Ересектер тобындағы әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде сәндік қолданбалы өнерді пайдалану


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Ересектер тобындағы әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде сәндік қолданбалы өнерді пайдалану»

Орындаған:

Жетекші:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе

1. Ересек балалар тобына бейнелеу өнерінен сәндік-қолданбалы

өнерді пайдалану

2. Ересектер тобындағы бейнелеу әрекеті кезінде сәндік

қолданбалы өнерді пайдалану

2. Мектеп алды даярлық тобында жүргізілген бейнелеу

сабағының конспектісі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды, балалардың табиғат сұлулығын, халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білуді қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.

Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады. Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр баланың белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Қолданбалы сәндік өнер де бейнелеу өнерінің өзге түрлері сияқты балалардың сұлулықты сезіну қабілетін дамытады.

Қолданбалы сәндік өнердің бір түрі декоративті сурет салу. Халықтық декоративті өнеріне жататын туындылар балалар ұғымына өзінің әсемділігімен, композициясының қрапайымдылығымен өте жақын. Педагог балаларды еліміздің әр түрлі халықтардың, өлкелердің декоративті өнерімен таныстыра отырып, олардың бойында Отанға, әрі ғажап сұлулықтың жасампаз иелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге тиіс.

Декоративті сурет салуға үйрететін педагогтың алдында мына төмендегідей міндеттер тұрады:

-әр түрлі формадағы ою-өрнектерді құруға байланысты композицияларды сезіне білетін қабілетті дамыту;

-түсті сезіну қабілетін дамыту;

-декоративті өнердегі әр қилы стильдерді айыра және ондағы кейбір элементтерді өз творчествасында пайдалана білу қабілеттерін дамыту

-қарындашпен, қылқаламмен жұмыс істеуде жинақтаған техникалық дағдыларын одан әрі жетілдіруі керек;

Педагог балаларды декоративті сурет салуды үйретуде олардың өрнек - нақыштардағы барлық компаненттердің бояулардың әр қилы түсімен, композициямен, форма элементтерімен өзара тығыз байланысын көре білу қабілетін дамытуға тиіс.

Бала заттардың бойындағы әшкейлі ою-өрнектердің, сол заттардың атқаратын міндетіне және формасына қарай өзгеріп отыратындығын сезе әрі түсіне білуге тиіс. Ол, міне сонда ғана безендірудің мәнін, орынды, мақсатқа сай екендігін және форма мен мазмұнның тұтастық байланысын түсінеді.


1. Ересек балалар тобына бейнелеу өнерінен сәндік-қолданбалы

өнерді пайдалану

Балалар декоративті сурет салумен таныса отырып, симметрия және ритм деген ұғымдарды анық түсініп, ұғынып алуға тиіс. Өйткені, декоративті өнер ритм мен симметриясыз өмір сүре алмайды.

Декоративті сурет салуда түсті сезіне білу қабілетін дамыту маңызды міндет ретінде дараланады. Оюлы нақышта бояудың түсі композициясымен тығыз байланысты, ал ою-өрнекте олар бір-бірінен бөлінбейтін біртұтас бірлікте болады.

Әрине, мектеп жасына дейінгі балалардың түсті сезіне білу қабілеті ерте дами бастағанмен олар түстің үйлесу мүмкіндіктерінің бәрін бірдей меңгере алмайды.

Декоративті сурет салуда бояудың алуан түсін пайдалану міндеттері әрбір топтың өзінде ақ қиындай, күрделене түседі. Мұның өзі әуелде барынша ашық, анық қарама қарсы түстердің үйлесімінен басталады да, жұмсақ және суық түстердің әр түрлі реңктерін үйлестірумен аяқталады.

Бұл міндеттерді балалар қарапайым бейнелеу формаларын салуды меңгерген соң ғана жүзеге асыруды бастауға болады, себебі, олардың назарын жаңа міндетті шешуге, яғни керек формаларды белгілі бір тәртіппен орналастырылған әшекейлі өрнек алуға жұмылдыру қажет.

Балалар бейнелеу барысындағы алғашқы дағдыларды 1және 2 кішкентайлар тобында берілген тапсырмалардың декоративті сипаты бар. Бірақ бұл сабақтардың негізгі мақсаты - әшекей өрнек жасау емес, қайта керісінше, түзу сызықтарды әр түрлі бағытта жүргізе білу дкғдыларын бекіте түсуді ғана көздейді.

Балалар декоратиыті сурет салуға үйрету тікелей төрт жастан басталады. Декоративті сурет салу естиярлар тобында мынадай міндеттерден тұрады.

-Жолақтағы, квадраттағы, шеңбердегі ою-өрнектердің формаларын бір ырғақта орналастыра білетін композициялық іскерлікті дамыту

-түсті сезіне білетін қабілетті - қарама қарсы түстерді әдемі үйлестіретін дағдыны дамыту

-қылқаламды пайдалануда жинақталған, техникалық дағдыларды ұшын жеңіл тигізу, дамыту.

Әуелде балалар қылқыламмен түзу сызықтар жүргізуге және олардың арасындағы бояуды бір ырғақта жағу блмаса нүктелер салуды ою-өрнектердің күрделенуіне сәйкес түс бойынша алма кезек жүргізуді және олардың орналасуын өзгертіп отыруды үйренеді.

Алғашқы суреттердің композициясы өте қарапайым, бір ғана элементті ырғағын сақтай отырып қайталап шығу. Адамға тән қол қозғалысының ырғағы бұл қайталауды жеңілдетіп, сонымен бірге ырғақты бейнелеу формасында бере білуге көмектеседі. Естиярлар тобында балалар формасы немесе түсі бойынша екі элеметті алма-кезек ауыстыруға ғана қабілетті келеді.

Сурет пен аппликация арқылы декоративтік бейне жасағанда, бұларға ортақ жағдай, қай форманың болмасын өрнегін қағаз бетіне орналастыруды, өрнек элементтерін осы формаларға бөлуді үйрету. Сондықтан декоративтік сурет пен декоративтік аппликация сабақтары бір-біріне байланысты болуы керек.

Декоративтік аппликацияның өрнек элементтерін балалар әзір күйінде алады және ішінара өздері де жасайды. Мысалы, тік бұрышты екі бүктейді де, бүктелген жерінен кесіп-екі квадрат, квадратты диоганал бойынша кесіп екі ұшбырыш, дөңгелекті екіге кесіп екі жарты дөңгелек алады. Осы элементтерді орналастырады, егер әдемі шықпаса, орындары ауыстырып, жылжытып форманы өзгертеді, басқа түсті алуға болады, бір сөзбен айтқанда, алға қойған міндетке сәйкесуі және балалар қанағаттантындай, бұдан гөрі әдемірек болу жағы іздестіріледі. Сондықтан аппликацияға өрнек түзуді балалар тез меңгереді.

Сол себепті, жаңа формаға өрнек жасауға дағдылануды аппликациядан бастау керек, сонда декоративтік сурет салғанда балалар негізінен көңілін өрнек элементтерін беруге аударатын болады.

Ең алдымен балалар бұйымға өрнек салу дегеннің не екенін және неге керек екенін мағлұмат алуға тиіс. Ең жақсысы - мұны балалардың киімдерінен-алжапқыштарынан, свитерлерінен, шапкаларынан, шарфтерінен және тағы басқа-көрсету және түсіндіру. Мұндай әңгімені, күннің 2 жартысында, 10-15 минут уақыт бөліп, барлық балалармен өткізу керек. Өрнектің композициясы мен оны құрастырушы элементтеріне көңіл аудара отырып, әр бұйымды жеке-жеке қарастырған жөн. Егер осыдан кейін декоративтік сурет сабағы өткізілсе, балалар тапсырмаға саналы түрде қарайды.

Бес жастағы балалардың алдына декоративті сурет салудың күрделі анағқрлым қиын міндеттерін қоюға болады. Өйткені, олардың эстетикалық сезіну қабілетінің даму деңгейі әлдеқайда жоғары болып келеді. Балаларды мына төмендегілерге үйрету қажет:

-ою-өрнектердің симметриясын қағаздың формасына немес заттың көлеміне қарай орналастыра білуді үйрету;

-ою-өрнектерде әр алуан түзу, дөңес сызықтар мен формаларды шөптерге тән элементтерді пайдалана білуге үйрету;

-фонға, соның түсіне қарай әр түрлі бояулардың үйлесімін таба білуге үйрету;

-қылқаламды оңтайлы, дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Ең әуелі балалар естиярлар тобында жүріп үйренген икемділігін бекіте түседі. Бұл үшін олар түзу сызықтардан, бояу жағуды, нүктелер түсіруді әр түрлі формадағы ою-өрнек құрастыратын болады. Бірақ бұл сабақтар естиярлар тобында өткен жаттығуларды тектен-тек қайталауға жатпайды. Мұнда түстің алуан түрлерінің ішінен қежетін және ою-өрнектерде үйлеседі-ау деген әр түрлі элементтерді қалауынша таңдауға мүмкіндік беріледі.

Балалар 1- тоқсанда шеңберге ою-өрнектерді салуға үйретеді. Олар мұнда шеңбер форманың бәрін ою-өрнектермен толтырады. Олар ою-өрнектердің әлементтерін шеңбердің орталығынан бастап, концентрлі шеңбер бойынша симметриялы түрде орналастыруды бірте бірте дамытады. Квадрат пен шеңберді ою-өрнектермен толтыруды үйренген соң, оларға ұшбұрышты овал алтыбұрышты және бұлардан да қиын, формаларды ою-өрнектермен безендіру жаттығулары беріледі.

