Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

«Тарих» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы»

Орындаған: Сатқанова Ш. М.

Тексерген: Ерназаров Ж. Т.

Орал, 2014ж.

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Зиянды әдеттердің алдын алу

2. Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


І. Кіріспе

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

Темекі тарту, яғни, никотинизм - зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы - никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.

Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.

Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Зиянды әдеттердің алдын алу

Темекі шегудің кең таралуы және осы зиянды әдетке жасөспірімдердің үйір болуы - медицинаның ең маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе бойынша санитарлық ағарту орнының ғылыми-зерттеу институтының жан-жақты ғылыми зерттеулері негізінде бірқатар заңдар мен ағарту сипатындағы шаралар өңделіп, шығарылған болатын. Сонымен қатар, Бүкілодақтық Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы темекі шегетіндердің жасы жылдан-жылға жасарып бара жатқанын көрсетті. Осыған орай, егер бүгінгі күні шылыммен танысу балаларда жасөспірім жаста ғана емес, 10-12 жаста, тіпті одан да ертерек басталатындықтан, балалар мен жасөспірімдерге темекі шегудің зиянды әсері жөнінен гигиеналық тәрбие беру - міндетті шара. Темекі түтінінің адам денсаулығына әсері туралы мәліметтермен өсіп келе жатқан ұрпақтар ғана емес, сонымен қатар ересек адамдардың өздері де толық хабардар емес.

Темекі түінінің адам денсаулығына зиянды әсерлері:

1. Темекі шегетіндер қан айналу жүйесінің ауруларымен (атерсклероз, стенокардия, гипертония, миокард инфаркті) темекі шекпейтіндерге қарағанда жиі зардап шегеді. Әрбір тартылған темекі қан тамырларының 20-30 минутқа дейін тарылуына әкеліп соғады;

2. Никотин адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Алғашқыда орталық ми қыртысын қоздырады, соңынан тежейді, әлсіретеді;

3. Темекі шегу зат алмасуды және организмдегі витаминдердің сіңуін бұзады. Темекі құмарлардың басым бөлігінде авитаминоз байқалады;

4. Никотин асқазанның кілегей қабатының қабыну процестерін шақырып, ас қорыту жолдарының қабынуына ықпал етеді. Асқазан жарасы ауыруының 98% темекі шегетіндер құрайды;

5. Никотин жыныс гармондарының өндірілуін және жыныстық белсенділікті төмендетеді;

6. Темекі түтінінде концерогенді заттар табылған. Өкпе және асқазан рагі темекі шегетіндерде темекі шекпейтіндерге қарағанда бірнеше есе жиі кездеседі;

Қазіргі кезде алкоголизм мәселесі де шындап көңіл бөлерлік мәселелердің бірі болып отыр. Алкогольдік ішімдіктерді нысапсыз пайдаланудың қауіптілігін ерте заманның өзінде-ақ түсінген, ал қазіргі кездері ол көптеген ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы дәлелденген. Алкоголь нәрестенің құрсақта жатқан кезінен бастап, оның даму жолдарының барлық кезеңдерінде организмге кері әсерін тигізеді:

1. Ақыл-ойының дамуы төмен 100 баланың ішінде 90-ны алькогольдік маскүнемдік жағдайында ұрықтанғандығы дәлелденген;

2. Жүкті әйелдердің алкогольді интоксикациясы, туа пайда болған ақаулар (жүректің туа пайда болған ақауы, аяқ-қолдардың анамалиясы, қылилық және т. с. с. ) санының өсуіне әкеліп соғады;

3. Алкоголь орталық жүйке жүйесін, бауырды, бүйректі, жүректі зақымдайды, дәрілердің әсерін бұрмалайды, қызмет қабілетін және ақыл-есін кемітіп, адамның жеке басын аздырады;

4. Автомобиль апатының 30% көбінің себебі алкогольдік маскүнемдік болып табылады;

5. Маскүнемдер арақ ішпейтіндерге қарағанда екі есе жиі ауырады. Бұрынғы кездерде де, қазіргі уақытта да маскүнемдікке қарсы әр түрлі шектеулер мен заңдылықтар қабылданған.

2. Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы

Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.

Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.

Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.

Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.

Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.

Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.

Салауаттылық - денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі - арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.

Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.

Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы - осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу.

Өмір өлшемі - салауаттық, салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу - адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

Қорытынды

Өмір - адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі - оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі - адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады.

Зиянды әдеттерге темекі шегу, арақ ішу, СПИД, нашақорлық, уландыратын заттарды иіскеу сияқты қауіпті әдеттер жатады. Темекі шегу- денсаулыққа елеулі зиян келтіретін, ең көп тараған зиянды әдеттерінің бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Құқықтық білім күндері
Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
Адам денсаулығына және организмге жүгірудің әсері
ӨСКЕЛЕҢ БУЫННЫҢ БҮГІНГІ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ЕРТЕҢГІ ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ
Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу
Салауатты өмір салтының негіздері
Халықтың ұрпақты болу денсаулығына әсер ететін аурулардың деңгейін төмендету
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz