Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы


Зиянды кеміргіштер
Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және
экономикалық маңызы
Кеміргіштер сүтқоректілер класының (mammalie) ерекше тобын құрайды. Соңғы классификацияға (жіктеуге) сәйкес олар екі отрядқа - кеміргіштер (Rodentia) мен қоянтәрізділерге (Lagomorpha) бөлінеді. Қазақстан кеміргіштер отрядының 15 тұқымдасына енетін 82 түрі кездеседі, ал қоянтәрізділер отрядының 2 тұқымдасына қояндар мен шақылдақтар жататын өкілдер мекендейді. Кеміргіштер дене тұрқы жағынан алғанда шағын сүтқоректілерге жататын жануарлар. Олардың ең кішкентайы - салмағы 5 г тартатын малютка тышқаны, ал үлкені-ұзындығы 1 м, салмағы 30 кг - құндыз.
Бұл екі отрядқа жататын жануарлардың күрек тістері жақсы дамыған. Күрек тістерінің тамыры болмайды да, олар үнемі өсіп отырады. Күрек тістері қатты эмальмен жабылған және олар қажалмайды, ал басқалары жұмсақтау келетін дентиннен тұрады. Кеміргіштерде жыртқыш тістер болмайды. Күрек тістер мен азу тістер ортасындағы бос жерді диастема дейді. Осы белгілері арқылы оларды басқа ұсақ сүтқоректілерден, мысалы, бунақденелілер мен жыртқыштардан ажыратуға болады.
Негізгі кеміргіштер өсімдік қоректі жануарлар. Олардың азықтық рационында бунақденелілердің, балықтардың, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және ұсақ сүтқоректілердің үлесі аз. Кеміргіштерді әртүрлі жерлерді: тундраны, орманды, даланы, шөл-шөлейтті жерлерді, тіпті жыл бойы қар жататын тау үлкен территорияларды қамтиды, ал үй тышқаны мен сұр егеуқұйрық барлық жерлерде кездеседі.
Кеміргіштердің көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарына, жеміс және орман ағаштарына, жайылымдықтарға және қоймадағы жем мен азық-түліктерге үлкен зиян келтіреді. Ауыл шаруашылығы өндірісіне ең қауіптілеріне аламан, тиіндер, қаптесерлер тұқымдастарына жататын кеміргіштер кіреді. БҰҰ ФАО мекемесінің жүргізген санағы бойынша, бүкіл дүние жүзінде 1951 жылы қаптесерлер мен егеуқұйрықтар 150 млн. Адамдарды қамтамасыз ететін, қоймадағы сақтаулы азық-түліктерді жонып жіберген. Неміс мамандарының мәліметтері бойынша, Германияның шошқа фермаларында егеуқұйрықтар жемнің 20% жояды. Америка ғалымдарының есебіне сәйкес, Нью-Йорк қаласындағы кейбір жылдары егеуқұйрықтар саны 10 млн. Жетіп, олар азық-түліктің 5-10% -ін құрады немесе жарамсыз етеді.
ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдары Қазақстанның солтүстік облыстарында шошқа шаруашылығы жақсы дамыды, сонымен қатар бұл аймақта егеуқұйрықтардың да зияндылығы өсті. Батыс Қазақстанда егістік пен жайылымдықтарға сарышұнақтар үлкен зиян келтіреді, олардың санын реттеп отыру үшін кең көлемде химиялық препараттар қолданылады. Кейбір жылдар республика территориясында қаптесерлер мен тоқал тісті тышқандардың саны тым көп өсіп, оларға қарсы химиялық препараттарды қолдану арқылы күресу шаралар тиімді жүргізіліп келеді.
Жайылымдықтарға үлкен зиянды құмтышқандар келтіреді. Негізі үлкен құмтышқандар қаракөл қойлары жайылатын жерлерде кездеседі. 1 гектар жайылымдықта құмтышқандардың екі қонысы кездессе (бұл кеміргіштің 15-20 данасы), олар өсімдіктердің 1/3 жояды, ал бұл шөп қорымен бір қойды толық асырауға болады екен; ал алты-сегіз қоныстары 1 гектарға кездессе- құнды жемдік өсімдіктердің барлығы жоғалады.
Кеміргіштер әртүрлі эпидемиялық ауруларды да таратады. Олар адамдар жейтін азық-түліктерді және ішетін суларды ластайды. Кеміргіштерден, кенелерден, сонымен қатар тек қан соратын бунақденелілер арқылы адамдарға мынадай ауралар тарайды: оба, тулямерия, жұқпалы сары ауру, әр түрлі сүлік аурулары, безгек ауруының кейбір түрлері, трихиндер, нематодалар. Кеміргіштердің кейбір түрлері үй жануарларына ауысып, сібір күйдіргісі, бруцеллез, құстың холера және басқа ауруларын таратады. Сонымен қатар, егеуқұйрықтар жындану ауруларын таратады.
Он жетінші тарау. Кеміргіштердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Кеміргіштердің даму ерекшеліктері. Кеміргіштер сүтқоректілердің белгілі өкілдері болып саналады, бірақ кейбір морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бойынша осы кластың басқа отрядтарына жататын түрлерінен өзгешеліктері бар. Негізі бұл ұсақ, жылы қанды жануарлар, олардың 70% энергиясы дене температурасының бір қалыпта тұруына жұмсалады. Жангуарлар энергияны қорек арқылы алады.
Кеміргіштер мен қоян тәрізділердің өздеріне тән арнайы морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бар. Олардың өте жоғары көбею қасиеттері бар және популяция жаппай қырылып қалған жағдайда да түр сақталуы мүмкін.
Басқа ұсақ жылы қанды жануарлар сияқты, кеміргіштердің бас миының салыстырмалы көлемі дене көлемімен салыстырғанда үлкен кледі. Осыған байланысты болар, олардың сыртқы орта әсерін жылдам сезетін қасиеті бар. Сонымен қатар, бұл ұсақ сүтқоректілер сыртқы ортаның өзгерісіне жақсы бейімделген.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктердің арқасына кеміргіштер мен қоян тәрізділер отрядтарына жататын жануарлардың түр құрамы жалпы сүтқоректілер түрлерінің жартысына жуығын алып жатыр. Тіпті бір жерде 10-нан астам кеміргіш түрлері кездеседі, олардың биологиясы, қоректенуі, сыртқы белгілері, көбею қарқыны және сыртқы қолайсыз ортаға бейімділігі әр алуан болып келеді. Кейбір жылдары осы түрлердің тең жартысы оқтын-оқтын жаппай көбейіп, ауыл шаруашылығына үлкен зияндылық келтіреді. Сонымен зиянды кеміргіштерге қарсы ұтымды күрес шараларын жүргізу үшін олардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін білу өте қажет.
Кеміргіштердің анатомиялық ерекшеліктері . Тері жамылғысы және оның туындылары. Тері үш қабаттан тұрады - сыртқы (эпидермис), негізгі тері (дерма) және тері астындағы май клетчаткасы. Терінің организмдері сыртқы ортадан қорғау қызметінен басқа, дене температурасын реттеуші және сезімталдық қасиеттері бар.
Терінің құрылымдық элементтері арқылы кеміргіш организмінде ерекше бір заттар пайда болады және олардың кеміргіш өмірі үшін маңызы зор. Бұларға жүндер, тырнақтар, тері, май, сүт бездері және құйрықтағы әр түрлі мүйіз тәрізді қабыршақтар мен инелер жатады.
Басқа сутқоректілер сияқты, кеміргіштер терісінің сыртқы қабатына жүн өскен. Олар негізінде үш түрге бөлінеді - қылшық (ұзын және жуан), мамық немесе түбіт ( қысқа және нәзік түк) және ортаңғысы- жүн.