2. Ересектер тобындағы бейнелеу әрекеті кезінде сәндік

қолданбалы өнерді пайдалану

Балалар ересектер тобында түстің алуан түрлі спектрлерінен түрлі түсті фонмен үйлестіруге, ою-өрнектері әр қилы көлемді формаларды құрастыра, қиыстыра білуге үйренеді. Мұндай суретті сала білудің қиындығы, беогілі бір қажетті ою-өрнектердің композициясын бір қалыпты қолдана алудфң күрделігінен. Өйткені, әуелде композицияны тұтас елестете алмайсың да, тек оның бөліктерін ғана қағазға түсіре аласфң. Себебі композициядағы ою-өрнектер өзінің формасын жазықтықта орналасуына қарай өзгертіп отырады. Сондықтан да балаларға сурет салуға ұснылатын көлемді, ірі заттардың формасы қарапайым болуы керек.

Жеті жастағы балаларды үйретудің міндеттері: заттардың атқаратын қызметі мен ерекшелігіне орай ою-өрнектерді жазық және көлемді формасында құрастыра білетін композициялық сезіну қабілетін дамыту;

-әр алуан түсті және олардың әр түрлі құбылатын реңктерін әр қилы үйлесімде пайдалана білетін түсті сезіну қабілетін дамыту;

-халықтық декоративті әшекейлердің сан алуан түрлерінің ерекшеліктерін көре білуге және соның кейбр элементтерін өздері салатын суретте пайдалана білуге үйрету;

-қылқаламмен, қарындашпен жұмыс істеу үстіндегі техникалық дағдыларын жетілдіре түсу керек.

Балалар мектепке даярлық тобына дейін ою-өрнектерді дөңгеленген және тік бұрышты формаларға құру принціпімен таныс болып келеді. Енді олар жаңа формаларды, яғни тік бұрышты немесе көп бұрышты формаларды және вазалар, құмыралар тағы басқа заттардың жазықтықтағы әр қилы формаларын салуды қарастырады. Бұл заттардың дұрыс геометриялық формасы болғандықтан, бұларға салынатын ою-өрнектер де әр түрлі принціптерді талап етеді.

Балаларға заттарды берер алдында тәбиешінің өзі әшкейлерді ұқыппен карап, талдап алады. Олар бутоннан (гүлдің қауызы) гүлдерден және жапырақтардан тұрады. Гордецкий әшекейлерінің бояу түсінің ерекшелігі, яғни бір гүлге немесе бутонға екі түсті реңк, күңгірт қызыл және қызғылт, немесе көк және көгілдір, күңгірт күлгін және ашық көкшіл тағы басқа пайдаланады. Бұл ерекшеліктерді балалар өте жақсы меңгеріп алады әрі бояған кезде қателеспейді. Гүлді салғанда бір ізділік тән және қажетті :алдымен таңдап алынған түспен дөңгелек сызылады, оған сол түстегі күңгірттірек реңкпен дәл ортасына емес, шетіне кішкентай дөңгелекше және оның астына түстегі доға сызылады. Бұл-Бутон. Әшекейлердің құрылысы өте қарапайым, тек бірнеше ғана варианттары бар. Ортасына әдетте ең ірі гүл, ал бүйірлеріне ең майдалары салынады. Гүлдің сабағы кеске көлденең жайғасып, жоғарыға немесе бүйірге бағытталған болуы мүмкін. Сабақ доға секілді иіліп тұрады.

Бутондарды, жапырақтарды және гүлдерді салуды үйренген соң, бір түске екі реңкті пайдалану шарттарын орындауда балалар декоративтік композициялардың әр түрлі жолдарын ойланады, хвлықтық көркемсурет ерекшеліктерін сақтай отырып өздерінің творчествосын көрсетіп, гүлдер мен жапырақтарды әр алуан әшекейлейді. Бұл суреттерді гуашь бояуымен ақ немесе түрлі түсті қағазға салуға болады. Декоративті жұмыстарды балаларға тек қана қағазға салумен шектеп қоймай, егер мүмкін жағдай бола қалса, оларға балшықтан, ағаштан, картоннан, қайың қабығынан жасалған заттарға әшекейлер жүргізуді үйреткен орынды. Декоративті жұмыстар тек сабақ үстінде ғана емес, сондай - ақ бос уақытта да істеленеді. Мұндай жағдайларда балалар өз қалаулары бойынша кейде азғантай топ болып, кейде бәрі болып, мысалы, мерекелік салтанатқа даярлану, залды көркемдеу тағы басқа тартылады. Балалардың мұндай жұмысқа қатысуы әр түрлі болады, біреулері композиция бөліктерін ойып-қиып жатса, екіншілері оларды әшекейлейді, содан соң желімдейді. Материалдарды, деталдарды, үлгілерді ойлап пішіп, ұқыпты даярлау, сол сияқты орындалатын жұмыстардың барлық жоспарын жасау тәрбиешіден талап етіледі. Жалпыға ортақ іске жұмылдырылған балалар барлық уақытта бос болмай, қызыға істеулеріне көңіл бөлген дұрыс.

Даярлық топтағы балаларды суретшінің кәсібімен, оның шығармаларының қалай жасалғанымен таныстыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
Балауыз бояуымен бояу өнері
Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Естиярлар тобында сурет салу
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz