Агрессиялық мінез – құлықтың феноменологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 Жасөспірімнің агрессиялық мінез - құлқының негізгі мәселелерін зерттеу теориясы

1. 1 Агрессия және агрессиялы түсініктері, негізгі теориялыққадамдары . . . 6

1. 2 Жасөспірімдік шақтың психологиялық ерекшеліктері . . . 18

1. 3 Жасөспірім шақтағы агрессияның спецификасы . . . 25

2 Агрессиялық мінез - құлықтың феноменологиясы . . . 29

2. 1 Жасөспірім мінез - құлқындағы агрессияның себептері мен жою жолдары . . . 29

2. 2 Жасөспірімнің агрессиялығының коррекциясы мен профилактикасы . . . 35

2. 3 Жасөспірімдердегі агрессиялық тәртіп . . . 38

3-тарау Тәжірибелік бөлім . . . 48

Қорытынды . . . 54

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 57

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі заманда болып жатқан әлеуметтік кризистік процесстер адамдардың психологиясына кері әсер етеді, содан келіп агрессия, ашу, қатыгездік және зорлық - зомбылық туындайды.

Агрессия мәселесі қазіргі заман технологиясының маңызды мәселелерінің бірі.

Мемлекеттің ауыр экономикалық жағдайы біздің қоғамды ішкі араздықпен қиындықтарға, адамгершіліксіз қадамдардың көптеген формалары және олардың кең таралуына, қылмыскерлікке әкеліп отыр. Солардың ішінде прогрессиялық жатсыну, үлкен алаңдатушылық, балалардың рухани азуы ғана емес, сонымен қатар, олардың арсыздығы, мейірімсіздігі, агрессивтілігі ерекше үрей тудырады.

Статистикаға сүйенсек, әртүрлі әлеуметтік және демографиялық топтардың агрессиялық мінез - құлқы өсуде. Бұл ароцесс, баланың балалық шақтан ересектікке өту шекарасы-жасөспірім шақта неғұрлым қатты көрінеді. Әсіресе осы шақ жасөспірімдер үшін ауыр тиді.

Негізінен қоғамды алаңдатып отырған жасөспірімдердің агрессивтілігі, педагогтардың, ата-аналардың, сонымен қатар, зерттеушілердің күшті ғылыми-практикалық қызығушылығын тудырып отыр. Бірақ жастардың агрессиялық әрекеттерін түсіндіру қадамдары, тек қана қоғамдық санада ғана емес, сонымен қатар, кәсіби орталарда және көптеген теориялық концепцияларда агрессия құбылысы, оны түсінуге және агрессивтілікті жоюға әсерін тигізу мүмкіндігіне қарсы келетін түсінікке ие болатын, үлкен қиындық туғызады.

Толғандыратын жағдай асоциалды әрекеттерден (алкоголизм, норкомания, қоғамдық тәртіптің бұзылуы, бандализм) көрінетін кәмелетке толмағандардың мінез - құлықтарының белгілері. Үлкендерге қарасты шамданған және қар көрсету әрекеттері күшеюде. Қатыгездік және агрессиялықтың шекті түрлері көріне бастады. Жастар арасында қылмыскерлік тез өсті. Агрессиялық мінез - құлықтың жаңа түрлері пайда болуда: жасөспірімдер әскери түрдегі саяси экстремистер ұйымына, рэкеттерге, мафиялар және т. б қатарына қосылады.

Өткенмен салыстарғанда жасөспірімдердің арасындағы алауыздық пен агрессиялық өршуде.

Агрессия - реакция, нәтижесінде басқа организм ауырсыну стимулдарын алады. (Buss A. ) [1]

Жасөспірімдер ортасының агрессиялық тенденциясы біздің қоғамымызда, соңғы жылдары жастар қылмысы, әсіресе жасөспірімдер қылмыстары өскен, әлеуметтік маңызды сұрақ болып тұр. Жасөспірімдердің қатыгездік сипаттамада көрініс табатын топтық төбелестері жиілеуде. Сондықтан бұл мәселені біз актуалдық деп санаймыз.

Экономика дестабилизациясы, өндірістің құлауы, мемлекеттегі өмір дәрежесінің төмендеуі, құндылықтың ескі жүйесінің бүзылуы және стереотип, тұлғаның қоғаммен қатынасын бақылау, - мұның бәрі Қазақстан халқына ауыр тиеді, оның әлеуметтік өзін - өзі сезінуіне әсер етеді.

Жасөспірімдік кезең-адамның қалыптасыуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста баланың мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Қалыптасу салдарынан, жасөспірімдер ересектерге жоғарғы талаптарды қоя бастайды және онымен «ересек адамдай» теңдей қарым-қатынас жасауын, өзінің құқығын кеңейтуді талап етеді. Ересек адамдар тарапынан болатын түсінбеушілік реакциясына жасөспірімдерде көптеген назарлықтың, бағынбаушылықтың, тыңдамаушылықтың түрлері көбеюі, бой ұсынбауы сияқты жағымсыз әрекеттері ашық түрде көрінеді.

Р. Бэрон және Р. Ричардсон былай деді: «біздің агрессиялық мінез-құлқымызда, әлеуметтік ортадағы адамдармен олардың қатысуы әсер етеді». [2]

Кәмлетке толмағандардың өзгерістері және мінездемелік ерекшеліктерінің түрлері психологтардың кәсіби қызығушылығын талай жылдан бері, жоғарғы дәрежеде арттырып отыр. Бұған жасөспірімдердің мінез - құлқын зерттеуге арналған көптеген еңбектер дәлел бола алады.

Ал психолог зерттеуші А. Ұ. Ескендірова «Түрлі факторларға байланысты жасөспірімдерде агрессивтіліктің пайда болуының психологиялық ерекшеліктері» атты зерттеуінде агрессивтіліктің пайда болуының себептерінің бірі-отбасында да, мектепте де, араласатын ортасында да ынтымақты қарым-қатынас орнатылмауынан жасөспірімдерге еріксіз күш қолданып, жазалауынан деп түйіндейді. [3] Соңғы жылдар ішінде педогог пен психологтар диогностика және жасөспірімдердің құқық бұзушылығы жайында көптеген зерттеулер жүргізді. Бұған Абрамова Г. С., Беличева С. А., Бехтерев В. М., Дубринова И. В., Знакова В. В., Ковалева А. Г., Кона И. С., Кондрашенко В. Т., Личко А. Е., Платонова К. К., Андреева Г. М.,

Еникополов С. В., Колчина Л. П., Левитов Н. Д., Романин Е. В., Рощин С. Е., Румянцева Т. Г., Басс Д., Бандура З., Фрейд З., және т. б еңбектері арналған.

Агрессия мәселесін зерттеумен сонымен қатар Қазақстандық Ақажанова А. Т., Ескендірова А. Ұ., Жаманбалаева Ш. Е., Ахтаева Н. С. Әбдіғаппарова А. І., Бекбаева З. Н., Айгерім Қарамурзаева., және т. б. ғалымдар айналысқан.

Зерттеушілерге ортақ мәселе аспектілері: биологиялық және әлеуметтік агрессия детерминанты, оны игеру мен бекітудің механизмі, агрессияның пайда болуын анықтайтын шарттар, агрессиялық тәртіптің жыныстық және индивидуалды ерекшеліктері, агрессияның алдын алу әдістері. Адам агрессиясына қатысты сұрақтыр көптеген психологиялық ерттеулерде қамтылған. Қоғамдағы барлық жоғарғы концентрацияның және бұл күрделі феноменнің бір мағыналы және адекватты ғылыми анықтамасы жоқтығы, маңызды теориялық және тәжірибелік тапсырма, қазіргі заманның актуалды мәселесі болып отыр.

Агрессия ерте балалық және жасөспірімдік шақта формалданады, дәл осы кез профилактика және коррекция үшін тиімді. Осымен - ақ жасөспірім агрессиясының актуалды тақырыбы түсіндіріледі.

Бірақ бұл жұмыстардың сараптамасы қолданыстағы профилактика тәжірибесі жасөспірімдердің агрессиялық мінез - құлықтары жайлы ескертпейтін мәселелерді толықтай шешпейтінін көрсетеді.

«Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқының» мәселесі ұзақ зерттеуді талап етеді, сондықтан осы мәселені өзіміздің пәніміз ретінде аламыз. Солардың ішінде прогрессиялық жатсыну, үлкен алаңдатушылық, балалардың рухани азуы ғана емес, сонымен қатар, олардың арсыздығы, мейірімсіздігі, агрессивтілігі ерекше үрей тудырады.

Зерттеудің мақсаты: жасөспірімдердің агрессиялығының себептері және оның ескерту әдістерін ұсыну болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Теориялық зерттеу негізінде негізгі ерекшеліктерді ашу

2. Жасөспірімдердің агрессивтілігінің пайда болуын зерттеу процесінде агрессивті тәртібінің психологиялық ерекшеліктерін ашу

Зерттеу пәні: балалардың жасөспірімдік шақтағы агрессиялық тәртібінің психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу объектісі: Талдықорған қаласының №11 орта мектебінің 6-8 сынып оқушылары.

Тапсырмалар:

  1. Жасөспірім кезеніне ортақ мінездеме беру, жасөспірімдердің мінез - құлықтарының ерекшеліктерін сипаттау;
  2. Агрессия түсінігіне анықтама беру;
  3. Жасөспірім кезеңіндегі агрессиялық мінез - құлықтың себептерін қарастыру;
  4. Жасөспірімдердің агрессивті мінез - құлқының профилактика өлшемің зерттеу;
  5. Мінез - құлықтағы агрессия дәрежесін Басс-Дарки әдісімен зерттеу;

6. Зерттелген әдістемені тәжірибеде қолдану .

Зерттеу әдістері: Осы берілген мәселені зерттеу кезінде әртүрлі әдістерді қолдандық - ғылыми-әдістемелік әдебиетті оқу, бақылау, агрессия дәрежесін анықтайтын Басс-Дарки әдістемесі.

1 Жасөспірімнің агрессиялық мінез-құлқының негізгі мәселелерін зерттеу

теориясы

1. 1 Агрессия және агрессиялы түсініктері, негізгі теориялық қадамдары.

Психологияда «агрессия» түсінігі артүрлі түсіндіріледі. Агрессияны зерттеген көптеген авторлар оған жағымсыз баға беруге тырысады. Бірақ агрессияға позитивті зерттеушілер көзқарастар да бар.

Жасөспірімдер ортасында агрессиялық беталыстың өсуі, соңғы жылдары жастардың қылмыс істеуі күр өсіп кетуі, әсіресе, жасөспірімдердің қылмыс істеуі көбейіп кеткен біздің қоғамның өткір әлеуметтік мәселелерінің көрінісі болып табылады. Тұлғаларға қарсы, артынан ауыр дене жарақаттарын қалдыратын қылмыстар санының фактісі алаңдатып отыр. Аяусыз сипатқа ие болған жасөспірімдердің топпен төбелесуі жағдайлары жиілеп кетті.

Бұл жағдайларда, жасөспірім жастағы балалардың агрессивті тәртібі мәселесінің анализі (талдауы) белсенді болып табылады. Мәселе, біздің елімізде, сонымен қатар, шет елдерде көптеген психологиялық жұмыстардың негізі болып табылады.

Агрессия (агрессиялар) әрқашан антигуманизм, күштеу, дөрекі күшке табыну бірден теріс бағаланады. Сонымен қатар, агрессиялық әрекеттерді жігерлі шабуылшылар ретінде айтатын және оларға өң баға беретін жағдайлары да бар. Бұл әдетте, егерде спорттық жарыстар кезінде болады: командада спорттық «ашу» немесе агрессивтіліктің жоқтығы, маңызды кемшілік ретінде бағаланады.

Бірақ, «оның агрессия» мамандықтың тар шеңберінде орын алатын ерекше жағдай болып табылады.

Негізінен агрессия зиянды тәртіп ретінде түсіндіріледі. Сонымен бірге «агрессия» түсінігінде формасы және нәтижелері бойынша әртүрлі тәртіп көріністері - қатыгез қалжыңдар, өсектер, қастық ойлардан бастап бандитизм мен өлтірушілікке дейінгі тәртіптің диструктивті формалары.

Жасөспірімдік шақта, «бұзақылық», «төбелескіштік», «ашуланшақтық», «қатыгездік» терминдерінде анықталатын күштеу тәртібінің формалары жиі кездеседі.

Бихевиористік ұстанымды ұстанатын психологтар, әдетте, агрессиялық тәртіп туралы ашық, сыртқа көрсететін әрекеттер ретінде айтады. Бұл әрекеттер өте белсенді, бастамашыл және объектіге (адамға, кейбір жағдайларда жансыз заттарға да) әрқашан қандайда бір зиян әкелетін әрекеттер.

Агрессиялық әрекеттер формасы және тигізетін зиянына қарай әртүрлі болып келеді. Агрессиялық тәртіп дөрекі, қорлаушы немесе кекесін сөздерде жиі көрініс табады.

Негізгі психологиялық теорияларға және агрессия концепциясына сай агрессияның негізгі анықтамаларын ерекшелеп көрсетейік:

Агрессия арқылы өзін - өзі бекітуге ұмтылған қатты белсенділік жасырылған. (Bender L. )

Агрессия арқылы өшпенділік, шабуыл, бұзу, қирату, яғни басқа адамға және объектіге зиян келтіретін әрекеттер актісі білінеді. Адам агрессиясы жеке тұлғаға немесе қоғамға жапа шектіруді сипаттайтын реакция. (Delgado H. )

Агрессия - реакция, нәтижесінде басқа организм ауырсыну стимулдарын алады. (Buss A. )

Агрессия - физикалық әрекет немесе басқа біреудің азаттығын, генетикалық қабілетін азайтатын басқа біреуден келген қорқыту. (Uilson)

Агрессия - жағымсыз, қатал, айналаға жамандық әкелетін тәртіп.

Осы анықтамаларды шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады:

1. Нормалар мен ережелерді бұзуға арналған, ауырту мен қайғырту

сезімін әкелетін себебі бар әрекет. Бұл жоспарда алдын ала ойластырылған агрессия-зиян немесе қастандықты әдейі ұйымдастыру әрекеті және құралдық агрессия бөліп көрсетіледі. Құралдық агрессия адам өзіне агрессиялық түрде әрекет етуді мақсат қылып қоймайды, бірақ «солай жасау керек болды» немесе «солай болып қалды». Бұл жағдайда себеп болады бірақ алдын ала ойластырылған емес.

  1. Агрессия өшпенділік және қирату актісі тәріздес. Р. Бэрон және

Д. Ричардсон мынадай анықтама береді: агрессия-басқа тірі жанға

қасақана зиан келтіру немесе қорлау тәіздес тәртіптің кез-келген формасы.

Осы авторлардың көзқарасы бойынша:

  • Жәбірленушіге алдын ала ойластырылған қастандық жасауды

ойластыратын агрессия;

  • Агрессия ретінде тек қана тәртіп қарастырылмайды;
  • Жәбір көруші өзіне деген мұндай бағытталған қорлаулардан қашу

керек;

Р. Бэрон және Д. Ричардсон өздерінің алғашқы еңбектерінде «агрессия-ол мынандай төрт негізгі детерминанты бөледі: әлеуметтік, сыртқы, жеке және биологиялық» деген. [4]

Әлеуметтік детерминант мәнісі мынада, яғни агрессияның өзі «әлеуметтік вакумда» пайда болмайды. Р. Бэрон және Р. Ричардсон былай деді: «біздің агрессиялық мінез-құлқымызда, әлеуметтік ортадағы адамдармен олардың қатысуы әсер етеді». Агрессияны әлеуметтік тұрғыда түсіндірудің (Р. Бэрон және Д. Ричардсон) ішінде жетекші орынды «фрустрация» ұғымы алады, яғни мақсатқа бағытталған мінез-құлықтың бұзылуы, физикалық және вербальды өлшуде, агрессия объектісінің сипатынан (жыныс, нәсіліне) және қоршаған орта тарапынан, араңдатушылықтан болады.

Агрессияны тек басқа адамдардың сөзі мен ісі тудырып қана қоймай, ол агрессияның шынайлылығын, мүмкіндігін арттыратын ортаның ерекше әрекет салдарынан немесе сондағы болған жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайлар мыналар: ортада қолайсыздықты тудыратын физикалық параметрлер, жағымсыз жағдайлар-ыстық, шу, лас, ауа, және ішімдіктен әуестенуден, сонымен бірге массалық жаңалықтардың әсер етуі, соның ішінде: кино және телевизия.

Агрессияның пайда болуындағы тұлғалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты маңызды пікірталастардың жалғасуына қарамастан, жасөспірімдік жастағы агрессияның индивидуалдық себептерінің рөлі зор. Сондықтан да, дәл осы агрессияның дамуы мен пайда болуында индивидуалды тұлғалық аспектісіне дұрыс тоқталып өту керек.

Көбнесе агрессияға сипаттама бергенде екі ұғымды қолданады. Агрессиялық мінез-құлық (агрессиялық мінез-құлық формалары) және агрессивтілік. Осылайша, аталған бұл екі феноменді агрессивтілік тұлғаның қасиеті ретінде, ал агрессиялық мінез-құлықты мақсатқа бағытталған әрекет ретінде көреміз. Дегенмен де кез-келген мінез-құлық-бұл әрқашанда нақты адамның мінез-құлқы және ол тек болған жағдаймен немесе өзара әрекет еткен адамдардың анықталып қоймай оның индивидуалдық ерекшеліктерімен де анықталады.

Агрессивтілік-тұлғаның орнықты, тұрақты сапасы деген көзқарас бойынша - бұл агрессивтілік бар және агрессиялық мінез-құлық мүмкіндіктері деген түсінік. Тәртіпті жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық параметрлері белгілі факторға кіріп, олар акцентуациялық мінез типтерімен байланысты, яғни олар тұлғаның қасиетімен, сондай-ақ сана-сезім параметрімен байланысты емес.

Ал девиантты жасөспірімдер тобында мұндай көрсеткіштер төмен. Агрессивтіліктің табиғатына келсек, онда оның бастауы нейродинамикалық және психодинамикалық сапалар деңгейінде және темпераментке немесе акцентуациялық мінездің кейбір түрлеріне сәйкес келеді. Оларға мыналарды қатыстыруға болады: эмоционалдық сезімді және ашушаңдық, мазасыздық деңгейі, дұшпандық кешеніне жататын кейбір эмоциялар-кек, жек көру және әшкерлеу, сондай-ақ қорқыныш сезімі. Осындай жағдайларға байланысты және адамдық құрылымдық деңгейде нейродинамикалық және психодинамикалық салдары айрықша болғандықтан осы қасиеттің көрінуі жасөспірімдерде жоғары.

Жоғары болатын себебі-агрессивтіліктің өзін спонтанды көрсетеді, еріксіз болады, өйткені ол бақылау механизімінен өзін-өзі бақылаудың болмауынан. Міне, сондықтан да жасөспірімділік кезең, бұл агрессивтіліктің айрықша көріну кезеңі және агрессиялық мінез-құлықтың да болуы. Көптеген айтылған мәліметтерге сүйене отырып, осы мәселеде мынандай үш негізгі факторды айтуға болады. Бұл агрессиялық мінез-құлық формасының қалыптасуына байланысты.

Отбасы агрессиялық мінез-құлықтың факторы ретінде. Р. Бэрон мен Д. Ричардсон көрсеткендей, «отбасы-бір уақытта агрессиялық мінез-құлық моделімен, олардың тұрақтануын көрсетуі мүмкін» дәл осы отбасында әрбір бала өзінің әлеуметтену кезеңінен өтеді және осы жерде ол агрессиялық мінез-құлықтың түрін меңгеруі мүмкін.

  • Біріншіден, бұл отбасылық өзара қатынасының сипаты. Олар

күнделікті ұрыс-керіс және төбелес, ата-ана арасындағы келіспеушілік олардың арасындағы күнделікті жауласу, дұшпандылық.

  • Екіншіден, отбасында басшылық ету стилі. Яғни бұл жазалаумен

байланысты, қатал жазалау, балаларына бақылау жасамау агрессиялық мінез-құлыққа әкеледі.

Осындай жағдайлардың нәтижесінде ата-аналардың «тәрбиелеу әсері» жойыла бастайды және көп жазалау, балалардың іштен тынуына әкеледі.

  • Үшіншіден, құрбылармен қарым-қатынасы әсер етеді. Агрессиялық

мінез-құлықтың өзінің қоршаған құрбы-құрдастарының ортасына байланысты. Жалпы зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, мыналарды айтып өтуге болады:

Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарға байланысты, агрессивті жасөспірімдер-әсіресе, ұл балаларда құрбыларымен салыстырғанда олар мынаны көрсетеді, яғни жіберген, жасаған қателіктеріне деген олардың кінәлі сезімі өте төмен. Тек жазалау кезінде қорғаныш сезімімен басқарылады, яғни олардың бұл себебі ішкі емес сыртқы шектеулерге байланысты.

Олар өздерінің осындай мінезін тура және тікелей көрсетеді. Әсіресе, үйден, отбасынан тыс уақытта олар басшылық етумен бірге қарсылықтарды көрсетеді және құрбыларына деген жақсы қатынасы төмендейді. Кейде олар өздерінің ата-аналарынан да алшақтап кетеді. Бірақ, көп жағдайда аналарына деген сүйіспеншілікті сезінеді және өзін онымен теңестіргісі келмейді. Олар қоршағандарға онша сенімділік танытпайды.

Сондай-ақ осы жасөспірімдік жаста агрессивтіліктің пайда болуы жыныс рөлінің теңесуі және «әдеткі жағдай» ерекшелігімен байланысты. Егер жанұяда, әке болмаса, әкеге тән қасиеттері, белгілер өте жәй пайда болады, сондықтан ұл балалар өте агрессивті және тәуелді болады.

Сонымен бірге фрустрация және сәтсіздіктер балаларда және қыздарда түрлі реакцияларды тудырады: біріншілері төбелессе, екіншілері шаңқылдасады. Жасқа сай, кейіннен агрессияның болуы ұлдарда жоғарлап, қыздарда азаяды.

Сонымен бірге Р. Уолтерс және А. Бондураның тұжырымдауынша, агрессивті жасөспірімдердің әкелеріне деген қарым-қатынасы эмоциялық сипатта емес осындай жағдайдың нәтижесінде жасөспірімдердің мазасыздану деңгейі күшейіп, олардың құрбыларына деген қатынасы әлсірей бастайды. [5]

Тәртіптік қадамның басқа да белгілі өкілі А. Бандура (Bandura A., 1961) болып табылады. Ол агрессияның пайда болуы үшін тұлға фрустрацияланған және көңіл талмаушылық сезімін басынан өткеру жеткіліксіз деп ұйғарады. [6] Субьект үйрену және еліктеу үшін қандай да бір агрессивті болуы керек. Модель бір уақытта арнайы (агрессивті) әрекеттерге дайындық және агрессивті тәртіптің субьектісі болып табылады.

Жазалау агрессияны басуға және сол сияқты оның себепшісі ретінде агрессилық әрекеттердің формалардың меңгеруін қосып дәлелдейді. Мысалы, ата-аналары физикалық күште қолданғанда агрессивті ұлдар тәрбиеленгені көрсетілген. Онымен қоса, ата-аналары жиі соққыға ұшырататын, әсіресе әкелері соққан ұлдар үйде өздерін тыныш ұстайды, бірақ бөгде адамдарға, әсіресе құрдастарына, басқа жағдайда тәрбиеленген жлдастарына көбірек агрессивтілік көрсетеді.

Сондықтан да бірқатар зерттеушілер жазалауды, балаларға үлкендерге берілетін агрессивті тәртіп модель деп есептейді.

Осындай бақылаулар кейбір психологтарда, жазалау келессі жағдайда, яғни жазалаушы жазаланушыға позитивті қарым-қатынасы және жазалаушының нормалары жазаланушының қабылданғанда нәтижелі болуы мүмкін деген ойға әкеледі.

Қазіргі уақытта агрессия туралы көрініс, зиян келтіретін, адамдардың жанын ауыртып және қайғы әкелумен қатар өмір сүретін ереже және нормаларды бұзатын сыртқы негізделген әрекеттер ретінде түсіндіріледі. Агрессияны құрал-саймандық және қасақан деп бөлу бұл жоспарды көңіл бөлуге лайық болып табылады. Адам агрессивті әрекет ету мақсатын етіп қоймаған жағдайда, «осылай істеуге тура келді» немесе субъективтілік еспен осылай әрекет ету «қажет болды» деген агрессия құрал-саймандық деп аталады.

Кейбір психологтар, мысалы Лазарус (Lazarusr, 1963), агрессияның негізгі қоздырушысы қауіп-қатер деп есептейді, қауіп-қатер стресс шақырады, ол агрессия стреске реакция болып табылады деп есептейді. [6] Кез-келген қауіп-қатер агрессиялық күйде шақырады, ол басқа жағынан агрессия ылғи да қауіп-қатермен ұшыраспайды. Агрессия қауіп-қатерімен шақырылған кезде бұл қауіп - қатердің дұрыс түсінігі, оның объектілігі анализі және бағасы - агрессиялық күйдің біршама маңызды танымдық элементтері. Осы түсініктен берілген күйдің пайда болуы, оның формасы және күші тәуелді болады. Қауіп-қатерді асыра бағалау күрес құралы және өзінің әлсіздігін түсіну ретінде агрессиядан бас тартуға шақыра алады.

Э. Фромм бойынша агрессияда кез-келген басқа адамға, адам топтарына немесе хайуанаттарға, сондай-ақ жаны жоқ объектілерге қасақан істелген зәбір іс-әрекетті түсіну керек.

Э. Фромм агрессияның екі түрін көрсетті:қауіпсіз және қауіпті.

«Қауіпсіз» кезеңінде өзін-өзі қорғану сипатында ұстайды да агрессиясы мен қауіптенуі өз-өзінен жоғалып кетеді. «Қауіпті» кезеңінде өз-өзіне қауіп пен спонтандық мінез туғызады.

Р. С. Немов «агрессия өшпенділік ретінде түсіндіріледі-адамның басқа адамға қарасы оған жамандық жасауға ұмтылуы»-деген тұжырымдама жасаған. [7]

А. Адлер «агрессия баланың өзінің төмен бағалауынан туады»-деп дәлелдеген. [8] Яғни, баланың біреуге тәуелді болуы, дәрменсіз болу, ата-анаға арқа сүйеуінен, үлкендердің көп қорғаштауынан бала өзін толыққанды сезінбейді, -дейді. Кәмелеттік жасқа толмаған балада өзіне сенімсіздік пен өзімен-өзі болу, өзінің бағынатын адамының жағдайы, жанұядағы күшті адаммен қарым-қатынасына күйзелгеннен ауруға ұшырайды. Агрессияда қорқыныштар жатыр деп психоаналитиктер айтқан.

К. Бютнер кішкентай балалардың агрессиясының екі түрлі себебін анықтаған. Біріншіден, бұл қорқыныш жарақаттану, өкпелеу, шабуыл жасау. Екіншіден, өкпелеу немесе жынын жаралау не болмаса өз-өзіне шабуыл жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Эмоционалдық кері әсерді зерттеу
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету
Агрессивті мінез - құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез - құлық мәселелері
Қалыпты агрессивті мінез - құлық
Білім берудегі теңсіздік
Іскер – психологтың коррекциялық жұмыс ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін эксперименталды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz