Жұмыссыздық мәселесі. Халықты әлеуметтік қорғау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Андас

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жұмыссыздық мәселесі. Халықты әлеуметтік қорғау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2011ж.

Жоспар

1. Жұмыссыздық мәселесі
2. Жұмыссыздықпен күресу шаралары
3. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен
4. күресетін кейбір аспектілері
5. Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру
6. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі.
7. Орталықтандырылған дерекқор
8. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жұмыссыздық мәселесі

Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады.
Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі
экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жақтайшылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша
саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс
басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу
инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа
зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде
қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол Филлипс қисығы деп аталды.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының
арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс күші
жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы
жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдый отырып, оның әр түрлі
нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан
алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық,
технологиялық, табиғи және т.б.
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықды екі топқа бөледі:

- Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;
- Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты.

2. Жұмыссыздықпен күресу шаралары

Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс
кадрларының қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар
әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар
жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір
біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл
табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды
басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс
негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор
зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен
алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей елдерден
имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға жергілікті
жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол
қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:

1. Білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б.

Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін
де еске алған жөн.

3. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен
күресетін кейбір аспектілері
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік
бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы
– адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан
қисылтаяқ ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі
кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс
орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен
жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар
пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды
міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау
жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі
дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла
бастаған болатын.
Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту
үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын,
қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.
Жұмыссыздықтан қоғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты
қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі
түрлі бөлек жүйеден тұрады:
Бірінші, бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға
материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды
жүзеге асырады.
Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады –
жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе
экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса,
екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар
елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара
бағынышсыз екі себепке байланысты:
Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын
әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз
қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе
кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік-
экономикалық факторларға бағынышты.
Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына еңбекке құқығын
конституциялық міндеті болып саналады.
Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық неге көп? Неліктен
осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық
шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық
тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз
мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс
берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру
керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен
шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар
шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын
жұмысқа алған адамдарды биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды
деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар
ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.
Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл
бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта
қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.
Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жмыс орнының жетіспеушілігі.
Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
Еңбек рыногі саясатының балсенді шараларының басымдығы бар деп
танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі. Олар
көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды.
Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру
туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі
міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы
талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін
кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша
саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының
маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылықазақстандықтар мұқтаж
болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.

4. Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстаннның әлемнің бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе
жатқан мемлекеттер қатарына енуін қамтамасыз ету жөнінде барлық басымдықтар
адамзат дамуымен тығыз байланысты.
Адамзат дамуының шарттары, әр адамның өзінің физиологиялық, әлеуметтік
және рухани қажеттіліктерін лайықты өмірді сақтау үшін қажетті көлемде
қанағаттандыру мүмкіндігі едәуір мөлшерде халықты әлеуметтік қорғау
жүйесіне қатысты.
Өтпелі кезеңнің бірталай қиыншылықтарына қарамастан Қазақстан
Республикасының Үкіметі әлеуметтік саланы дамытуды әрқашан мемлекеттік
саясаттың басымдықты бағыттарының қатарына жатқызып келеді және әлеуметтік
саланы реформалау бағытында мақсатты әрекет етеді.
Қазақстанда жасалған әлеуметтік қорғау үлгісі негізінде нарықтық
шаруашылыққа дәлме-дәл сәйкес келеді, еңбек қатынасының аясында әлеуметтік
кепілдіктерді іске асыруды, нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыруды,
әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыруды, тұрмысы нашар адамдарға
әлеуметтік қолдауды, халыққа қажетті әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз
етеді.
Жұмыс істейтін азаматтардың салық және өзге де аударымдары есебінен
зейнетақыларды төлеуге негізделген ынтымақты зейнетақы жүйесі әзірге
әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі құрамдас бөлігі болып отыр, алайда бұл
салада түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылып жатыр.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып
қатысушылардың арасындағы ынтымақтастықсыз, жеке жинақталған ақшалары
принципіне негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуді жүзеге асырды.
Ынтымақтастық принципі болашақта жинақтаушы сақтандыру жүйесімен
ауыстырылатын болады. Шын мәнісінде, бұл БҰҰ қарттардың осалдықтарын
өмірінің ішіндегі өз күштерімен қол жеткізген нәжижелерін қиыстыру және
қолдаудың сыртқы көздерін ұсыну арқылы төмендету туралы үндеуін іске асыру
болып табылады. Реформаның ерекшелігі жинақтау жүйесінің жаңа зейнетақымен
қамсыздандырудың қосымша емес, негізгі элементі ретінде енгізілгендігінде
болып отыр.
2005 жылғы қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесі қолданысқа енгізілді, ол жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатер
туындағанда аударымдарының ұзақтығы мен мөлшеріне қарай қосымша қорғауды
қамтамасыз етеді. Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу,
жұмысынан айрылу жағдайларына, жүктілігіне және босануына байланысты,
сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне әлеуметтік төлемдерді
қамтамасыз ету көзделген.
2005 жылғы маусымда зейнеткерлік жасқа толуына байланысты базалық
зейнетақылар жүйесі енгізілді.
Осылайша, қазіргі кезде Қазақстанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Халықты жұмыспен қамту саясаты
Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет
Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Қазақстан Республикасының жұмыссыздық себептері мен формалары
Жұмыссыздық жағдайын зерттеудің теоритикалық әдітемелік негіздері
Пәндер