Көкөністік үрме бұршақ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Көкөністік үрме бұршақ
Көкөністік үрме бұршақтың (Phaseolus vulgaris) отаны немесе шыққан
тегі- Орталық және Оңтүстік Америка. Дақыл негізгі көкөністік дақыл және
оның бірнеше түрі белгілі болды. Россияда дақылды XVІ ғасырдың екінші
жартысында өсіре бастады. Солтүстік Кавказ, Орталық-Чернозем ауданында
өсірілетін көкөністік үрме бұршақ кеңінен таралған. Лималық үрме бұршақты
аз көлемде өсіреді. Қазіргі кезеңде Украинада, Молдавада, Өзбекстанда және
Кавказда көптеп өсіріледі. Ал біздің елде дақылды әуесқой- көкөнісшілердің
бау-бақшаларынан кездестіруге болады.

Биологиялық ерекшеліктері
Үрме бұршақ – біржаздық шөптесін өсімдік. Көкөністік үрме бұршақтың
барлық аудандастырылған бұтақты сорттарының биіктігі 25-40 см. Тамыры
тік, азот сіңіргіш бактериялық түйіндері қалыптасқан. Тамыр жүйелері жақсы
дамыған, 1 м тереңдікке және жан- жағына да жайылып 60 см тереңдікке дейін
таралған. Жапырақтары ұзын сабақты, екі-үштен қосақталып қалыптасады. Сабақ-
бұтақшаларыны ұзын буын аралықтарында гүл бүршіктері пайда болып, гүлдене
бастайды. Гүлдері ірі, түсі ақ түстен ашық алқызыл түске дейін болады.
Бұршақ қабы түзу немесе иіліп бүгілген. Дәндері әбден пісіп жетілгендерінің
түстері әртүрлі және өрнекті болады. Жас бұршағы жасыл көк түсті, ұзындығы
8-12 см. 1000 дәннің салмағы 120-600 г.
Оның тұқымдарында 19-дан 32%-ға дейін ақуыз, 1,7-2% май, 51-54%
көмірсулар мен фитонцидтер, 0,6% органикалық қышқылдар (алма, лимон,
малон), минералды тұздар, қант бар.
Дақылдың толық піскен тұқымдары клетчаткаға бай (3,9%), пектин 0,9%,
минералды микроэлементтерден: калий - 1100 мг%, фосфор - 541 мг%, кальций -
150 мг%, магний - 103 мг%, натрий - 40 мг%, темір - 12,4 мг%, йод - 3 мг;
дәрумендерден: каротин - 0,02 мг%, В1 - 0,5, В2 - 0,18, В6 - 0,16, РР -
2,1, В3 - 0,2, К - 0,29 мг%, С дәруменінің болар-болмас мөлшері ғана бар.
Жас көк бұршағында 0,4 мг% каротин, 20 мг% - С, 4 мг% РР дәрумендері, 256
мг% калий, 50 мг% кальций, 37 мг% фосфор, 26 мг% магний, 1,7 мг% натрий,
0,79 мг% темір болады.
Ақуыздық құндылығы бойынша етке жақын, ал балықтан артық. Үрме
бұршақтың ақуызында басқа қышқылдармен алмастыруға болмайтын адам ағзасына
өте қажетті, пайдалы лизин, трионин, гистидин және амин қышқылдары бар.
Үрме бұршақтағы ақуыздардың адам ағзасына сіңімділігі 85-89%, осыған
байланысты өсімдіктік ет деген атқа ие болған.
Ас бұршағына қарағанда, үрме бұршақтың жылуға талабы жоғары.
Тұқымдары 10-12ºС-та көктей бастайды, өте кешігіп көктеп шығады. Жас
өскіндері ауадағы аздаған салқындықты өте сезгіш келеді және -1-2ºС аязға
төзе алмай, тұқым жарнақтары мен жапырақтары сарғайып кеуіп, өсіп-өніп дами
алмайды. Бұл бұршақтың өсіп-өнуі үшін қолайлы жылу 20-24ºС. Жаңбырлы ауа
райында жылудың жетіспеуінен гүлдері түсіп қалады. Жемістенуі үшін 15ºС
жылу жеткілікті. Күзгі ерте келетін -1-2ºС аязға жапырақтары мен көк-жасыл
бұршақтары шыдай алмай, үсіп кетеді. Жармасқыш сорттарының түптеріне
қарағанда салқындық пен аязда түпті сорттары қатты зақымданады. Күн мен
түннің кенеттен тыс жылуының ауысуынан жемістенуі төмендейді.

Көкөністік үрме бұршақты себу
Үрме бұршақтың кейбір ерте пісетін сорттары көктеп шыққаннан толық
піскен дәнін техникалық жинауға дейін 45-60 күн; толық вегтациялық кезеңі
80-100 күн, орташа және кеш пісетін сорттары көктеп шыққаннан қалақшаларды
жинауға дейін 55-75 күн, толық вегетациялық кезеңі 100-130 күн.
Үрме бұршақ-ылғалдың жеткілікті болуына талабы жоғары. Тұқымдарының
бөртуі үшін тұқым салмағына 100-120% суды қажет етеді. Топырақтың ылғалдығы
өсіп-өніп дамуы үшін 60-80% болуы қажет. Гүлденуден бастап бұршақтары пісіп
және жемістерінің құрғақ заттарының қарқынды толысу кезеңдеріне дейін
жоғарғы ылғалықты қажет етеді. Гүлдері мен жас бүршіктері аңызақ желдің
ыстығынан зақым шегеді. Ылғалдық жетіспегенде жемістерінің сапасы
төмендейді, пергаментті қатпарларының қалыптасуы тездетіледі. Ылғалдың
шектен тыс көптігінде және ауадағы жылу төмендегенде гүлдері мен бүршіктері
жаппай түсе бастайды. Күзде ылғал көп болса, тұқымдарының пісуі
тежеуілденеді.
Үрме бұршақ ашық күн сәулесінде жақсы өсетін дақыл, бірақ кейбір
сорттары аз- маз көлеңкеде де өседі, осыған қарай саяжай жағдайында картоп
түптерінің арасында және күнбағыс пен тәтті жүгеріге жармасып, жақсы өсіп,
өнімдері жоғары сапалы болады. Үрме бұршақ қышқыл топырақта нашар өсіп,
төменгі өнім береді (РН-6-7,5). Топырақтың ащылығына тұқымдардың бөртуі мен
көктеу кезінде сезімтал болады. Ауыр сазды салқын топырақтарда нашар өседі.
Үрме бұршақтарды суарған су екі-бес тәулікке дейін сіңбей тұрып қалса,
өнімін кенеттен тыс төмендетеді және өліп те қалуы мүмкін.

Аудандастырылған сорттары
Қазіргі кезде ҚазККШҒЗИ гендік қоры коллекциясында бұршақ
тұқымдастарының 8 түрінен 489 үлгі жинақталған. Оның ішінде көкөністік үрме
бұршақтың 358 үлгісі бар. Олар әлемнің 24 елінен әкелінген 201 сорттан, 4
селекциялық үлгіден, 111 әуесқойлық, жергілікті үлгілер мен 42
іріктемелерден тұрады. Қазақстанда дақылдың 4 сорты аудандастырылған, олар:
ресейлік Грибовская 92, Триумф сахарный 764, венгрлік Меркуре және Эхо.
Сорттардың сипаттамалары
ТМД елдерінде жерсіндірілген-46, біздің елде 4.
Грибовская 92 (Широкостручная 92). Грибовтағы көкөніс өсіретін
сұрыптау бекетінде шығарылған, ерте пісетін сорт. Тұқымдарының егіліп
жаппай көктеп шығуы мен тағамға жарамдылығының арасы- 50-65 тәулік, ал
толық тұқымдық бұршақтарының пісіп жетілуінің арасы- 90-100 тәулік.
Өсімдіктерінің түптері шаршаңқы, сабақтарының биіктігі 20-45 см. Гүлдері
мен тұқымдары ақ, бұршақтары жалпақ, кең көлемді ұзындығы 12-15 см, ірі,
семсер тәрізді, жас күйінде көк түсті. Бұршақ қынабының пергаментті қабығы
кеш піседі, жігіндегі талшықтары ірі. Түпті қауызды сорт, қалақшасын алуға
балауса жас бұршақтары пайдаланады. 1000 тұқымның салмағы 300-425 г.
Антракноз және бактериоз ауруларына төзімсіз. Орташа өнімі 6,3 тга.
Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда,
Орал, Өскемен, Павлодар облыстарында жерсіндірілген.
Триумф сахарный 764. Верхне-Хавскідегі көкөніс өсіретін тәжірибе
бекетінде шығарылған, ерте пісетін сорт. Тұқымдарының жаппай алғашқы
көктеуі мен жемістерінің балаусасының тағамға пайдалануына жарамдылығының
арасы -55-70 тәулік, ал тұқымдарының толық, әбден пісіп жетілуінің арасы
-85-100 тәулік. Өсімдіктері түпті, биіктігі 30-40 см, гүлдері қызыл түсті.
Бұршақтары жайпақ цилиндр тәрізді, ұзындығы 15-20 см, жартылай тәтті, жұқа
пергаментті қабатшалары ерте пайда болады. Пісіп жетілмеген бұршақтары көк
түсті, жемістерінің жас күйіндегі тәтті қалақшасын тағамға пісіріп
пайдаланады, гриб ауруларына төзімді. 1000 тұқымның салмағы 400-480 г.
Тұқымдарының түстері сары- көк реңді. Орташа өнімі 6,6 гга. Алматы,
Өскемен, Көкшетау, Қызылорда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұршақты көкөністер
Асбұршақтың тұқым шаруашылығы
Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы ерекшеліктері
Көкөніс дақылдары
Көкөніс дақылдарының тұқым жарнақтарымен танысу
Үрмебұршақтың сорт үлгілерінің белоктық мөлшерін анықтау
Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы
Көшетті әдіспен тәтті бұрыш өсіру
Полиплоидия түралы түсінік
Өнімді өндіру және қайта өңдеу
Пәндер