ФИТОНЕМАТОДАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Бірінші бөлім
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНДЫ НЕМАТОДАЛАРЫ (ФИТОГЕЛЬМИНТТЕР)
НЕМАТОДАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Nematoda, немесе жұмыр құрттар класы Nemathelminthes типіне жатады. Нематода класс өкілдеріне тән ерекше қасиеттер бар. Олардың денесі жіпше кейде алмұрт тәрізді неме шар тәрізді. Көлденең кесіндісі жұмыр. Денесінің алдыңғы бөлімінде ауыз, ал арқасының құрсақ жағында аналь тесіктері орналасқан. Денесі иілгіш, серпімді әрі мықты кутикуламен қапталған. Кутикула өзінің астында орналасқан гиподерма деп аталатын жұқа тері эпителий қабатының туындысы болып табылады. Нематодалар кеңінен таралған организмдер. Олар теңізді, тұщы суды және топырақты мекендейді. Көптеген нематодалар эволюциялық дамуында басқа организмдерге, аблигатты немесе факультативті паразиттер болып бейімделген., Ғылыми деректер бойынша қазіргі кезде нематодалардың 500-ге жуық түрлері белгілі.
ТМД елдерінде нематодаларды ғылыми зерттеу жұмыстары өткен ғасырдан басталып, көп жылдар бойы оларды ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері деп санады. Себебі фитогельминттер зияндылығы басқа зиянды организмдерге қарағанда, айқын білінбей өсәмдікке зардабын немесе ауру тудырғыштарына т. б жағдайларға жатқызылды 1933жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ельминтология институтында алғаш рет фитогельминтология лобараториясы ашылды. 1934жылы Ленинградтық ғылым И. Н. Филипьевтің Нематода врежные и полезные в сельском атты еңбегі жарық көрді. Кейірінек фитогельминттерді Украина, Прибалтика, Грузия, Орта Азия Республикаларында да зерттеу жұмыстары 1960 жылдан жүргізіле бастады.
Өсімдік шаруашылығында фитогельминттердің зияндылығы өте жоғары. Мысалы, жабық жайларда өсәрәлетін қияр мен қызынақтың өнімі галла нематодалары әсерінен 50% төмендейді. Ал картоп нематодасы картоп өнімін 80% дейін азайтады. Қант қызылша егісі нематодармен қатты залалданған жағдайда, оның өнімі 2-3 есе, ал жеміс қанттылығы 15% төмендейді. Сұлы нематодасы бидай өнімін 70%, арпаны 30%-ке азайтады. Нематодалар ауыл шаруашылық дақылдарына аса зиянды, кейбір жылдары олардың әсерінен өнім 30 немесе одан жоғары пайызға төмендейді.
Екінші тарау.
ФИТОНЕМАТОДАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Нематода денесінің көлемі және сыртқы пішіні. Фитонематодалар микроскопиялық организмдер, олардың көлемі 0, 5-5мм, көбінесе - 2мм аспайды.
Нематодалардың пішіні жіпше немесе ұршық тәрізді, екі ұшы сүйір, денесі сегменттелмеген, көлденең кесіндісі жұмыр болып келеді. Ал аз қозғалатын немесе нематода түрлерінің (галла немесе циста түзуші) дене пішіні шар немесе алмұрт тәрізді болады.
Нематода денесі:алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерден тұрады. Алдыңғы бөлімінде бас капсуласы және жұтқыншақ орналасқан. Бас бөлігінің ортасында ауыз тесігі орналасқан, ол ол қозғалмалы еріндер және қозғалмайтын бас өркендерімен қоршалған. Бас капсуласында бірнеше сезім мүшелері орналасқан. Жұтқыншақ бөліктен алдыңғы ішектің бөлімі болып саналатын өңеш өтеді. Ортаңғы бөлімге ортаңғы ішектің басталған жерінен бастап анусқа (артқы тесігіне) дейінгі аралық жатады. Бұл бөліктен жыныс бездері мен ортаңғы ішек орналасқан. Анустан кейінгі бөлікті дененің артқы немесе құйрық бөлімі деп атайды. Құйрық пішіні әртүрлі :доғал, цилиндр, туйрегіш, үшкір, жіп тәрізді т. б болып келеді. Құйрық бөлігінің пішіні нематодаларды жіктеуге негізі белгі болып табылады.
Қозғалмалы фитогельминттер денесінің ұзындығы оның диаметріне қарағанда 40 және одан да көп болып келеді. Артқы бөлігі шамамен жалпы денесінің 5-10% алады. Қозғалмайтын нематоданың құйрық бөлігі редукцияға ұшыраған, денесінің ұзындығы мен көлденеңі бірдей болып келеді.
Тері - бұлшық ет қапшығы. Нематоданың тері- бұлшық ет қапшығы үш қабатты кутикула қаптаған. Кутикула, гиподерма және бұлшық еттен тұрады. Гиподерма тері бездері орналасады. Сонымен қатар гиподерманың қалыңдаған бөліктерімен орталық жүйке жүйесі байланысады.
Кутикула. Нематоданың сыртын тығыз, құрылысы күрделі, көп қабатты кутикула қаптаған. Кутикула құрамында белоктар бар. Кератин, коллаген және белоктар сыртқы қабаттың иілгіштігі мен беріктігін анықтаса, ал липопротеиндер оның жаптылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Кутикуланың қалыңдығы әртүрлі. Ылғалды жерде тіршілік жасайтын рабдитидтар кутикуласының қалыңдығы 0, 5 - мкм, ал кейбір тамыр маңында мекендейтін нематодаларда (Dorylaimidae) тұқымдасы ол дене диаметрінің 20 % құрайды.
Нематодалардың екі бүйірі арқа және құрсақ жақтарында кутикула құрылысы өзгерген. Бұл өзгеріс гельминттердің қозғауына мүмкіндік береді.
Кутикула сыртында бірнеше қосымшалар (төмпешешіктер немесе қылшықтар) орналасқан, олар сезім мүшелерімен байланысқан. Осы қосымшалар бойынша нематодалардың механикалық зақымданудан және улы заттардан қорғау қызметін атқарады. Нематодалар кутикуласының құрылысы көбінесе сақиналы болып келеді. Сақина саны, ені нематода жасына және түріне байланысты әр түрлі болады.
Гиподерма және тері бездері. Кутикуланың астында гиподерма (субкутикула) орналасады. Гиподерма - эктодермадан түзілген өзгеріске түскен эпидермис. Гиподермадан кутикула бөлінеді. Нематоданың екі бүйір, арқа және құрсақ бөліктерінде гиподерма қалыңдап, денені бойлаған төрт гиподермалық білеулер түзіледі.
Сонымен қатар, гиподерма тері бездерімен байланысты . Олардың құрамына мойын және құйрық бездері кіреді. Мойын безі (ренетта) фитонематодалардың әртүрлі топтарында түрлі дәрежеде бұтақталған 1-2 без клеткаларынан тұрады. Соңғылардың өткізгіш түтікшесі дененің бауыр жағында өңеш деңгейінде орналасқан зәр шығару саңлауына ашылады. Афазмидия өкілдерінде мойын безінен басқа бір жұп бүйір және 3 құйрық бездері болады. Ал фазмидия өкілдерінде мойын безінен басқа, екі бүйір құйрық бездері (фазмидтер) болады. Ал кейбір нағыз фитонематодаларда аталған бездер функциясын жоғалтып, сезу мүшелеріне айналған.
Бұлшық ет. Нематоданың бұлшық ет тұтас емес. Оны гиподермалық білеулер 4 ұзын таспаға бөліп тұрады. Арқа және құрсақ бұлшық ет таспалары жиырылғанда, нематоданың денесі бір бағытта иіледі де құрт тек бүйір құрсақ бөлімінің қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Нематоданың жүйке жүйесі бір- бірімен өскіндер арқылы сақиналы байланысқан бір топ бойлық бағаналардан тұрады. Жүйке жүйесінің орталық бөлімі өңештің алдыңғы бөлімі қоршап тұратын жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан қалыптасқан. Жүйкеінің түйінді клеткалары сақинамен байланысқан. Жұтқыншақ жүйке сақинасынан нематоданың бас бөлігі органдарына (алдыңғы) алты қысқа және артқы бөлігіне - алты жүйке тармақтары тарайды, бірақ орта бөлімінен өтетін екі бүйір бағаналары басқалары қарағанда жақсы жетілген.
Нематодаларда механикалық (тангорецепторлар), химиялық (амфидтер) және жарықты (фото рецептр) сезу мүшелері болады.
Рецепторлар бүртік (папилл) немесе қылшық тәрізді болып, екі шеңбер құрып орналасады. Бірінші шеңбер ерін 6 бүртіетен, ал екіншісі тікелей бас үстіңгі 10 бүртіктен тұрады. Нематодалардың кейбір түрлерінің аталықтарында қосымша құйрық тангорецепторлары болады.
Амфидтері немесе бүйір мүшелері, иіс сезу шұңқыры түрінде ерін үстінде немесе бастың екі жағында орналасқан.
Фоторецепторлар көбінесе еркін тіршілік ететін теңіз нематодтарында кездеседі. Олар әртүрлі түсті пигменттелген көз қуысы түрінде болады. Фоторецепторлар фионематодаларда болмайды. Алғашқы қуыс тіршілік қызметімен қатар зат алмасуда да негізгі қызмет атқарады. Дене қуысы арқылы тамақтан сіңірілген заттар ішектен бұлшық еттерге және жыныс жүйесіне тасымалданып, сондай-ақ зат алмасу өнімдері зәр шығарумүшелеріне жартылай жеткізіледі. Сонымен, алғашқы дене қуысы қан айналу жүйесі сияқты организмнің ішкі ортасының қызметін атқарады.
Ас қорыту жүйесі. Фитонематодалардың ас қорыту жүйесі денесінің басында орналасқан ауыз қуысынан басталып, құрсағындағы ануспен бітеді. Ауыз тесігі екі ерін төмпешігімен қоршалған оның біріншісі қозғалатын ерін, екіншісі - бастағы қозғалмайтын төмпешік. Ішегі үш юөлімнен тұрады ( алдыңғы, ортаңғы және артқы) . Алдыңғы және артқы ішектер онтогенезде эктодермадан, ал ортаңғы ішек - эндодермадан түзіледі.
Алдыңғы ішек. Алдыңғы ішек ауыз қуысы немесе стома және өңнштен тұрады. Стоманың керегелері тегіс немесе қозғалмайтын тістермен жабдықталуы мүмкін. Нағыз фитонематодалар стомасының керегелері найза қанжар тәрізді шаншығыш аппарат құрады. Бұл жағдайда ауыз қуысы жарылып капиллярға айналады.
Ауыз қусысы өңештен жалғасқан. Кейде ол бұлшық ет тканінен құралып, ішкі саңлауы үш қырлы қарапайым болады. Бұл жағдайда өңеш бірнеше бөлімге жіктеліп, көлемді бұлшық еттермен немесе бусьбустармен жабдықталған. Бульбус ортаңғы (метакорпалдық) және артқы ( кардиалдық) бөлімдерден тұрады. Шіріген өсімдік қалдықтарымен қоретенетін бірқатар сапрофаг түрлерінің кардиаодық бульбасы тамақ кесектерімен майдаланып араластыратын уақытша аппаратпен жабдфқталған. Олардың бульбус бұлшық еті жақсы жетілген.
Өсімдік шырынымен қоректенетін нематодалардың кардиалдық бульбасы бұлшық етсіз десе де болады. Олардың 3 өңеш безі (арқа және 2 бүйір бездері) өте жақсы дамыған. . Кейбір түрлерде бездер кардиалдық бульбуста болмай, дене қуысына қараай ығысып орналасқан.
Нағыз фитонематодаларда өңеш ішінің капиллярлық болуы ішектен тыс қоректенудің тек солраға ғана тән екендігін дәлелдейді, ауыз қуысындағы стилентімен шаншыған кезде жарақаттанған өсімдік тканіне өңеш бездерінен ферметтер бар секрет құфылады. Одан соң ферметтердің қатысуымен өңеш арқылы ортаңғы ішекте өтеді, онда тамақтың қортылуы толығымен аяқталып, қорытылған тамақ денеге сіңіріледі.
Ортаңғы ішек. Ортаңғы ішек керегесі эпителий қабатымен астарланған түтікше тәрізді. Көбінесе ол екі бөлімнен, яғни тамақ жаналатын кең резервуардан және түтікше тәрізді жіңішке бөлімнен тұрады. Соңғы бөлім артқы ішектен жалғасады. Оның ішкі керегесі кутикуламен астарланған.
Артқы ішек. Ол анус арқылы сыртқа ашылады. Фазмидия өкілдері нематодаларында көбінесе артқы ішек ректалдық бездермен байланысты. Бұл бездердің атқаратын қызметі белгісіз, ол галла түзуші нематодалардың ректалдық бездерімен бөлінетін белокты заттардан, әрдайым салынған жұмыртқа тобын қорғайтын желатин қапшығы пайда болады.
Жыныс жуйесі. Нематодалар жыныс диформизмі жақсы дамыған дара жынысты организмдер. Жыныс мүшелері дененің қуысында орналасқан жұп түтікшелер және дамудың әр кезеңінде пайда болатыян жфнфс клеткаларынан тұрады. Аталықтары аналықтарынан қарағанда ұсақ, пішіні жіп тәрізді және активті қозғалады. Ал аналықтарының (галла және циста түзуші нематодаларда ) денесі алмұрт немесе шар пішіндес, қимылсыз тіршілік етеді.
Аналық жыныс безі. Бұл жуйе нематодалар денесінің құрсақ бөлімінде орналасқан жалғыз жыныс саңлауына басталады. Ол қысқа, тар өзек- қынапқа жалғасады да екіге айырылып, екі үлкен түтік жатрға айналады. Жатыр ұрықтанған және дамып жатқан жұмыртқаларға толы болады. Әр жатыр біртіндеп тарылып, әлі дамымағын жұмыртқалары бар жұмыртқа жолына айналады. Әр жұмыртқа жолы да жіңішкеріп, жіңішке жіп тәрізді жұмыртқа безін түзеді. Оның қабырғасы бір қабатты ұрықтық эпителийден тұрады, әр жұмыртқа безінің ұшы бітеу болып аяқталады.
Аталық жыныс жүйесі. Олардың жыныс мүшесі жұп аталық бездерден . жұпсыз жалынан және ұрықтанатын аппатараттан тұрады. Аталықтардың ұрықтандыру мүшелеріне жұптанған спикула және оларды бағыттаушы рулек жатады. Нематоданың аталығы спикуласын аналақтың жыныс саңлауына (вульвасына) енгізіп, оны ұрықтандырады. Спикуланың пішіні нематодаларды жіктеуде маңызды роль атқарады.
Фозмидияға жататын бірқатар нематодалар түрлерінің аталықтарында бурсалдық қанатар деп аталатын кутикула қатпарлары болады. Олар дененің құйрық бөлімінің екі бүйірінде орналасып, құйрық ұшына жетпеуі де (лептодерлі бурса) немесе одан асып тұруы да (пеноднрлі бурса) мүмкін. Бурсалдық қанаттар шағылысу кезінде аналық денесіне аталық нематоданың қауышуы үшін қажет.
Олар әдетте сезу мүшелерімен (құйрық танго рецепторларымен) жабдықталған.
Протерандрикалық гермафродитілік. Бұл жағдай кейбір рабдитидтер шырынды жерлерде мекендейтін нематодаларда байқалады. Аналық особьта аналық безімен алғаш ұрықты, кейін жұмыртқаны түзеді. Соған байланысты протерандрия жолмен көбеюге нематодалар аталық түрінде тіршілік етеді. Бұлардың аналық особьтар саны аталықтарына қарағанда бірнеше есе атық болады. Мысалы, Phabditis duthiersi Maup. 1000 аналыққа 20 аталық келеді.
Екінші тарау. КӨБЕЮІ ЖӘНЕ ДАМУЫ.
Көбеюі. Жұмыр құрттар жынысты көбейеді. Фитонематодаларда көбею жұмыртқа арқылы жүреді, бірақ оларда партогенезде юайқалады.
Dorylaimus Dujard туысына жататын параризобионттар және гетеродеридтерде (циста және галла түзуші нематодалар өкілдері ) партоногенез белгілі. Мекендеу ортасының жағдайына нашарлаған кезде галла түзуші нематодалардың аталықтар саны жеткілікті болады. Мысалы, залалданған өсімдіктің тамыры шірігенде байқалады. Фитонематодалардың өсімталдығы жоғары, бірақ жануар паразиттеріне қарағанда төмен.
Кейбір сапробионтар аз уақыт өмір сүреді, олардың өсімталдығы өте жоғары. Мысалы, Rhabditis guignardi Maup. Активті өмір сүрген мерзімде 480-560 жұмыртқа салады, олардың жатырында бір мерзімде 20-30 жұмыртқа дамиды. Ал цефолобидтердің жатыранда бір мерзімде тек 2-4 жұмыртқа болуы мүмкін.
Көпшілік тиленхоидтерда бір жыныс түтікшесі және үлкен жұмыртқалары болады. Соған байланысты олардың жатыранда бір мезгілде тек 1-2 жұмыртқа дамуы мүмкін. Бір аналықтың (Ditylenchus dipsaci Kuhn) жалпы өсімталдығы 500 жұмыртқадағы дейін жетеді. Бірақ кейбір фитогельминттер өсімталдығы өте жоғары болады. Бидай нематодасының аналықтары 2500 дейін жұмыртқа салады, бұл галла түзуші нематодалардың максимальды өсімталдығын сипаттайды.
Нематодалардың даму ерекшеліктері. Нематодалрдың дамуы жұмыртқа, личинка (дернәсіл ) және ересек нематода фазаларынан өтеді. Фитонематодалардың онтогенездік даум жылдамдығы өмір сүрген ортағы байланысты. Шырынды ортада тіршілік ететін сапробионт рабтидтердің дамуы өте қысқа, ал керімінше өсімдік тканьдерімен қоректенетіндерде ұзақ мерзімде жүреді. Қолайлы жағдайда сабақ нематодасының бір ұрпағы 24-25 күнде дамиды, ал 15 градус жағдайда ұрпақ беруі 100 күнге созылады.
Жұмыотқа. Жұмыртқаларының пішіні әдетте сопақша немесе бүйрек тәрізді . Фитонематодалардың жұмыртқасы ірі, көбінесе олардың диаметрі ересек аналық нематодалардың диаметріне жуық келеді. Жұмыртқа бірнеше қабықпен жабылған. Цитоплазмада жұмыртқаның сыртқы сарысы шамалы болады. Аналық клеткаға сперматозоид жетілмей келіп, онда жетіліп, кейін оны ұрықтандырады.
Эмбриондық дамуы. Фитонематодталар жұмыртқасының бөлінуі аз зарттелмеген. Бөлінуі бір қалыпта толық жүреді.
Дернәсілдер. Личинкалардың бөлінуі олрадың жыныс жүйесі жетілмеген. Дернәсілдер даму процестерінде төрт рет түлеп, бесіншісі жаста ересек құртақа ауысады. Осыған орай личинкалық жас саны да төртеу болады. Фитонематодаларды көптеген түрлері (тиленхид отряды) өкілдерінің бірінші түлеуі жұмыртқа қабығыеың ішінде өтеді де, жұмыртқа жарылған кезде сытрқа бірден II жастағы личинка шығады. Кейбір түрлерінің I-II жастағы личинкалары (мысалы, сабақ нематодасы) өңеш бездерінің нашар жетілуі салдарынан тамақты ішектен тыс, сыртта қортуға қабілетсіз болады. Сондықтан олар өсімдік тканьінде сол кезде тамақтың артығын гидролиздей алатын ересек нематодалар болғанда ғана дұрыс дами алады. Дернәсілдердің жыныс жүйесі III жастан қалыптаса бастап, осы мерзімде ортаңғы юөлім қарқынды дамиды. IV жастың соңғы кезеңінде жыныс клеткалары жетіледі.
Тиленхид (Tylenchida) отряды өкілдеріне жататын дернәсілдерге дамуыдың екі түрі белгілі: толық емес және толық. Толық емес жолмен дамығанда дернәсілдердің пішіні ересек құрттарға ұқсас, қозғалмалы болады. Дернәсіл фазасында олардың тек ішкі мүшелері ( ас қорыту және жыныс жүйелері ) өзгеріске түседі. Толық жолмен дамығанда дернәсілдердің сыртқы пішіні және ішкі құрылысы ересек фитонематодаларға қарағанда ерекше келеді, әсіресе аналықтарда да байқалады.
Фитонематодалардың ұрпақ бері санына ішкі физиологиялық процестермен қатар сыртқы климаттық жағдай үлкен әсер етеді.
Фитонематодарлардың тіршілік типтері. Өсімдікке зиян келтіретін нематодалардың дамуы жануар паразиттеріне қарағанда ерекше өтеді. Фитонематодалардың даму ерекшелігі: олардың кеәбіреулері сыртқы ортаға шықпай ұрпақтан ұрпақты бір иеде өткізеді, жануар паразиттарынан өсімталдығы төмен, қолайсыз жағдайда дернәсілдер немесе құрттар топырақта тіршілк етеді.
А. А. Парамонов (1954) өсімдік нематодаларын тіршілік циклдарына қарай үш топқа бөлінеді: гоегельминттер, псевдогеогельминттер және анбиогельминттер.
1. Геогельминттер. Бұл топқа жататын фитогельминттердің дамуы жануар геогельминттеріне ұқсас. Олардың дернәсілдері белгілі даму кезеңін топырақта өткізеді. Мысалы, цитрус нематодасының (Tylenchulus semipenetrans Cobb. ) аналықтары лимон немесе апельсин тамырына бас бөлігімен юекініп ал денесі топырақта орналасады. Олар жұмыртқаларын топыраққа салады. Аталықтары өмір бойы топырақта тіршілік етеді. Дернәсілдері 1 жасқа келгенде өсімдікке көшеді.
2. Псевдогеогельминтер. Бұл топқа жататын фитогельминттер дернәсілдерінің дамуына топырақ қажет емес, бірақ активті болуы үшін бұл орта керек. Тіршіліктің бұл түрі екі топ тармағына бөлінеді: облигаттық және псевдогоегельминттер (гелла нематодалары) .
Нағыз галла түзушілер - угрицалар. Фитогельминттердің дернәсілдерімен толған галлар көктемде тұқыммен бірге топыраққа түседі. Ылғалдық әсерінен дернәсілдер галлалардан шығып, бидайдың өскініне еніп, жапырақ қуысына жетеді. Бидай масақтанған кезеңде нематода дернәсілдері гүл туйінінің ішіне еніп, сонда қоректенеді. Нәтижесінде бидай дәнінің орнына галла пайда болады. Дернәсілдер галла ішінде дамуын аяқтап, аналықтары сонда жұмыртқалайды да, жұмыртқадан дернәсілдер шығады. Дамуыдың нәтижесінде галлалардың ішінде көптеген дернәсілдер жиналып, олар жерде қыстайды.
Циста түзуші қызылша және сұлы нематодаларының эмбриондық дамуы кутикуласына айналатын аналықтың ішінде аяқталады. Мұндай күйде нематодалар қолайсыз жағдайларға өте төзімді келеді: (сыртқы орта ылғалдылығы мен температурасының құбылмалылығы) . Мысалы, қызылша нематодасының цичтасы тіршілік қабілеттілігін 6 жыл бойы сақтағаны ғылымға белгілі. Көктемде топырақ ылғалы, ие- өсімдік тамырын бөлінетін заттар және қолайлы температурра әсерінен цистадан дернәсілдер шығып, өсімдік тамырына енеді. Бұл жағдайда топырақ тек дернәсілдердің активті болуы қажет.
Облигаттық емес галла түзуші нематодалар ( Meloidogyne Goel. Туысы) жатады. Аналақ галла нематодалары жұмыртқаларын ие - өсімдік тамырына салып, олар сол жерде дамиды. Топырақтың болуы қажет емес. Бірақ дернәсілдер топыраққа шығуы да мүмкін, кейін циста түзетін нематодалар сияқты дамып, басқа өсімдіктерді залалдайды.
Анбиогельминттер. Тіршілктің бұл типі қозғалмалы сабақ нематодаларына (Ditylenchus Filip. туысы) тән. Олар сыртқы ортаға шықпай, заладанған өсімдіктерде бірнеше ұрпақ беріп дамиды. Топырақ тек кеәбір жағдайда қажет болып, сол жерде қыстап шығады.
Үшінші тарау.
НЕМАТОДАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Қазіргі таңда дейін фитонематодалардың жіктелуі нематологияға үлкен проблема болып саналады. Олардың жіктелуі туралы әртүрлі көзқарас бар. А. А. Параманов жұмыр құрттар немесе нематодалар класын адефор немесе афазидия және сецернентер немесе фазидия класс тармақтарына бөлінеді.
Жұмыр құрттар типі- Nemathelminthes
Жұмырт құрттар немесе нематодалар класы- Nematoda
Аденофор немесе афаздимия клас тармағы - Adenoptera
Хромадорицтер отряды- Chromadorida
Эноплидтер отряды- Enoptera
Сецернент немесе фазмидия класс тармағы - Secernentea
Рабдитидтер отряды- Rhabditida
Тиленхоидтер отряды- Tylenchida
Аденофор немесе афамидия класс тармағы - Adenophorea.
Бұл топқа жататын нематодалардың бүйір бөлігінде құйрық бездері - фазмидтері болмайды: тангорецепторлары көбінесе қылшық түрінде болады, химиялық сезім мүшелері ( амфидтер) - қалта, түтікше немесе саңлау тәрізді. Оларға бастың екі жағына орналасқан мойын бүртіктері (дейридтер) болмайды., мойын безі (ренетта) үлкен, бірақ канлсыз, түтікшелері денесінің бүйір хордалылар арқылы сыртқа ашылады.
Адефор класс тамағы екі хромадоидтер және эноплидтер отрядынан тұрады. Біріншісі отрядқа тек плектидтер - Plectidae тұқымдасына жатады.
Осы отрядтың өкілдері көбінесе шырынды ортаны мекендеп, онымен қоректендіреді. Екіншісі отрядқа үш тұқымдас (мононхидтер - Mononchidae, дорилайммидтер - Dorylaimadae, лонгодоридтер - Longidoridae) жатады. Бұл теңіз және тұщы су нематодалары және өсімдіктерді заладайтын аздаған түрлері топтасқан. Кейбір түрлері паразиттік тіршілік етеді, жыртқыштары да кездеседі.
Сецепненттер немесе фазмидиялар класс тармағы - Secernentea.
Олардың бір жұп фазмидиятері бар, тангорецепторлары бүртік тәрізді болып, көбінесе дененің алдыңғы бөлігінде шоғырланған. Анальдық тесігінің айналасында орналасқан бүртіктер тек еркектерінде кездеседі. Иіс сезу шұңқырының (амфидия) пішіні саңлау тәрізді болып ерін үстінде орналсқан. Афазмидия тұқымдасының өкілдеріне тағы бір айырмашылығы - дейридтері жақсы жетілген, мойын безі тарамданған және бір немесе екі каналы болады. Көптеген түрлері тұщы су және топырақ фаунасына жатады. Теңізде кездесетіндері өте аз. Бұл класс тармағының көптеген өкілдері шіріндісі мол топырақты мекендеп, өсімдіктермен қоректенеді. Кейбіреулері басқа жануарлардың есебінен паразитік тіршілік етеді және жыртқыш түрлері де кездеседі.
Фазмидия класс тармағы рабдитидтер және тиленхидтер отрядына бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz