Калийдің физико-химиялық қасиеттері және калий тыңайтқыштарының агрономиялық маңызы, түрлері мен қорлары


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Калий және басқа да сілтілік металдар, физикалық және химиялық қасиеті жағынан натрийға ұқсас, бірақ периодтық системадағы орнына сай, активтіктері де әр түрлі. Калий т. б. сол сияқты басқа сілтілік металдарды, натрий сияқты, тұздарын балқытып, электролиздеп алады. Калий топшасының элементтері пышақпен оңай кесілетін жұмсақ, жеңіл, ақ - күміс түсті, оңай балұитын, өте активті металдар. Калий ауада тез тотығады. Калийдің және басқа сілтілік металдардың да қосылыстары натрийдің қосылыстарына ұқсас. Бірақ калий тұздарының кристалдық суы болмайды. Калий оксиді К 2 О - ақ, рубидий оксиді Rb 2 O - сары, цезий оксиді - Сs 2 O - қызыл - сары түсті, реакцияласуға қабілетті заттар. Калий тұздарының ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор. Калий өсімдіктерге қажет, бірақ топырақта жеткіліксіз элементтерінің бірі. Тың топырақта біраз калий болады, бірақ топырақтағы калий де кетіп, оның қоры бірте - бірте азаяды. Соның орнын толтыру үшін калий тұздары топырақ тыңайтқыш ретінде қолданылады. Калий тыңайтқыштары ретінде калийдің жаратылыстағы минералдары алынады.

Тыңайтқыштар - өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор. Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық және бактериялық тыңайтқыштар болып жіктеледі.

КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ - өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта (Германия) табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий, калий селитрасы, калий сульфаты және т. б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 - 12 см тереңдікке (20 - 30 кг/га К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т. б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йодтың физико-химиялық қасиеттері мен медициналық маңызы
Минералдық тыңайтқыштардың түрлері, физико-химиялық қасиеттері және өсімдіктердің қоректенуіндегі маңызы
Топырақ түйіртпектілігі: қасиеттері, агрономиялық маңызы және құнарлылықты басқару
Төсенішті көңнің химиялық құрамы, сақтау кезіндегі өзгерістері және агрономиялық маңызы
Карбамид өндірісінің физико-химиялық жағдайы мен технологиялық схемасы; калий тұздарын өндірудің политермиялық және флотациялық процестері, сильвиниттен калий хлоридін алу және негізгі аппараттар
Жасанды талшықтар: түрлері, өндірістік технологиялары мен физико-химиялық қасиеттері
Топырақ қоры мен оның құнарлылығы: қасиеттері және агрономиялық маңызы
Топырақ түйіртпектілігі: құрылымы, физика-механикалық қасиеттері және агрономиялық маңызы
Темір (Fe): физико-химиялық қасиеттері, кендері және биологиялық маңызы
Атмосфера: құрылымы, физико-химиялық қасиеттері, биосфера мен адам өміріндегі маңызы және ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz