Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәні арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеу
1.1. Бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштік
тәрбие жайында жалпы түсінік
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
мен жолдары
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштік,
елжандылық тәрбие берудің зерттеу
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың
елжандылық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3. Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштікке
тәрбиелеудің тәжірибелік-эксперимент нәтижесі ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...38

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты
сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның
үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана
емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты
жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді.
Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін
қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне
сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір
сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін
ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас
сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады [1; 12-13].
Қазақстан – 2050 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан
дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез –
құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам,
ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек, - делінген [2; 26-
27].
Басты назар аударатын мәселелердің бірі – отансүйгіштік. Отаншылдық
отансүйгіштік тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан,
мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін
қалыптастырады.
Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар
өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді,
жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі
міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу – тәрбие
жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық
үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі
дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі
болып отыр [3; 8-9].
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік
жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан
бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық
өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт –
дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне
пайдалануға жол ашып отыр.
Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына
үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем – білсем деген
алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді
ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол
жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату
ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі [4;
32].
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік,
сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның
негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша
белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт – дәстүрі сақтайды деген
ұғымды бастау етіп алатын болсақ, әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштікке
тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс – шараларға бөлуге болады:
- тілді құрметтеу;
- ұлттық салт – дәстүрді зерделеу;
- елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
- ата – бабалар өсиетін орындау;
- жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.
Яғни, отансүййгіштікке тәрбие беруде, ең алдымен әдебиеттік оқу,
табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу үйрену,
әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені мен теңдік
алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды. Халқымыздың әдебиеті
мен тіл өнері – бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы.
Зерттеу мақсаты: әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың отансүйгіштік
сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Елжандылық, отансүйгіштік, туралы қазіргі кезде қалыптасып
отырған ой – пікірлерді анықтау;
2. Отансүйгіштік, елжандылық тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік
ой - пікірлерді айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу
құндылықтарын белгілеу;
4. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін педагогикалық
процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
5. Оқушыларға елжандылық, отансүйгіштікке бағытталған тапсырмалар
дайындау.
Зерттеу мәселесі. Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан
халықтың тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын
сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш туғызуға
оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен айналысатын
педагогтардың міндеті болмақ. Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас
етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан – ашырлық танытуда отансүйгіштің
рөлі ерекше. Сондықтан әдебиеттік оқу сабағы арқылы оқушыларды
елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы тапсырмаларды
жинақтаудың маңызы зор.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер әдебиеттік оқу пәнінде отаншылдық
тәрбиенің бастауыш сынып кезеңіндегі мазмұны белгіленіп, оқушының
отансүйгіштік, елжандылық сезімі қалыптастырылса Егеменді Қазақстан
Республикасының өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге,
сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің
отансүйгіштік мүмкіндіктерін дамытуды меңгереді.
Зерттеу объектісі: әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың отансүйгіштік
сезімдерін қалыптастырып, елін, жерін сүюге оны қорғауға шақыру.
Зерттеу пәні: оқушылардың отансүйгіштік сезімді жетілдірудің жолдарын
педагогикалық үдерісті қалыптастыру.
Зерттеу әдістері: педогогикалық, психологиялық, этно – педагогикалық,
тарихи – этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби,
әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш
педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық
жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Практикалық пайдасы. Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың отансүйгіштік,
елжандылық қасиеттерін арттыру үшін берілген тапсырмаларды көмекші құрал
ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: №45 ЖОББМ
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу
құндылықтары белгіленді;
- Оқушыларға елжандылық, отансүйгіштікке бағытталған тапсырмалар
дайындалды;
- Оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық
шарттары белгіленді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәні арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеу
1.1. Бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштік
тәрбие жайында жалпы түсінік беру

Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып
саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі.
Отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриотизм, отаншылдық деген сөздер бір ұғымды
білдіреді. Отансүйгіштік - отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-
қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін,
елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Отансүйгіштік грекше patriotes-
отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік -
адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін
өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен
туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін,
сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің
саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың
құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке,
елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған
әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек
жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық
отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:
• Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық,
отансүйгіштік сезімді түсіндіру;
• Қазақстанда қызмет етуді мойындату;
• Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.
Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз
мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік
тәрбие бар [7; 78].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпы адамзаттық құндылықтарға
негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл
идеологиялардың негіздерін патриотизм, қазақстандық отансүйгіштік және
ұлтжандылық ұғымдары құралады.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық
сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу
орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады.
Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің
аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің
тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады.
Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм" ұғымдары сол
заманның ақиқаты – наным- сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан
бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа
сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді [8;
200].
Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде.
Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі
тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-
жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын
арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы
күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның
педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын
тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген
сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен
білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау
болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу
де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек [9; 236].
Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен
мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын
түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін
сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны
төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм",
"қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ,
өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның
қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар
жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан
қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, -
деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр. Бүгінгідей демократиялық
бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне,
отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда
патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз. Біздің
пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық
патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз
мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып
біліп, құрметтеуі тиіс [11; 225].
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан
азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм-Отан-
анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы
білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне
арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық
патриотизм құрамына кірсе керек [17; 7-9].
Қазіргі таңда қоғамның сұранысына сай Қазақстан Республикасының жаңа
әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің
тұжырымдамасы дайындалды. Тұжырымдаманың мақсаты – қоғамның әлеуметтік
даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін
айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен
егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны
қалыптастыруға бағытталды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында
төмендегі міндеттер жүйесі қамтылды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне,
Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне,
мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
- мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып
есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың
тілдеріне құрметпен қарау;
- жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті
бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік, ізгілік,
тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);
- мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей
отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық
прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі әр қызметкерлердің
өзіндік атқарар міндеті бар.
- пән сабақтарында оқушылардың патриоттық сезіміне ықпал ететін
материалдардың қамтылуы;
- сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне
ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне
әсерлі болуын ескеру;
- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін
айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.
Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-
сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң
тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат
тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды. Төмендегі
сызбадан көруге болады.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы
Бауыжан Момышұлы балаларға айтқан тілегінде: Отан сүйер ұлан
болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болыңдар! деген болатын. Сондықтан ,
өз Отанынымызды сүйіп, құрметтей, қорғай білейік![29; 108]
Білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш сынып оқушыларын
айналадағы дүниемен белсенді әріптестік тәрбие түрлеріне бай сезім қарым-
қатынас дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи әлеуметтік
ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады.
Басты назар аударатын мәселелердің бірі - отансүйгіштік. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында азаматтық пен отансүйгіштікке, өз
Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспешілікке, мемлекеттік рәміздерін
құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім
саясатының басым ұстанымы екендігін атап көрсетіп отыр. Отансүйгіштік
тәрбиесі проблемасын зерттеумен біздің Қазақстандық бірқатар ғалымдар
айналысады. [30; 46-48]
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға мектептің тәрбиелік жұмыстарының
аса маңызды бөлігін құрайтындықтан өмірде болып жатқан бетбұрыстар
қоғамдағы саяси көзқарастар әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің
тарихына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүріне құрметпен қараумен
қатар оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр. [31;28-36]
Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу пәні – маңызды пән,
имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен
дүниетанудың құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы.
Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда әдебиетті оқу
сабағында оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Патриоттық тәрбие
беру әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде
оқулықтарда берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Әдебиеттік оқу
оқулығын саралау барысында патриоттық тәрбиеге қатысты көптеген материалдар
Отанға, елге, жерге арналған. [32; 78-86]
Оқулықта берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа байланысты мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген.
Осының барлығы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені
қалыптастыратыны сөзсіз. Дегеменде, жеке тұлғаның бойында елжандылықты
қалыптастыру бірнеше жағдайларға байланысты.
Бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны оқушыларға патриоттық
тәрбие беруге мүмкіндік береді.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге
көңіл аударылды:
-туған тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу
мен сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу –
оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
-туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің
орман – көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау,
күтіп баптау;
-туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-
ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел
экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;
-отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап, құрметтеу,
қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет
қалыптастыру аясы;
-Қазақстанда мекен еткен халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру
– ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге
ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен
үлгі алу - қатынас мәдениетінің аясы. [33; 56-59]
Бастауыш сынып әдебиеттік оқу оқулығында оқушыларды отансүйгіштікке
тәрбиелеу мақсатында көптеген тақырыптар бар. Соның ішінде бірінші сынып
оқулығындағы тақырыптар:
Туған тілім 6-бет
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Дихан Әбілов)
Осы өлеңде бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке, өз тілін
құрметтеуге, қастерлеуге,оны барлық тілдерден үстем қоюға, өз ана тілін
сүюге ынталандырған. Автор өз ойын белгілі сөздермен жеткізуге тырысып ана
тілімізді асқақтатып көрсеткен. Егер әр елдің өз тілдері болса сол сияқты
біздіңде қазақ тілімізді жақсы меңгеріп, құрметтеу керек екенін айтқан.
Автор өз өлеңінде Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-
ақ алыңдар деп айтқан сөзі қазақ тілін соншалықты қадірлейтінін,
қастерлейтінін, егер туған тілім болмаса мен неге өмір сүремін деген өзін
өлімненде қорықпайтынын айтқан. Сол сияқты қазіргі жас ұрпақтың бойына
осындай қасиеттерді сіңдіріп тәрбиелеу керек сондықтан туған тіл туралы
өлеңдерді бастауыш сыныпқа көптеп енгізген.
Отан 39-бет
Отан - атам,
Отан - әжем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: Атамекен?!
(Әбдірашт Жарасқан)
Әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу
керек, сонда келешек ұрпақ отанын сүйіп оны қорғай біледі. Осы өлеңде
оқушыларды отанын сүюге, оны қастерлеуге, адалдыққа, елжандылыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында әдебиеттік оқу кітабына енгізген.
Автор өз ойын Отанды ата, әже, әке, анаға теңеп оқушыларды осы ұғымдар
арқылы отанын сүюге шақырған.
Туған өлкем 41-бет
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
(Өтебай Тұрманжанов)
Қазақстан жерін сұлу, әсем екенін айтып, өлеңде оқушыларды отанын
сүюге тәрбиелеген. Кең байтақ, сұлу, әсем жеріміздің көгінде күн, жерінде
гүл жайқалып тұрғанын автор айтып өткен. Осы сұлу, әсем, көркем
Қазақстанымызды жаудың қолына түсірмей қорғап қалу керектігін оқушылардың
санасына сіңдіру мақсатын көздеген. Әрбір оқушы туған өлкесін сүйіп оны
қастерлеп өтуін де үйрету керектігін білдірген.
Жусанда туған жердің иісі бар 47-бет
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары
ұстап, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде
өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты. Бір күні Бейбарыс сұлтан
серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға көзі түседі. Жұлып алып иіскейді.
Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін
толқытады. Қазақта: Жусанда туған жердің иісі бар деген осыдан қалған.
(Менің алғашқы энциклопедиям кітабынан)
Оқушыларды туған жерге деген ұлы сезімдерін, өз еліне деген
сағыныштарын осы мәтінде көрсетіп, түсіндірілген. Әрбір оқушы қай жақта
жүрседе өз елін, жұртын ұмытпай есте сақтау керектігі айтылған. Сонда
мәтінді оқып оқушылар өздеріне отанды сүйіп, оны қастерлеп, ұмытпау керек
екенін ойларына түйеді.
Қазақстан байрағы 51-бет
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр
Жылдарымыз жайдары.
(Мұзафар Әлімбаев)
Қазақстан туы көгілдір түсті, қыран бүркіт, қазақтың ұлттық оюы
бейнеленеген осының бәрін оқушылар біліп үйренгені дұрыс. Осы мақсатта
автор өлеңінде барлық мәлімметтер көрсетілген. Ал оны оқушылар осы өлеңнен
оқып біледі. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үшін рәміздердің барлығын
көрсетіп оны жете түсіндіру қажет.
Біздің елтаңба 54-бет
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
(Оразақын Асқар)
Әрбір оқушы өз елінің рәміздерін біліп жүруі керек. Елтаңба туралы
білімдерін арттырып, елтаңбаның бөліктерін, қандай бейне бар екенін оның
жай бейне емес екенін түсіндіріп көрсеткен. Бұл өлеңде автор елтаңбаныңәр
бөлігін жекелеп көрсеткен. Осы арқылы оқушылар өз білімдерін арттырып,
тәрбиеленеді.
Мемлекеттік тіл 55-56 бет
Егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақстан Республикасы
конституциясының 7-бабында Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік тілі –
қазақ тілі деп көрсетілген.
(Менің алғашқы энциклопедиям кітабынан)
Әрбір оқушы өзінің қазақ тілінде сөйлеп, осы тілді жете меңгеруі
керек. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Әрбір елдің ең басты
белгілерінің бірі ол тіл. Осыны оқушыларының санасына ұғындыру үшін
бастауыш сыныпта оқып жатқан кезден бастап үйретеді. Осындай мәліметтер
арқылы оқушыны өз тілін үйренуге, қадірлеуге, қастерлеуге, өз отанын сүюге
үйретеді.

Әнұран 57-бет
Әні
Сөзбен толығып,
Маздар бойда мал үміт.
Намыс, жігер жұптасқан,
Ол – әнұран.
(Өтепберген Ақыпбекұлы)
Рәміздердің бірі ол әнұран. Әнұранды Қазақстанда тұрған барлық ұлт
өкілдері жақсы біледі. Оны әріп танығанан бастап жаттатқызып, үйрету керек
сонда оқушылар әрқашан өз әнұранымызды біліп жүреді. Автор әнұранды әні мен
сөзі адамға рух беріп отырады деп айтқан. Әнұранды тыңдаған әрбір адам
өзіне рух алып шабыттанады.
Ағайынбыз бәріміз 63-бет
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша – бау.
(Әнуарбек Дүйсенбаев)
Оқушылардың санасына отанды сүюге, мемлекетімізде тұрған әрбір ұлт
өкілдерімен тату тәтті тұруға, отанды қадірлеуге сонымен бірге қастерлеуге
үйрету үшін осындай өлеңдер оқып үйренгені жақсы. Оқушыларды барлығымыз бір
Қазақстанда тұрғандықтан ағайын екенімізді оларды ажыратып бөлмей тату
болып өмір сүруіміз керек деген сезім қалыптастыруымыз керек. Осы жолда
автор өлеңіде көрсетіп жазылған.
Бұл мәтіндегі негізгі ой – туған жеріне деген ыстық махаббаты,
сағынышы. Қартқожаның өз еліне, жеріне деген сағынышы. Ол туған жерінен
ұзап көрмеген басқа жат елде жүріп өзінің елін сағынады. Осы еліне, жеріне
деген сағынышы оның ыстық махаббатын оятады. Сол секілді оқушыларымызды жат
елде жүрсекте өз жерімізді, елімізді ұмытпай оның топырағын сағынып отанды
сүюге тәрбиелеу еді.
Осындай тақырыптар арқылы бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке
тәрбиелеуге болады. Бұл тақырыптарда оқушылардың сана-сезімі дамып отанға,
жерге деген сүйіспеншіліктері артады. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері
бабамыздың бізге қалдырған бай мұрасы ана тілімен Отан деген ұғымдар бір-
бірінен ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгінгі мен болашағына
немқұрайлы қарайтын адамдар өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт
қарайды. Елін сүйген адам сол елдің салт санасын мәдени мұрасын қастерлеп,
өнеге тұтуы тиіс. Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық
үшін алысып, ұлы тұлғалардың ел тәуелсідігі жолындағы ерлік істерін
ұғындыру мақсатында тәрбиелеу қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Әдебиеттік оқу пәнінің, көркем шығарманы оқыту мен талдаудың негіздері
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Пәндер