Жаздық бидайдың қауіпті нематодалары, кенелері және кеміргіштері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріпе
I.Климаттық жағдайға сипаттама
II.Жаздық бидайды өсіру технологиясы
III.Жаздық бидайдың қауіпті нематодалары, кенелері және
кеміргіштері
IV.Күресу шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер жатады. Аталған организмдер морфологиялық құрылысы, жүйелік орны, тіршілік әрекеттеріне, өсімдікке бейімделуіне байланысты жануарлар әлемі жүйесінде әртүрлі топтарға топтастырылған және олармен күресу шаралары да өзіндік ерекшеліктермен ажыратылады. Жануарлар әлемінде- бұл зиянкестер әр түрлі орын алады, олар үш типтерге жатады: нематодалар жұмыр құрттарға, кенелер буынаяқтыларға, ал кеміргіштер хордалыларға жатады.
Нематодалар кеңінен таралған организмдер. Олар теңізді, тұщы суды және топырақты мекендейді. Көптеген нематодалар эволюциялық дамуында басқа организмдерге, облигатты немесе факультативті паразиттер болып бейімделген. Ғылыми деректер бойынша қазіргі кезде нематодалардың 500 мыңға жуық түрлері белгілі. ТМД елдерінде нематодаларды ғылыми зерттеу жұмыстары өткен ғасырда басталып, көп жылдар бойы оларды ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері деп санады. Себебі фитогельминттер зияндылығы басқа зиянды организмдерге қарағанда айқын білінбей, олардың өсімдікке зардабын зиянкестерге немесе ауру тудырғыштарына т.б. жағдайларға жатқызылады.
Бидай астық өндірісі - ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макорон және тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланады. Астық піскен кезде дәнінің құрамына кіріп сақталады. Міне, осыдан көк өсімдіктер нан және ет, сүт, май сияқты басқа да адамға өте керектік заттарға айналады да, денсаулық сақтау саласында баға жетпес манызға ие болады,ал оттегі болса,адамның және басқа жануалардың тыныс алуына жұмсалады. Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Міне осындай маңызды ерекшеліктеріне қарай дүние жүзінің көптеген елдеріне егін шаруашылығын дамытуға,сапалы астықты мол өндіруге үлкен мән беріледі.Құрғақшылық Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында әр бес жылдың ішінде екі немесе үш жылда байқалып отырады. Сондықтан мұнда құрғақшылықты стихиялы апат деп қарамау керек, ол бұл аймақтағы қалыпты табиғи жағдай. Оны игеру егіншілердің міндеті болып саналады. Ол үшін барлық агротехникалық шаралар топырақтағы ылғал қорын жинауға, сақтауға және үнемді пайдалануға бағытталуы керек.
Жаздық бидай өсіріу технологиясына байланысты өзінің өсіп - дамуына керекті ылғалдың 50% күзгі-қысқы ылғал қорынан алады.
Жазғы жауындар топырақты терең суландырмайды, ол жауындар ылғалының үлкен бөлігі тиімсіз. Топырақтың терең қабатында жиналған күзгі-қысқы ылғал өсімдік тамырларымен жеңіл көтерілетіндіктен тиімді пайдаланылады. Дұрыс таңдалмаған себу мерзімі егіншілердің барлық еңбегін жоққа шығарады. Топырақ ылғалын буландыруға және топырақты кептіруге әкеп соғуға душар ететін жоғары жел белсенділігі қатар жүретін сәуір, мамыр, маусымның алғашқы екі онкүндігінде ылғал өте аз түседі де көктемгі - ерте жазғы құрғақшылық туындауы аймақтың қалыпты жағдайы болып саналады.

I.Алматы облысының климаттық жағдайы
. Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде -- 10-160С, оңтүстікте -- 4-90С. Жазы ыстық және қуаңшылық шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см.
Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 9,7 мың км2. Еңбекшіқазақ ауданының климаты континенттік. Қысы суық. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 - 60 см). Қаңтар айының орташа температурасы - 6 - 10°С, кейде температура - 28 - 30°С-қа дейін төмендейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20 - 24°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық өңірде 200 - 400 мм, тау бөктерлерінде 550 - 700 мм. Аудан аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан. Онда баялыш, жусан, ши, күйреуік, т.б. сораң шөптер, өзен аңғарлары мен ойысты жерінің шалғынды-батпақты топырағында құрақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тауалдының жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктерлерінде астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өскен.

II.Жаздық бидайды өсіру технологиясы
Жұмсақ бидай тұқымының өнуі бөтуден басталады. Тұқым бөртуі үшін ең алдымен жылу қажет. Жаздық жұсақ бидайдың тұқымы 0ºС шамасында бөрте бастайды, ал көктеп шығуы үшін кемінде температура 1 - 2ºС болуы қажет. Алайда мұндай температурада тұқымның өнуі мен көктеп шығуы өте баяу жүреді. Тұым сіңіру тереңдігіндегі темперетура 5ºС болғанда ол 20 күннен кейін көктеп шығады, ал 8º С - та 13 күннен соң , 10º С - та 9 - 10 күнде, 15º С болса 7 күннен кейін көктейді, яғни темперетура жоғарылаған сайын тұқым себу көктеу кезеңі қысқарады.Жаздық жұмсақ бидай 10 -12º С температурада жақы түптенеді, ал масақтану - қамырланып пісі кезеңіндегі ең қолайлы температура - 16 - 23ºС температура шамасында. Бидайдың өсіп дамуына темперетураның төмен болуы да, жоғары болуы да зиянын ттигізеді. Жұмсақ бидай түптену кезеңінде 8 - 9º С суықты көтереді, ал гүлдеу - дәндену кезеңінде 1 - 2º С суықтың өзі қауіпті . Тұқымның көктеп шығуы бөртуден басталады, ал дән су сіңгеннен кейін бөртеді. Сондықтан себілген тұқымның бөртуі және көктеп шығуы үшін ең қажетті жағдайдың бірі - ылғал. Жұмсақ бидайдың тұқымының өнуі үшін өз салмағының 50%-ы шамасында су қажет.
Бүкіл өсуі кезеңінде жаздық жұмсақ бидайға қажетті барлық ылғалдың 5 - 7% - ын көктеп шығуы кезінде, 15 - 20%-ын түптену, 40 - 50%-ын түтіктену және масақтану, ал 20 - 30%-ын сүттеніп пісу, ал 3 - 5%-ын қамырланып пісу кезеңдерінде пайдаланады. Болашақ масақтың негізі түптену кезеңінде қалыптасады. Осы кезеңде ылғалдың жетіспеушілігі өте қауіпті. Жаздық жұмсақ бидайдың транспирация коэффиценті орташа 400 - ге тең7 Басқа дақылдарға қарағанда жаздық жұмсақ бидайдың тамыр жүйесі әлсіз, ол топырақтың құнарлылығына жоғары талап қояды. Сондықтан топырақты негізгі өңдеу кезінде немесе тұқым себер алдында топыраққа фосфор тыңайтқыштарын сіңірген жөн. Топырақтың әрбір килограмында 11 - 25 мг фосфор болса, онда әр гектарға 20 - 40кг , ал аз болғанда 50 - 90кг фосфор тыңайтқыштарын қолданған пайдалы.
Фосфор тыңайтқышының әсері оны сіңіру әдісіне, тереңдігіне және мөлшеріне тікелей байланысты.Ылғал жеткіліксіз болғанда тыңайтқышты тереңірек сіңіру оның тиімділігін арттырады,өйткені терең қабатта ылғал қоры біршама мол. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒӨО - ның тәжірибе жұмыстарының барысында органикалық, калий, фосфор тыңайтқыштарын күзд е себеді. Барлық қолданылатын фосфордың 40 - 50 кг-ын егін жинап аланнан кейін күзде 10см тереңдікке енгізіледі. Олар СЗС - 2,1 және СЗС - 2,1Л сеялкаларымен немесе КПГ - 2,2 не ГУН - 4 қырушы - тыңайтқыш негізуші құралдарымен 14 - 18см тереңдікке енгізу дұрыс екендігі дәлелденген. Ал қалған 15 - 20кг көктемде тғқым себумен бір мезгілде топыраққа сіңіреді. Азот тыңайтқыштарын өсімдік түптену кузеңінің алдында (мамыр айының ортасында) үстеме қоректендіру мақсатында әр гектарға 30 - 40кг мөлшерінде беріледі.

III.Жаздық бидайдың нематодалары,кенелері және кеміргіштері
1.Жаздық бидайдың нематодалары
Бидай нематодасы немесе угрица- Anguina tritici steinb.Бұл нематода тиленхид тұқымдасы, угрица туысына жатады, бидайдың барлық жұмсақ және қатты сорттарын залалдайды. Угрица әсерінен өсімдіктің жер бетіндегі мүшесінде беріш пайда болады.Бидай нематодасы Европа, Солтүстік Америка,Азия, Австарлия, және Солтүстік Африка елдерінде сондай ақ бұрынғы Совет Одағы мемлекеттері- Прибалтика, Украина, Қырым, Кавказ, Краснодар аймағында және Орта Азия республикаларында кеңінен таралған.
Фитогельминттердің ішінде ең ірісі бидай нематодасы. Аталық нематоданың денесі жұмыр құрт тәрізді, екі жағы жіңішкерген, басы жапырылған, құйрығы үшкір келеді. Аналық особьтарының ұзындығы 5 мм, көлденеңі 0,1-0,2 мм, өңеші жақсы дамыған, ас қорыту бездері ісінген, стилеті кішкене. Аналық ұрық безі жақсы дамыған және оның алдыңғы жағы екі рет бүгілген, жатыры тар, бір мерзімде 20-дан артық жұмыртқа симайды. Аталық нематоданың пішіні жіңішке келеді, ұзындығы 1,9-2,5мм, көлденеңі 0,07-0,1мм соған байланысты олар жақсы қозғалады.аталықтарында үлкен спикула, рулек және бурса болады.
Көктемде беріштегі нематодалар тұқыммен бірге немесе күзде астық дақылдарын жинағанда түскен галлалар арқылы топырақ залалданады. Осы галлалар болашақта инфекция көзі болады. Беріш ішінде II-ші жастағы дернәсілдер анабиоз кезеңінде сақталады.Көктемде топырақ ылғалының әсерінен беріштер ісінеді де, олардан II-ші жастағы дернәсілдер шығып, ие- өсімдігін іздей бастайды. Личинкалар 15-20 см дейін жылжуы мүмкін, осы қозғалыста угрицаның 96% жойылады. Бидай өніміне жеткен дернәсілдер артынан жапырақ қуысына жиналалды.
Бидайдың алғашқы даму фазасында нематодалармен қатты залалданса, онда өсімдіктің өсуі бәсеңдеп, жапырақтары бұралып қалады. Осы мерзімде дернәсілдер өсімдіктің бетінде эктопаразиттер сияқты тіршілік етеді. Артынан бидай масақтанған кезде угрицаның дернәсілдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаздық бидай дақылын өсіру технологиясы
Сұлы дақылының технологиясы
Картоп дақылының өсіру технологиясы
Бүлдірген дақылын өсіру технологиясы
Картоп дақылын өндіру
Алматы облысы жағдайында картоп дақылына зиян келтіретін нематод, кене және кеміргіштер
Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары
Қауын өсіру технологиясы
Астық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау
Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Пәндер