Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны жан жақты дамытудың қажеттілігі


РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны жан жақты дамытудың қажеттілігі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Жоспар
- Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы
- Өзін-өзі дамыту, тану және түсінуі
- Қолданылған әдебиеттер
- Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы - білім беру тұрғысынан екі мәні бар:
- адамды қоғамның әртүрлі тіршілік әрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;
- индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін, ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу.
Жеке тұлға Өзінің қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес тұрмысты және өзін өзі мақсатқа лайық қайта өзгертуші, белсенді әрекетшіл жан. Жеке тұлға ретінде қалыптастыруға адам өзін өзі танып білуі қажет. Сонымен қатар әр адамның жан дүниесіне сергектікпен үңілу, кез келген қоршаған ортамен қоғамдық құбылыстың заңдылықтарын ұғыну үшін әр адам алдымен өзін өзі танудың үлкен рөл атқаратынын білуі тиіс.
Жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой пікірімен санасып олардың көңіл күйін ізгі сезімдерін рухани адамгершілігін қоршаған ортаға мейірімді қарым қатынасын әр түрлі шығармашылық іс әрекеттер арқылы өзін өзі айқындауға басшылық жасау. Табиғатпен қоғам байлықтарына жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарайтын тұлға тәрбиелеу. Жеке тұлғаның азаматтық патриоттық мәдени қасиеттерін арттыруға күш салу отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге тәрбиелеу. Қоғамдағы өз орнымен рөлін түсініп білу өзін өзі шығармашылық жағынан мейлінше толық көрсету. Тарихта отандық және әлемдік мәдени мұраны бағалау. Адам өміріндегі отбасының құндылығын мән мен мағынасын түсіну, табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау.
Жеке тұлғаның қабілеттерін ашуға және оның физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық элементтерін үйлесімді дамытуға бағытталған рухани адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты:
- Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуі.
- Өзін өзгелерді және өмірді түсінуі дағдыларын қалыптастыру.
- Шешім қабылдау барысындағы жағдаяттарды бағалау.
- Өзін өзі іске асыру үшін, қоғамға қызмет ету үшін, өз халқын және адамзаттық өркендеу үшін рухани адамгершілік құндылықтарды қолдана білу іскерліктерін дамыту.
- Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілерде бастапқы адамгершілік рухани көзқарастарын қалыптастыру және өзімен өзгенің қылықтарына баға беру тәсілдерін игерту.
Жеке тұлғаның бағыттылығы оның сенімдері дүниеге көз қарасы идеялары, ұмтылыстары, өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асыратын дербес ерекшелік. Адам биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және рухани, мәдени сипаттардың бірлігін көрсетеді. Осылардың біреуінің жетіспеуі оның тұтастығымен өзгешелігінің сапасына нұқсан келтіреді. Өзінің жаратылысын түсіну өмірдің мәні бойынша сұрақтарға жауап іздеу, қоршаған болмыс арасынан өзін бөліп қарау және әлемнің қайта құрылуын түсінетін субъект болып табылу адамға ғана тән. Әрбір адам сипаттайтын тән, жан және рух барлық уақытта үйлесімділікте бола бермейді және бірегей ұмтылыстарға бағына бермейді. Олардың арасындағы үйлесімділікке толық қол жеткізу және оны ұзақ уақыт ұстап тұру әрбір саналы адамның мақсаты және оның қанағаттанушылығымен бақытының негізі.
- Өзін-өзі дамыту, тану және түсінуі
Өзін өзі дамыту: тұлғаның рефлексия жоспарлау өзіндік даму нәтижелерін болжап білу сияқты психикалық көріністерінің негізінде жүзеге асатын, өзін өзі жетілдіру процесі.
Өзін өзі тану: Тұлғаның өзін өзі дамытуы мен өзін өзі жүзеге асыру мақсатында өзі туралы нақты білім алуға бағытталған шығармашылық іс әрекеті. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның рухани адамгершілік білімінің түйінді рөлін атқаратын оқу пәні.
Өзін өзі түсінуі: Табиғи әлеуметтік және тұлғалық аспектілер бірлігінде субъектінің өзін өзі түсінуімен қабылдау іс әрекеті.
Өзін өзі іске асыру: Адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы орнын саналы түрде дамыту процесімен нәтижесі.
Қалыптасуы: Тұлғаның әлеуметтік мәнді рухани адамгершілік идеяларға жақындасуымен ерекшелінетін даму процесі.
Руханилық: Жеке тұлғаның таңдалған мақсатқа талпынысы сананың құндылық сипаты әлемді және бәрінен бұрын өзін тануға ұмтылысынан яғни ең құнды нәрсені іздеумен ашудан, өмірдің мәніндегі анықтылықпен қажеттіліктен өзін өзі ұғынудан, өзін өзі жетілдіруден әлемнің жаратылысы адам жаны, өмірмен өлім, ақиқат, жақсылықпен жамандық туралы болмыстың мәңгілік мәселелеріне жауап табуға ұмтылудан көрінетін адамның өмір сүру тәсілін анықтау.
Өзін өзі жігерлендіру: Жеке тұлғаның рухани және шығармашылық әлеуеті көрінісінің жоғары деңгейі өзінің жеке тұлғалық мүмкіндіктерін толық анықтаумен дамытуға ұмтылуы, мүмкіндіктерінің шындыққа айналуы
Өзін өзі тәрбиелеу: Жеке тұлғаның өзін өзі тану, өзін өзі талдау, өзін өзі бағалау және өзін өзі бақылау арқылы өзінің жағымды қасиеттерін жетілдіруіне және жағымсыз әрекеттерінен арылуға бағытталған саналы, мақсатты бағытталған іс әрекеті.
Өзін өзі анықтау; Өзін өзі бағалау дәрежесі: тұлғалық бағытының мазмұнды жағы; адамның қоғамда өзін өзі тұлға ретінде анықтауы, оның әлеуметтік мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстануы және осы арқылы өзінің өмір сүру мәнін анықтауы қандайда бір проблемалық жағдайда өзіндік ұстанымын анықтау мен бекіту бойынша жеке таңдауын саналы түрде жүзеге асыру процесі мен нәтижесі, адамның ішкі еркіндігіне ие болуының және оны көрсетуінің негізгі тетігі. Жеке тұлғаның таңдалған мақсатқа талпынысы, сананың құндылық сипаты; әлемді және бәрінен бұрын өзін тануға ұмтылысынан, яғни ең құнды нәрсені іздеумен ашудан, өмірдің мәніндегі анықтылық пен қажеттіліктен; өзін өзі ұғынудан, өзін өзі жетілдіруден; әлемнің жаратылысы, адам жаны, адамның өмір сүру тәсілін анықтау. Интер персоналдық бағытта тұлғалық өсу, ең алдымен басқа адамдарға қатынастың динамикасынан көрінеді. Тұлға басқа адамдарды сол күйінде қабылдай алуға олардың өзіндік ерекшелігін және өзімен өзі болу құқын құрметтеуге, олардың сөзсіз құндылығын мойындауға және оларға сенуге қабілетті болған сайын кемелдене түседі.
Ересек тұлға алдын ала кесіп пішуге және стереопиттерге тәуе лсіздігімен, жалпы қоршаған ортаны әсіресе басқа адамдарды дұрыс толық және жіктеп қабылдауымен ерекшеленеді.
Оның негізінде тұлға аралық қарым қатынас жасау дайын екендігінде.
Білім беру жүйесінің басты міндеті жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуымен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиеленуі, білім алуы және жан жақты қалыптасуы, ана тілін ұлттық салт дәстүрлерді сақтауы, ақпараттануы, денсаулығын нығайтуы сияқты құқықтарын іске асыруы болып табылады.
Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойына қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбиелеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында адамгершілік жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы (бұдан былай Тұжырымдама) тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндеті, тәрби мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Нормативті құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқығы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т. б. ұғымдардың жан жақты қолданылатындығын көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz