Зоогигиенаның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Зоогигиена пәні және оның мәселелері. Кез келген ұстау әдісінде жануарлар адам жасаған жағдайларға тәуелді болатыны белгілі (микроклимат, азық сапасы, азықтандыру тәртібі, орналастыру тығыздығы т. б. ) . Осы жағдайлардың жануарлар биологиясына сәйкестігі олардың денсаулығы мен өнімділігіне әсерін білдіреді.

Ауылшаруашылық малдары гигиенасы негізін жан-жақты білу өндірістің жалпы деңгейін жоғарылатуға, өндірілетін өнім сапасын жақсартуға, түсінігін ұлғайтып, өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндіктер жасайды. Сонымен, зоогигиена дегеніміз не?

Зоогигиена (ветеринарлық гигиена, ауылшаруашылық малдарының гигиенасы) грекше - zоо - жануар, hygienos - дені сау, деген сөздерінен бастау алатын ұғым. Гректерде - гигия - денсаулық құдайы.

Зоогигиена - жануарлар денсаулығын нығайту, олардың организмінің табиғи резистенттілігін, азықтандыру, ұстау, бағып күтудің тиімді әдістерімен жоғарылату тұрғысындағы ілім.

Қоршаған орта жағдайларының жануарлар организміне әсер етуін зерттеу негізінде мал шаруашылығы қызметкерлеріне күнделікті жұмыс барысында көмекші болатын ұсыныстар құрастырылып шығарылады.

Олардың негізгілері - ұстау нормалары мен ережелері, азықтандыру тәртібі, ферма аумағын таңдау, малшаруашылық құрылыс орындарының сапалығы, аудан нормалары, микроклимат, қызмет түрлерінің механикаландырылуы, орналастыру әдістері.

Зоогигиенаның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер

Зоогигиена ғылым ретінде ерте дәуірде туындала бастаған, алайда, бұл жылдар бойы жинақталған, байқау-бақылауларға негізделген тәжірибелік машықтанулар ғана еді, бұл жайлы Рим, Греция, Қытай, Үнді мал шаруашылығының даму тарихы көрнекі мысал бола алады.

Ерте дәуірдегі және орта ғасырлық өзге елдер ветеринариясы айтарлықтай жоғары деңгейде болған. Ол клиникалық, індеттанымдық, паталогоанатомиялық дерек - мәліметтер негізінде өзіндік ауру жіктемесін жасаған, түрлі аурулардың ағымы мен барысы тұрғысында дұрыс түсінік қалыптастыра алған, сондай-ақ ауруларды балау, алдын-алу, емдеу тәсілдерін де біліп орындаған.

1-кестеде Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халық ветеринариясындағы кейбір жұқпалы мал ауруларының мәні мен атаулары келтірілген. Сол кезде қалыптасқан қазақ ветеринариясы заңдары төмендегіше болмаған:

1. Егер мал емші кінәсінен шетінесе, я болмаса оған қандай да бір зақым келтірілсе, ем жасаушы кінәлі деп танылған.

2. Егер сатылып алынған малда қандай да бір кінәрат, нақты уақыт аралығында жаңа иесімен анықталса, ол сатушыға малды қайтаруға құқылы болған.

3. Жер иеліктеріне бөтен малдар кіруіне жол берілмеген. Соңғы тармақ аса қатаң сақталған әр рудың өз жер иеліктері, көшіп-қону бағдары, жайлау, қыстау, күзеулері болған.

Қандай да бір ру малдары жайлаған аумаққа рұқсатсыз өзге ру малдары енуіне қатаң тыйым салынған. Бұл індеттік аурулар таралуымен күрес ретінде аса маңызды жай болып табылған.

1-Кесте. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халық ветеринариясындағы кейбір ауру атаулары мен мәні

Орысша: Орысша
Қазақша: Қазақша
Ауру мәні: Ауру мәні
Орысша: 1
Қазақша: 2
Ауру мәні: 3
Орысша: Сибирская язва овец
Қазақша: Топалаң, ылаң, ұшпа
Ауру мәні: Ауру аз уақыттық ағымда өтіп, мал қырылуымен сипатталады. Топ-түбірі жалпы, тобыр, үйір; Алан (этимолог), аландар-тайпа, оның өкілдері Шыңғыс ханда оққағар болған. Бұл жерде шартты түрде «ауру жануарларды, алондар адамдарды қырғандай жояды».
Орысша: Сибирская язва лошадей
Қазақша: Секіртпе, жамандат
Ауру мәні: Аурудың ілезде өтетін түрі. Жамандат-сөзі-ойықжара, жара, ісік мағынасын береді. Клиникалық тұрғыда ауру ісік, қарын ісінуі түрінде өтеді.
Орысша: Сибирская язва верблюдов
Қазақша: Қарабез, Ақшелек
Ауру мәні: Сөзбе-сөз мағынасы - қара без жауырын алды бездері ұлғаяды.
Орысша: Сибирская язва КРС
Қазақша: Лаң, талақ, қараталақ
Ауру мәні: Алан-сөзінен төркінделеді (жоғарыда баяндалған) . Талақ-көкбауыр соның ұлғаюы байқалады) .
Орысша: Сибирская язва людей
Қазақша: Күйдіргі, түйнеме
Ауру мәні: Адамдарда аурудың көршиқан тәрізді түрі, көбіне ұрт маңында байқалады.
Орысша: Чума КРС
Қазақша: Мәлік, ақбалық
Ауру мәні: Тұяқ тысының түсуі байқалады.
Орысша: Эмфизематозный карбункул
Қазақша: Қарасан
Ауру мәні: Артқы аяқ қараюы (саны)
Орысша:
Орысша: Эмфизематозный карбункул
Қазақша: Үш аяқ
Ауру мәні: Мал үш аяғымен ғана қалады.
Орысша: Повальное воспаление легких
Қазақша: Ала өкпе
Ауру мәні: Сөзбе-сөз-шұбар (ала) өкпе.
Орысша: Ящур
Қазақша: Аусыл, сарып
Ауру мәні: Ауыз қуысы зақымдалғанда арталы түрі, сілекей ағуы байқалады. Аяқтары зақымдалғанда-ақсаңдау байқалады.
Орысша: Паратиф телят
Қазақша: Қылау
Ауру мәні: -
Орысша: Колибациллез
Қазақша: Ақтышқақ
Ауру мәні: Сөзбе-сөз-ақ түсті нәжіс
Орысша: Телязиоз
Қазақша: Ноғала
Ауру мәні: Көз зақымдалу (ақ түсуі)
Орысша: Чесотка
Қазақша: Қотыр, көнтек, қышыма
Ауру мәні: Барлық малдардың ауруының жиынды атауы, ағымын білдіретін түсініктер.
Орысша: Сап лошадей
Қазақша: Қыршаңқы маңқа
Ауру мәні:

Мұрыннан бөлінділер ағуы, шырышты қабаты-

ның зақымдалуы.

Орысша: Сап лошадей
Қазақша: Сар қолқа
Ауру мәні: Сары, қолқа-яғни өкпе зақымдалуы туралы айтылған түсінігі.
Орысша: Контагиозная плевропневмония лошадей
Қазақша: Қара өкпе
Ауру мәні: Өкпенің қараюы.
Орысша: Мыт лошадей
Қазақша: Сақау шығу делбе, албыт
Ауру мәні: Сөзбе-сөз, мылқау, кісінемес мал сандалып, шайқалақтап жүреді.
Орысша: Случная болезнь лошадей
Қазақша: Қара қаптал
Ауру мәні: Каптах-бұл жерде жыныс мүшесі деген мағынада (қара күпей, ұма) .
Орысша: Бешенетво
Қазақша: Құтыру
Ауру мәні: Құтыру белгілері.
Орысша: Трипанозомоз верблюдов
Қазақша: Қатпа
Ауру мәні: Мал бірден жүдейді.
Орысша: Подкожные оводы
Қазақша: Оқыра, шоншақ шошала сәйгел
Ауру мәні: Бөтеле ұшуы кезінде малдар-дың қатты тынышсыздануы байқалады.
Орысша: Оспа овец
Қазақша: Күл
Ауру мәні: Күл-гүл мағынасы, түсті дақтар шап маңында байқалады.
Орысша: Оспа у детей
Қазақша: Қарасан
Ауру мәні: Орта ғасырдағы Орта Азиядағы өлке атауы (қазіргі Хиуа, Бұхара аумағы), ол жерден шешекке қарсы адамдарды ету жұмыстары бастау алған.
Орысша: Оспа у детей
Қазақша: Шешек
Ауру мәні: Қызыл дақтар.
Орысша: Ценуроз
Қазақша: Тентек, айналма, миқұрт
Ауру мәні: Қой мақсатсыз, дөңгеленген қимылдар жасап айналады. Сөзбе-сөз мидағы ісік, көпіршік.
Орысша: Инфекционная энтеротоксимия овец
Қазақша: Жыбырлауық
Ауру мәні: Мал үнемі, қатты тынышсызданады.
Орысша: Брадзот
Қазақша: Ақтопалаң
Ауру мәні: Сөзбе-сөз қой қырылуы (үрдей түсетін жүдеп-жадау) .
Орысша: Пироплазмоз гемоспоридиозы
Қазақша: Салма
Ауру мәні: Кебу (үдей түсетін жүдеп-жадау) .
Орысша: Некробациллез овец
Қазақша: Бақай құрт
Ауру мәні: Аяқ зақымдалуы.
Орысша: Эстроз
Қазақша: Пысқырық
Ауру мәні: Түшкіріп-пысқыру белгілері байқалады.
Орысша: Эхинококкоз
Қазақша: Беріш, бершімен
Ауру мәні: Бауыр қатаюы, бауыр қабының әктенуі.
Орысша: Фасциолез, дикроцелиоз
Қазақша: Бауыр құрт
Ауру мәні: Қазақ-малшы қауымы арасында құрт сөзі-паразиттің барлық даму кезеңдерін білдірген, жәндіктердің балаң құрттары да осы түсінікке енген. Бұл жерде бауырдағы түрі айтылған түсінігі.
Орысша: Моннезиоз
Қазақша: Таспа құрт
Ауру мәні: Сөзбе-сөз-ішек құрттары.
Орысша: Диктиокаулез
Қазақша: Ішек құрт
Ауру мәні: -
Орысша: Диктиокаулез
Қазақша: Жұмыр құрт
Ауру мәні: Дөңгелек құрт
Орысша: Метастронгилидиоз
Қазақша: Өкпе құрт
Ауру мәні: Яғни өкпедегі құрт
Орысша: Аскаридиоз
Қазақша: Жылан құрт
Ауру мәні: Жылан тәрізді, ұзын құрттар.

Қазақстанға тән климаттық және табиғи-экономикалық жағдайлар қазақ малшы-қауымын, жайылымдарды мерзімге қарай пайдалануға мәжбүрленген: қыстау, жазғытұрымғы жайылым, жайлау, күзек. Қатаң тәртіптегі, малдар, көшіп-қонуы едәуір індеттанымдық маңызға ие болғандығын атап өту орынды.

Індет орын ала қалған жағдайларда, ауруға шалдыққан малдарды сол орында сойып, сауларын өзге қолайлы жерлерге айдап отырған, ал ауруға күдікті дегендері 3-5 шақырым қалдырылып отырған. Егер ауру малдар тым көп болса, оларды сол орында қалдырып (жарты бөлігі сауығады деген үмітпен), бұл жайлы көшіп-қонып жүрген ауылдарға хабар таратқан. Мал тұрақтары мен жайылымдарын жиі ауыстыру ауру жұққан табында ірі қара мал обасы ауруы таралуын 30-35%-ға төмендеткен.

Қазақ малшы-қауымы сібір жарасы болып өткен, яғни осы кесел бойынша қолайсыз аумақтарды ескеріп, тек боранды мезгілде ғана малдарын айдап апарып отырған. Осы тәжірибені олар әсіресе тері аурулары болған уақыттары кезінде қолданған, мал өліктерін өрттеген немесе терең етіп көмген.

Тері аурулары байқалғанда, іші құрғақ қора-жайларды пайдаланған. Жылы қора-жайларды тек арыған малдар мен төлдерге қолданған.

Қазақ халық ветеринариясы түрлі мал аурулары кезінде оңтайлы орын алғанымен, осы ауруларды түбегейлі жою үшін Қазақстан аумағында мемлекеттік ветеринарлық мекемелер ұйымдастыру мен арнайы дайындалған мамандар шығаратын арнайы оқу орындары қажет еді. Осы тұрғыда Қазақстанға жіберілген орыс ветеринар дәрігерлері орны толмас көмек жасады. Ресей ветеринариясына жауапты іс жүктелді - ол көшпелі қазақ мал шаруашылығына ғылыми және тәжірибелік тәлім енгізу мәселесі еді.

Кеңес заманында зоогигиена бөлімдері бар зоотехникалық және ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемелері құрылып, зоогигиена кафедралары бар ветеринарлық және зоотехникалық институт, факультеттер ашылды.

Кеңес өкіметінде ветеринарлық гигиена дамуына үлкен үлес қосқандар қатарына А. К. Скороходько, А. А. Аликаев, Ф. М. Ожогин, А. В. Озеров, А. П. Онеговты қосу қажет. Қазақстанда осы сала дамуына зор ықпал етіп, дамыту ісіне үлес қосушылар: В. Ф. Матусевич, В. И. Гершун, Ж. Б. Мырзабеков, К. А Сағындықов, Б. А. Асылбеков т. б.

Аталмыш оқулықта көрнекті ғалым, ветеринария ғылымдарының докторы, Целиноград ауылшаруашылық институтының зоогигиена және ветеринария кафедрасының іргетасын қалаушы - Матусевич Владимир Фадеевич туралы тоқталып кеткіміз келеді.

Матусевич Владимир Фадеевич - 1907 жылдың 15 наурызында Кировоград облысындағы шаруа отбасында дүниеге келген. В. Ф. Матусевич ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, оның есімі Кеңестер Одағындағы ауылшаруашылық малдары гигиенасының даму тарихы мен сонымен қатар ауылшаруашылық малдарының силикоз ауруын болдырмау биологиясы бойынша зерттеулер ұйымдастыру еңбектерімен тығыз ұштасады.

Ол 1929 жылы Харьков ветеринарлық институтын тәмамдап, осы институтта ассистент-аспирант ретінде қалдырылады. Аспирантураны аяқтаған соң үш жыл өткенде оған доцент атағы беріледі де, Одесса жоғарғы коммунистік ауылшаруашылық мектебінде оқытушы болады.

1954 жылы В. Ф. Матусевич ветеринария ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша диссертация қорғап, профессор атағына ие болады.

Целиноград ауылшаруашылық институтында В. Ф. Матусевич 1965 жылдан бастап еңбек етеді, алдымен зоогигиена және ветеринария кафедрасының меңгерушісі, кейіннен профессор лауазымын атқарған.

Өзінің ғылыми-педагогикалық қызмет етуі барысында, яғни 52 жыл ішінде В. Ф. Матусевич 100-шақты ғылыми еңбек орындаған. Әсіресе, силикатты микроорганизмдерден жаңа штаммдарының қасиеттерін зерттеу және олардың тәжірибелік жануарлар организміне әсерін зерттеу еңбектері аса құнды қазына.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар
Ірі қара малдың гигиенасы
Зоогигиена. Ауа ортасының гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы жайлы
Атмосфералық ауа және мал қора ауасының құрамының гигеналық маңызы
Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
100 бас сиырлы байлап ұстауға арналған қораның желдеткіш режимін есептеу
Жылқыларға арналған қоражайлардың зоогигиеналық негізделуі
Буаз саулықтардың зоогигиенасы
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz