Сұлы дақылының технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
I. Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы.
II. Сұлы дақылының технологиясы.
III. Сұлы дақылының қауіпті нематодалары, кенелері және кеміргіштері.
ІІІ.1. Сұлы дақылының зиянды нематодалары.
III.2. Сұлы дақылының зиянды кенелері.
III.3. Сұлы дақылының зиянды кеміргіштері.
III.4. Зиянкестерге қарсы күресу шаралары.
IV. Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Біздің елде өсімдік қорғау қызметі шын мәнінде 60-жылдардан бастап қана кең көлемде жүзеге асырыла бастады. Ғалымдардың зерртеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерінің көпшілігімен күресу жүйесі жете зерттеліп өндіріске енгізілуде. Осыған орай республикалық, облыстық, аудандық өсімдік қорғау станциялары, зиянкесетердің таралуын болжау және олармен күресу үшін хабар беру пункттері, мемлекеттік өсімдік карантин инспекциялары және басқа да өсімдк қорғау қызметінің жүйесі ұйымдастырылып, жақсырап келеді.
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі. Алуан түрлі табиғат ерекшеліктеріне сай мұндағы өсімдік түрлері өте көп. Қазіргі кезде республиканың егістік жерлерінің көлемі барынша ұлғайп, миллиондаған гектерға жетіп отыр. Осыншама ұлан-байтақ алқаптардан жыл сайын мол да тұрақты, әрі сапалы өнім алу үшін жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне қарай жасалынатын агротехникалық шаралар құрамында зиянды организмдерге қарсы күрес шарасының да мәні зор. Республиканың кең - байтақ жеріне тіршілік етіп, алуан түрлі өсімдіктермен қоректенетін ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін елеулі дәрежеде кемітетін зиянкестердің түрлері көп-ақ.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты-оларды бір-бірден ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Өсімдік қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауылшаруашылық дақылдарының өсіру технологиясының құрамына кіреді. Бүгінгі таңда негізгі мәселе-мәдени өсімдіктерден тұрақты түрде мол өнім алу және оны ұзақ уақыт сақтауды білу. Зиянды организмдердің әсеріне ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін 10-30%-ға азаяды, ал кейде өнім түсімнің болмауы да мүмкін. Зиянды организмдердің түрлері өте көп. Зиянкестерге күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түр құрамын, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторингті дұрыс жүргізуді білу қажет. Аурулар негізінен өсімдіктердің барлық мүшелерін залалдайды. Зиянкестер қарсы күресу шараларын жүргізгенде агротехникалық (егу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау, ауыспалы егістікті енгізу, топырақты өңдеу, тыңайтқыш қолдану, төзімді сорттар пайдалану және т.б.), биологиялық, физикалық, механикалық және химиялық тәсілдерді де дұрыс пайдалана білу керек.
Ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер жатады. Аталған организмдер морфологиялық құрылысы, жүйелік орны, тіршілік әрекеттеріне, өсімдікке бейімделуіне байланысты жануарлар әлемі жүйесінде әртүрлі топтарға топтастырылған және күресу шаралары да өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.
Жануарлар әлемінде - бұл зиянкестер әр түрлі орын алады, олар үш типтерге - жатады: нематодалар жұмыр құрттарға, кенелер буынаяқтыларға, ал кеміргіштер хордалыларға жатады.
Жұмыс барысында ауылшаруашылқ дақылдарының негізгі зиянды бунақденелілері: олардың морфологиясы, табиғаттағы даму ошақтары, тараған аймағы, қоныстану жолдары мен ерекшеліктері, өмір сүру циклдары, олардың көбеюіне әсер ететін сыртқы орта жағдайлары туралы мәлімет берілген. Зиян келтіретін қауіпті түрлердің экономикалық зияндылық шегі көрсетілген.

I Оңтүстік Қазақстан облысының климатық жағдайы.

Шымкет облысының териториясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық - оңтүстік және таулы оңтүстік - шығыс - таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік - шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және батыс Тянь-Шаньнің бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге-солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.
Қаратау жотасының Сырдария өзені жаққа қараған оңтүстік - батыс беткейлері жайпақ келеді, шағын өзендермен жақсы суғарылады, Мойынқұмға қараған солтүстік-шығыс беткейлері көбінесе тік, жартасты келеді де, өсімдіктер мен ағын сулары тапшы болады. Мойынқұм мен Қаратаудың солтүстік аңғарларының аралығын тау бөктеріндегі сұр топырақты енсіз жазық алып жатыр. Бұл бөлік егіншілікке, негізінен алғанда суармалы егіншілікке жарамды келеді.
Облыстың қиыр солтүстігін Бетпақдала үстіртінің батыс бөлігі алып жаыр. Үстірттің оңтүстік кемерінде Шу өзенінің кеуіп кететін төменгі алқабы орналасқан.
Облыстың оңтүстік-батыс жағында Қызылқұм шөлі бар, ол оңтүстікке қарай бірте-бірте Мырзашөлдің көтеріңкі жазығына ұласады. Шығыста облыстың Қиров атындағы каналдың сумен суғарылатын негізгі мақта егістері орналасады.
Қызылқұм шөлі мен Батыс Тянь-Шаньнің бөктері аралығында оңтүстіктен солтүстікке қарай кеңи түсетін Сырдария өзенінің аңғары алып жатыр. Соңғы жылдары бұл аңғарда күріш егісі ұлғайтылады.
Облыстың климат жағдайы тым алуан түрлі. Климаттың айырықша ерекшелігі - инсоляция мен жылу ресурстарының молшылығы. Эазы аңызақты, ұзақ және өте қуаңшылықты болады.
Қысы жылы, қысқа, әлсін-әлсін жылымықты, қар аз жауады және ұзақ жатпайды. Тәуліктік орташа температурасы 0ºС-ден асатын жылы кезеңнің ұзақтығы облыстың солтүстігінде 8 айға тең және оңтүстігінде 10 айдан асады.
Облыс бойынша ауаның жылдық орташа температурасы 8-9ºС-ден 14ºС-ге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғары көтеріліп, өзгеріп тұрады. Облыстың түрлі аудандарының температуралық режиміне сипаттама беру үшін ауаның айлық және жылдық орташа температуралары келтіріледі.
Январь-жылдың ең суық айы, ондағы орташа температура облыстың териториясында -1ºС-ден (оңтүстікте) 10ºС-ге (солтүстікте) дейін ауытқиды. Жеклеген жылдары температураның абсолюттік минимумы -30-35ºС-ге дейін, ал кейбір аудандарда тіпті -38-39ºС-ге дейін жетеді. Ең ыстық ай - июль, ауаның июльдегі орташа температурасының мейлінше жоғары деңгейі (29-30ºС)- Қыызылқұмда, төменгісі - таулы аудандарда (20-24ºС) және ең төменгі деңгейі - биік таулы аудандарда. Жаз кезінде кейбір күндері облыстың оңтүстігінде-температураның 45-47ºС-ге дейін, солтүстігінде 43-44ºС-ге дейін көтерілуі мүмкін.
Облыстың жазық бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-250 миллиметр ғана, тау бөктерінде 400-700 миллиметр және оданда көп болады. Алайда жауын - шашын тұрақты емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Жауын-шашынмен нашар қамтамасыз етілетін аудандарда (жазықта) мейлінше қуаңшылық жылдары жыл ішінде 80-100 миллиметр болады, бұған керісінше, аса ылғалды жылдары 300-400 миллиметрге дейін жетеді,таулы аудандардағы жауын-шашын тиісінше- 300-500 милиметрден 1000-1400 миллиметрге дейін ауытқиды. жауын-шашын мейлінше көп болатын екі кезеңі бар: ол-көктем мен күз. жауын-шашынның ең көп болатын кезі- март пен апрель, ең аз (5-7 процент) болатын кезі - жаз. Күздің бірінші жартысы құрғақ келеді. Қысқы - көктемгі жауын - шашын жылдары мөлшердің 70-80 процент болады.
Топырақ. Сазды тегіс жазықтардың үстіңгі беті алуан түрлі сұр топырақпен бүркілген. Олардың ең жақсысы-ашық түсті сұр топырақ. Жер биіктеген сайын топырақтың айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтың түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді:әдеттегі сұр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақыры, тау шалғынының топырағы. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді.
Тау бөктеріндегі табиғат жағдайы - суармалы егіншілік үшін, жоғарғы жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Суармалы және тәлімі егіншілікті бірдей дәрежеде өркендетуге болатын аралық алқаптар да бар. Егіншілікке қолайсыз келетін биік таулы жерлерді жайылымға ғана пайдалануға болады.
Тау бөктерінде біршама жақсы ылғалды белдеу орналасқан. Егіншілік жөнінде ол жауын-шашын жеткілікті тұрақты тәлімі жер болып табылады. Беткі қабаты таулы дала топырағы, сілтісіз қара қоңыр топырақ.
Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерінде әжептәуір айқын рельфті ылғылы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.
Ең оңтүстік бөлікте кқгалды, тек суармалы егіншілігі ғана бар көп карбонатты сұр топырақ басымен келеді. Облыстың табиғат жағдайының жалпы белгілері осылар.
Аймаққа бөлінуі. Облыстың территориясы аграрлық климаттық тұрғыдан мынандай аймақтарға бөлінеді:
I. Ыстық шөлді құрғақшылық аймақ облыс территориясының көп бөлігін қамтиды және онда Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері бар. Оған сондай-ақ облыстың орталық бөлігі де кіреді.
II. Өте қуаң ыстық тау бөліктерлі аймағы. Оған Түркістан, Алғабас, Түркістан, Сайрам, Ленгір, Ленин аудандарының тау бөліктеріндегі бөлігі, Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.
III. Таулы аймақ- Қаратау жотасы және Батыс Тянь-Шаньнің тармақтары. Аймақ Түркістан, Созақ, Алғабас, Түлкібас, Ленгер және Ленин аудандарының таулы бөләктерінде орналасқан.

II Сұлы дақылына сипаттама, өсіру технологиясы.

Сұлы-біржылдық азық-түліктік және мал азықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13% ақсыл (белок) 40-45% крахмал, 4-6% май болады. Оның ақсылының құрамында адамға және жануарларға қажетті айырбасқа жатпайтын барлық амин қышқылдары бар; құрамында май жоғары сіңімділігімен ерекшелендеді. В1 (тиамин) дәрумені сұлыда бидай мен апраға қарағанда анғұрлым жоғары. Сондықтан сұлы және оның өңдеу өнімдері диэтикалық, балалардың қоректенуінде қолданылады. Сұлы астығынан әртүрлі жармалар (үлпектер, геркулес, кисель ұны) дайындалады, печенье мен галеттер пісіріледі, ұнын қара бидай және бидай ұндарына араластырып нан өндірісінде қолдануға болады.
Сұлының химиялық құрамында әртүрлі қоректізаттардың мол болуына байланысты оны көптеген жануарларға мал азығы ретінде өсіріледі.
Сұлының мал азықтық құндылығы және химиялық құрамы

Өнім түрі
Мөлшері, %
Азық -тық өлшем
1а.ө. қорытылатын протеин,г

Су

Күл
Бе-лок

АЭЗ

май
Клет чатка

Астығы
13,0
3,2
10,2
61,0
5,4
8,3
1,0
85
Сабаны
15,0
5,8
4,0
39,0
1,9
34,3
0,31
45
Мекені
11,7
10,2
8,0
41,4
2,7
36,0
0,46
152
Жасыл балаусасы
74,8
2,3
3,8
11,6
0,9
7,1
0,15
112

Сұлыны мал азығына басымырақ пайдаланылады: оның бір кило астығы малазықтық құндылық эквиваленті және бір азықтық өлшам ретінде қабылданған. Бұл барлық жануарлар түрлеріне, оның ішінде жас төлдерге, өте жас мал азығы болып табылады. Сұлыны сиыржоңышқа, егістік асбұршақпен араластырып өсіру кең тараған. Оны ноғатық, сиыржоңышқа және бұршақ тұқымбас дақылдар қоспасымен пңшенге өсіреді. Сұлының таралу ауқымы бидай мен арпаға қарағанда шектеулі. Қазақстанда егістік көлемі орта есеппен 5жылда (2005-2009жж. ) небәрі 157.4 мың га шамасында болады.
Бұл дақылдың өнім патенциалы айтарлықтай жоғары: егіншілік мәдениеті жоғары болғанда 30-40цга және орташа егіншілік жүйесінде 20-25цга деңгейінде бола алады.
Сұлының Қазақстандағы астық өнімі орта есеппен 2005-2009жылдары 12,0цга құрайды.

Қоршаған орта факторларына қоятын талаптары. Температураға талаптары. Сұлы - қоңыр жай климаттың өсімдігі. Тұқымдары 1-2ºС өне бастайды. Көктеу мен түптенц кезеңдерінде салқындау (15-18ºС) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа мезімде бозқырауды (аязда) - 7-8ºС - жақсы көтереді. Өсімдіктердің дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі бозқырау (-2ºС) ол үшін қауіпті. Толысу кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның астынғы (дәндері) - 4-5ºС бозқырауды қалыпты көтереді.
Өсіп жетілу (вегетация) кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сорттарында - 1000-1500ºС, орташа мерзімдемелерінде - 1350-1650ºС, ал кеш пісетін сорттарында -1500-1800ºС.
Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бидай мен арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз зардап шегеді.
Жоғары температура және ауа құрғақшылығын жаздық бидай мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. 38-40ºС да 4-5 сағаттан кейін сұлы өсімдігінің устице құрылымы сал ауруына шалдығады (ал жаздық бидайда ол 10-17 сағ., арпа-25-30сағ., соң басталады).
Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде де қиыншылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16ºС.
Ылғалға талаптары. Сұлы ылғал сүйгіш өсімдік. Қабықты (қауызды) дәндері жалаңаш дәнді дақылдарға қарағанда бөрту үшін көбірек ылғалды талап етеді.
Сұлының тұқымы өну кезеңінде қзінің массасының 65%-дай су сіңіреді. Сұлының транспирациялық коэффиценті 400-500 аралығында өзгереді. Оның ылғалымен салыстырғанда қиын қыстау кезеңі өсімдіктердің түтікке шығуынан шашақтануға дейін, әсіресе шашақтануға 10-15 тәулік қалған кездегі топырақтағы ылғал тапшылығы өте қауіпті.
Сқлының барынша жоғары астық өнімін ылғалды, жаздың бірінші жартысындағы жауын шашынды жылдары береді. Солтүстік аудандарда жаздың екінші жартысында жауатын мол ылғалды сұлы нашар пайдаланады, өсімдіктерге сабан өркендер түзіледі де вегетация кезеңі созылып кетеді, нәтижесінде бозқырауға дейін сұлы пісіп үлгермейді.
Топыраққа талаптары. Сұлы салыстырмалы түрде топырақ талғамайды, алайда құмдақ және сортаңдану топырақтарда нашар өседі де сазданған жерлерді көтере алады. Ол үшін барынша байланған, қиын еритін түрде болсада қоректік заттарды көп топырақта жарамды. Басқа астық дақылдарына қарағанда қышқыл мүкті алқаптарда жақсы өсе береді. Сортаңданған топырақтардың оған жарамдылығы шамалы.
Өсіп жетілуі (вегетация) кезеңі -70-100 тәулік.
Астыққа өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны (алғы дақылдар). Тамыр жүйесінің дамуы және қоректіе заттары жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлылығына аздап талап қоятын дақыл деп есептелінеді. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарына кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты (N) қажетсінеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайға байланысты сұлыны өзінен жіне арпадан кейін орналастырмаған жөн.
Топыраққа аз талғамы кезеңдегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлыны соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Ауыспалы егісте оны соңғы дақыл етіп орналастырғанда басқа дақылдармен салыстырғанда астық өнімін шамалы ғана төмендетеді. Сонымен қатар жақсартылған агротехника шараларына оның қайтарымы мол.
Сұлыға цикадкамен жұқтырылатын вирустық ауру шашақтың шыратылуы (закукливание)- қауіпті болып табылады. Бұл ауруға,ол көктеу және түптену кезеңдерінде барынша бейім және сұлыға көп зиян шектіреді.
Экологиялық және экономикалық себептерге байланысты топырақ өңдеу мақсаттары мүмкіндігінше жұмыс операцияларының санын, өңдеу қарқындылығын азайтуды қарастырған дұрыс, басқаша айтқанда, минималды топырақ өңдеу жағдайына егістікке тікелей себу ойдағыдай жауап береді. Қыста қар тоқтату (СВУ- 2,6, СВШ -7, СВШ -10 ) ылғал қорын молықтыруға көп септігін тигізеді. Көктемгі ылғал жабу (БИГ -3, жалпақ дискілі сыдыра жыртқыштар), себу (КПШ-5, КПШ -4, КТС -8, КТС -10-2 ж.б.).

III Сұлы дақылының зиянкестері.

ІІІ.1. Нематодалар

Сұлының цистатүзуші нематодасы - Heterodera avenae Filipjev.
Бұл нематода Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік Азия, Африка, Солтүстік Америка, Австралия елдерінде таралған. ТМД жерінде алғаш 1936 жылы Свердлов облысында, кейін Батыс Қазақстанда және Алматы облыстарында таралған.
Басқа циста түзуші нематодалар сияқты сұлы нематодасында жыныс диморфизмі жақсы байқалады. Аналық нематоданың пішіні лимон тәрізді, түсі сары, артқы жағында конус тәрізді өскіндері бар. Осы бөлікте анус және жыныс тесіктері орналасады. Тамырда орныққанда аналық нематодалардың түсі ақшыл, шырыш қабықшамен жабылған. Кейін олар ұзындығы 0,6-0,8мм, көлденеңі 0,4-0,5мм цисталарға айналып, топыраққа түседі. Аналық нематоданың пішіні жіпше тәрізді, түсі мөлдір, ұзындығы 1,3-1,4мм, диаметрі 35мкм жуық. Құйрығы өте қысқа.
Сұлы нематодасының негізгі қоректік өсімдігі - сұлы, бірақ онымен арпа, бидай, қара бидай да залалданады. Сонымен қатар жүгері мен құрғақ қанттарда да кездеседі. Жалпы бұл нематоданың қорегі 50 астам әр түрлі өсімдіктер, оның ішінде арам шөптер, мысалы, қара сұлы.
Нематода жылына бір ұрпақ береді. Паразит наурыз айының соңғы күндеріне шілдеге дейін активі тіршілік етеді де, анабиозға көшеді. Көктемде топырақ температурасы +4ºС жоғарылағанда цисталардан дернәсілдер шыға бастайды. Олар бидай өскінінің жас тамырларына еніп, активті қоректенуге кіріседі. Алғаш уақытта фитогельминттер түгелімен ие-өсімдіктің тамыр тканьдеріне еніп, сырттай байқалмайды. Ал маусым айында тамырдың бұтақталған бөлігінде көрнекті ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлы өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
Сұлы дақылының агротехнологиясын зерттеу
Бидай дақылы
Ноқат дақылының биологиясы
Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
Сүрі жерді өңдеу
Күріш жармасының сапасын бағалау
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Топырақтың беткі қабатын өңдеу
Пәндер