Жаздық бидай дақылын өсіру технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І. Алматы обылысының климат жағдайы
ІІ. Жаздық бидай дақылын өсіру технологиясы
ІІІ. Жаздық бидайда кездесетін зиянды нематодалары, кенелері, кеміргіштері
III.1. жаздық бидайда кездесетін зиянды нематодалары
III.2. жаздық бидайда кездесетін зиянды кенелері
III.3. жаздық бидайда кездесетін зиянды кеміргіштері
ІІІ.4. Жаздық бидай нематодасымен, кенелер, кеміргіштермен күрес шаралары
ІV. Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанда жаздық дәнді дақылдардан жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қара құмық, тары, қонақ жүгері кең таралған. Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай ерте себілетін (жаздық, бидай, арпа, сұлы) және кеш себілетін (күріш, жүгері, тары) болып екі топқа бөлінеді.
Жаздық бидайдың адам өмірінде алатын орны айырықша ол-негізгі тағамдық дақыл. Жаздық бидай ұнынан жоғары сапалы нан пісіріледі. Оның дәнінде белогі көп, қатты қатты сорттары макарон өндірісінде пайдаланылады, олардың ұнынан ұнтақ жарма жасалады. Бидайдың тазалағаннан кейінгі қалдығы малға жем болады. Жаздық бидай негізінен қазақстанның солтүстік, батыс обылыстарында сонымен қатар орталық және шығыс обылыстарында кеңінен таралған. Сондықтан астық проблемасын түбегейлі шешуге қазақстанның, әсіресе солтүстік обылыстардың қосатын үлесі зор. Олай дейтініміз, ТМД көлемінде өндірілетін астықтың 7% ы, ал республикадағы астықтың 63% ы осы аймақтың еншісіне тиеді.
Республика бойыншада жаздық бидай барлық дақылдардың ішінде өзінің көлемі және маңызы жөнінен бірінші орында түр. 1990 жылы Қазақстандағы оның көлемі 12871,2 гектар оның ішінде суармалы жерлерде 61,0 гектар болады. Сонымен қатар республиканың қуаңшылықта далалық аймақтарында өсірілетін жаздық бидайдың сапасы да жоғары. Атап айтқанда, оның дәніндегі белок мөлшері басқа аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда көп; орташа есеппен 16-18 процентке тең.
Қазақстан бойынша 1990 жылы әр гектардың түсімі орташа есеппен 12,2 центнер, жалпы өнімі 15684,0 мың тонна болады. Республикада 1991 жылы жаздық жұмсақ бидайдың 29 сорты және қатты жаздық бидайдың 10 сорты аудандастырылған олардың ішінде көп таралғандары мыналар: жұмсақ жаздық бидай сорттары: "безенчуская-98" "саратовскоя-29" "саратовская-55" "сартовская-42" "Иртышанская-4" "омская-9" "Скала" "Целинная" "Эритроспермум-841" қатты жаздық бидай сорттары "Алмаз", "Алтайка" "Безенчукская-193" "Оренбургская-2" "Сартовская-40" "Светлана" "Харьковская-46" және басқалары.
Ауыл-шаруашылығының, оның негізгі саласы егін шаруашылығының басты міндеті- халқымызды жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, мал шаруашылығына қажетті азықпен, өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз ету, мемлекетіміздің азық-түліктік қауіпсіздігін және экономикалық тәуелсіздігін күшейту үшін керекті дәрежедегі стратегиялық қор жасау, шет елдерге шығарып сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты түрде көбейтіп, керсінше, шеттен келетін өнімдерді азайта беру болады.
Бұл міндетті орындау үшін егін шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыра беру, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, сапасын жоғарлатып, өзіндік құнын төмендету қажет. Аталған мақсатты іске асырудың бүгінгі тиімді жолы егін шаруашылығын интенсивті (қарқынды) түрде дамыту болады. Ол үшін саланы химияландыру, мелиорациялау және механикаландыру жұмыстары толыққанды жүзеге асырылуы керек. Онымен қатар шаруашылықты интенсивті түрде жүргізу үшін ғылым мен озат тәжірибенің маңызы зор екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі кезде кең етек алып отырған егін шаруашылығын биологияландыру мен экологиландырудың, егіншілік жүйелерін агроландышафтқа бейімді түрде жүргізудің және басқа шаралардың маңызы зор.

