АРТИШОК



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АРТИШОК

Артишок (Cynara scolymus L.,) – көпжылдық өсімдік, ежелден келе жатқан
және деликатесті болып саналады. Оңтүстік Европада, АҚШ-та және Канадада
кең таралған.
Биологиялық ерекшеліктері. Артишоктың сабағы тармақты, бойы 2 м,
жапырақтары сабақ жапырақты, ірі, тікенекті, тамырлары ұзын болып келеді.
Артишок – бағалы диеталық өнім, құрамында инулин, өсімдік майлары, аскорбин
қышқылы, каротин, В дәрумен тобы, микро-макроэлементтер бар. Артишок
өсімдіктері жылу сүйгіш, оларды көпжылдық дақыл ретінде егіп өсіруде қыста
жабу керек. Біздің елде Ранний фиолетовый, Лаонский, Майский 41 сорттары
аудандастырылғпн.

Агротехника. Артишокты отамалы дақыл ретінде өсіреді. Қатарлап себу
тәсілмен себеді. Өсімдік қатар аралығы 70 немесе 90 см, қатардағы өсімдік
арасы 40-50 см болуы керек. Өсімдік қалыңдығы 18-20 мыңга. Біржылдық дақыл
ретінде жаздық тұқымдардан 50-60 күндік көшеттерді өсіреді. Тұқымдарды
сулайды, содан соң ылғал опилкаларда немесе қаптарға салады, температура
+20-25º С 5-6 күн ұстайды. Қалай тұқым өне бастағанда, оларды ылғал құммен
араластырады да, 2-3 күн 0- +2º С температурада тоңазытқышта ұстайды. Содан
кейін тұқымдарды жәшіктерге себеді. Бірінші жапырақ пайда болғанда өркенді
көшіріп отырғызады. Өсімдікті баптау кезінде қатараралығын қопсытады, суару
жұмыстарын жүргізеді, арамшөптер көзін құртады. Өсімдікте 2-3
гүлсалғыштарды 3-4 корзинкасымен қалдырады. Корзинкаларды гүлдеген кездің
басында жинап тастайды. Жинап алынған корзинкаларды 2-3 ай 0-1º С
температурада сақтайды. Күзде өсімдікті кесіп тастайды, тамырсабағының
түбін көмеді, сабан, жапырақ, шымтезекпен бетін жабады.
Қолдану. Тағамға артишоктың етті және шырындысын пайдаланады. Оларды
қуырады, қайнатады, фарштайды, маринаттайды, пюре және соустар дайындайды.
Тағамға артишоктың екі негізгі түрі қолданады: кардон немесе испан
артишогы, тікенекті артишок.

Тікенекті артишок – жазда гүлдейтін, чертополохқа ұқсайтын, биіктігі 2
м дейін жетеді. Тікенекті артишок сондай-ақ француз артишогы, жасыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоиндикациялық тәсілі
Биопрепараттар - пробиотик, пребиотик, синбиотик
Майлықтар
Көкөністер мен саңырауқұлақтардан тағамдар мен гарнирлер
Вегетативті көкөністер
Bacillus туысы бактерияларының негізіндегі пробиотиктер
Пробиотиктер, пребиотиктер және симбиотиктер
Қант және қант өндірісі жайында
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Жалпыланған тригонометриялық, гиперболалық функциялар
Пәндер