Мәдени мұралары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Тарихы
2. Мәдениеті мен ғылымы
3. Мәдени мұралары
4. Қытай тілі
5. Қытай жазуы
6. Қытай философиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе

  Қытайлар (өз атаулары – Хань, Ханьзужэн, Хуа, Хуажэн) – ұлт, Қытай
Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 миллиард. 300 миллион-нан
астам. Қытайлар Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде,
Мьянмада, сондай-ақ АҚШ –та, кейбір Батыс Еуропа елдерінде де тұрады.
Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады.
Солтүстік қытайлар арасында шығыс азиялық топ, ал оңтүстік қытайларда
оңтүстік азиялық топтардың түрлері басым. Қытайлардың этногенезі мен тарихы
күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі қытайлар этносы хань-
тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін
көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған
ғыл. пікір бойынша, қытайлардың арғы этникалық тегі Хуаньхэ өзенінің орта
және төменгі аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншаннеолит
мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғасырларда осы аймақтарда
көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. Бұлар әр түрлі тайпалардан құрылды.
Батыс Чжау әулеті билеген дәуірде Хуанхэ мен Янцзы (Чанцзян) өзендерінің
орта, төменгі аңғарларындағы әр түрлі тайпалар ұзақ уақыт аралас өмір
сүріп, Хуа және Ся, кейінірек біртұтас Хуася атты этнологиялық
қауымдастыққа айналды. Бұл атау оңтүстіктегі Мань, шығыстағы И, солтүстік
пен батыстағы Ди және Жун (Роң) сияқты көшпелі тайпаларға тарады. Қытайда
б.з.б. 3 ғасырға дейін біртұтас мемлекет қалыптасқан жоқ. Бұл дәуірде
Чанцзяннан оңтүстікке қарай Юэ тайпалары өмір сүрсе, батысы мен
солтүстікнде үнді-арий және алтай тілдес көшпелі халықтар мекендеген.
Қытайлардың ата-бабалары бұл халықтармен өте тығыз қарым-қатынаста болып,
олардың материалдық және рухани мәдениетінің көптеген белгілерін қабылдады.
Әсіресе динлин, ғұн-дунху, юечжи-тохар, тағы басқа көшпелі халықтардан
металл өңдеуді, арбаны пайдалануды, атқа салт мінуді, соғыс өнерін, тағы
басқа үйренді.
1. Тарихы

Б.з.б. 140 – 87 жылы конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды.
Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін
ханьдықтармыз деп атай бастады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа
созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань
әулетімен бірге Қытайда құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа
қоғамдық қатынастар (феодализм) орнады. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар
басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589
жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан
әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық
соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас
кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен
жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына
қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті
біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі
тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун
әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды
Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға
қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань
әулетінің негізін қалады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань әулеті биліктен
кетіп, орнына қытайлық Мин әулеті келді. 16 ғасырда Қытайға еуропалықтар
келе бастады. 1551 жылы Португалия Аомэн (Макао) жерін жалға алады.
Миссионер-иезуиттер келіп, христиан дінін уағыздай бастады. 17 ғасырда
солтүстікүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы күшейді, аса ірі шаруалар
көтерілістері басталды. Мин әулеті биліктен кетіп, өкімет көтерілістерді
басу үшін көшпелі маньчжур билеушілерінен көмек сұрауға мәжбүр болды.
Билікке маньчжурлік Цинь әулеті (1644 – 1911) келді. Жаңа әулет Қытайды
қайта біріктірді. 17 ғасырдың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі
Моңғолияны) жаулап алды, 1757 жылы жоңғар хандығын жойды, Шығыс Түркістан
Шыңжаң (жаңа шекара) деп аталды. 18 ғасырдың аяғына қарай Тибет алынды. Осы
кезден Цинь әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғасырда Қытайға
еуропалықтардың әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856
– 60 жылы еуропалықтармен арада апиын соғыстары болды. Жеңіске жеткен
Англия, Франция, АҚШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солтүстікте
пайда болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың
тұрмысы күрт төмендеді. 1850 – 64 жылы елде аса ірі шаруалар көтерілісі
болып, еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық
көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 жылы болған
дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 жылы Қытайда
капиталисттік қатынастар дами бастады. Жаңа экономикалық орталықтар
(Шанхай, Ухань, тағы басқа) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап,
Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АҚШ, тағы басқа елдер Қытайды
өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің
үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 жылы
басталған Ихэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, Қытайдың
ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды. 1911 – 13 жылы елде Синьхай
революциясы болып өтті. Цинь әулеті биліктен кетіп (1912 жылы 12 ақпан),
оңшыл күштер билікке келді. Бірақ Қытай жартылай отар ел ретінде қалып
қойды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 18) Жапония еуропа елдердің
өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Қытайға жаңа талаптар қойды. Жаңа үкімет
ол талапты мойындап, Жапонияға тәуелді елге айнала бастады. 1917 жылы
Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін елде Сунь Ятсен басқарған ұлт-азаттық
қозғалысы басталды. Қозғалыс Оңтүстік Қытайда жеңіске жетіп, Сунь Ятсен
Кеңес өкіметіне хат жазып, империалистерге қарсы бірлесіп күресуді
ұсынды. 1923 жылы ақпанда, Кеңес өкіметі Сунь Ятсен басқарған Гоминьдан
партиясының өтініші бойынша Қытайға саяси, әскери кеңесшілер, қару-жарақ,
тағы басқа көмек жібере бастады. 1927 жылы 18 сәуірде Гоминьдан партиясының
оңшыл қанаты әскери төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. Оған қарсы
1921 жылы іргесі қаланған Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) бірқатар
көтерілістер ұйымдастырды. Сөйтіп, солтүстік. Аудандарда ҚКП-ның
басшылығымен Қытай Қызыл Армиясы мен Кеңестер деп аталатын өкіметтік
органдар құрылды. 1930 – 36 жылы Гоминьдан өкіметі солтүстікке үздіксіз
жорықтар жасап, ҚКП -ның базасын жойып жіберуге тырысты. 1931 жылдан бастап
Жапония Қытайды жаулап алуға кірісті. Солтүстік-шығыс Қытайды басып алған
жапондар орталық аудандарға ұмтылды. 1937 жылы шілдеде Жапония Қытайды
толық жаулап алу үшін шабуылға шықты. Олар Солтүстік, Орталық Қытайдың
едәуір бөлігін және Оңтүстік Қытайдағы теңіз порттарын басып алды. 1945
жылы 8 тамызда Кеңес өкіметі Жапонияға соғыс жариялап, Солтүстік-Шығыс
Қытайды және Ішкі Моңғолияны азат етті. КСРО жапондардан қолға түскен қару-
жарақтар мен әскери техниканы ҚКП-на беріп, оны күшейтіп жіберді. 1946 жылы
басталған ҚКП мен Гоминьдан өкіметі арасындағы азамат соғысы, 1949
гоминьдан әскерлерінің талқандалып, Тайвань аралына қашуымен аяқталды. 1949
жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды. 1950 жылы 14 ақпанда
кеңес-қытай келісімі жасалып, ол бойынша КСРО ҚХР-ға 300 миллион доллар
көлемінде көмек көрсетті. 1953 – 57 жылы тағы да бірқатар келісімдерге қол
қойылып, КСРО Қытайға 125 ірі өнеркәсіп орындарын салуға көмектесті. 50
жылдардың 2-жартысынан бастап Мао Цзедун бастаған ҚКП басшылығы ұлтшылдық
бағыттағы саясатты күшейтті. Үлкен секіріс саясатын жүргізді. Аз ұлттарға
қысым күшейді. 1960 жылдан бастап кеңес-қытай шекарасы жиі бұзыла бастады.
1966 – 76 жылы мәдени революция саясатын жүргізді. Үлкен секіріс және
мәдени революция жылдарында мыңдаған адамдар репрессияға ұшырады. Мао
Цзедун қайтыс болғаннан (1976) кейін, 1978 жылы желтоқсан айынан бастап ҚКП
ОК елде Дэн Сяопиннің басшылығымен экономикалық реформалар жүргізе бастады.

2. Мәдениеті мен ғылымы

Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм
мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай
халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты.
Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден
(соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған
(компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы
басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне
жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған.
Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған.
Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың
елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және Ұлы
Жібек жолы арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде
(960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік
аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда
кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000
жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – Нэйцзин Қытай медицинасының
дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш фармакология кітабы Қытайда жазылды.
Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде
кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға
пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда
фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал
салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен
жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының
дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Кітап
шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті
баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда
оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға
негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып,
еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми
бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер
болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер
бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.
1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета
қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай
бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.
Чжанго дәуірінде Қытайда бір-бірімен жауласқан жеті бірдей патшалық
өмір сүрді. Солардың ішіндегі ең қуаттысы Цинь Шихуанди б.з.б. 221 жылы
өзге алты патшалықты өзіне бағындырып, Қытай тарихындағы тұңғыш біртұтас
мемлекет – Цинь империясын құрды. Бірақ көп ұзамай, б.з.б. 206 жылы билікке
Хань әулеті келді. Қытай ұлтының негізгі этнологиялық құрылымы осы кезеңде
қалыптасты. Қазіргі қытайлардың этнологиялық атауы – Хань да осы әулеттің
атымен байланысты. 3 – 6 ғасырда қазіргі Қытай жерінде бір-бірімен ымырасыз
күрескен көптеген патшалықтар қатар өмір сүрді. Бұлардың бірсыпырасын
түркі, моңғол тектес тайпалар құрды. 618 – 907 жылы Тан империясы билік
құрған Қытайдың ең елеулі әрі мәдениетінің өркендеген мерзімі болып
есептелді. Хань дәуірінде пайда болған Ұлы Жібек жолының рөлі артып,
солтүстіктегі және батыстағы көршілес елдермен саяси-мәдени байланыстары
күшейді. Бұл кезеңде қытайлар этнология жағынан да біртұтастанып, нығая
түсті. 10 – 13 ғасырларда қытайлар бөлшектенген жағдайда өмір сүрді. Таза
Қытай әулеттері елдің орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Көне Түркі жaзулaрының зерттелуі. Орхон жaзуындaғы жәдігерліктер
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
Пәндер