Картоп дақылының өсіру технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық - саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз - сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар.
Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Қоғамтану ғылымдары, соның ішінде ең алдымен тарих ғылымы үшін тарих шыңдығын қалпына келтіру - жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы-ғалым Т. Омарбековтың мына пікірін айтпай кетуге болмайды: Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл-әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы ақтаңдақтарға деген халқымыздың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады. Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн - деп түсінеміз.

I. Алматы облысының климаттық жағдайы
Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан. Облыстың батыс жақ бөлігін ұлан - байтақ Балқаш бойы шөлді жазығы алып жатыр, ал оңтүстігі Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың талы жоталарымен көмкерілген, мұның өзі облыс климаты мен топырағына алуан түрлі сипат береді. Мұнда барлық ландшафтарды, табиғат аймақтары мен климаттарды - құрғақ ыстық шөлден альпілік және субальпілік шалғындарға, сондай - ақ мәңгі қар басып жатқан биіе талы климатқа дейін кездестірге болады.
Алматы қаласының климаты шұғыл континентальды, жазы ылғалды да ұзақ және қары мол түсетін орташа мерзімдік қысы бар. Мұндай климаттық режим облыстың еураоазиаттық материктің ішінде, оңтүстік шығыс беткейде орналасуына, атмосфераның алмасу ерекшелігіне, жер бетінің төселу сипатына және басқа да факторларға байланысты. Климаттың континенттілігі метеорологиялық элементтердің ауытқуымен, және олардың тәуліктік, айлық және жылдық бағытында айқын көрінеді. Жазы жауынды және ұзақ. Бұл кезеңде температурада шұғыл өзгеріс байқалмайды. Шілденің орташа температурасы 26-29° С. Температураның абсолюттік жоғары көрсеткіші облыстың басым бөлігінде 39-42° С. Қаланың солтүстігі мен оңтүстігіндегі қысқы температурадағы айырмашылық айтарлықтай байқалады. Мысалы, ең суық қыс айы - қаңтардағы орташа температура солтүстікте -18,0° С, ал оңтүстігінде -6,0° С. Солтүстікке қарай ашықтық ауа массаларының облыс аумағына енуіне мүмкіндік береді және қысқы мезгілде күрт суытуға әкеледі. Ауа температурасының абсолюттік минимумы -41° С. Ауаның орташа тәуліктегі температурасы 0° жоғары кезең 240-280 күнге созылады. Ылғалдылық - қала климатының ерекше сипаты. Жауын-шашын орташа мөлшерде түседі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 150-210 мм жетеді және жыл мезгілдері бойынша әркелкі түседі: барлық жауын-шашынның 60% қысқы-көктемгі кезеңде жауады. Қаланың бүкіл аумағында солтүстік-шығыстан жиі және қатты жел соғады. Оның орташа жылдық жылдамдығы 3,1-ден 6,0 мс-қа дейін ауытқып отырады. Қыста төмен температура кезіндегі қатты желдер болар-болмас қар ұшқындарын үрлеп тастайды, сондықтан жердің жоғарғы қабаты тереңдеу қатады және жарылады. Жазғы уақытта шаңды жел соғады. Қаланың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстікпен оңтүстіктің қара топырағынан - далалық топырақтарға ауысады. Топырақ жамылғысы шалғанды, тосапты- шалғынды, шалғынды -батпақты, тақырылы топырақтармен және құмдармен ұласып жатады. Шалғында топрыақтар Іле өзенінің сол жағалауында және оның тармақтарында көп кездеседі. Өзен жайылмасының үстіңгі беткейі шөлге айнала бастаған тосапты-шалғынды топрыақтыр мен сортаңдардан тұрады. Оның Іле өзенінің төменгі сағасындағы суармалы жерледрді игерде болашағы өте зор.
Шөлді - далалық аймақтыңклиматы жоғары континенттілігімен және қаңшылығымен ерекшеленеді. Жазы құрғақ әрі ыстық. Маусымның орташа температурасы 23-25 °С жылылыққа тең. Өте ыстық жылдары температура 42-45 °С жылылыққа дейін жетеді. 0 градсустан жоғары кезеңде температуралардың қосындысы 3800-4000°С,10°С-тан жоғары кезеңде 3500-3600 °С аралығында ауытқып отырады. Көктемгі ызғар көп жылдарда 15-26 сәуірде басылады. Күзде алғашқы ызғар қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында, ал кей жерлерде қазанныі екінші он күндігінде түседі. Аязсыз кезеңнің ортша ұзақтығы 155-190 күн. Қаңтар айында 9-10°С аяз. Ең төменгі температура 37-47 градс аяз. Қар жамылғысы желтоқсанның бірінші оңкүндігінде түсіп, 75-100 күн тұрақтап жатады. Қардың қалыңдығы 10-25 см жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм, оның үштен екісі жылы кезеңде жауады.Өсімдік жамылғысы бетегелі-жусанды және ебелек, изен, эфемерлер аралас жусанды өсімдіктерден тұрады.Аймақтың топырақтары - бозғылт қызыл қоңыр және кәдімгі сұр топырақтар. Таудағы жеміс шаруашылығы, картоп шарашылығы және етті мал - сауын сиыр шаруашылығы аймағы. Бұл қоңыр салқын, ылғалды аймақ Іле сырты Алатауының солтүстік беткейі мен Кетпен жотасының солтүстік және оңтүстік беткейлерін алып жатыр. Климат жағдайы біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың жақсы үйлесушілігімен ерекшеленеді, мұның өзі тәлімі егіншілікті өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Маусымда температура әдетте 22-23°С жылылықтан, қаңтардағы температура 5-6°С аяздан аспайды. 0 градустан жоғарғы температурадағы жылы кезеңде оң температуралардың қосындысы - көптеген аудандарда 2400-3400°С, шығыс аудандарда 2000-2400°С.Аймақтың төменгі шекарасында ауаның температурасы 10 °С тан жоғары кезең сәуірдің екінші оңкүндігінде басталып, қазанның бірінші оңкүндігінде аяқталады. Аймақтың батыс бөлігінде жылына 600-800мм жауын - шашын жауса, шығыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 350-400мм аспайды. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсан айының басында түсіп, 3-ай және одан да көп уақыт жатады. Қардың қалыңдығы батыс бөлігінде 60-70 см жетсе,шығыс бөлігінде 35-40 см.Топырақ жамылғысы: күңгірт қызыл қоңыр, таулы қара топырақ және таулы - шалғынды топырақ. Өсімдігі жапырақтары және Тяньшань шыршасы басым қылқан жапрыақты ағаштар болып келеді. Таулы-шалғынды топырақтарда бұршақ тұқымдас өсімдіктер: боз, жусан, жабайы шетен, сары беде т.б аралас келетін дәнді шөптер өседі.
Агроклиматы жағынан Іле Алатауы солтүстік беткейінің теңіз деңгейінен 900 м 1400 м ге дейінгі биіктігінде жылу мен ылғал мейлінше жақсы үйлесім тапқан, мұның өзі бұл аймақта өнеркәсіптік бақ шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік береді.Аймақтың төменгі бөлігіне қарағанда жоғарғы бөлігінде алма 2-3 апта кеш пісетіндігі белгілі, соған қарамастан, тіпті, кеш пісетін сорттардың өзі күздің алғашқы ызғарына дейін - ақ пісі, жиналып үлгіреді. Таулы аймақта картоп егудің практикалық маңызы зор. Біріншіден, теңіз деңгейінен 1000м және одан да жоғары биіктікте картопты 10 жылдың 7-8 жылында суармайақ өсіруге болады. Екіншіден, тауда өсірілген картоп екпе материал береді. Үшіншіден, картоп жақсы экологиялық жағдайда өсіп, жетіледі де, кеш піседі, мұның өзі көктемгі және жазға салымғы ег үшін картоп тұқымын сақтау мерзімін қысқартады. Төртіншіден, картоп неғұрлым төменгі температурада түйнек салады. Мұның өзі түйнекті шіріп кетуден сақтайды.

II.Картоп дақылының өсіру технологиясы
Картоп жан- жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылығы дақылы. Картоптың түйнегі, ең алдымен,тағамға кеңінен және әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде екінші нан деп атайды. Картоп түйнегінде 25% - ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22 % крахмал, 1,4-3 % белок, 1% - ға таяу клетчатка , 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында синтезделмейтін амин қышқылдары - ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б бар. Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер- аскорбин қышқылы ( С дәрумені) , В,А,РР,К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың маңызды көзі. Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек , онда бидай белогінің құндылығы 63-65% , ал картопта - 84-85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза,декстрин, көмірқышқылын т.б өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112л. спирт, 55кг. сұйық көмірқышқылын , 39,0 кг сивуш майын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндірге болады. Картоптың агротехникалық және агро- экономикалық маңызы да зор. Отамалы дақыл ретінде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл, мелиорация мен тыңайтқышқа қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді танаптық дақылдардың бірі. Картоптың шыққан тегі- Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс аумағы шамамен 23,0 млн. гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды . Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінле бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Картоп өсірудің өндірістік технологиясы төмендегідей негізгі элементтерді қарастырады:
1) картоп плантациясын дұрыс орналастыру:
2) топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасау ;
3) органикалық және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті мөлшерін енгізу;
4) алдын - ала қырқалар тілу;
5)отырғызылатын түйнектерді сапалы дайындау;
6) жоғары өнімді картоп отырғызатын машиналарды пайдаланып дер кезінде және сапалы түрде түйнектерді отырүызу;
7) уақытында күтіп, баптау
8) шабу немесе десикациялау арқылы дер кезінде сабақ - жапырақ массасын аластату;
9) сапалы жинау және түйнектерді жинағаннан кейін сақтауға дайындау.

Картоп плантациясын дұрыс орналастыру ( ауыспалы егістер).
Ауыспалы егісте картоптың алғы дақылдарға талаптары топырақ пен климат жағдайларына байланысты өзгереді. Ылғал жеткілікті аймақтарда өзінен кейін мүмкіндігінше көп тамыр мен аңыз қалдықтарын қалдыратын танаптарды арамшөптерден тазартуға себептесетін және топырақта зиянкестер, саңырауқұлақ пен бактериялық ауру қоздырғыштарының жинақталуы мен көбеюінің алдын алатын дақылдар жақсы алғы дақылдарға жатады.Жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі - картоппен қаныққан ауыспалы егіс көлемнің 50-60% дейін сүрі жер- отамалы, шөпті - отамалы дақыл және отамалы дақыл сияқты мамандандырылған ауыспалы егістерді игер болып табылады. Негізінен картопты Қазақстанда суармалы жерлерде өсіреді және оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастырып өсірген дұрыс. Еліміздің солтүстік аудандарында, негізінен кәдімгі оңтүстік қара топырақтарында және ылғал мол түсетін басқа аймақтарда картопты суарылмайтын, тәлімі жерлерде өсіруге болады. Аталған ерекшеліктерді ескере отрып суармалы жағдайда өсірілетін картоп үшін мынандай ауыспалы егістер кескіндері ұсынылады:
1. Көпжылдық шөптер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп дақылының сорттары
Картоп дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
«өркен» шаруа қожалығы. картоп өсіру
«Өркен» шаруа қожалығы. Картоп өсіру агротехнологиясы
Қарағанды облысының табиғаты, геологиясы және климаты. Картоп дақылы, оларды өсіру технологиясы
Картоптың негізгі вирус аурулары
Сарымсақтың химиялық құрамы
Картоп дақылының агротехнологиясы
Ноқат дақылының биологиясы
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
Пәндер