Кеміргіш түрлерінің барлығында да азды-кемді сезімтал қылшықтар - вибристар бар. Олар ұзындау және қаттылау болып келеді. Вибристардың түбі жүйке жүйесімен жалғасқан. Бұл қылшықтар жер астын мекендейтін, көру қабілетін толық немесе жартылай жоғалтқан соқыр тышқандарда және түнгі жануар қосаяқтарда жақсы дамыған.
Кеміргіштер оқтын-оқтын түлейді. Кеміргіштердің жас және сақайу кезеңдеріне байланысты түлеу ерекщеліктері бар. Сонымен қатар мерзімдік түлеуі белгілі. Жаздағы жүні сирек келеді және жылуды ұстамайды, ал қысты күнгі жүндері қалың, дененің тонуына мүмкіндік бермейді. Ұйқыға кететін кеміргіштер жылына бір рет түлейді.
Жер астында тіршілік ететін кеміргіштердің тырнақтары жақсы дамыған. Олар тырнақтары арқылы індерін қазады. Кеміргіштер мен қоян тәрізділердің тері бездері нашар дамыған, олар дене температурасын реттеуде атқаратын қызметі зор емес. Тері бездері негізі тұмсық пен құрсақта орналасқан. Кеміргіштердің денесі қатты қызып кеткенде, оларды сол қызған
жерлері терлейді. Суды мекендейтін жануарлардың тері бездері жақсы дапмыған.
Кеміргіштердің сүт бездері жақсы дамыған, олардың саны алты жұптан 12 жұпқа дейін және кейде одан да көп болады. Сүт бездері аз уақыт аралығында қызмет атқарады. Мысалы, тоқалтісті тышқандар балаларын 11-12 күн емізсе, ал сарышұнақтар 20-22 күнге дейін емізеді. Бірақ осы аз мерзім аналық кеміргіштер көп сүт шығарады. Көптеген аналқы кеміргіштер босанған күні қайтадан шағылысады. Бұл жағдайда сүтпен қоректенудің аралық үзілісі 8-12 күннен аспайды.
Қаңқа. Басқа сүтқоректілер сияқты кеміргіштердің қаңқасы бастан, негізгі қаңқадан және саусақтардан тұрады. Қаңқа қорғаныс қызметін атқарады, оған бұлшық иеттер бекіген. Егеуқұйрықтың қаңқасының саны 265-285 бөлік сүйектерден тұрады (қозғалу, құйрықтың омыртқа және қабырға мен басқа сүйектер арқылы атқарылады) . Сұр егеуқұйрықтың кеппеген қаңқасының салмағы жалпы жануар салмағының 10-12 % құрайды. Онда жалпы сүйектердің салмағынан саусақ сүйектері 32, 8 % +- 0, 5, негізгі қаңқа -47, 3 % +- 0, 5 және басқа сүйегі -14, 9 % +- 0, 89 құрайды.
Кеміргіштердің көпшілік түрлерінде, әсіресе ұсақ кеміргішиерде қуысты сүйектер, кеміргіштің бүкіл өмірі бойына өсуін тоқтатпайды. Бас сүйегінде сүйектердің өз ара салмағы кеміргіштің қасына қарай өзгеріп отырады - туылғаннан кейін, олардың көздері ашылғанша ми орналасқан сүйектері жақсы дамыса, одан кейін жақ сүйектері де дами бастайды. Сондықтан ересек кеміргіштердің жақ сүйектері ұзынша келеді.
Кеміргіштерде саусақ пен құйрық сүйектерінің өсу ерекшеліктері байқалады. Жер астында тіршгілік етуге бейімделген кеміргіштердің алдыңғы аяқтары жақсы дамып, артқылары нашар дамыған, ал құйрығы редуцияға ұшыраған. Негізгі тіршілігі суда өтетін кеміргіштердің құйрығы қысқалау, жуандау болып, мүйізді жабыршықтармен қапталған. Бұндай құйрық кеміргіш судажүзген кезде қосымша қызмет атқарады.
Бұлшық ет жүйесі . Бұлшық ет жүйесіне бұлшық ет ұлпалары, сіңірлер мен көмекші қызмет атқаратын ұлпа өскіндері жатады. Жалпы бұлшық ет жүйесі жануцардың қозғалысын қамтамасыз етеді, ішкі органдарды қорғайды және организмнің жылу шығару процесінде маңызды роль атқарады. Бұлшық еттер дененің әрбір бөліктерін, аяқтарын қозғалтып отырады. Бұлшық еттер қан тамырларымен жақсы жабдықталған. Кеміргіштерде бұлшық ет саны өте көп. Мысалы, егеуқұйрықтың денесінде жалпы саны 300-ден асатын бұлшық еттер бар. Қызметіне байланысты бұлшық еттерді: тері астындағы, иық пен алдыңғы аяқтардағы, бас сүйектердегі және денедегі деп бірнешетопқа жатқызуға болады.
Ас қорыту органдары. Кеміргіштердің ас қорыту жүйесі, басқа сүтқоректілер сияқты, төмендегі бөлімдерден: ауызқуысынан, өңештен, асқазаннан, ащы ішектен, жіңішке ішектен, соқыр ішектен, тоқ ішектен және тік ішектен тұрады. Ауызқорыту қуысында тағамдар механикалық өңдеуге (ұсатылуға) түседі және сілекеймен шыланады. Асқазан мен ащы ішекте тағамдар химиялық өңдеуге ұшырайды. Жіңішке ішекте астың қорытылуы жалғасып, содан кейін ол қанға тарайды. Қорытылмаған ас қалдықтары соқыр ішекте жиналып, ашыту процессіне ұшырайды. ТОқ ішекте ашытылған ас пен су сорылып алынады да, пайда болған нәжіс тік ішек арқылы сыртқы шығарылады.
Ас қорыту бездерінен шығатын ферменттер арқылы ас қорытылады. Олар: сілекей бездері, олардың тармағы ауыз қуысына шығады; асқазан қабырғаларының бездері; ащы ішекке түсетін бауырданбөлінетінөт тармақтары; ұйқы бездерінен бөлініп ащы ішекке шоғырланатын сөлдер. Сүтқоректілердің ас қорыту жолының ұзындығы, оның қорегіне байланысты. Өсімдік текті қорек етке қарағанда қиындау қорытлып, ас жолдарымен баяу өтеді. Сондықтан, өсімдік қоректілердің ішектері, жыртқыштармен салыстырғанда, ұзындау жәнежуан болып келеді. Мысалы, қойдың ішегі денесінен 29 есе ұзын болса, ал мысықтардікі тек 5-6 есе ғана ұзын.
Кеміргіштердің басқа сүтқоректілерден ерекшеліктері олардың ішектері қысқа. Мысалы, кәдімгі тоқалтіс тышқанның ішегіденесінен4, 3-5, 4 есе, сұр атжалмандікі4, 8 есе, ал сұр егеуқұйрықтікі 5, 9 есе ұзын келеді.
Сонымен қатар кеміргіштердің ас қорыту жолынан ас өте жылдам өтеді. Мысалы, шөппен қоректенетін ірі сүтқоректілер асты 3-4 күнде қорытса, ал кәдімгі тоқалтіс тышқанның ересегі асын 14 сағатта, жастауы 11 сағатта қорытады . Сонымен қатар ақ қаптесердің ересегі асты тіпті 8 сағат 40 минутта, жасы - 7 сағат 15 минутта қорыта алады екен. Кеміргіштің асқазанында астың қорытылуы, оның ас қорыту жолында күшті ферменттер әсеріне ұшырап қорытылуына байланысты. Денесінің қалыпты температурасын ұстап тұру үшін және көбею үшін кететін шамадан тыс энергияны кеміргіштер арқылы мол етіп, жинап ғана толтыра алады. Мысалы, ірі шөп қоректі жануарлар күніне салмағының 5 % татитын азықты жесе, ал қаптесерлер мен атжалмандар - 25-30 %, тоқал тісті тышқандар 100% ден 360% мөлшеріндегі азықпен қоректенеді.
Кеміргіштер тістерінің құрылысы, ас қорыту жолы сияқты қоректік азық түріне сай бейімделеді. Көбінесетұқымдық дәндермен қоректенетін кеміргіштердің азу тістері кедір бұдырлы, ал өсімдіктің вегетативтік бөліктерімен қоректенетін түрлерінің тістері шайнауға бейімді, жалпақтау болып келеді. Қорек кеміргіштердің азу тістерімен өте ұқыпты ұсатылып, белсенді және толық қорытылады.
Тыныс алу органдары . Басқа сүтқоректілер сияқты, кеміргіштер өкпемен тыныс алады, алөкпе жүрекпен қатар көкірек қуысында орналасқан. Оларқан тамырымен толық қастамасыз етілген элестатикалық ұлпадан құрылады. Өкпенің жалпы салмағы дене салмағының 1, 5-2, 5 % дейін сәйкес келеді. Тыныс алу жолы танау тесіктерінен басталып, сырттағы ауаны өкпемен жалғастырады. Ауа сыртқы танау тесіктерінен мұрын қуысына келіп, көмекей мен кеңірдекке өтеді, ол көкірек клеткасы тұсында екі бронхыға бөлініп, өкпеге енеді. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамджарға бөлінеді және жұқа қабырғалы көпіршіктер - альвеоларды түзейді. Альвеолар ұяшықтарына капиллярлардың ұшы келіп тіреледі. Осы капиллярлар арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады. Өкпе көкірек қуысында бронхыларға бос ілінген тәрізді. Көкірек қуысы мен құрсақ қуысын бір-біріне қабырға аралық еттер мен көк ет - диафрагма айқын бөліп тұрады. Диафрагманың жиырылып, жазылуының нәтижесінде көкірек қуысы кеңейіп, ауаны қабылдап немесе тарылып, өкпеден газдың шығуына себепші боладв. Кеміргіштердің энергияны көп пайдалануына байланысты, олардың тыныс алуы, ірі сүтқоректілерге қарағанда 8-10 есе жылдам өтеді.
Қан айналу жүйесі . Кеміргіштердің жүрегі төрт камералы- екі құлақша мен екі қарыншадан құралады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-бірінен толықбөлінген. Кеміргіштердің жүрегі үлкен келеді, ол дене салмағының 0, 3-0, 5 % алып жатыр.
Кіші қан айналым шеңбері- оң жақ қарыншадан шығатын өкпе артериясынан басталады. Өкпе артериясы оң және сол өкпеге жалғасатын екі тармаққа бөлінеді. Оттегіге қаныққан қан өкпе венасы бойымен сол жақ құлақшаға құйылады.
Үлкен қан айналым шеңбері. Дененің алдыңғы бөлімі (басы мен алдыңғы аяқтары) қанды сол жақ доғасының тарамдары болып табылатын, ұйқы және бұғана асты артерияларынан алады. Сол жақ бронхының тұсында қолқа доғасы омыртқа жоитасына қарай бұрылады және сол омыртқа жотасының астымен арқа қолқасы тәрізді, диаметрібірте-бірте кішірейіп, құйрыққа қарй ағады.
Дененің артқы бөлімі арқа қолқасының қанымен жабдықталады. Құрсақ қуысында бауырға, қарынға, көк бауырға, ұйқы (қарын асты) бездеріне, ішектерге, бүйректерге, жыныс бездеріне және т. б. мүшелерге арқа қолқасынан тармақтар кетеді. Арқа қолқасы жамбас маңайында артқы аяқтар мен құйрыққа қан апаратын екі мықын артерияларына бөлінеді.
Вена қаны дененің алдыңғы бөлімінен (бас және мойыннан) жұп яремдық венаға жиналады. Олар жұпты бұғана асты (алдыңғы аяқтар) веналарымен қосылып, алдыңғы қуыс біржұп венаны құрап (оң және сол жақ), оң жақ жүрекшегеқұяды.
Ал дененің артқы жартысынан қан құйрық және мықын веналарының қосылуынан құралған дара қуыс венаға жиналады. Артқы қуыс вена оң жаққұлақшаға барар жолында өзіне құрсақ қуысындағы ішкіоргандардан веналар қабылдайды және бауыр арқылы өтіп, одан шыға беребауыр веналарына енеді. Бауырдың қақпа жүйесі бір ғана қантамыр, бауырдың қақпа венасынан түзілген. Ал бауырдың қақпа венасы ас қорыту жолдарынан қан алып келетін бірнеше қантамырлардың қосылуынан құралған. Бауыр ұлпасына өте көп санды капиллярлар торы, бауыр веналарымен қосылып, жоғарыда айтылғандай, артқы қуыс венасына құыды. Сөйтіп артерия бойымен оттегіне қаныққан қан ағады.
Ұсақ кеміргіштердің денесінде жүндер болмайды және олар денесінің температурасын бір қалыпта сақтай алмайды. Жаңадын туылған кеміргіштердің қан құрамында, ересектерге қарағанда, эритроциттер азболады. Мысалы, жаңадан туылған егеуқұйрықтардың 1мм 3 қанына 2, 5-3, 5 млн. Эритроциттер болғаны байқалады, ал еркектерінде - 9, 27, ұрғашыларында - 9, 42 млн. Болады.
Шығару жүйесі . Зәр шығару жүйесі жұпты, кеміргіштердің бүйректері бел маңайындағы омыртқа жотасының екі қапталында орналасқан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағарлар шығып қуыққа ашылады. Қуықтан несеп арнаулы несеп қаналы арқылы сыртқа шығады.
Далалық және шөлейттік жерлерде құрғақшылық кезінде шөптердегі ылғал жеткіліксіз болғандықтан, шығару жүйесінің жұмысы бұзылып, кеміргіштерді өлімгеәкеліп соқтыру мүмкін. Бірақшөл және шөлейттік аймақты мекендейтін кеміргіштер тобы бұл қолайсыз жағдайларға бейімделген. Олар ыстық кезінде дене температурасын және зәр шығару жүйесін реттеп отырады.
Жыныс жүйесі . КЕміргіштердің еркектерінде тұқым бездері жұмыртқа пішінді, құйрық түбіндегі ерекше қапшықтың ішіне орналасқан. Тұқым бездерінің жоғарғы жағында олардың өсінділері болады да, олардан тұқым жолдары шығады. Қос тұқым жолы шап қаналы арқылы құрсақ қуысына бағытталады. Дене мен қуықтың жанында предстательдік бездер болады. Бұл қосымша жыныс бездерінің жолдары да тұқым жолдарына қосылып, одан жыныс мүшесінің ішімен өтетін зәр шығару каналына ашылады. Аталық жыныс мүшесінің ішінде сүйекболады.
Аналық жыныс мүшелері бүйрек маңайына орналасқан жұп аналық бездеріне, уылдырық жолдарынан, жатырдан, қынаптан және сыртқы жыныс органынан тұрады. Кеміргіштердің жатырлары екіге бөлінген.
Ұрғашыларының жыныс мүшелері буаз болуына байланысты жүйелі өзгерістерге ұшырайды. Кеміргіштердің экстральды жүйелі төрт мерзімі бар. Олар күйлеу алдындағы () , күйлеу кезіндегі (), күйлеуден кейін () және тыныштық мерзімдері.
Мысалы, қаптесерлердің жыныстық жүйелі мерзімінің орташа ұзақтығы 6 күн. Күйлеудің алдында 18 сағат, күйлеу кезінде 42 сағат, күйлеуден кейін 12 сағат, тыныштық мерзімі 72 сағат. Қолайлы жағдайда жүйелі мерзім саны жиілейді, қолайсыз жағдайларда жыныстық жүйелі мерзімнің дамуы тоқталады да, ұзақ мерзімді тыныштық кезеңі басталады.
Кеміргіштердің сперматогенезі мен авогенезі сыртқы ортаның әсеріне тікелей байланысты. Буаз болу жүйелі мерзімі де сыртқы ортаның әсчеріне бағынады. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларында іштегі ұрықтың орташа саны немесе олардың әрбір 100 ұрғашыға тиесілі үлесі популяцияның көбею белсенділігін көрсетуімен қатар, сыртқы ортаның қаншалықты қолайлы болғанын да көрсетеді.
Кеміргіштердің қоректенуі, ылғал мен жылумен қамтамасыз етілуі олардың овогенезіне, сперматогенезіне, жалпы көбею белсенділігіне, белсенді дамуына, особьтары мен ересектерінің төзімділігіне тікелей әсер ететіндігі толып жатқан зерттеулер мен эксперименттер арқылы дәлелденген. Қоректену кезінде калориясы төмен және ылғалы аз шөптерді пайдаланғанда, дене температурасы қолайлы деңгейге душар болғанда, ұрғашы особьтардың тыныштық кезеңіұзақ мерзімге созылады. Бұндай жағдайларды кеміргіш еркектерінің спермотогенез процесі тежеледі немесе тоқтап қалады.
Ішкі сөл бөлу бездері . Ішкі сөл бөлу бездерінің атқаратын қызметтері организмнің ішкі органдарымен олардың толық жүйесінің сыртықы ортамен қарым-қатынасын реттейді. Олар тікелей қанға гармондар бөліп шағарады. Гармондар тіршілік үшін өте қажетті процестерді атқаратын клетка, ұлпа және басқа органның қызметін реттейтін ферменттердің әрекетін атқарып немесе тежейтін заттар. Ішкі сөлбөлу бездердің негізгілері қалқанша безі жанындағы бұғақ безі, бүйрек бездері, жыныс бездері, эпифиз және гепофиздері.
Жүйке жүйесі. Мидың алдыңғы бөлігінде үлкен жарты шарлар мен мишық жақсы жетілген. Олар үстіңгі жағынан мидың қалған бөлімдерін: аралық, ортаңғы және жұлынмен жалғасатын сопақша миды жауып жатады. Алдыңғы ми екі жарты шардан және иіс сезу түйіндерінен тұрады. Жарты шарлардың үстіңгі бөлімі (қақпағы) ми қыртысын түзетін нерв клеткаларынан құралады. Аралық ми көлемі жағынан кішілеу болып, үстіңгі жағынан мидың үлкен жарты шарларымен толық жабылған. Аралық мидың үстіңгі жағына эпифиз орналасқан, астыңғы жағындағы воронкаға гипофиз байланысқан. Ортаңғы ми да үлкен емес, оның арқабөлімі екі қатпармен төрт төипешікке бөлінген. МИшығы екі жарты шардан тұрады. Мишықтың үстіңгіә бөлімінде көптеген қатпарлар- иірімдер болады. Сопақша мидың астыңғы жағы нерв талшықтарынан құралған. Олар үлкен ми сыңарлырынан жұлынға қарай өзіндік және негізгі қозғалыс жолы болып табылады.
Кеміргіштердің бас миы үлкен келеді. Мысалы, ересек сүр егеу құйрықтың миының салмағы 1, 88 г (дене салмағының 1, 12 % құрайды) болса, ал кәдімгі тоқалтісті тышқанның миы - 0, 46 г (дене салмағының 1, 73 %), және үй қаптесерінің миы - 1, 45 г (дене салмағының 1, 9 %) болады.
Жаңадын туылған кеміргіштердің көзі ашылғанша, денесінің салмағына қарағанда, олардың миының өсуі жақсы дамиды. Бұл жағдай соқыр туылатын кеміргіштер миының құрылымдық өзгеріске жедел ұшырайтынын және оның сыртқы орта жағдайына белсенді бейімделе алатындығын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz