Әр жас топ балабақшасында балаларды жапсыруға үйрету


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы :
««Әр жас топ балабақшасында балаларды жапсыруға үйрету»»
Пәні: « Бейнелеу өнері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері және
әрекеті арқылы шығармашылығын дамыту
2. Жапсыру әрекеттерінің мақсаттары мен міндеттері
3. Аквариумдағы балықтар оқу іс-әрекеті
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.
Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері және еңбекке баулу іс-әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондақтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.
Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен оъектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда, басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттар мен құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып қояды, бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.
Негізгі бөлім
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері
әрекетті арқылы шығармашылығын дамыту
Мектепке дейінгі балаларда болатын шағырмашылықтың екінші белгісі-затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: сабақта балаларды қоршаған ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану керек. Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты. Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т. б үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.
Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңде педагогикалық теория мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі. Мектепке дейінгі кезенде шығармашыл тұлғаны қараудағы басты резервтердің бірі - әр түрлі көркем шығармашылық әрекеттердегі шығармашылықтар, олар:
- сурет салудың дәстүрден тыс техникасы, мүсіндеу, жапсыру;
- коллаж, трафаретпен жұмыс, қол еңбегі, құрастыру, қағаз пластика, оригами, макет жасау.
Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым, тастар, құс қауырсыны, ағаш бұтағы, гүлдер т. б. қызмет етеді. Балалар өзінің жұмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін, қасиетін таниды. Мысалы: жаңғақ - домалақ, қатты, қоңыр т. б. Біздің бала-бақша «Қарлығаш» бағдарламасымен жұмыс істейміз. «Қарлығаш» бағдарламасында ермексаз, саусақ далап, жіп, балауызбен және т, б, сурет салу қарастырылған. Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. Мысалы: «Сия тамшысы графикасы» техникасында сурет салу балаларға түрлі дақты құс, ақ балыққа айналдыру, олар жайында сюжет ойластыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деғен рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.
2. Жапсыру әрекеттерінің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру іскерліктерін қалыптастыру және мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
- үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету;
- балаларға қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету;
- заттардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен және оларды орындау техникасымен таныстыру.
- жапсыру техникасы дағдылары мен ептіліктерін дамыту.
Жапсыру әрекеттері арқылы алаларды көкөністер мен жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды бейнелеуге және үлкендер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесуге үйретеді.
Заттар мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру заңдылықтарымен танысады (элементтердің бірізділігі мен арақашықтығын сақтау), сонымен қатар әртүрлі пішіндегі қағазға қазақтың «Қойдың ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйренеді.
Жапсыру әрекеттері арқылы қылқаламға желімді ұқыпты жағып алу, клеенканың үстінде пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамытады, қағаздың ерекшеліктерін нақтылайды. Қайшымен жұмыс жасау ережелерімен танысады.
3. Аквариумдағы балықтар оқу іс-әрекеті
Мақсаты:Аквариум туралы түсінік беру, геометриялық пішіндерден денелер қиып, парақ бетіне ұқыпты, таза жапсыруға үйрету. Басқа сабақтармен байланыстыру, өлең жаттау, жұмбақтар шешу. Қол қимылын жаттықтыру.
Көрнекіліктер: Аквариумдағы балықтар, магнитті қармақ, қатты картоннан жасалған балықтар, табиғат бейнесі, т. б.
Құралдар: Түрлі - түсті қағаздар, картон, желім, қайшы, фламастер.
Сабақ барысы: Балаларды сабаққа ұйымдастыру.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Шаттық шеңбері
Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қайырла таң Жер - Ана,
Қайырла таң, көк аспан.
Қайырла таң, достар,
Қайырла таң Апайлар!
* Сәлеметсіздер ме? Балалаларды қонақтармен амандастыру.
(Балалар орындарынан тұрып амандасады)
Бойымызды тік ұстап әдемі болып отырамыз.
- Балалар жылдың қазір қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Күн салқын, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып, желмен ұшып жерге түседі.
* Күз мезгілінің ай аттарын атайық
* Қыркүйек, қазан, қараша
* Қазір қандай ай?
* Қараша
* Бүгін қарашаның нешесі?
* Қараша айының он бесі
* Аптаның қай күні?
* Аптаның бірінші күні дүйсенбі
* Дүйсенбіде бізде жапсыру сабағы
* Жапсыру сабағында бүгін біз не жапсырады екенбіз.
(Ғажайып сәт - Орамал астына жасынған аквариумдағы балықтар)
Балаларды таңқалдыру
* Бұл не? Кәне, көрейікші.
* Аквариумдағы балықтар екен.
* Олай болса, бүгін біз жапсыру сабағында аквариумдағы балықтарды жапсырамыз.
* Жапсырамыз ба?
* Жарайды, жапсырамыз.
* Балалар біздер білеміз, балықтар сусыз тіршілік ете алмайды, корегінде судан табады, -деп қысқаша түсінік беремін.
Ал, аквариумдағы балықтардың тыныс - тіршілігін күнде біз топта бақылап жүрміз. Олардың да тіршілігі көлдегі, өзендердегі балықтарға ұқсас, тек олар біздің топта шыны аквариумда өмір сүреді, біз оларға күтім жасаймыз. Аквариумды жуып тазалаймыз, тамағын саламыз, балалаған балықтарды басқа аквариумда ұстап, өскеннен кейін қосамыз т. с. с. жұмыстарын балалармен бірге бақылап отырып жасаймыз.
Сурет бойынша әңгіме «Тәккәппар балық» Балаларға оқып, әңгімелеп беремінде сұрақтар қойып жауап аламын.
Тәккәппар балық.
Жөнімді өзім білем - деп,
Сусыз - ақ өмір сүрем - деп,
Құрлықты балық мақтапты,
Теңізін туған даттапты.
Бір күні күшті жел тұрып,
Тулады теңіз жұлқынып.
Тәккәппар әлгі балықты
Құшаққа құрлық алыпты.
Жел кептіріп денесін,
Күн құрғатып өңешін,
Желбезегі желпілдеп,
Аузын ашып су тілеп
Жылапты зарлап «уһілеп»:
- Мөлдір суым, мекенім,
- Енді қайтсем, жетемін?!
Қадіріңді білмедім,
Неге шалқып жүрмедім?!
Тыңдамап едім ешкімді,
Қателігімді кеш білдім,
* деп «Тәккәппар балық» құрлықта жатып өліпті.
* Сіздердің алдарыңызда желім, қайшы, сары, жасыл, көк, қызыл, қоңыр түсті қағаздар бар.
* Кәне, соларға көңіл аударып, жапсыру жұмысына кірісейік.
Көк фонды аквариум деп алып, ішінде тасты қоңыр түстен, шөптерін жасыл түстен, балықтың денесін сары түстен қанатын, құйрығын қызыл түстен қағаздан қиып, желімдейміз. Қию кезінде ескеретін жайт балықтың денесін сары түстен сопақша етіп қиамыз, құйрық қанатшаларын үшбұрыштап қиамыз. Дайын болған тас, шөп, балықтарымызды әдемілеп аквариумға орналастыра отырып, таза етіп желімдейміз. Аквариумдағы балықтарымыз, біздің жұмыстарымыз қандай әдемі болды. (Балаларды мадақтау)
Сергіту минуты: Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Жасырынды көбелек.
Күннің көзі ашылды,
Көбелектер шашылды.
Жұмбақ жасыру:
1. Аяғы жоқ жүрмейді, қанаты жақ ұшпайды,
Жер бетінде өмір сүре алмайды. (Балық)
2. Суда оның өмірі,
Суда оның корегі. (Балық)
Балық туралы өлең жаттау
Суда балық өріп жүр,
Бір-біріне еріп жұр.
Қармағымның жоғына,
Бәрі бірдей сеніп жүр.
Ойын: «Не қайда болады?»
Балықтар, аққу, бақа, қоңыз, көбелек, табиғат, су, жасыл шөп.
Суда - балықтар, аққу, бақа болады.
Шөпте - қоңыз, көбелек болады.
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, талдау жасау.
Кімнің жұмысы саған ұнайды, несімен ұнайды?
Әңгімелету, балаларға бағалату.
Сергіту минуты: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Су құйғанда ағашқа,
Ағаштар биік өседі.
Сабақты қорытындылау: Ойын «Балық аулау»
Магнитті қармақ, балықтар артында қорытынды сұрақтар жазылған.
Қармақпен балықтарды аулай отырып, сұрақтарға жауап алу.
1. Бізде қандай сабақ болды?
2. Сіздер не жапсырдыңдар?
3. Балық туралы өлең білесіздер ме?
4. Сіздердің топтарыңда аквариум бар ма?
5. Аквариумдар нелер болады?
6. Балықтарға қандай күтім жасайсындар?
7. Сабақ сіздерге ұнады ма?
Осы сабақтан естерлік ретінде мына әдемі балықтарды сіздерге таратып берейін. Осымен сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. - Алматы қ., 1999.
- Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы (бірнеше томдық) . Алматы, Жалын, 1989 ж. М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ө. Тұрманжанов, Е. Өтетілеуов.
- Халық педагогика негіздері. С. Ғаббасов, Алматы, 1985 ж.
- Төленбаев С, Өмірбекова М. Ою-өрнектер кұрастырудың тәсілдері. Алматы: Қанағат ЛТД; Қазақстан, 1993.
- С. С. Лебедева, Л. М. Маневцова Управление инновационным дошкольным образовательным учреждением в условиях социального партнерства, Санк-Петербург, «Детство-пресс», 2005.
- Средообразовательный процесс и становление личности, Материалы международной научно-практической конференции, Костанай, 2003.
- В. И. Мигаль, Е. А. Мигаль, Управление современной школой, Изд. «Учитель», 2005.
- Майлз Дауни Эффективный коучинг. Уроки тренера коучей. М., 2005.
- «Балбөбек» бағдарламасы
- «Отбасы және балабақша»
- «Білім шапағаты»
Күзгі көрініс
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласы,
Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз"балабақшасы
Ортаңғы топ тәрбиешісі: Жумабаева Венера Мирамбекқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Жапсыру»
Тақырыбы: «Күзгі көрініс»
Мақсаты: Балаларға табиғи материалдың түрлерін, дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып жапсыруға үйрету.
Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық іскерліктерін дамыту, сұраққа жауап беруін эмоционалды сөйлеуін қолдау. Ұжымдық жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ -жауап, қызықты сәт,
мадақтау, қайталау.
Көрнекі құралдар: Ватман, губка, ағаш бұтақтары, жаңқалар, жапырақтар, желім, қайшы.
Сабақ барысы:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.
- Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы күн қонақтар!
Қайырлы күн достарым!
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем, сәлем, сәлем.
Балалар бойымызды тік ұстап әдемі болып тұрамыз.
Жарайсыңдар Балалар! Тамаша!
Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келеме? Ендеше мен сендерді орманға табиғат аясына саяхатқа апарғым келіп тұр.
Балалар қарайықшы ормандағы табиғат қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Бәріміз осы таза ауамен терең демалып алайықшы. Керемет!
• Балалар мұнда нені көріп тұрмыз?
* Қарды, жапырақтарды, талдарды.
• Қазір жылдың қай мезгілі басталды?
• Қыс мезгілі
• Дұрыс-ақ. Ал жылдың қай мезгілі аяқталды?
• Күз мезгілі
• Қыс мезгілінде балалар неше ай бар?
• Қыс мезгілінде 3 ай бар.
• Қандай қандай (желтоқсан, ақпан, қаңтар)
• Жарайсыңдар балалар!
• Қыс мезгілі несімен қызық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz