Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері
1. М. Жұмабаевтың өмір жолы
2. М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері
2 Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік
идесының тәжірибеде қолдану маңызы
2.1 Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі
2.2 М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары
2.3 М. Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері
2.4 Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

М.Жұмабаевтың поэзиясының негізгі күшті жақтары –сыршылдығы, ұлттық,
халықтық сипаты – оның басты кемшіліктеріне айналады. Халық төбесіне
көтерген ақынның қуғын-сүргінге, қасіретке толы ауыр тағдыры басталады.
Мағжанды ұлтшыл, алашордашыл ретінде әшкерелеу ұйымдасқандық сипат
алды. 1924 жылдың басында Орынборда Мағжанға әдебиеттік сот ұйымдастырылды.
Сотта Мағжанды қазақ халқының қас жауы, оның шығармалары еш жерде
оқылмасын, баспасөз беттерінде шығармаларының жариялануына орын берілмесін
деген мәселелер қойылады. Осындай жиналыстың бірі сол жылы Мәскеуде қараша
айында өтті. Мағжан өлеңдерін халыққа жат деп тауып, қарар қабылдады.
Ж.Аймауытовтың Мағжанның ақындығы атты мақаласында: Мағжанның нағыз
кінәсі, жалғыз-ақ кінәсі – аса үлкен дарындылығында,- деген болатын [16].
Шын мәніндегі мағжантану Жүсіпбектің осы мақаласынан бастау алды. Бұл
мақала жайлы Бұл сыни еңбектің, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен
сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын
бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, жалғыз мағжантануды ғана емес,
бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел басып келе жатқанымен, екіншіден,
әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш, сын тарихында
белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Осындай
ерекшеліктерімен күні бүгінге дейін сын саласындағы биік шеберліктің
эталоны болып келеді –деп жазды ғалым Т.Кәкішев [25, 224].
Жүсіпбек Мағжанды қазақ поэзиясындағы Абайдан кейінгі ірі тұлға деп
көрсеткен. Ақынның ұлттық өлеңге еңгізген түрлік, көркемдік жаңалықтарына
тоқталып, өзіндік мектебі бар жаңа бағыт деп санайды [41, 36]. Шын мәнінде
қазақ әдебиеті Мағжанмен мақтанатын болады деген осыдан жетпіс жыл жуық
бұрын айтылған пікір бүгінде шындыққа айналып отыр.
Жүсіпбектің осы мақаласы Мағжанның көңіл-күйін жарқыратып ашатын, анда-
санда мұң-шерге орап жеткізетін сыршылдығын алдымен ұзақ дәлелдеп алған соң
теңеу таба алмай қиналады. Суретшілдік жағынан Мағжанмен иық
теңестірерлерді орыс, еуропа ақындарынан іздеп, кейде қазақ ақынының өресі
биік екенін қазақ қауымына түсіндіріп еңсесін көтеріп тастайды. Сондықтан
Мағжан дүниетанымын өзінің әр кездегі өзгерісіне лайықты баяндай келе,
тамаша пікірлер білдірген.
Мағжанға қайрат-жігер беру мақсатында 1924 жылы мамырдың 16-сында
Жүсіпбек Молдағали Жолдыбаевпен қосылып, Мағжанға жолдастық хат жолдайды.
Сен – қазақтың ақынысың. Алаштың қайғысын жырлайсың, ұлтыңды өліп-өшіп
сүйесің, онымен бірге күйзелесің. Қазақтың келешегінен үміт жоқ болса, онда
жойылып кету халіндегі халыққа көркем әдебиеттің керегі қанша? Біз сенен
кеудемізге рух пен қуат құйып, дертімізден айықтыратын, бақытқа бастайтын
сөз күтеміз.
Сен – қазақтың байрағысың. Мейлі тасбақа аяңмен жүр, бірақ өмірден
үмітіңді үзбе, өмірге орал, ХХ ғасырда тұрғаныңды ұмытпа! Өрісіңнің кеңеюін
тілеп, қайғылы сезімнің құрсауынан өз-өзіңді ептеп босатуыңды қалаймыз -
деген өтініш-тілектің қаншалықты қуатты, өрелі, биік, оралымды екенін
көріп, сыншылдық қаламға осынша ойлардың іліккеніне қуанамыз, әрі талантты
ақын інісін заман талабынан сырт қалмауға шақырғанын түсінеміз [25,229].
М.Жұмабаевтың өлеңдерін 1922 жылы Қазанда Б.Күлеев кітап етіп бастырып
шығарды. Өлеңдер жинағының Бастырушыдан деген алғы сөзінде Мағжаннның
бұл өлеңдерінің әдебиетте қандай орын алатынын айтуды сыншыларға қалдырып,
қазақ әдебиеті жаңа қаз-қаз тұрып келе жатқан секілді, түспей қалған
бірен-саран емле қатесі болса, оқушылар айыптамас - деп, ақын поэзиясын
әрбір үтір-нүктесіне дейін аса жоғары бағалайтындығын аңғартады [30].
М.Жұмабаевтың талантын алғаш тани білгендердің қатарында қазақтың ұлы
жазушысы М.Әуезов те бар. Ол Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі (тарихи-
әдеби сын) атты мақаласында әдеби дамуға шолу жасай келіп, ондағы соны
жаңалыққа тоқталады: Ол жаңалық – жаңа басталып келе жатқан сезімшілдік,
сыршылдық (романтизм) дәуірі. Бұрынғы ауызша әдебиеттен, одан бергі Абай
заманынан бері қарай келе жатқан реализм сарыны көбінесе құрғақ ой,
жадағай сөз (рассуждение) күйі осы күнгі терең сезім, нәзік сыр күйіне
айналып келеді. Бұның белгісі М.Жұмабаевтың соңғы Ертегі, Қорқыт
сияқты өлеңдерінде бар деген жолдар Шолпанда 1923 жылы № 4-5 сандарында
жарияланған. Бұл жерде Мұхтар Мағжанды қазақ поэзиясының дамуындағы жаңа
бір саты, бағыт деп жоғары бағалаған [43].
1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері

3. М. Жұмабаевтың өмір жолы

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы – Алаш қозғалысының қайраткері,
ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Мағжан ауыл молдасынан сауатын
ашып, 1905-1910 ж. Қызылордадағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы,
мұсылман халықтарының азаттық жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен
ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихына
дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоу-си, Сағди, Хафиз, Омар Һайям,
Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан
1909 ж. шыққан Абай өлеңдерін оқып, Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға
деген өлең жазды. 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім
алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер
С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы
Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 ж. Қазан қаласындағы
Кәрімовтер баспасында Шолпан атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.
Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913-
1916 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. Бірлік ұйымы жұмысқа
белсене араласып, Балапан қолжазба журналын шығаруға қатысады.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен
байланыс орнатып, М.Жұмабаев "Қазақ" газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917
ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге
белсене араласып, Акмола облыстық, қазақ съезін өткізуді
ұйымдастырушылардың қатарында болды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік
мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі бойынша
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
"Алаш партиясының Ақмола обл. комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы
өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуык абақтыға отырып шықты. Екінші
жаллы қазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша
құрылған комиссияға төрағалык етті. 1918-1919 ж. Петропавл уездік земство
басқармасында қызмет етті [17, 20].
1919-1923 ж. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан",
"Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту
жүмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр
Баянды" жазып, жарыққа шығарады. 1923-1927 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-
көркем өнер ин-тында оқиды. Онда орыс өдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін
терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен
достыққарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары
орынсыз сыяға ұшырады. 1924 ж. 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс
еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында
жиналыс өтіп, олар Жұмабаевтың 1922 ж. қазанда, 1923 ж. Ташкеште басылып
шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске
шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 ж. 14
ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат"
деген өлең жазды. Ол "Тілші" газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ"
газетінің 1924 ж. 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың Сәлем хат жазған
азамат Мағжан Жұмабайұлына деген ескертпемен Сәлемге сәлем деген жауап
өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса
да, уралап айқайламадың деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып,
кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан
1927-1929 ж. Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 ж. ақын "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен
Мәскеудегі Бутырқа түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 ж.
М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабак беретін
мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны
саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.
1937 ж. наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады.
1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Ақын тұңғыш өлеңінен
бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық,
демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзия-М. Жұмабаевтың Петропавл
қаласындағы ескерткішінін өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп
атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері
дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ
поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байыпты. Жұмабаев ел ішіндегі
әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды
("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалықшақ",
"Казағым", "Қарағым'', "Мен сорлы"). Бірқатар өлендерін махаббат тақырыбына
арнады ("Жас келін", "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу"). Өз
поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін ұлт
азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл
халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол
жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі -
отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің
табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген
уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені
жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды
("Туған жерім — Сасықкөл"). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп
романтикалық әуенге бөленді халыктарының бірлігі тақырыбы Мағжан
поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік
сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына
тән (Сүй, жан сәулем, т.б.) әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш
жырлаушылардың бірі (Айда атынды, Сәрсембай, Шойын жол). Ол
технологиялық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани
дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып,
туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Жұмабаев қазақ
поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш
айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам
жанының, психологиялық әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму
диалектикасын шеберлікпен Анкарадағы (Түркия) М. Жұмабаевқа қойылғап
ескерткіш кестелеіп өрнектей білді [36].
Акын шығармашылығының үлкен бір арнасы — халыққа білім беру, педагогика
саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап "Педагогика" (1922, 1923),
Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні (1925) еңбектерін жариялады. Ақан
сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз
әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Автор аударма саласына үлкен мән
берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Клльцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет,
И.И.Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов,
Д.Н.Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударлы. Таңдаулы прозалык
шығармалар аударумен қоса Шолпанның күнәсі әңгімесі арқылы қазақ
әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді. Кеңестік
жүйенін қуғын-сүргінінің кұрбаны болған Мағжан Жұмабаевтың есімін ақтау ісі
1958 ж. қолға алынлы. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның тандамалы
лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай,
Мағжан шығармалары басылмай қала берді. 1960 ж. Түркістан әскери округ
әскери трибуналының алқасы шешімімен Мағжан Жұмабаев толығымен, біржола
ақталды. Мағжан есімі ақталса да, ол жөнінде Қазақстан Жазушыдар одағы мен
ғылыми мекемелергс хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзак уақыт бойы
Мағажан Жұмабаевтың шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын
кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. Бірақ
М.Жұмабаев шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан
М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Ш.Сариев
бастаған ғалымдар тобы Мағжан Жұмабаевтың 3 томдық шығармаларын шығаруды
қолға алды. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің
егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін
мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және
Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабаев есімі берілді. Петропавл
қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған.

4. М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметіне тоқталғанда оның ұстаздық
шеберлігін айтпай қоя алмаймыз. Ол туралы 1922 жылы Мәскеу – Күншығыс
еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған Бейсенбай Кенжебаев
мыналарды есіне түсіреді: Қазақ тілі, қазақ әдебиетін М.Жұмабаев оқытқан
еді... Ол ғалым, тәжірибелі шебер оқытушы, асқан методист педагог еді.
Мысалы, ол шәкірттеріне Өздерің білген бір ертекті жазып келіңдер, соны
класта оқып, бәріміз бірге талдаймыз – деп тапсырма береді. Сөйтіп ол бізге
әрі әдебиетті, әрі дұрыс жазуды, әрі шығарма жазуды үйретеді, - деп жазады
оның бір шәкірті. Мағжан сабақ өтіп жатқанда ешқандай қағаз пайдаланбай
суырып салма әдісімен өз ойын ортаға салып, оны өлеңдер, мақалдар,
шығармалардан үзінділерді жатқа оқып дәлелдеп отырған.
Ш.Елеукенов М.Жұмабаевтың ақталып, халқына оралғандығы жайлы былай
дейді: Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға
қосылады деп армандаған аяулы ақын енді міне ел-жұртының арасына қайтып
оралды. Ол үшін біз мына революциялық жаңалану дәуіріне борыштымыз. Мың
мәртебе соған бағыштаймыз [10].
Ж.Аймауытов өзінің Мағжанның ақындығы туралы атты мақалысында:
Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта
алмаймыз; толық сынау үшін оның алды, артын орап, еркін арылып шығарлық
сегіз қырлы, негізді білім керек, - деп айтқан болатын. Әрине, Мағжанның
сан қырлы еңбектеріне талдау жүргізу көп ізденісті қажет ететін күрделі
процесс, ол болашақтың ісі.
Сәбит Мұқанов 1932 жылы: Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан
саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиеттеріне жаңа түрлер енгізу
ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесіне Мағжаннан асқан
ақын қазақта жоқ, - дегенін ешкім жоққа шығарған емес.
Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... бұдан соң Мағжанды сүйемін.
Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы
ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы
жарасқан Арқа қызын көріп, мезінгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын.
Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның
шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай.
Бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің
тереңін терген – ақын болмайды. Заманынан баса озып, ілгерілеп кеткен –
ақын болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол
жоқ. Сондықтан, бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып,
артқы күнге алып қалатын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі
күмәнді, өте сенімсіз деп білемін, - деп жазыпты Мұхтар Әуезов.
Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке
жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы ақындарда болған емес.
Ол жүректің қобызын шерте біледі. Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан
тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы,
көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді,
жабайы жырды Мағжаннан таба алмаймыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза
ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де
ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің
кірбеңі көрініп тұрады. Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке
жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан
екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан,
-депті Жүсіпбек Аймауытов [29].
Мағжан романтизмнің болмыс-бітімі, сыр-сипаты - өз алдына бөлек және
ұзақ әңгіменің тақырыбы. Бұл арада біз қазақ топырағына баяғы бағзы
заманнан тамыр тартқан сөз өнерін дамытудағы әйгілі екі даңғылдың бірі
реализм болса, бірі романтизм екенін тәптіштеп түсіндіріп жатпай-ақ, дәл
осы көркемдік әдістің Мағжан ақындығына парлаған пафос, самғаған қанат
бітіргенін, соның арқасында осынау білімді, өнегелі, мәдениетті ақынның өз
кезіндегі бүкіл әлемдік әдеби ағымдардың шым-шытырық тылсым құпиясын
игеруге дейін қалай шырқап көтерілгенін атап өтпек едік. Сонымен қатар
осындай творчестволық әрекет үстінде Мағжан ақынның тілі қалай ұстарып,
шеберлігі қалай шыңдалғанын айта кету де артық емес, - Зейнолла Қабдолов.
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолын жақсы білетін Сайфи Құдаш бір сөзінде
былай дейді: Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М.Жұмабаев үнемі
жұмыс үстінде болды. Рас, бұл оның бар мүмкіндігінен аздай болған да шығар,
таланттың өз күшіне сай да болмас, бірақ жұмыс істей білді, ал бастан өткен
бұрылыс-қалтарыстарға ол жалғыз өзі кінәлі емес. Совет үкіметі алғаш
орнағаннан кейін, белгілі бір шешімге келе алмай толқыған сәттері болды,
бірақ бұл ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Москваның орталық басылымдарының
бірінде редакторлық қызмет атқарды. Кейін жоғары әдебиет-көркемөнер
институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжан Қырғыздың
Пушкині деуші еді. Сол жылдары қазақ мектептерінің оқулықтарын даярлау
ісімен айналысты, орыс жазушыларының В.И.Ленин шығармаларын аудару ісіне де
атсалысты. Бұның бәрі де М. Жұмабаевтың қарама-қайшы пікірден біртіндеп
арылуына, көзқарастар солқылдақтығынан құтылуға, маркстік-лениндік
көзқарастың жолына бір дола бет қойып, тереңдей түсуіне ықпал жасап, жол
ашты [17].
Қазақтың әрбір ұлағатты ғалымдары, ақындары Мағжанды ерекше
құрметтегенін, осы айтылған сан алуан пікірлер мен жақсы сөздерден көреміз.
Оның еңбегінің бір тамшысын да баға бермей жерге тастамаған. Мағжан – елдің
патриоты, қазақ баласы.

2 Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік
идесының тәжірибеде қолдану маңызы

2.1 Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі

Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек?
Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу – бүгінгі мектептің парызы.
Президент Н.Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 жолдауында: ...Оқушыларды
қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік
талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс
қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек – деген болатын.
Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға
тиісті.
М.Жұмабаев та кезінде осы бағытты меңзеді, егеменді елдің егемен мектебі
болуын қалаған. Өйткені оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп шығару тек ұлт
мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері
бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс. Олар ұлан-байтақ жерімізді қасықтай
қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман есен тапсырды. Ал,
жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай
қорғай ала ма? Міне, мәселе осында, патриотизм иен ұлылықты қалыптастыру
құрғақ сөзбен жасалынбайды. Оған жүйелі бағдарлама, кешенді оқу-тәрбие
жұмыстары қажет. Ең алдымен ұлттық мектеп, оның концепциясы, заңдастырылған
дүние болмысы қажет. әр пән бойынша оқулықтар жасалынумен қатар қазақ
халқының бүкіл жан дүниесі мен болмысын танытатын, оқу-тәрбие кешені қажет.
Бәрі қазақ ұлтының ұлы болмысы мен қағидаларының тоғысында қалыптасуы
негізінде болуы керек. Этномәдени білім беру ол қазақстандағы негізгі ұлт
төңірегінде, соның негізінде жасалынуы міндетті. Ұлттық педагогика саясатын
өзге ұлт, мемлекет емес, өзіміз жасап, қалыптастыруымыз орынды болмақ.
Қазақстанның келешекте әлемді өркениетті елдермен терезесі тең, өз орны бар
ұлы мемлекет болуын қаласақ, ең алдымен, оның ұлттық мектебінің іргетасын
қалыптастыруымыз қажет.
Еврей, жапон т.б. ұлттардың жас буынды сәби күнінен ұлылыққа,
ұлтжандылыққа тәрбиелеуі көп нәрсені аңғартса керек. бұларда жас балаға
деген құрмет ерекше. Ұрсу, жекіру, балағаттау деген жоқ.
Біздің қазақта да ертеде осындай тәрбиенің болғаны белгілі. Бабаларымыз
балаларын ұлылыққа жақсы тәрбиелей білген.
Мағжан өз Педагогикасында Баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Баланы
қорқыту – қып-қызыл зиян. Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде ер
болады. Ерлікке іспен үйрету керек. Баланы ұру, соғу ісі адамшалыққа
ұнамайтын іс, - дейді [10]. Ендігі жерде мектебімізде оқу-тәрбие ісінде
ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюы керек-ақ. Ұлттық
қағидаларды оқу-тәрбие ісіне терең кіргізе отырып, оны әлемдік алдыңғы
қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете
оқу, әсіресе, қазақ, шетел тілін 3-4 жастан оқытуды қолға алу. Тәрбиенің
басты ұстанымдары жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру,
өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа
халқының да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ. Өйткені олар ата-бабамыз ғасырлар бойы
армандап кеткен егемендікті көрді. Ғасырлар тоғысында өмір сүруде.
Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін
мәселе. Ғасыр басында Мағжан Жұмабаев өзінің Жазылашақ оқу құралдары һәм
мектебіміз деген еңбегінде: ...біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап
алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы
Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Пәндер