III. Жаздық бидайда кездесетін қауіпті нематодалары, кенелер, кеміргіштері
III.1. Жаздық бидай егісінде кездесетін нематодалар
Бидай нематодасы, немесе угрица-anguina tritici Steinb. Бұл нематода тленхид (Tylenchidae) тұқымдасы, угрица туысына жатады; бидайдың барлық жұмсақ және қатты сорттарын залалдайды. Угрица әсерінен өсімдіктің жер бетіндегі мүшесіне (дәнде) беріш (галла) пайда болады. Бидай нематодасы Европа, Солтүстік Америка, Азия, Австралия және Солтүстік Африка елдерінде, сондай-ақ бұрынғы Совет Одағы мемлекеттері Прибалтика, Украина, Қырым, Кавказ, Краснодар аймағында және Орта Азия Республикаларында кеңінен таралған.
Фитогельминттердің ішінде ең ірісі бидай нематодасы. Аталық нематоданың денесі жұмыр құрт тәрізді, екі жағы жіңішкерген, басы жапырылған, құйрығы үшкір келеді. Аналық особьтарының ұзындығы 5 мм, көлденеңі 0,1-0,2 мм, өңеші жақсы дамыған, ас қорыту бездері ісінген, стиленті кішкене (9-11 мкм). Аналық ұрық безі жақсы дамыған және оның алдынғы жағы екі рет бүгілген, жатыры тар, бір мезгілде 20 дан артық жұмыртқа симайды. Аталық нематоданың пішіні жіңішке келеді, ұзындығы 1,9-2,5мм, көлденеңі 0,07-0,1мм соған байланысты олар жақсы қозғалады. Аталықтарында үлкен спикула, рулек және бурса болады.
Көктемде беріштегі нематодалар тұқыммен бірге немесе күзде астық дақылдарын жинағанда түскен галлалар арқылы топырақ залалданады.осы галлалар болашақта инфекция көзі болады. Беріш ішінде II-ші жастағы дернәсілдер шығып, ие-өсімдігін іздей бастайды. Личинкалар 15-20 см дейін жылжуы мүмкін, осы қозғалыста угрицаның 96% жойылады. Бидай өніміне жеткен дернәсілдер артынан жапырақ қуысына жиналады.
Бидайдың алғашқы даму фазасында нематодалармен қатты залалданса, онда өсімдіктің өсуі бәсеңдеп, жапырақтары бұралып қалады. Осы мерзімде дернәсілдер өсімдіктің бетінде эктопаразиттер сияқты тіршілік етеді. Артынан бидай масақтанған кезде угрицаның дернәсілдері өсімдіктің бетінде эктопаразиттер сияқты етеді. Артынан бидай масақтанған кезде угрицаның дернәсілдері гүл түйіннің ішіне еніп, онымен қоректенеді. Соның нәтижесінде бидай дәннің орынына галла пайда болады. Дернәсілдер галла ішінде дамуын аяқтап, ересек бидай нематодасына айналады. Өткен циклдың дамуы 5-6 аптаға созылады. Әрбір беріш ішінде 1-6 аналық және 2-7 аталық особьтар тіршілік етеді. Бір галла ішінде 40 дейін ересек бидай

Бидай неметодасы немесе угрица

нематодасы кездесуі мүмкін. Ұрықтанған аналық нематода 2000-2500 дейін жұмыртқа салады, жұмыртқадан дернәсілдер шығып, галла қабығының шырышты тканімен қоректенеді. Түлегеннен кейін дернәсілдер тері қабатын тастамай, тыныштық қалыпқа (анабиозға) көшеді. Сырттай қарағанда бидай дәніне ұқсас кепкен галла ішінде орасан көп (17 мыңға дейін) дернәсілдер болады. Галла түсі қара-қоңыр, қабығы тығыз, қатты келеді, іші ақ ұнтақ заттарға толған. Су тамшысында, микроскоп арқылы мыңдаған дернәсілдерді көруге болады.
Беріш ішінде II-ші жастағы дернәсілдер қыстап шығады. Ылғалды топырақта галладағы личинкалар активтеніп, дамуының одан ары созылуы келесі жылы көктемде байқалады.
Угрицамен залалданған масақтар сауларынан өзгеше көрінеді. Ауруға шалдыққан өсімдік бойы ергежейлі болып, масақтарынан ұзындығы 2-3 рет қысқарып сабақтары қисайып өседі.
Галла ішіндегі дернәсілдер анабиоз кезеңінде беріштермен бірге құрғайды. Галлаларға қолайлы жағдайда (температура, ылғал) личинкалар жанданып, қозғала бастайды. Бидайда анабиоз 27-28, ал қара бидайда-39 жылға созылады.

Сұлының цистатүзуші нематодасы- Heterodera avanae Filipjev.
Солтүстік Америка, Австралия елдерінде таралған. ТМД жерінде алғаш 1936 жылы Свердлов обылысында, кейін Батыс Қазақстан және Алматы обылыстарында табылған.
Басқа циста түзуші нематодалар сияқты сұлы нематодасында жыныс диморфизмі жақсы байқалады. Аналық нематоданың пішіні лимон тәрізді, түсі сары, артқы жағында конус тәрізді өскіндері бар. Осы бөлікте анус және жыныс тесіктері орналасады. Тамырда орныққан аналық нематодалардың түсі ақшыл, шырыш қабықшамен жабылған. Кейін олар ұзындығы 0,6-0,8 мм, көлденеңі 0,4-,05мм цисталарға айналып, топыраққа түседі. Аталық нематоданың пішіні жәпше тәрізді, түсі мөлдір, ұзындығы 1,3-1,4 мм, диаметірі 35 мкм жуық. Құйрығы өте қысқа.
Сұлы нематодасының негізгі қоректік өсімдігі- сұлы, бірақ онымен арпа, бидай, қара бидай да залалдайды. Сонымен қатар жүгері мен құрғақ қанттарда да кездеседі. Жалпы бұл нематоданың керегі 50 астам әр түрлі өсімдіктер, оның ішінде арам шөптер, мысалы, қара сұлы.
Нематода жылына бір ұрпақ береді. Паразит наурыз айының соңғы күндерінен шілдеге дейін активті тіршілік етеді де, анабиозға көщеді. Көктемде топырақ температурасы +4°С жоғарылағанда цисталардан дернәсілдер шыға бастайды. Олар бидай өскінің жас тамырларында еніп, активті қоректенуге кіріседі. Алғашқы уақытта фитогельминттер түгелімен , ие-өсімдіктің жас тамырына еніп, сырттай байқалмайды. Ал маусым айында тамырдың бұтақталған бөлігінде көрінетін ақ түйіршіктер-аналық нематода пайда болады. Тамырдан шыққан кезеңде аналық және аталық нематодаларды ажыратуға жеңіл. Соңғы түлеуден кейін аталықтар жіпше, ал аналықтар лимон тәрізді пішін алады.
Ересек аталықтар кутикуласы бірте-бірте қарайып, кейін шұбарланып цистаға ауысады. Шілде айының екінші бөлігінде цисталар көбінесе (29 деәін) топырақтың 10-40 см тереңдігінде шоғырланады. Цистадағы дернәсілдер активтенуі үшін төмен температурадан өтуі қажет. Мысалы, цистадағы дернәсілдерді қозғалмалы жағдайға келтіру үшін, оларды 2-6 апта бойы 0 °С тоңазыту қажет.
Сұлы нематодасымен залалданған өсімдіктің сабағы қысқарып, жапырақтары ерте сарғаяды; олардың зиянкестерге, ауруларға табиғаттың қолайсыз жағдайына төзімділігі төмендейді. Ауырған өсімдіктің тамыр жүйесі көп тамырлы болып топырақтың беткі бөлігінде қалыптасып, түсі қараяды. Нематодамен залалданған өсімдіктер нашар түптенеді. Гельминттердің әсерінен өсімдіктерге су мен қоректік заттардың енуі баяулап, соған байланысты олар ашығады.
Залалданған өсімдіктер түсі ала-құла болып, қурап егістік ондаған шаршы метрге дейін тазданады. Бұл дақылдардың бойы қысқа келеді және сирек өседі. Кейбір жылдары осындай өсімдіктердің көлемі 50-100 ға жетеді. Құрғақ жылдары астық қарқынды залалданып, өнім 25-70% жойылады.

III.2.Жаздық бидай егісінде кездесетін кенелер
Бидай гүл кенесі-Steneotarsonemus panshini wainst. Et. Begl. Түрліше тырнақшалар (Tarsonemidae) тұқымдасына жатады. Ол Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы обылыстарында таралған.
Аналық кене сарғылт түсті, денесі сопақша келеді, ұзындығы 0,2 мм, артқы аяқтары басқаларына қарағанда жіңішке, тырнақтың орнына екі қылшықпен бітеді. Аталық кішірек, ұзындығы 0,15 мм, жұмыртқа тәрізді, артқы аяқтары қысқа. Аяқтарында бір тырнақтары бар. Жұмыртқасы элипс тәрізді, ақ түсті, ұзындығы 0,1 мм. Дернәсілдері ақ түсті, үш жұп аяқты.
Бұл кене олигофаг. Олар бидай, сұлы, және арам шөптердің бірнеше түрлерімен (бидайық, мысыққұйрық, қызылот, арпабас, суоты) қоректенеді. Жаздық қатты бидай сорттары гүлдену мерзімінде кенемен зақымданса, олардың масақтарында дән қалыптаспайды, өнім шығымы бірнеше рет төмендейді. Мысалы, Г. А. Бегляров пен Р. А. Васильевтердің (1962) айтуы бойынша Ресейдің Волгоград обылысында кенелер жайылған егістікте бидайдың өнімділігі 1,7-4 цга болса, ал зиянкеспен залалданбаған танаптарда 12,8-13 цга жеткен.
Ұрықтанған аналық кене топырақтың беткі қабатында немесе астық тұқымдас шөптерде қыстап шығады. Көктемде олар бидай мен сұлы егістігіне ауысып, осы дақылдар өскіндері сабағының буынаралықтарының үстіңгі бетіне еніп, сол жерге жұмыртқаларын салады. Қатты бидай сабақтанған және масағы пайда болған кезде кененің саны көбейіп кетеді. Кенелер гүлдің ішіне еніп, оның шырынымен қоректенеді. Өсімдік аталықтары мен аналықтары деформацияға ұшырап, ал гүлдер ұрықтанбай қалады. Ылғалды масақтар қарайып кетеді де, саңырауқұлақтар тудыратын ауруларға шалдығады.
Егінде жинар алдында кенелер көк өскіндерді мекендейді немесе қыстық жағдайында көшеді. Бидай гүл кенесі жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Сұлы, астық тұқымдас шөптерде және кейбір жұмсақ сортты бидайда, олар тек қана өсімдіктердің сабағында кездесіп, гүлдеріне зақым келтіреді

Астық немесе дән кенесі- Siteroptes graminum Reut. Түйе кенелер (Pyemotidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында кездеседі.
Аналық кене сарғылт немесе қызғылт сары түсті, ұзындығы 0,2-0,25 мм. Аталығы кішірек, ауыз мүшелері жетілмеген, ішектің артқы бөлігі мен анальдық тесігі жоқ.
Астық кенесі арпа, бидай, қара бидай, сұлы, жүгері және астық тұқымдас жабайы өсімдіктермен де қоректене алады. Кенелердің зақымдауы салдарынан жас өсімдіктердің орталық жапырағы немесе өркені тұтасымен солып қалады. Ал жетілген өсімдіктердің сабағының ең жоғары бөлігі бұралып қалады және масағы жартылай немесе тұтас ағарып кетеді.
Ұрықтанған аналық кенелер күздік дақылдардың тамыр мойнына жақын бөлігінде, көп жылдық астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақ қынабында және аңыздықтарада өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Жаңадан көктеп шыққан астық дақылдарының өскіндеріне көшеді де, алғашқы кезде өс імдік сабақтарында, жапырақтарында, одан соң (сабақтану фазасында) жоғарғы жапырақтың астында қоректенеді. Астық кенесі тірі туу жолымен өсіп дамиды. Ұрықтарының дамуы (олардың саны 500 ден 1000-ға дейін) аналықтың ішінде өтеді. Осы кезде аналық кененің денесі алмұрт тәрізді болып, үлкейіп кетеді. Даму аяқталған кезде аналық кененің іші жарылады да, одан жаңа особьтың ұрпақтары шығады. Олардың ішінде аталық кенелер, нимфалар, тіпті ұрықтанған аналық кенелер де кездеседі. Бұл кене жылына 4-5 ұрпақ беріп дамиды.

III.3.Жаздық бидай егісінде кездесетін кеміргіштер
Саршұнақтар. Олар кеміргіштердің ішінде ауыл-шаруашылығына зиян келтіруден бірінші орын алады. Бұл жануарлардың дене мөлшері орташа келеді (18-38 см), денесі мығым, аяғы және құйрығы қысқа, сыртқы құлағы кішкентай немесе болмайды. Терісі сұр немесе сары түсті, кейбір жағдайда теңбілді келеді. Саршұнақтар далалық жерлерді мекендейді, күндіз белсенді өмір сүреді. Елімізде саршұнақтардың 6 түрі кездеседі. Олар көбінесе далалық жерлерде және шабындықтарада көптеп кездессе, ал шөл және шөлейт аймақтарда олардың саны сиректеу.
Кіші саршұнақ- Citellus pyаgmaeus Pallas, 1778
Сыртқы пішіні. Саршұнақтардың ішіндегі ең кішкентайы. Дене тұрқы 17,0-21,0 см, салмағы 300-400 г, құйрығы қысқа (3-4 см). Реңі сұр, арқасында теңбілдері бар, бауыры ақшыл-сары.
Таралуы және сан мөлшері. Еуропа Днепрден бастап, қара теңіз бен Кавказ тауларына дейін таралған. Қазақстанда Атырау, Батыс қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды сан мөлшері де әр түрлі. Әсіресе, Батыс Қазақстан аймағында оның қоры мол (1 гектарға 40-60 саршұнақтан келеді). Басқа аймақтарда оларды 1 га жерде 8-10 данаға дейін кездестіруге болады.
Биологиясы. Сортаң топырақты келген жусанды даладағы жайылымдық жерлерді, жол бойында және егіс маңында қоныстануды ұнатады. Шөбі аласа, жазық жерлерде ін қазып, соны бірнеше жыл бойы қатарынан пайдаланады. Күні бойы азық іздейді. Негізгі қоректері- өсімдіктер. Жабайы өсетін шөптердің 60 түрімен қоректенеді. Ауыл-шаруашылығы дақылдарынан- бидай, жүгері, тары, сұлы, қарбыз, асқабақ, қырыққабаттармен де қоректенеді. Құмырсқалармен, қоңыздармен және жұлдызқұрттармен де қоректене береді. Кіші саршұнақ қысқы ұйқыға қыркүйек-қазанда кетіп, наурыз-сәуір айларында оянады. Ұрғашылары көктемде індерінен шыққан соң шағылысуға кіріседі. Ұрғашы саршұнақ 26 күн буаз болып, 4-5 қызылшақа, көзі ашылмаған, соқыр тышқан туады. Бала тышқандардың салмағы 60-80 грамға жеткенде, өздері ін қазып, жеке тіршілік етуге бейімделе бастайды.
Кіші саршұнақтың жаулары- сары күзен, дала қыраны, жаман-сары, қара құс, құс, түз құладыны. Оның денесінде бүргелер (Neopsylla setosa, Ceratophllus tesgnorum), кенелер (Jxodes redicozevi, Phipicerhalus schulzei), ішкі органдардың паразит құрттары (Arduenna rutassi) көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл кеміргіштердің оба және тулямерия жұқпалы ауруларын таратуға қатысы бар.
Шаруашылық маңызы. Егістіктерге, жайылымдықтарға зор зиянын тигізетін кеміргіштер. Ін қазу арқылы жер қыртысын қопарып оның құнарлығын төмендетеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін бұл сарышұнақиармен күресудың бірден - бір жолы ларды көктемде бағалы тегісі үшын аулап тұру қазыргы зерттену мәлметтерне сүйенсек ,бүгынде ,респобликамызда бұл аңның жылна 10 милионга дейын терсын дайндауга болатынын көрсетеді.
Балпақ-Citellus major Pallas, 1778
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 25,0-34,0 см. Арқасының түсі сары-сұрлау, сұр-қоңырлау келеді. Көзінің үстіне және астында қоңыр теңбілдері бар.
Таралуы және сан мөлшері. Ресей және Қазақстанда кең таралған. Бұл кеміргіш Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Ақмола облыстарының территориясын мекендейді. Қоныстайтын аудандарда оның саны да әртүрлі. Әсіресе, Жайық, Елек, Барбастау өзендерінің алқабында бір гектар жерде 6-8, ал Ақтөбе облысында 12-18 дана балпақтап кездеседі.
Биологиясы. Бұл кеміргіш көбінесе шөптесін өсімдіктерге бай далалық өңірді мекендеуге бейімделген. Қоныстарында ін қазып, жеке-жеке тіршілік етеді. Тек ұрғашылары балаларын туған кезде олармен біраз уақыт бірге тұрады. Індерінен жер бетіне жайылуға таңертең және кешкілік уақыттарда шығады. Негізгі азықтары өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тұқымы, жемісі. Бунақденелілерден құмырсқаны, қоңыздарды қорек етеді. Шамамен 40-қа жуық жбайы өсетін өсімдіктердің түрімен, сол сияқты ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, арпа, сұлы, тары, сонымен қатар бұршақ тұқымдастарының жаңа шығып келе жатқан өскінімен де қоректенеді. Қысқа қажетті май қорын жинап алғаннан кейін басқа саршұнақтар сияқты ересектері маусым айының екінші жартысында, ал биылғы туылған жас балпақтар шілденің үшінші онкүндігінде ұйқыға кетеді. Қысқы ұйқыдан олар наурыздың шағылысқаннан кейін 25-26 күн өткен соң ұрғашылары 16-17-ге дейін бала тышқандар туады. Жаңа туылған тышқандар тез өсіп, дами бастайды. Жаңа туылған тышқандардың салмағы 11-14 г болса, бірінші онкүндікте-110 г, денесінің ұзындығы 210-215 мм; үшінші онкүндікте салмағы 330 г, денесінің ұзындығы 250-260 мм болады. Ал 35-40 күннен кейін олар індерінен шығады.
Бұл саршұнақтардың негізгі жауы- сасық күзен, түлкі, қасқыр, ал жыртқыш құстардан- дала қыраны, қарақұс, тілеміш, күйкентай, кезқұйрық және құладындар. Саршұнақтардың денесінде әр түрлі жұқпалы аурулар таратуда себептер болатын кенелер, паразит құрттар кездеседі.
Шаруашылық маңызы. Балпақ Қазақстанның солтүстік-батысында, астық өсіретін аудандарда ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Оба індетін таратуда да айрықша орын алады. Әдемі терісі бас және сырт киімдер жасау үшін пайдаланылады

III.4.нематодалармен күрес шаралары.
Мемлекеттік стандарт бойынша 1 кг тұқымдық бидайда 1 галла болса, онда оны себуге болмайды. Соған байланысты тек таза тұқымдарды пайдалану керек. Бидай нематодасынан тұқымдық материалды арнайы машиналармен тазалау қажет. Астық дақылдары угрицалармен залалданғанда ауыспалы егісті сақтап, сол танапқа мәдени астық өсімдіктерін 1-2 жылдан кейін себуге болады. Бір егістен екіншісіне нематодалар еріген қар және суармалы сулар арқылы таралуына тиым салып, залалданған дәндерді малдар мен құстарға жем ретінде беруге болмайды.
Сұлының циста түзуші нематодасына қарсы негізгі күрес шарасы-ауыспалы егісті сақтау. Нематода кездесетін танаптарға астық дақылдарын 3-4 жылдан кейін егу керек. Бұл фитогельминтпен бұршақ, қарақұмық, тары және т.б. залалданбайды. Сұлы нематодасына дәнді дақылдардың төзімді сорттарын шығарып енгізу қажет. Ерте егілген дәнді дақылдар фитонематодамен аз залалданады.
Агротехникалық тәсілдер: ауыспалы егіс жүйесін сақтау, бидайдың қатты түрлі сорттарын танаптарға 2-3 жылдан кейін ғана себуге болады. Бидайдың қатты түрлі сорттары егілген танаптарды парға қалдыру және бидайдан соң жүгері, картоп, күнбағыс, тары дақылдарын егу ұсынылады және сонымен қатар парларда арам шөптерді жою жұмыстары жүргізілуі қажет.
Астық немесе дән кенесі Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау: зиянкес жайлаған егіннің шетіне таяу өскен астық тұқымдас шөптерді шауып тастау немесе гербицидтермен өндеу. Кенемен залалданған шөптерді тұқымдыққа қалдыруға болмайды.
Кеміргіштермен күрес шаралары. Саршұнақтармен күресу шараларының негізгі мақсаты-олардың зияндылығын төмендету. Шаруашылық жағдайында әртүрлі зиянкес кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды кешенді шаралар арқылы жойып отыруға болады.
1 гектар астық дақылдары егістігінде 5 кеміргіш болса, отамалы дақылда -3-5, ал егістіктерден 500 м қашықтықтағы жайылымдықтарда саны 10 данадан көп болғанда оларға қарсы жою шараларын жүргізу тиімді болып саналады.

Жаздық бидай
Жаздық бидайдың адам өмірінде алатын орны айырықша. Ол­негізгі тағамдық дақыл. Жаздық бидай ұнынын жоғары сапалы нан пісіреді. Оның дәнінде белегы көп. Қатты сорттары макарон өндірісінде пайдаланылыды, олардың ұнынан ұнтақ жарма жасалады. Бидайды тазалағаннан кейінгі қалдығы малға жем (шошқаға, құсқа) болады.
Жаздық бидай негізінен Қазақстанның солтүстік, батыс обылыстарында, сонымен қатар орталық және шығыс обылыстарында кеңінен тараған. Сондықтан астық проблемасын түбегейлі шешуге Қазақстанның, әсіресе солтүстік обылыстардың қосатын үлесі зор. Олай дейтініміз, ТМД көлемінде өндірілетін астықтың 7 проценті, ал республикадағы астықтың 63 проценті осы аймақтың еншісіне тиеді.
Республика бойынша да жаздық бидай барлық дақылдардың ішінде өзінің көлемі және маңызы жөнінен бірінші орында тұр. 1990 жылы Қазақстандағы оның егіс көлемі 12871,0 гектар оның ішінде суармалы жерлерде­61,0 мың гектар болады. Сонымен қатар республиканың қуаңшылықты далалық аймақтарында өсірілетін жаздық бидайдың сапасы да жоғары. Атап айтқанда, оның дәніндегі белок мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Ноқат дақылын өсіру
Ноқат дақылының сорттары
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Ноқат дақылының биологиясы
Дақылдың биологиялық ерекшелігі
Егіс. Егіншілік
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Бидай дақылы
Пәндер