Әскери шендер мен атақтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Әскери шендер мен атақтар
Әскери шен — Қарулы Күштер қатарында қызмет етушілерге әскери
мамандығына, қызмет бабына, сіңірген еңбегіне, әскери және арнайы
дайындығына, әскери қызмет түрлеріне қарай арнайы берілетін шен. ҚР Қарулы
Күштерінің әскери шені Қазақстан Республикасының “Жалпыға ортақ әскери
міндеттілік және әскери қызмет туралы” (1993 жылы 19 қаңтар және 1995 жылы
14 қараша) заңына сәйкес төмендегідей болып бөлінеді: солдаттар мен
матростар — қатардағы солдат, ефрейтор, матрос, аға матрос; сержанттар және
старшиналар — кіші сержант, сержант, аға сержант, старшина, 2- және 1-
статьялы старшина, бас старшина, корабль бас старшинасы; прапорщиктер мен
мичмандар — прапорщик, аға прапорщик, мичман, аға мичман; кіші офицерлер —
кіші лейтенант, лейтенант, аға лейтенант, капитан, капитан-лейтенант; аға
офицерлер — майор, подполковник, полковник, 3-, 2- және 1-дәрежелі капитан;
жоғары шенді офицерлер — генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-
полковник, контр-адмирал, вице-адмирал, адмирал, армия генералы және
Қазақстан Республикасының Маршалы. Медицина немесе заң саласындағы әскери-
есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери шеніне “Медицина қызметінің
...”, “Әділет қызметінің ...” деген анықтауыш сөз қосылады. Авиацияның
жоғары офицерлер құрамының әскери шеніне “Авиацияның ...” деген сөз
қосылады. Ұлан бөлімдерінде, ұлан кемелерінде қызмет ететін әскери
қызметшілердің әскери шенінің алдына “Ұланның ...” деген сөз қосылу арқылы
ерекше ұландық атақ беріледі. Запастағы азаматтардың әскери шенінің алдына
“Запастағы ...”, ал отставкадағылардың атақтарына тиісінше “Отставкадағы
...” деген сөз қосылады. Жоғары шенді офицерлер құрамына әскери шенді ҚР
Президенті береді. Басқа әскери шен беру тәртібі әскери қызмет атқару
туралы арнайы нұсқауларда көрсетілген. Әскери қызметшілер мен әскери
міндеттілердің әскери шені ҚР Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғысы мен
әскери қызмет атқару туралы нұсқауларда көрсетілген тәртіп бойынша алынып
тасталуы немесе қалпына келтірілуі мүмкін.
Әскери қызметшілердің погондары мен шағын погондары үлгілерінің
сипаттамасы мен суреттері
Погондар, ілмектер мен шағын погондар мыналарға бөлінеді:
1) арналуы бойынша - ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті,
далалық және жұмыс киім-кешегі үшін;
2) бекіту тәсілі бойынша - жапсыра тігілетін, алмалы-салмалы
(муфталарда).
 
Погондар мен шағын погондардың көлемдері:
1) жапсыра тігілетін және алмалы-салмалы погон - ұзындығы 10,0-16,0
см, ені 5,0 см;
2) алмалы-салмалы погондар (муфталарда) - ұзындығы 10,0-13,0 см,
төменгі жиегі бойынша ені 5,5 см, жоғарғы жиегі бойынша - 5,0 см;
3) шағын погондар - ұзындығы 5,0 см, ені 5,0 см.
Салтанатты погондардың негізіне алтын түстес ұлттық өрнектің бейнесі
орналастырылады, күнделікті погондардың негізі - алтын түстес көмкерілген.
Әскери қызметшілер погондарының негізі көмкерілген. Көмкерме ені - 2
мм. Погонның жиегінен көмкерме жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.
 
Погондардың төменгі бөлігіне мыналар орналастырылады:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысында
- алтындатылған зер және жібек жіппен кестеленген алтын түстес қалықтап
ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі
арақашықтық 8 мм;
2) жоғары офицерлер құрамында - алтындатылған зер жіппен кестеленген
алтын түстес қалықтап ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның
төменгі жиегіне дейінгі арақашыктық 8 мм;
3) аға офицерлер кұрамында - ені 5 мм екі көлденең жолақ, погонның
төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм,
жолақтар арасындағы арақашықтық - 2 мм, жолақтардың түсі көмкерме түсі
бойынша;
4) кіші офицерлер құрамында - ені 5 мм бір көлденең жолақ, погонның
төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм,
жолақтың түсі көмкерме түсі бойынша;
5) келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
өткеретін сержанттарда (старшиналарда), сарбаздарда (матростарда), орта
және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарында әскери атағына сәйкес
мыналар орналастырылады:
-ішінен тігілген не металл көлденең жапсырмалар;
-ішінен тігілген не металл көлденең жапсырмалар мен әріптер (зәкір).
Бұрыштары жоғары қаратып погоннын осьтік сызығы бойына тік
орналастырылған бұрыштамалар түріндегі жапсырмалар. Жалпақ жапсырманың ені
- 15 мм, жіңішке жапсырманың ені - 7 мм, жапсырманың ұзындығы - 30 мм,
жапсырмалар арасындағы арақашықтық - 2 мм, погонның (шағын погондардан
басқа) төменгі жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық
- 8 мм.
Әріптердің (зәкірдің) биіктігі - 20 мм, погонның (шағын погондардан
басқа) төменгі жиегінен әріптердің (зәкірдің) төменгі жиегіне дейінгі
арақашыктық - 8 мм. Әріптерді (зәкірді) жапсырмалармен бірге пайдаланған
жағдайда әріптің (зәкірдің) жоғарғы жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне
дейінгі арақашықтық - 2 мм.
Шағын погондардағы жапсырмалар мен зәкірлер погондардағыға ұқсас,
шағын погондардың төменгі жиегі мен жапсырмалар мен зәкірлердің жиегіне
дейінгі арақашықтық - 5 мм. Зәкір мен жапсырмаларды бірге пайдаланған кезде
ол жапсырмалардың жоғарғы жағына бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен
әскери құралымдары әскери қызметшілерінің погондарындағы жолақтардың,
көмкермелердің, негіздер мен жапсырмалардың түсі 2-қосымшаға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының
погондарына погонның ортасындағы осьтік сызығы бойына - алтындатылған зер
және жібек жіппен кестеленген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Елтаңбасының бейнесі орналастырылады (диаметрі - 35 мм), погонның төменгі
жиегінен Елтаңбаның ортасына дейінгі арақашықтық - 60 мм (183-сурет).

183-сурет
Жоғары офицерлер құрамының (адмиралдардан басқа) погондарына әскери
атағына сәйкес погонның ортасындағы осьтік сызығы бойына алтындатылған зер
жіппен кестеленген алтын түстес жұлдыздар орналастырылады, қызыл түсті
көмкерме (авиацияда және Аэроұтқыр әскерлерінде - көгілдір түсті көмкерме)
салынған немесе оларсыз, погонның төменгі жиегінен жұлдыздың ортасына
дейінгі арақашықтық 30 мм ("генерал-майор" әскери атағында - 55 мм), погон
бойындағы жұлдыздар орталықтарының арақашықтығы - 25 мм. Кестеленген
жұлдыздардың диаметрі - 22 мм (184-сурет).

 

184-сурет
Адмиралдардың погондарына әскери атағына сәйкес жұлдыз ортасындағы
қара түсті бесбұрышта орналасқан алтын түстес зәкірлері бар погонның осьтік
сызығы бойына орналастырылған сұр немесе қара түсті сәулелерге салынған
алтындатылған зер жіппен кестеленген жұлдыздар орналастырылады. Погондарға
сары немесе қара түсті көмкерме салынған, погонның төменгі жиегінен бірінші
жұлдыздың ортасына дейінгі арақашықтық 30 мм ("контр-адмирал" әскери
атағында - 55 мм), погон бойындағы жұлдыздар орталықтарының арақашықтығы -
25 мм.
 Аға офицерлер құрамының погондарына алтын түстес металл жұлдыздар
орналастырылады, жұлдыздар диаметрі - 20 мм (185, 186, 187-суреттер).

185-сурет

186-сурет

187-сурет
Жұлдыздар әскери атағына сәйкес орналастырылады:
1) полковниктерде (1-дәрежелі капитандарда) - үш жұлдыз, олардың
төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі
жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі
арақашықтық - 35 мм, үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы
екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25
мм;
2) подполковниктерде (2-дәрежелі капитандарда) - екі жұлдыз, погонның
осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған,
погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 35 мм;
3) майорларда (3-дәрежелі капитандарда) — бір жұлдыз, погонның осьтік
сызығы бойына орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына
дейінгі арақашықтық - 55 мм.
 Кіші офицерлер құрамының погондарына алтын түстес металл жұлдызшалар
орналастырылады, жұлдызшалардың диаметрі - 13 мм (185, 186, 187-суреттер).
Жұлдызшалар әскери атағына сәйкес орналастырылады:
1) капитандарда (капитан-лейтенанттарда) - төрт жұлдыз, олардың
төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі
жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі
арақашықтық - 30 мм, үшінші және төртінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы
бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының
арақашықтығы - 20 мм;
2) аға лейтенанттарда - үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның
осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған,
погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм,
үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары,
погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25 мм;
3) лейтенанттарда - екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі
арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен
жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм.
 Келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
өткеретін сержанттардың (старшиналардың), сарбаздардың (матростардың) (орта
және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарынан, Кадет корпусының және
"Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінен басқа) погондарына
әскери атағына сәйкес жапсырмалар орналастырылады (188, 189, 190-суреттер):

188-сурет

189-сурет

190-сурет
1) шебер-сержанттарда (шебер-старшиналарда) - екі жалпақ және бір
жіңішке жапсырма;
2) штаб-сержанттарда (штаб-старшиналарда) - екі жалпақ жапсырма;
3) бірінші сыныпты сержанттарда (бірінші сыныпты старшиналарда) - бір
жалпақ және үш жіңішке жапсырма;
4) екінші сыныпты сержанттарда (екінші сыныпты старшиналарда) - бір
жалпақ және екі жіңішке жапсырма;
5) үшінші сыныпты сержанттарда (үшінші сыныпты старшиналарда) - бір
жалпақ және бір жіңішке жапсырма;
6) аға сержанттарда (бас старшиналарда) - бір жалпақ жапсырма;
7) сержанттарда (бірінші сатылы старшиналарда) - үш жіңішке жапсырма;
8) кіші сержанттарда (екінші сатылы старшиналарда) - екі жіңішке
жапсырма;
9) ефрейторларда (аға матростарда) - бір жіңішке жапсырма.
Қатардағы жауынгерлердің (матростардың) погондарында әскери атақтары
бойынша айырым белгілері көрсетілмейді.
Орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының (Әскери-теңіз
күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің
курсанттарынан басқа) погондарына - "К" әрпі, жапсырмалар әскери атағына
сәйкес орналастырылады (191-сурет):

191-сурет
1) аға сержанттарда - бір жалпақ жапсырма;
2) сержанттарда - үш жіңішке жапсырма;
3) кіші сержанттарда - екі жіңішке жапсырма;
4) ефрейторларда - бір жіңішке жапсырма.
Қатардағы жауынгерлер мен курсанттардың погондарында әскери атақтары
бойынша айырым белгілері көрсетілмейді.
 
Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің
теңіз бөлімдері орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының
погондарына (шағын погондарына) - зәкір, жапсырмалар әскери атағына сәйкес
орналастырылады (192-сурет):      
1) бас старшиналарда - бір жалпақ жапсырма;
2) бірінші сатылы старшиналарда - үш жіңішке жапсырма;
3) екінші сатылы старшиналарда - екі жіңішке жапсырма;
4) аға матростарда - бір жіңішке жапсырма.
Матростар мен курсанттардың погондарында әскери атақтары бойынша
айырым белгілері көрсетілмейді.
 Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің әскерге
шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін старшиналары мен матростарының
зәкірсіз погондарына (шағын погондарына) погондарға ұқсас жапсырмалар
орналастырылады (193-сурет).

193-сурет
Кадет корпусы тәрбиеленушілерінің погондарына, "КК" әріптері, "Жас
ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің погондарына "ЖҰ" әріптері
орналастырылады (194-сурет).

194-сурет
Жапсыра тігілетін және алмалы-салмалы погондарда (муфталардағы
погондардан және шағын погондардан басқа) диаметрі 14 мм алтын түстес
нысанды түйме орналастырылады, погонның жоғарғы жиегінен түйменің ортасына
дейінгі арақашықтық 10 мм. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары — Қазақстан
Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі
жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапаттары.
Сондай-ақ, мемлекеттік наградаларды республикаға сіңірген еңбегі үшін
шет ел азаматтарының да алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар Жарлығына (23.01.1996) сәйкес
мемлекеттік наградалармен Қазақстан Республикасының Президенті
марапаттайды.
Ең жоғары наградалар
Алтын Қыран ордені
Алтын Қыран — Қазақстан Республикасы жоғары дәрежелік ерекше
белгісі. 1995 ж. белгіленді.
Бұл орденмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратурадағы қызметті ашу
Прокуратура органдарын қаржыландыру
Прокуратураның тарихы
Прокуратура органдарындағы қызметтер
Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі
Ататүріктің әскери қызметі
Қосымша жазаны қолдану мәселелері
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік қызмет белгілері
Пәндер