Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік
органдарыны ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ұғымдарының
ара
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жергілікті өкілді органдар сипаттамасы, жүйесі, құрылу тәртібі және
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Жергілікті өкілді органдардың жұмысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Мәслихат қызметінің негізгі нысандары және
сессиясы ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Жергілікті өкілді органдардың құзіреті және қабылдайтын
актілері ... 17
2.3. Жергілікті атқарушы органдың құрылу тәртібі және
құрамы ... ... ... ... ...19
2.4. Жергілікті атқарушы органдардың құзіреті және қабылдайтын
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі28
Кіріспе
Бүгінгі жас мемлекетіміздің алдында тұрған проблемаларға баға бере
келе, біздің саяси-құқықтық өмірімізде мемлекет пен қоғамның, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтанының негізін қалайтын демократиялық даму
негіздерінің мықты орныққаны туралы батыл айтуға болады. Осы бағытта біраз
жұмыстар жасалған болатын. Мысалы, мемлекеттік басқару саласын (жоғарғы
және жергілікті), экономика, ішкі саясат, мәдениет, әлеуметтік-саяси
өмір, сыртқы саясат, құқықтық тәртіпті сақтау саласын, мемлекетіміздің
қауіпсіздігі сияқты салаларды реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар
қабылданып, жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады.
Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін
біртұтас мемлекеттік қызмет қағидаларын басшылыққа алады. Демек,
жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл
жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке
алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді, дегенді білдірмейді.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет
тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке
ие болады. Бірақ дербестік жергілікті өкілді органдар мен
жергілікті атқарушы органдар ұйымдық және құзіреттілік тұрғысынан
өзіндік ерекшелікпен көрінеді. Жергілікті өкілді органдар–мәслихаттар
Республиканың өкілді органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті жергілікті өкілді
органдар–мәслихаттармен ұйымдық тұрғыдан да байланыспаған. Тек
Конституция көздеген екі жағдайда ғана мәслихаттар мен Парламент
өзара байланысқа кіреді: Мәслихаттар сенаторларды сайлайды, ал Парламент
Сенаты мәслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар ретінде
мәслихаттар Республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы
органдар– әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің
құрамдас бір бөлігі болып табылады және олардың ұйымдығы мен қызметі
жоғары тұрған атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Президентімен байланысты және оларға тәуелді. Бұл, бірақ, жергілікті
атқарушы органдардың белгілі бір дербестігін жоққа шығармайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті
атқарушы органдар тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне
тіркестікке атқарушы органдар үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүгізді
қамтамасыз етеді.

1. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарыны
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ұғымдарының
ара қатынасы
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қоғамда алатын орны
ерекше болып табылады. Себебі: жергілікті мәслихаттар халық үшін
өмірлік зор маңызы бар мәселелерді шешеді. Ол аумақты дамытудың
жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік, саяси бағдарламаларды
бекітеді. Мәслихаттар әкімдердің, жергілікті атқарушы органдардың басқа
да басшыларының есептерін қарайды, жергілікті заемдар мен
облигацияларды шығару және тарату туралы шешімдер қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша кәмелетке толмаған
балалардың істері жөніндегі т.б. комиссиялардың құрамын жасақтап,
бекітеді. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, баспасөзде
жарияланады; оларды жергілікті органдардың, ұйымдар мен азаматтардың
барлығы бірдей орындауға тиіс. Мәслихаттың шығырғын шешімдері
Конституцияға, Президент жарлықтарына, Үкіметтің қаулыларына және
өзінен жоғары тұрған мәслихаттардың шешімдеріне қайшы келмеуі керек.
Егер қайшы келген жағдайда, ол сот тәртібімен ішінара не толық
тоқтатылады. Мәслихаттар әр түрлі ережелер белгілеп, оларды бұзғандар
үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындауы мүмкін. Мәслихатта
белгіленген осы және басқа да ережелер мемлекетке, жергілікті
халыққа, азаматтарға, жергілікті органдарға арналады; ондағы көзделетін
мақсат – жергілікті байлықты (орман, су көздері, жануарлар) сақтау, әр
түрлі аурулардың, жұқпалы індеттердің таралуына, адамдардың құқықтары
мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу, жұрттың тыныш өмір
сүруіне, оқуына, жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу. Ал әкімшіліктер
болса азаматтар мен ұйымдардың Конституцияны, заңдарды, басқа да
нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, халыққа заңдарды түсіндіру
жөнінде көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсететін
объектілер (мектептер, ауруханалар т.б.) құрылысы туралы қамқорлық
жасауға, жолдардың жөнделуіне, көшелердің күтіп ұсталуына ықпал етуге,
тұрғын үйлерді бөледі, және сонымен қатар әкімшілік мемлекеттік білім
беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерін басқарғанда олардың
базаларының нығайтылуына қол жеткізуге; азаматтарды еңбекке
орналастыру мәселелерін шешуге; мүгедектерді, жұмыссыздарды, әл-ауқаты
төмен отбасыларын әлеуметтік жағынан қорғауға; халықтың ұлттық
дәстүрлері мен салттарының дамуына көмек көрсету сияқты қызметтерді
атқарады. Қазақстанда әр түрлі ұлттың азаматтары өмір сүреді, олар
өздерінің ұлттық салттары мен дәстүрлері бойынша өмір сүруге құқылы.
Әкімшіліктер осы ұлттардың салттары мен дәстүрлеріне нұқсан
келтірмеудің шараларын қолданып отыруға тиіс.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жергілікті
мемлекет органдарының аталған үлгісін қабыл алды. Конституцияның осы
органдарға арналған бөлімі Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару деп, аталады. Бұл бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару
органдары туралы жалпы айтылады. 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,
қызметінің ұйымдастырылуын, тіртібін, сондай-ақ мәслихаттар
депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан
Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға
белгілену берілген.
1.2. Жергілікті өкілді органдар сипаттамасы, жүйесі, құрылу
тәртібі және құрамы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаруды
жергілікті өкілді органдар жүзеге асырады. 1995 жылғы Қазақстан
Республикасы Конституциясының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару деген бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына,
мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген [1].
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын,
тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын
белгілейді. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы
үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны
Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) халықтың
өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән
белгілерін өз бойына сіңірген. Айталық, Жергілікті өкілді орган (мәслихат)
– бұл облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін
және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін
қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы
орган. Мұның өзі бұл орган халықтың өкілді органы екендігін және
мемлекеттің өкілді органдарының жүйесіне кірмегендіктен, одан оқшауланып
тұрғандығын аңғарудың қиындығы жоқ сияқты. Солай бола тұрса да, бұл
органның жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеретініне күмән келтірмеуіміз
керек. Сондықтан да болар жергілікті өкілді органдардың
(мәслихаттардың) өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатындығы. Еніді
түсінікті болу үшін мемлекетіміздің жергілікті өкілді органдарын басқа
мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен салыстырып көрсек.
Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті мемлекеттік басқару сайлау
органдары мен атқарушы аппараттар арқылы жүзеге асырылады. Әдетте,
жергілікті өкілді органдарын сайлау реттері заңмен белгіленеді. Әрине,
мұндай жағдайда әрбір елде кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне
тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар, атауларында да өзгешеліктер бар.
Мысалы, АҚШ-та муниципальдық кеңеске сайлау өткізуде бірмандатты және
көпмандатты округтер құрылады. Кеңес мүшелері осы округтер бойынша
сайланады. Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері бірмандатты сайлау
округтері бойынша сайланады. Францияда департамент кеңестері мүшелері екі
турда өтетін сайлау арқылы сайланады. Италияда жергілікті басқару
кеңестерінің мүшелері көпмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Ал,
біздің мемлекетімізде мәслихаттарға депутаттар жергілікті округтер арқылы
сайланады.
Бұл мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарының өкілеттік мерзімдері
де әр түрлі болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияда–төрт жылға, Францияда–алты
жылға, Италияда–бес жылға, Жапонияда–төрт жылға, Түркіменстанда–бес жылға,
Беларуссияда–төрт жылға сайланады. Қазақстан Республикасында мәслихат
депутаттары–төрт жылға сайланады. Сонымен қатар, бұл органдар саны жағынан
әр елде әр түрлі болып келеді. Мысалы, АҚШ-та–5-тен 50-ге дейін,
Францияда–9-дан 165-ке дейін, Италияда–15-тен 80-ге дейін, Жапонияда–12-ден
120-ға дейін, Ұлыбританияда–30-дан 70-ке дейін мүшесі болады. Бұл жерде
мүшесі деп отырғаным ол–депутаттар. Қазақстан Республикасында–25-тен 50-ге
дейін болады.
Бұл аты аталған органдардың негізгі жұмыс түрі отырыс болып табылады.
Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен өткізіледі. Мысалы, Франция мен Жапонияда
сессиялар жылына 4 реттен кем өткізілмейді. Ал, АҚШ-та бір айда 4 ретке
дейін өткізіледі. Қазақстан Республикасында кезекті сессия жылына кем
дегенде 4 рет шақырылады. Ал, мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізу
мәслихатқа сайланған депутаттардың көпшілік дауысымен шешіледі. Бұл
сессияда көкейкесті мәселелер шешіледі [2].
Жергілікті халық депутаттар кеңесінің өкілеттіктеріне мына төмендегі
қызмет аясы жатады: 1) өзінің бүкіл территориясында мемлекттік, шаруашылық
және әлеуметтік-мәдени құрылысқа басшылық жасау; 2) экономикалық және
әлеуметтік даму мен жергілікті бюджеттің жоспарларын бекіту; 3) өздеріне
бағынышты мемлекеттік органдарға басшылық жасау; 4) заңдардың қадағалануын,
мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жатады.
Жергілікті кеңестердің өкілеттілігі жергілікті кеңестер туралы заңдармен
белгіленеді. Олар: жоспарлау, есеп және есеп беру, бюджеттік қаржылық
жұмыстар, ауылшаруашылық өнеркәсібі, құрылыс, жоспарлау, құрылыстар, жерді
және суды пайдалану, тұрғын үй, коммуналды шаруашылық пен көгалдандыру;
көлік және байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтану; тұрмыстық қызмет
көрсету; білім беру, мәдени-ағартушылық жұмыстар мен ғылым; денсаулық
сақтау, денешынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтық бақылау
жүргізу, социолистік заңдылықтарды қамтамасыз ету, мемлекеттік, қоғамдық
тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау, қорғаныс жұмыстары жатады. Заң
актілерінде бекітілген жергілікті кеңестердің қызмет аясының әр түрлі
өзіндік ерекшеліктері болады. Ауылдық және поселкелік кеңестер – биліктің
ең көп және бұхаралық органы болып табылады. Ауылдық кеңестің қызмет
аясының ерекшелігіне оның ауылшаруашылығы, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
саласындағы міндеттері мен құқықтары табылады. Бұл органдар (колхоз,
совхоздар) ұжымдар мен кеңшарлар қызметіне бақылау жасайды, олардың
жоспарларды орындауын, жерді пайдалану туралы, социолистік меншіктің
қорғалу жағдайын бақылайды. Ауылдық кеңестер ұжымдар мен кеңшарларға
қоғамдық шаруашылықты дамыту, олардың экономикасын нығайтуға жан жақты
көмек көрсететін болған. Поселкелік кеңестер мен қала типтес поселкелік
кеңестердің қызмет аясы – коммуналды, әлеуметтік-мәдени және сауда қызметін
дамыту бойынша міндеттер тән сипат болып келеді. Аудандық кеңестердің
қызмет аясы өте кең, және жан жақты болып келеді. Ауылшаруашылығы – барлық
аудандар үшін экономиканың жетекші саласы болып табылады. Аудандық кеңес
аудандағы ауылшаруашылық пен агроөнеркәсіп кешендеріне басшылық жасайды.
Аудандық кеңестер сондай-ақ жергілікті өнеркәсіп пен халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету, мемлекеттің және кооперативті сауда мен қоғамдық
тамақтануға басшылық жасайды. Қалалық кеңестер қала тұрғындарына
коммуналдық — тұрмыстық, сауда және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетеді,
қала шаруашылығы, жергілікті өнеркәсіп саласындағы міндеттер мен құқықтар
қызметіне басшылық жасайды. Аудандық кеңестерге қарағанда қалалық кеңестер
қызметінің аясы кең, ол тұрғын үй, коммуналдық және әлеуметтік-мәдени
құрылыс жұмыстарын үйлестіреді [4].
Жергілікті өкілді органдардың жүйесін облыстық, қалалық, аудандық
мәслихаттар қамтиды.
Мәслихаттарға заңда мынандай міндеттер жүктеледі:
- тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының
орындалуын қамтамасыз ету;
- жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының,
заңдарының, Парламенттің қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі құжаттарының, жоғары тұрған мәслихаттар мен әкімдердің өз
құзіреттері шегінде қабылданған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- Республикалық және жергілікті өкімет органдары арасындағы
байланысты қамтамасыз ету;
- Халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз ету
жүктелген.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу. Депутаттыққа
кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Қоғамдық бірлестіктен ұсынылған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар: 1)
қоғамдық бірлестіктің жоғары органының, осы қоғамдық бірлестіктің әділет
органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі тіркеле отырып, тиісті
сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының
үзіндісі; 2) азаматтың өзін ұсынған қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі
бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа тұсуге келісімі туралы өтініш;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер бар болған ретте жүргізіледі.
Өзін-өзі ұсынған жағдайда кандидатты тіркеу мынандай құжаттар: 1) осы
сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш; 2)
кандидат туралы өмірбаяндық деректер. Тіркеуге мәслихат депуттағына
кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.Мәслихат депутаттығына кандидаттар
тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзім
ішінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс етіледі [8].
2. Жергілікті өкілді органдардың жұмысын ұйымдастыру
2.1. Мәслихат қызметінің негізгі нысандары және сессиясы

Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де
органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен
хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте
жүзеге асырады. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады,
онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі. Егер
мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса,
мәслихат сессиясы заңды болып есептеледі.
Мәслихат:
1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және
қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады,
олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы
туралы есептерді тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды
айқындайды, тексеру комссиясының актілерін бекітеді;
4) заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде
мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық-
техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.
Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны мен лимиті тиісті
мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, бес депутатқа бір қызметкер
қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді;
5) мәслихаттың регламентін бекітеді;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер
қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды
[14].
Мәслихаттар жұмысының осы нысанынан олардың өкілді мемлекеттік өкімет
органдары ретінде сапасы толық көрінеді. Мәслихаттар – ұжымдық басшылық
органдары. Сондықтан олар өздерінің қарауына жатқызылған ең маңызды
мәселелерді сессияға үнемі жинала отырып қана қарап, шеше алады. Сессиялар
депутаттар мен олар өкіл болып отырған сайлаушылардың тәжірибесі мен
пікірін жан-жақты ескеруге, халықтың мүдделеріне, қоғамның әлеуметтік және
экономикалық дамуының қоғамдық қажеттеріне сай келетін шешімдер қабылдауға
мүмкіндік береді. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын
өткізу, оларға мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру
және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың
сауалдарын қарау тәртібі, сондай-ақ дауыс беру тәртібі, аппарат жұмысын
ұйымдастыру, басқа да рәсімдік және ұйымдастыру мәселелері сессияда
бекітілетін мәслихаттың регламентінде белгіленеді.
Мәслихат сессиясы – мәслихаттың өздері үшін ортақ бір күн тәртібі
бар, бірінен кейін бірі болатын отырыстар болып табылады. Мәслихат сессиясы
– мәслихат қызметінің негізгі нысаны. ″Жергілікті өкілді және атқарушы
органдар туралы″ қолданыстағы заң сессиялар ұғымы мен практикасын байытты.
Енді сессиялар мәслихаттың жай ғана жиналыс немесе отырысы ретінде емес,
қайта, күн тәртібіндегі мәселелердің жан-жақты және іскерлікпен талқыланып
шешілуіне бағытталған шаралар кешенін қамтитын күрделі құбылыс ретінде
қарастырылады.
Мәслихат сессиясы – оның ұйымдастырушылық, құқықтық қызметінің ең
басты және нысаны. Сессияда мәслихаттың айрықша құзіретіне қатысты және
жергілікті шаруашылық, әлеуметтік мәдени т.б. маңызды мәселелер қаралып
шешіледі. Шешімдер мәслихаттың атынан тек сессияда ғана қабылданады, ол
үшін оның депудаттарының жалпы санының көпшілік саны қажет. Ал енді
мәслихат сессиясы заңды болу үшін оған сайланған депудаттар санының кемінде
үштен екісі қатысса жеткілікті. Сессия жалпы отырыс нысанында
өткізіледі. Оның бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы
ашады.
Мәслихат сессиясын шақыру тәртібі. Жаңадан сайланған бірінші
сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде
төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен
бастап отыз күн мерзімінен кешіктірілмей, тиісті аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы шақырады. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде
жылына төрт рет шақырылады және мәслихат сессиясының төрағасы
жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа
сайланған депутаттар санының кемінде ұштен бірінің, сондай-ақ әкімнің
ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және
жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған
күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен
тыс сессия оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы
мүмкін. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен
өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін
мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде
он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде
үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына
енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және
әкімге сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия
шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалған жағдайда табыс етеді.
Мәслихаттың сессиясын өткізу тәртібі. Мәслихат сессиясы жалпы
отырыс нысанында өткізіледі. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті
сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының
төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын
мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Егер мәслихат депутаттары
жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол
заңды болады. Шешімдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік
дауысымен қабылданады. Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша
мәслихат белгіленген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге
үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді.
Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы
төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар
санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат
шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі
осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.
Мәслхат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы
органдар басшылары, тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында
орналасқан ұйымдарының басшылары мен өзге де лауазымды адамдарды
мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін
мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі міндеттері.
Депутат:
1. мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органдарының
жұмысына қатысуға;
2. өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға
мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де
органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы
хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және
бақылау жасауға қатысуға;
3. сайлаушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
Әкімшілік құқықтық қатынастары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет үдерісі
Құқық нормалары
Әкімшілік құқық негіздері
Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Пәндер