Әңгіме және анкета әдістерінің негізгі ережелері
Қазақстан Республикасның Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология кафедрасы
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әңгіме және анкета әдістерінің негізгі ережелері
Орындаған: Мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелеу мамандығының 2 курс
студенті Өтеулиева М.А.
Тексерген: Қадыржанова Ж.Е.
Орал, 2014ж
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Анкеталық сұрау алу әдістері
2. Әңгімелесу әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір
сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік
топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету
механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған
мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер
дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу
мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық,
методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы.
Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын
білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды
айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға
көмектеседі;
- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық
тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді
зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.
Социологиялық зерттеулер біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді
арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.
Социологияның зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму
заңдылықтары, яғни индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-
қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу
пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды
бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін
құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу -
зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті
заңдылықтарын анықтау мақсаты алға қойылған теориялық - бағдарлық
әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен
өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді,
ал мақсаты әлеуметтік жүйелер мен процестерді іс жүзінде басқару болып
табылатын қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні ұғынылған нысаннан
өмір шындығына жету түрінде болады.
Социология қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен
қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық
проблемаларын түгел қамтуға тиіс.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың
тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің
(мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың,
мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы
практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес нақтылы-қолданбалы ұғымға
ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық болжамдарды
дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады.
Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдістері бар. Олар:
1) сұрақ алу әдісі;
2) бақылау әдісі;
3) тәжірибе жүргізу әдісі.
4) анкеталық әдіс.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Анкеталық сұрау алу әдістері
Анкета ( enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) –
өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл
осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату)
болуына байланыссыз болады. Анкета үш бөлімнен тұрады: кіріспе
бөлім, негізгі ( мазмұнды бөлім) бөлім және әлеуметтік –
демографиялық бөлім.
Кіріспе, әдетте, респондентке қысқаша хабарласудан тұрады; Сіздің
сауалнамаға қатысуыңызды өтінеміз. Сізге сұрақты оқып шығып,
өзіңіздің пікірлеріңізге сәйкес келетін жауаптың реттік номерін
шеңбермен қоршауыңыз немесе өз жауабыңызды бос жолға жазуыңызға
қажет. Нәтижелер компьютерде өңделеді, сондықтан анкетада фамилияны
көрсетудің қажеті жоқ. Сұрақтардың бірде-біреуін жауапсыз
қалдырмауыңызды сұраймыз. Қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Кіріспе бөлімде сондай-ақ мынадай әңгімені бастайтын, оған
әңгімелесуші респондентті жетелейтін жетелегіш - сұрақтар да
орналасады. Олардың міндеті – респондентті қызықтыру, талқыланатын
проблемаға енгізу.
Барынша күрделірек, талдауды, ойлануды, жадын жаңғыртуды талап
ететін сұрақтар анкетаның ортасына орналастырылады (негізгі бөлім).
Мұнда әрбір сұрақтың сапасын мұқият талдау қажет:
а) не туралы сұрауды;
ә) неліктен тап осыны;
б) қандай формада;
Әрбір сұрақ бойынша мынаны ескеру керек: сұрақ зерттеу
тақырыбына жұмыс істей ме?. Сұрақ сауал қойылып отырған адамға
зерттеуші көздегендей мағынада ұғыныла ма? Сұрақ төтеннен болып
табылмай ма? Оң және теріс позициялары тепе-теңдігі сақталған ба?
Сұралатын адамға теріс эмоция тудырмай ма? (Өзіндік сезіміне әсер
етеді, интимдік жақтарына кіреді, әр түрлі қауіптену сезімін
тудырады т.б.)
Сондай-ақ сұрақтарды орналастыру принциптерінің сақталуына да
назар аударылады ( байланысы, күрделі, қарапайым, салмақ түсіретін).
Бір сарындылық сезімін шақыратын біркелкі сұрақтар жинақталып қалған
жоқ па? Анкетаның көлемі респондент пікірін айта алатындай және
жалықпайтындай болуы керек, тәжірибе көрсеткендей ең оңтайлы жұмыс
мерзім 20-30 мин болады.
Анкетаның үшінші бөлімі әлеуметтік демографиялық (паспортичка).
Бұл сұралатын адамның объективті жағдайы мен мәртебесі туралы
сұрақтар блогы. Мұндай мынадай сұрақтар қойылады:
11. Сіздің жынысыныз:
11.1. Ер 11.2. Әйел
12. Сіздің жасыныз:
12.1. 18 жасқа дейін 12.2. 21 жасқа дейін және т.б.
13. Сіздің біліміңіз:
13.1. Орташа 13.2. Жоғары 13.3. Жартылай жоғары
14. Сіздің кәсібіңіз: ( осындай схемада респонденттердің ықтимал
кәсібі аталады).
Қорытындыда жұмысқа ( анкетаға ) қатысқаны үшін тағы да алғыс айту
қабылданған.
Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл
әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың
мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық
құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат
(интервью) жатады.
Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі сұрақ-жауап жүйесі логикалық
көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және
сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.
Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға
негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің
бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік
тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе,
мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.
Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті,
анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі.
Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.
Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені
жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.
Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды
орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы
неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін
анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген
жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында
зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына
анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық
индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді. Заттық мазмұнына қарай
сұрақтарды мынандай категорияларға бөлуге болады:
- деректер жайлы сұрақтар - әлеуметтік құбылыстар, өндірістегі хал-
ахуал, қоршаған орта жайлы, сұралушының жеке басына қатысты мағлұматтар
алу;
- білімі туралы сұрақтар – сұралушының белгілі бір сала бойынша
білімінің деңгейін анықтау мақсатындағы емтихан типтес сұрақтар болып
келеді;
- пікір жайлы сұрақтар - сұралушының деректерді қабылдауы, болашақ
туралы тілектері, жоспарлары жайлы болып, өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz