Жастардың дәстүрлі мәдениетке қатынасы
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Тарих кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жастардың дәстүрлі мәдениетке қатынасы
Орындаған: Есетқызы Д.
Тексерген: Ерназаров Ж.Т.
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Жастар - әлеуметтік-мәдени топ ретінде
2. Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі
3. Ақпараттық қоғамның жастар өміріндегі ролі
4. Ұлттық мәдениет рухына сай жастарды тәрбиелеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жастар мәселесін шешу және талқылау қазіргі қазақ қоғамының әлеуметтік
саяси бағыттарының бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына сәйкес мемлекеттік жастар
саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, кәсіби және физикалық
қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық шарттарын
және кепілдіктерін қалыптастыру, жалпы қоғамның қызығушылығында оның
шығармашылық қабілеттілігін ашу болып табылады.
Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның
белсенді бұл тобы ел болашағында шешуші роль атқарады. Жастар - еліміздің
болашағы, ертеңі. Қоғамда пайда болған саяси вакуумға тез арада Шығыстан
да, Батыстан да өзгенің бәрі құйыла бастайды. Басқа құндылықтарды бойларына
сіңіртіп, рухани дүниесін өзгелерге билетіп қою еліміздің өркениеттілік
деңгейін көтереді деп айту қиын. Қоғамның бейбіт өміріне қажетті озық
игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан
алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін
өзекті мәселеге жатады.
Жастардың саяси санасы бос кеңістікте қалыптаспайды. Оған этникалық,
діни, мәдени факторлар тікелей әсер етеді. Әсіресе, діни қайта жаңғырту
түбегейлі саяси-әлеуметтік факторға айналып отыр. Мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты-жастардың шығармашылық, жаңашылдық қуатын қоғамды алға
бастайтын басты күшке айналдыру. Қоғамда елдің болашағын ойлап, дәстүрлі
құндылықтар жүйесін сақтайтын жас ұрпақты тәрбиелеу, әлеуметтік-мәдени,
саяси бағдар қалыптастыру зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды.
Қазіргі жастардың ұлттық мәдениеттегі орнын, соның ішінде ұлттық
құндылықтарды бағалау ерекшеліктерін көрсету. Қазіргі жастарға әлеуметтік-
мәдени топ ретінде мәдениеттанулық талдау жасау. Осы мақсаттарға жету үшін
мынандай міндеттер белгіленді:
- қазіргі жастардың әлеуметтік бітім-болмысын, тұлғалық кескінін,
азаматтық-адамгершілік сипатын анықтау;
- жастардың құндылық бағдарларын және оқу-тәрбие процесіндегі
белсенділіктерін сипаттау;
- қазіргі жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың пайда болу
себептерін көрсету;
- жастардың ұлттық құндылықтарды бағалау деңгейін сараптау;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің
жастардың саяси мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы
ролін анықтау және жастардың ұлттық мәдениетті сақтаудағы әрі дамытудағы
зор рухани қуат екендігін негіздеу.

Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі
мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап
ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар–ең
прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар
қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің
жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл
жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді.
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты
жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.
Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi
келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Әлеуметтік-мәдениеттану тәсіліне жастардың нақты мәселелерін қоғамда
жүріп жатқан процестермен байланысты талдау керек. Осы бағытты ұстанып
жүрген әлеуметтанушылар жастардың ішкі дүниесін нақты ұғымдармен,
идеялармен, мақсаттармен және жас адамдардың мінез-құлқымен салыстырып
пайымдауға ұмтылады. Осы аталған субъективті көріністер мәдениеттің белгілі
бір түрлерінде көрінетін үдерістердің салдарлары ретінде белгіленеді.
Жастардың мән-мағыналық анықтамалары субмәдениеттің нысандары ретінде
қаралады. Мәдениет ұғымы мұнда бірнеше мағынада пайымдалады: мәдениет
әлеуметтік нормаларды меңгерудің дәрежесі, мәдениет адамзат жинақтаған
байлықтың қосындысы, адам қызметінің тәсілі.
Жастардың әлеуметтік, мәдени топ ретінде белсенділігінің субмәдени
тұстарын зерттеуде чикаго мектебінің өкілдері алғаш болып ат салысты. В.У.
Уайт, А. Коан, Г. Беккер секілді ғалымдар XXI ғасырдың 20-жылдары қала
жастарының ерекше топтарын зерттеуде үлкен үлес қосты. Ал, жастар
әлеуметтануындағы субпәннің қалыптасуындағы маңызды ролді Г. Парсонс алды.
Ол жастар мәдениеті деген терминді ғылымға енгізді. Карват және В.
Маляновскийдің теорияларының басты негізі жастардың әлеуметтік
субъектілігінде. Олар мынандай факторлар арқылы көрініс береді:
• жастар мәдениет сипаттағы әлеуметтік топ болып табылады; жастардың
ерекшелігі бір мезгілде әлеуметтенудің объектісі және субъектісі
болып табылатын топ сипатында байқалады;
• үлкен әлеуметтік топтардың барлық атрибуттарына ие болып, сонымен
қатар қоғамның негізгі әлеуметтік топтарына тән статусты иемденбей,
жастар ұрпақтық және мәдени топ болады;
• жастардың әлеуметтік топ ретінде ерекшелігі әлеуметтік
біртектіліксіздікке негізделген, оны даярлау сатылары қоғамдық
практикаға толық дайын еместігін ерекшелеп көрсетеді;
• жастардың әлеуметтік қажеттіліктерінің және оларды жүзеге асырудың
қоғамдық шарттары мәселесі салдарынан қозғалысы ұйымдастырылады;
• әлеуметтік қажеттіліктердің жүзеге асуының негізгі факторы жастардың
жеке белсенділігі, саналы, рационалды, дербес өзін-өзі іске асыруға
қабілеттілігі арқылы көрінетін жастардың субъектілігі болып
табылады.
Жастар категориясына көптеген анықтамалар берілген, бірақ олардың
жастардың табиғатын аша түсудегі үлес салмағы қаншалықты маңызды екенін
түсіну қажет. Ал осы жастар деген кім? Оған қоғамның, әлеуметтік топтың
толықтай мүшесі болу үшін не қажет және мүдде-мақсаттары қандай? Соған
тоқталып өтетін болсақ, онда жастардың ғылыми анықтамасын беру, олардың жас
аралығын айқындау көптеген ғылым бағыттарының: философия, әлеуметтану,
мәдениеттану, саясаттану, тарих, құқық т.б. ғылымдардың негізгі
мәселелерінің біріне айналады. Жастардың табиғатын тануда, оның ұғымын
тұжырымдауға қатысты ғылымда әр уақытта әр түрлі пікірлер мен көзқарастар
айтылған болатын. Ең алғаш жастар түсінігін атақты орыс әлеуметтанушысы
В.Т. Лисовский беруге ұмтылған болатын. Оның ойы бойынша: молодежь -
поколение людей, проходящих стадию социализации, усваивающих, а в более
зрелом возрасте уже усвоивших, образовательные, профессиональные,
культурные и другие социальные функции; в зависимости от конкретных
исторических условий возрастные критерии молодежи могут колебаться от 16 до
30 лет. Жастардың ойлары мен олардың жоспарлары – бұл болашақтағы
әлуметтік, саяси және мәдени үрдістердің даму деңгейін талдауға мүмкіндік
беретін ерекше топ.
Сонымен қатар Г.С.Әбдырайымованың берген анықтамасы бойынша Жастар –
қоғам дамуының басты тенденцияларымен байланысты дамушы қоғамның доминантты
бөлігі болып табылады, және өткір әлеуметтік қайшылықтар мен мәселелердің
негізі және таратушысы деп анықталып, жастарды қоғамның ең негізгі
қозғаушы күші ретінде көрсетеді.
Жастар мәдениеті әлеуметтанушылардың он жылдан бері, шамамен, XX
ғасырдың 60-жылдары зерттеле бастаған феномендердің бірі болып табылады.
Осы кезеңде Батыста жаңа солшылдар мен оған біріккен капиталистік
қоғамның өмір сүру қалпы мен құндылықтарын мойындамай, оны гуманизм мен
әлеуметтік әділеттілік принципіне өзгертуге ұмтылған студентттер мен жас
интеллигенция бөлігінің қозғалысы кең етек жая бастады. Дәл осы кезде
жастар мәдениеті термині батыс социологтарының лексиконына кірді. Олар
осы кезден бастап индивидтер мінез-құлқын реттеуге арналған жас ортадағы
креативті қызмет, құндылықтар, моральдық және эстетикалық нормалар
алгоритмдерін сипаттау үшін кеңінен қолданады.
Жаңару және қалыптасу үстіндегі мәдениетке бейімделу кезеңін бастан
кешіретін жас ұрпақ дүниетанымдық, мағыналы өмір бағдарларында,
субмәдениетке бағдарланған ұстанымдарда елеулі өзгерістерге ұшырайды.
Жастар субмәдениеті мәнін ашуда ұлттық мәдениет, нақты тарихи жағдай мен
әлеуметтік жағдайлар ерекшелігін ескерген жөн.
Жастардың проблемеларын зерттеуге қолданылатын тәсілдер әлеуметтік
қатынастардың деңгейі мен талдау элементтері бойынша өзгешеленеді: жеке
адам, әлеуметтік институттар, әлеуметтік қауымдастық пен мәдениет жас
адамның жеке басы мен әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның өзара байланысы мен
іс-қимылын түсіну және бағалау бойынша; жас адамның құндылықта бағдарлану
жүйесінің жұмыс істеу сипаты бойынша. Түрлі теориялар мен тәсілдердің
барлық саналуандығына бағдарлану үшін оларды жастар жөніндегі мәселелерді
зерделеуге қандай ықпал тигізетініне қарай бірнеше бағыттарға бөліп
қарастыруға болады.
Бірінші бағыт - әлеуметтік-психологиялық бағыт, ол әлеуметтік
мәртебені, сапа ерекшеліктері мен жастардың мінез-құлқын және олардың
әлеуметтендіру үдерісін өзара байланыста қарайды. Соның негізінде жатқан
басты тезисті былай тұжырымдауға болады: жастардың проблемаларын зерделеу
жас ерекшеліктер мен оларға тән жеке адамның психикалық өлшемдеріне
негізделеді.
Екінші бағытты құрылымдық-функционалды мектептің өкілдері жас ұрпақтың
сана-сезімі мен мінез-құлқын қоршаған әлеуметтік ақиқатпен өзара байланыста
жүйелі түрде талдауға ұмтылады. Жастардың құрылымдық-функционалды мектебі
өкілдерінің сіңірген еңбектері жастарды ересектер қоғамына кіріктіру
тетіктерінің тұжырымдамасын әзірлеу болып табылады.
Жастардың әлеуметтік дамуының үшінші бағытының аясында ұрпақаралық
өзара ықпалдастық тұжырымдамалары әзірленеді. Осы зерттеулердің барысында
жұмысшы табын, ұжымшар шаруалары мен интеллигенцияны жастармен толықтыруды
қалыптастыру үрдісі; ішкі және ұрпақаралық икемділік анықталады.
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер санатында: жастардың еңбек
биржалары, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтары, наркологиялық
қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке
толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек
көрсету және кеңес беру орталықтары, жас отбасына көмек көрсету қызметтері,
демалыс орталықтары құрылған. Жастар арасындағы кадрлік резерв саясатының
дамуы да қарқынды жүзеге асуда. Қазақстанның мемлекеттік қызметі өзінің
дамуында жаңа белестерге көтерілді, адам факторы айқындаушы болып табылатын
жаңа кадр саясаты басты өрістерге шықты.

Қай халықта болмасын оның ұлттық рухына, ар-намысын жоғарылатып
тұратын қуатты күштер: іргелі экономика, әлеуметтік тұрақтылық, биік
руханият, өрелі мәдениет, толыққанды тіл, озық оқу-білім, үлгілі тәлім-
тәрбие, алдыңғы қатарлы ғылым, аталы тарих, өткеннен ғибрат, үзілмес
дәстүр, жаңаға бейімділік, үлкеннің имандылығы, жастың жасампаздығы,
зиялының зерделілігі, басшылардың ұлтжандылығы, мықты мемлекеттік, бір
туған халықтың ұлы мен қызын тұтас жұмылдырып тұратын биік те ортақ мақсат
екендігі белгілі. Бүгінгі қазаққа осы бір іргелі елдік биік тұғырлардың
бәрін де толық меңгеру аса қажет болып отыр. Заман көші тез өзгеруде.
Жаһандану процесі әр халықтан аршынды қимыл-харекет керек қылады. Әсіресе,
жер жүзілік ақпараттандыру жүйесінен өзіне тиесілі орнын алу, дүниедегі бар
халықтар сияқты, қазақ та оның дүниежүзілік қауымдастығы өзіндік бет-
бейнесін белгілейтін күрделі нысандардың бірі болып табылады. Бүгінгі
өркениет көшіне алмаған халық, ұлт өз дербес үнінен айырылады, тіпті шынайы
ұлттық қасиетін, біртума болмыс-бітімін де жоғалтып алуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта бір халықтар мене келесі халықтардың араласуы,
мәдениеттің интеграциялануы өте үлкен қарқын алуда. Ұлттық әлем әрбір адам
үшін оның үй-іші, жақын туған-туысы тәрізді табан тірек болып тұратын, бар
жан-дүниесіне нұр-сәуле төгіп тұратын шапағатты да шұрайлы өлке. Сондықтан
да әрбір адам үшін өзінің ұлттық негізін түсіну осы бір шапағатты әлемнен
нәр-қуат алып отыру-шын адамдықтың, адамдық қасиеттің үлкен бір белгісінің
бірі. Әрбір адам белгілі бір ата-ананың ұлы немесе қызы болатыны сияқты
белгілі бір халықтың ұлы немесе қызы. Ол адам қандай өзгеріске түспесін,
тағдыр оны қандай алыс қиянға алып кетпесін, тіпті ол өзінің түпкі ұлттық
негізінен айырылып қалсын, соның өзінде, ол адамның бойында сол халықтың
қаны, мінезі, түйсігі сақталып қалады, сол түпкі ұлттық негіз бәрібір оның
адамдық болмыс-бітіміне өз әсерін тигізіп тұрады. Ұлттық рух, ұлттық мінез-
құлық, ұлттық мәдениет, небір заман талқыларына қарамастан, өзінің
өміршеңдігін, баянды жасампаздығын күні бүгінге дейін толық дәлелдеп отыр.
Ендеше ұлттық болмыс-бітімге қатысты мұндай құбылыстарға немқұрайлы қарауға
болмайды. Қайта осындай ұлттық асыл дүниелерді жалпыадамзаттық рухани
дүниелермен тығыз ұштастырып, бірге қадірлеп, құрметтеп, бірге дамытып
отырса одан әрбір ұлт та, жалпы адамзат та көп ұтар еді. Мәдениет-белгілі
бір рухани байлықтың, адамгершілік үлгілерінің жиынтығы, ол-дүниені игеріп
қана қоймай, оны жүйелі игерудің, жаңарудың, өзгертудің құралы.
Тәуелсіздік алған мемлекеттерде өмір шындығын терең түсінуге, қоғамдық
сананы жаңартудың жаңа үрдісі қалыптасатыны анық. Жаңа идеялар адамдарға
рух беріп, ілгері болуының жолы мен мақсатын айқындайды. Рухани өмірді
қайта түлу, мәдени қазыналармен алмасу халықтардың әлеуметтік-мәдени даму
жолы дегеніміз, ең алдымен, адамзат қазыналарына баса назар аудару,
прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының ұтымды қолдануы, гуманитарлық
ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарға қайтып оралу,
мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даналықты сақтау, барлық ұлттық
мәдениеттердің дербестігін мойындау. Бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни
мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық
берілуі тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп,
қажетінше дами алмайды. Қазіргі адамзат баласының мыңдаған халықтардың
жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жүртшылық. Олардың
бәріне ортақ нәрсе-мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі
ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл
әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы секілді егіздей ұқсас екі
мәдениет те болмайды. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына
іздейді. Жаңаны танысам деп талпынады.
Ұлттық мәдениет – бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы заңдылықты
баспасы (ступень). Әлемдік мәдениет – бұл, алдымен, ұлтық мәдениеттер
жиынтығы. Ұлттық мәдениеттердің жалпы адамзаттық идеалдарға ие ең жоғарғы
жетістіктері жәнеоларды бүкіл Әлем мойындаған соң, ұлтаралық мәдениет
құрамына енеді. Ұлттық мәдениеттер мәселелері, мән-мағыналары және
құндылықтары, олардың өзара байланыстары қазіргі уақытта жаһандану
кеңістігінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Яғни, қазіргі
кездегі өркениетті, ақпаратты, постиндустриалды деген қоғам осы кеңістік
ықпалында өзгеріп отырады.
Қазақ мәдениет әрбір ұлттық мәдениет сияқты қазіргі таңда жаһандану
кеңістігінде өзіндік ерекше жолмен өмір сүріп жатыр. Жаһандану кеңістігінде
руханилық және материалдылық жағынан ынжықтық көрсеткен ел, мемлекет,
халық, ұлт өмір қиындықтарына төзе алмай мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, яғни,
басқа мемлекет, халық, ұлт құрамына сіңіп кетуі мүмкін.
Ұлттық мәдениеттердің шын мағынасындағы өзара іс-қимылы ешқашан ұлтсыз
мәдениет жасауды мақсат етпейд, қайта оларды сақтап, көбейте беруді, рухани
өмірдегі ұлттық болмыстың одан әрі гүлдене түсуі үшін кең мүмкіндіктер
жасап, осымен бір мезгілде ұлтаралық қатынастар мәдениетінің дамуына өріс
ашады. Қазақстан Республикасы ұлтаралық татулықты сақтап келді, ұлттық
тұрақтылық пен саяси дамуды қамтамасыз еткдің ұтымды тәжірибесін
қалыптастырды. Мұндағы ұлтаралық толеранттылыққа қол жеткізуіміздің басты
себебі қазақ мәдениетінің болмысының өзгешеліктері болса керек.
Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдісі
заманнан заманға, уақыттан уақытқа, кезеңнен кезеңге өзіндік айрықша жаңа
үрдіспен жүріп отырған үздіксіз процесс болатын. Қазіргі уақытта да осы
үрдіс өз жалғастығын үзбей, жалғасып келеді.
Батыстық модельді демократия жүйесін басшылыққа алған қазақ халқы
өзіндік, ата-бабадан мұра болып келе жатқан шынайы қазақи демократия жүйесі
ұмытылып бара жатыр. Бірақ, осы жерде ескеретін жай – бұл 300 жылдай уақыт
бойы қазақ халқы орыс патшалығының бодандығы болды, ал бұл бодандық жағдай
із-түссіз жоғалып кеткен жоқ және қазақ халқының ұлттық және қоғамдық сана-
сезіміне әсер етпей қойған да жоқ. Осыншалықты ұзақ уақыт бойы біреудің
көңіліне қарап, дағдыланған ұлт қазіргі уақытта да өзгелер не айтар екен
немесе не істейді екен деп алаңдап, солардың көңілін алдын-ала аулап отыр.
Және бұл жағдайдың қазіргі таңдағы нәтижесі, қазіргі уақытта, – жаһандану
процесі өршіп тұрған уақытта, қазақ халқы өзіндік ерекшелікті
менталитетінен толықтай болмаса да, айырылып отырғанындығын көрсетіп
отырғандығын мойындайық. Мұндай күймен үлкен алаңға – Әлем алаңына шығудың
өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz