің Воронеж қаласына жер аударылды. 1938 жылы «Халық жауы» айыбымен тұтқындалып, 1939 жылы 23 сәуірде ІІХК Әскери трибуналының шешімімен ату жазасына бұйырылады. 1939 жылдың 19 тамызында түрме ауруханасында өкпе ауруынан қайтыс болды. 1958 жылы 11 ақпанда КСРО Жоғары Соты Әскери коллегиясының шешімімен ақталды. Халқымыздың аяулы перзенті, біртуар тұлға Х. Досмұхамедұлының өмірі артында қалдырған мұрасымен жалғаса береді. Ол өзі «Бұл дүниеде түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақтың арасында аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі», -деген еді. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті осынау асыл ердің өмір ұлағаты мен ғылыми мұрасының жастар санасында зерделене түсуіне еңбек етеді.

Халел Досмұхамедұлы - жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша алғашқы қазақ мектептеріне арналған оқулықтардың авторы. Оның қаламынан, әсіресе, І және ІІ сатыдағы қазақ мектептеріне арналған «Өлі табиғат» оқулығы (1920), «Жануартану» (3 бөлімнен тұрады), «Табиғаттану» (1922), «Оқушылар гигиенасы» (1925), «Адамның тән тіршілігі», «Денсаулығыңды сақта» және т. б. оқулықтары кезінде жаңадан ашылып жатқан қазақ мектептеріне өте қажетті оқулықтар болған болса, бүгінде өз мәнін жойған жоқ. Х. Досмұхамедұлының ғылыми мұрасының ең негізгі бағыттарының бірі - тіл білімі мен әдебиет, тарих және этнография мәселелері. Оның «Қазақ әдебиеті», «Аламан», «Мұрат ақынның сөздері», «Шернияз шешен», «Исатай-Махамбет», «Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат түрік», «Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы» атты ғылыми еңбектерін жазуы, оның жан-жақты терең, энциклопедиялық білімін аңғартады. Х. Досмұхамедұлының сан-сапалы ғылыми мұрасының ішінде халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, ғалым-педагог ретінде Қазақстанда Жоғары педагогикалық мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында алатын орны ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Жанша Досмұхамедов
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
Халел Досмұхамедовтың еңбектері
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
Халел Досмұхамедовтың (1883-1937) педагогикалық қөзқарастары
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы педагогика- психологиялық ой-пікірлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz