Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық


АЛҒЫ СӨЗ
Республиканың биологиялық, тағамдық және азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі аса қауіпті карантиндік зиянды бунақденелілерді, фитопатогендік микроорганизмдерді және арам шөптерді тасып әкелуді және олардың таралуын болдырмау жөніндегі шаралар жиынтығы болып табылады. Қазақстанға жыл сайын 100-ден астам елдерден өсімдік тектес азық пен басқа да өнімдер әкелінеді. Әкелінетін өнімдер көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге республика территориясы арқылы негізінен ҚХР-дан, Шығыс және Батыс Еуропадан тасымалданатын карантинге жатқызылатын жүк тасқыны толастайтын емес, ол өскен үстіне өсе түсуде. Мәселен, 2007 жылы карантиндік фитосанитарлық тексеруге жатқызылатын 5 млн. тоннадан астам жүк тексерілсе, 2011 жылы 16 млн. тоннадай жүк тексерілді. Оның 9 млн. тоннасы сыртқа шығарылған карантиндік тексеруге жатқызылатын өнім де, 7 млн. тоннасы сырттан әкелінген өнім. Тексеру барысында АҚШ-тан, Голландиядан, Германиядан, Грекиядан, Египеттен, Түркиядан, Қытайдан және басқа елдерден көптеген карантиндік организмдер табылады.
Қазіргі кезде республика территориясының шамамен 17 987, 0 мың га жерлеріне карантиндік зиянкестер (американдық ақ көбелек, шығыс жеміс жемірі, қауын шыбыны, калифорниялық жұпсыз жібек көбелегі, Комсток сымыры) қоныстанған; 2 767740, 0 мың гектардан астамын карантиндік арам шөптер (көпжылдық ойраншөп, жусанжапырақты ойраншөп, жатаған у кекіре, тікенекті алқа, арам сояулар) басқан (Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 1 қаңтарындағы карантиндік фитосанитарлық жағдайы бойынша анықтамалық. Астана қаласы, 2010 ж. ) .
ФАО деректері бойынша, өсімдіктің карантиндік зиянкестері мен аурулары жыл сайын әлемдегі алынатын басым өнімнің 25 пайызын жояды екен. Сондай-ақ әлемдік тәжірибелер дәлелдегендей, қауіпті организмдер ошақтары табылғанда оларды жою, кіруіне шектеу жасау және тыйым салуды енгізгенге қарағанда, карантиндік алдын алу шараларын жүргізу мемлекет экономикасына әлде қайда арзан түседі. Рұқсат етілмеген зиянды организмдер әкелумен күресуде тәжірибесі мол мемлекеттердің шекарасында фитосанитарлық қатаң бақылау бар.
Өсімдік карантині бойынша іс-шаралар табысы, көбінесе карантиндік бекеттер мен зертханалар нұсқаушыларының, мамандарының кәсіби деңгейі мен біліктілігіне байланысты. Бұл анықтамалық тек жоғарыда айтылған мамандарға ғана емес, сонымен бірге ғылыми мекемелер қызметкерлеріне, агрономдық бейіндегі оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы басшылары мен мамандарына да қызығушылық тудырады.
І. ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІНІҢ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1. 1. Негізгі түсініктер және анықтамалар
- Өсімдіктер карантині. Республиканың өсімдік байлығын өзге елдерден карантиндік және басқа аса қауіпті зиянкестер, өсімдік аурула- рының қоздырғыштары мен арам шөптердің әкелінуінен, сондай-ақ олардың еніп кетуінен қорғауға, ал карантиндік нысандар еніп кеткен жағдайда олардың ошақтарын одан әрі өршітпеуге және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.
- Өсімдіктің сыртқы карантині. Бұл еліміздің өсімдік байлығын Қазақстан Республикасында жоқ карантинге тексерілетін импорттық материалдардың, карантиндік және басқа ерекше қауіпті зиянкестердің, өсімдіктің ауру қоздырғыштары және арам шөптердің әкелінуінен қорғауға, сондай-ақ импортер - елмен шартта көрсетілгендей экспортталатын материалдармен бірге карантиндік және басқа аса қауіпті зиянкестердің, өсімдіктің ауру қоздырғыштары және арам шөптердің шығарылуын бол- дырмауға бағытталган карантин.
Өсімдіктің сыртқы карантині карантинге тексерілетін материалдарды сатып алу және шекаралық бекеттер, халықаралык почтамттар, әуежайлар, интродукциялық-карантиндік көшеттіктер және импорттық карантинге жатқызылатын материалдар сататын бекеттер арқылы тасымалдағанда іске асырылады.
- Өсімдіктін ішкі карантині. Бұл еліміз ішінде карантиндік нысан- дардың таралуына жол бермеуге, дер кезінде табуга, карантиндік нысандар ошақтарын оқшаулауға және жоюға бағытталган карантин.
- Карантиндік нысан. Мемлекеттің жер аумағында жоқ немесе шектеулі ғана таралған, бірақ әкелінуі немесе сырттан өздігінше кіруі мүмкін және өсімдіктер мен олардың өніміне едәуір зақым келтіретін зиянкестер. өсімдіктің ауру қоздырғыштары және арам шөптердің түрлері. Карантиндік нысандар тізімін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
- Фитосанитарлық қауіп-қатерді талдау. Қолдануға болатын фитосанитарлық шараларды ескере отырып, карантиндік нысандардың енуі мен тез таралуы ықтималдылығына және оның әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарымен байланысты, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті органдардың ғылыми негізделген бағасы.
- Карантиндік нысандар таралу аймағы (ареалы) . Карантиндік нысандар мекендейтін территория.
- Карантиндік нысанның мүмкінді аймағы (ареалы) . Карантиндік нысанның еніп кетуін ескерту тұрғысында шаралар жүргізілетін, олардын тіршілік етуі мүмкін территориясы.
- Карантиндік нысанның мүмкінді қауіптілігі. Карантиндік нысанның бұрын олар болмаған территорияға енуі және одан әрі қоныстану қауіпі.
- Мүмкінді шығындар. Өсімдіктің зиянды организмдерінің карантиндік және басқа ерекше қауіпті түрлері келтіретін мүмкін шығындар.
- Карантиндік нысанның жекелеген ошақтарының аймағы.
Карантиндік нысандармен залалданған оқшауланған телімдері бар аймак. онда залалданған ошақтарды радикалды және басқа да тиімді шаралармен жою жүргізіледі. Оқшауланған ошақтар мен залалданған аймақтарының мөлшері өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік қызметімен анықталады.
- Карантиндік нысанның кейбір таралу аймағы(карантиндік нысанның шектелген таралу аймағы) . Егістіктің немесе отырғызылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 50 пайыздан аз шамасында карантиндік нысанмен зақымдалған аймақ.
- Карантиндік нысан кең тараған аймақ. Егістіктің немесе отырғызылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 50 пайыздан көп шамасында карантиндік нысанмен зақымдалған аймақ.
- Карантиндік нысанның зияндылық аймағы. Карантиндік нысан келтірген экономикалық зияндылық (мүмкін немесе нақты) деңгейі бойынша анықталатын аймақ.
- Карантиндік аймақ. Карантиндік нысанның табылуына байланысты, белгіленген тәртіппен карантиндік тексерілетін деп хабарланған аймақ.
- Карантиндік нысанды кеңістік оқшаулау аймағы. Карантиндік нысан ошағының айналасындағы немесе оның таралуына кедергі болатын аймақ. Аймақ территориясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес анықталады.
- Карантиндік нысанның қорғаныш аймағы (карантиндік аймақ) . Ошақтарды оқшаулау және жою мақсатында, карантиндік алдын алу шаралары жүргізілуге тиісті карантиндік нысан ошағы айналасындағы аймақтың бөлігі.
Карантиндік нысанның қорғаныш аймағының мөлшері мен карантиндік шараларды арнайы комиссия белгілейді.
- Карантиндік нысан ошағы. Карантиндік нысанды оқшаулау және жою шаралары іске асырылатын территориясы.
- Карантиндік нысан ошағын оқшаулау. Карантиндік нысанның ошақтардан одан әрі тарауын болдырмайтын карантиндік шаралар кешенін жүргізу.
- Карантиндік нысан ошағын жою. Карантиндік нысанды залалданған ошағында жою.
- Карантиндік нысанды кұрту. Кешенді шаралар жүргізу арқылы, олармен зақымдалған барлық жер аумағындағы карантиндік нысандарды жою.
- Карантинге жатқызылатын өнім- карантиндік нысандар тарауы мүмкін кез-келген материал (жүк) . Кедендік одақтың кедендік шекарасында және кедендік одақтың кедендік карантиндік фитосанитарлық бақылауға (тексеруге) жататын карантиндік өнімдер (карантинге жатқызылатын жүк, карантинге жатқызылатын материал, карантинге жатқызылатын тауарлар) ТІЗІМІ Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылдың 18-маусымындағы №318 (А қосымшасы) шешімімен БЕКІТІЛГЕН.
- Карантинге жатқызылатын материал топтамасы. Бір мезгілде қабылдауға және түсіруге арналған, сондай-ақ бір құжатпен куәландырылған, карантинге тексерілетін біртекті материалдар мөлшері.
- Өсімдіктер салымы. Поштамен жөнелтілген және жолаушылардың қол жүгіндегі карантиндік қарауға жатқызылған өсімдік тектес өнімдер.
- Карантинге жатқызылған материалдардың бір бөлігі.
Бастапқы үлгіні құрастыру үшін партиядан бір рет алынған, карантинге жатқызылған материалдың аздаған мөлшері.
- Бастапқы үлгі. Карантинге жатқызылған материалдардың партиясынан алынған барлық қоймалардың жиынтығы.
- Орташа үлгі. Зертханалық сараптама жасауға бөлінген карантинге жатқызылған материалдың бастапқы үлгісі немесе партиясының бөлігі.
- Карантинге жатқызылатын материалдың бақылау үлгісі. Тексеру мен сараптау кезінде алынған және өсімдік жүгі партиясының залалданғанын растайтын бунақденелілер, тоғышар жұмырқұрттар, өсімдік аурулары қоздырғыштарының таза культуралары мен микропрепараттары, арам шөптер тұқымдары және карантинге жатқызылған материалдардың залалданған немесе зақымдалған даналары мен препараттар үлгісі.
- Карантинге жатқызылған материалдарды сараптау. Зиянды организмдердің түрлік құрамын анықтауды қамтамасыз ететін, карантинге жатқызылған материалдар үлгілерінің карантиндік жағдайын зерттеу.
- Карантинге жатқызылған материалдар рентгенографиясы.
Рентгендік түсірілім көмегімен карантинге жатқызылған материалдардың жасырын залалдануын анықтау әдісі.
- Өсімдіктің карантин бекеті (ӨКБ) . Импорттық, экспорттық және транзиттік карантинге жатқызылған материалдардың үлгілеріне карантиндік тексеру мен сараптау жүргізетін, шет елден келген көлік құралдарын тексеретін, сондай-ақ оларды зарарсыздандыратын бекет.
- Өсімдіктің шекаралық карантин бекеті. Теңіз және өзен кемежайларындағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы, бас почтамттардағы және тас жолдардағы өсімдіктің карантин бекеті.
- Өсімдіктің ауданаралық карантин бекеті. Карантинге жатқызылған материалдарды тиеген кезде немесе олар карантин деп жариаланған аймақтардан келгенде тексеру жүргізетін аудандардағы өсімдіктің карантин бекеті.
- Карантин жөніндегі зертхана (карантин зертханасы) . Карантинге жатқызылған импорттық және отандық материалдар үлгілеріне сараптамалар жүргізетін, қызмет көрсетілетін жер аумағының карантиндік жағдайын бақылайтын және карантиндік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек беретін зертхана.
- Жерсіндіру-карантин питомнигі (көшеттігі) . Дені сау отырғызу және тұқымдық материалдарды шығаруды камтамасыз ету үшін импорттық отырғызу жэне тұқымдық материалдарынан карантиндік және өзге аса қауіпті зиякестермен, өсімдіктің ауру қоздырғыштарымен жасырын залалданғанын анықтайтын арнайы жабдықталғанпитомник(көшеттік) .
- Әйнектелген карантиндік өсімдік жайы (жылыжайы) . Карантиндік қызметтің бақылауымен карантиндік нысандармен жасырын залалдануын анықтау мақсатымен, карантинге жатқызылған өсімдіктерді өсіру үшін арнайы жабдықталып әйнектелген жай (жылыжай) .
- Карантиндік шарттар. Карантинге жатқызылатын материалдарды сату, шетке шығару, тасымалдау, шеттен әкелу және пайдалану, сондай-ақ карантиндік нысандармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қойылатын талаптар.
- Карантиндік шектеулер. Карантиндік нысанның таралуына жол бермеу мақсатымен карантин деп жарияланған облыстан, ауданнан, елді мекендерден, шаруашылықтан карантинге жатқызылған материалдарды шығарғанда және пайдаланғанда қойылатын шектеулер.
- Карантиндік жағдай. Әкімшілік-территориялық аудандардың, егістіктердің, екпе ағаштардың, жүктер мен көлік құралдарының карантиндік зиянкестердің, өсімдік ауруларының қоздырғыштары мен арам шөптермен зақымдалғаны жағынан алғандағы жайғдайы. Карантиндік жай- күйді карантиндік қарау, карантиндік тексеру және карантиндік сараптау жүргізу жолымен анықтайды.
- Карантиндік қарау. Карантинге жатқызылған импорттық және отандық материалдар мен көлік құралдарының жай-күйін анықтау.
- Алғашқы карантиндік қарау. Карантинге жатқызылған импорттық және транзиттік материалдар мен көлік құралдарын өсімдіктердің шекаралық карантин бекетінде, сондай-ақ карантинге жатқызылған отандық материалдарды оларды тиеу бекетінде қарау.
- Екінші карантиндік қарау. Карантинге жатқызылған импорттық материалдарды олар жеткізілген бекеттерде, сондай-ақ карантин деп жарияланған аймақтан келген карантинге жатқызылған отандық материал- дарды қарау.
- Өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік бакылау (карантиндік бақылау) . Бұл карантинге жатқызылған материалдарды дайындау, сатып алу, тасымалдау және сату, сондай-ақ карантиндік нысан ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі талаптарды кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және шаруашылықтардың орындауын өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік нұсқаушыны мен қоғамдық уәкілдің бақылауы.
- Карантиндік тексеру. Егістіктерді, отырғызылған ағаш көшеттерін, қоймаларды және топырақты олардың карантиндік жай-күйін анықтау мақсатымен тексеру.
- Бақылау карантиндік тексеру. Бұрын жүргізілген карантиндік тексерулердің сапасын білу мақсатымен жүргізілетін іріктеп тексеру.
- Карантиндік аудандастыру. Карантиндік шараларды анықтау мақсатында әкімшілік-территориялық аудандарды карантиндік аймақтарға бөлу.
- Карантин салу. Территорияларында карантиндік нысан табылған шаруашылықтардан, елді мекендерден немесе белгілі бір аймақтан өсімдік тектес өнімдерді сыртқа шығаруға және пайдалануға карантиндік шектеу жариялау, сондай-ақ залалданған ошақтарды оқшаулау және жою бойынша карантиндік шаралар жүргізу.
- Карантинді алу. Карантиндік шаралар жүргізіліп болғаннан кейін және залалданған ошақтарды толық жойғаннан соң немесе зиянкестер, өсімдік ауру қоздырғыштарын немесе арам шөптерді карантиндік нысандар тізімінен шығару нәтижесінде, карантин деп жариаланған территорияда карантиндік шектеулердің әрекетін тоқтату.
- Карантиндік алдын алу шаралары. Карантиндік нысанның еніп кетуін ескертуге және оның одан әрі тарауына мүмкіндік беретін факторларды жоюға бағытталған шаралар.
- Радикалды карантиндік шаралар. Карантиндік нысанның залалдану ошағын жоюды қамтамасыз ететін шаралар. Оларға жататындар, мысалы, залалданған және залалданған деген күдігі бар өсімдіктерді тамырымен қопарып алу және жағып жіберу, ошақтағы және карантиндік аймақтағы топырақты стерильдеу.
- Балғын жемісті рефрижациялау. Балғын жемістерді жеміс шыбындарының дернәсілдерінен зарарсыздандыру мақсатымен оларды арнайы ыдыстарда салқындату.
- Карантинге жатқызылған материалдарды фумигациялау. Фумигация(газбен өңдеу) . Газбен улау. Зиянды организмдерді жою мақсатында, карантинге жатқызылған материалдарды және көлік құралдарын улағыш газ - фумиганттар бумен немесе газымен зарарсыздандыру.
- Вакуумсыз фумагациялық камера. Карантинге жатқызылған материалдар мен көлік құралдарын қалыпты атмосфералық қысымда зарарсыздандыру үшін жабдықталған герметикалық (саңылаусыз) камера.
- Вакуумды фумигациялық камера. Карантинге жатқызылған материалдар мен көлік қүралдарын төменгі атмосфералық қысымда зарарсыздандыру үшін жабдықталған герметикалық камера.
- Фумигациялау мөлшері. Берілген температурада зиянды организмдердің тіршілігін жоюын қамтамасыз ететін фумиганттың шығын мөлшері және экспозиция.
1. 2. Құжаттауға және мамандыққа жататын терминдер мен
Анықтамалар
- Карантиндік сертификатӨсімдік тектес өнімнің карантиндік жағдайын куәландыратын және бағдары мен тасымалдау талаптарын анықтайтын және бұл өнімді, ыдыстар мен буып-түю материалдарын пайдалану шарттары көрсетілген, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік қызмет органдарымен берілетін құжат.
- Карантиндік сараптау куәлігі. Сауықтыру мен алдын алу карантиндік шаралары жэне карантиндік сараптау нәтижелері көрсетілген өсімдік карантині жөніндегі зертханасымен берілетін қүжат.
- Карантиндік сараптау хаттамасы. Карантинге жатқызылган материалдар үлгілерінің зертханалық сараптау нәтижелері көрсетілген құжат.
- Өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік қызмет. Карантиндік қызмет. Шараларды ұйымдастыру мен олардың іске асырылуын бақылау қызметі жүктелген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орталықтандырылган ведомствоаралық жүйесі.
Қазақстан Республикасының өсімдік карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесіне мыналар кіреді:
- Уәкілетті орган және оның шекаралық бекеттері мен шекарада бекеттері бар территориялық органдары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған мемле- кеттік карантиндік мекемелер: республикалық, аймақтық және шекаралық карантиндік зертханалар, интродукциялық-карантиндік көшетжайлар. Олар мынандай қызметтер атқарады:
а) зертханалық сараптауға түсетін карантиндік нысандар мен үлгідегі бөтен түрлердің түрлік құрамын анықтайды;
б) тексеруге келіп түсетін импорттық, егістік және отырғызу материалдарының жасырын зақымдануын табады.
3. Өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі фитосанитарлық зертханалары және фумигациялық отрядтары бар республикалық мемлекеттік кәсіпорындар. Олар мынандай қызмет атқарады:
а) карантиндік нысандар ошағын тауып, олардың таралу шекараларын анықтайды:
б) карантиндік нысандардың таралу ошақтарын оқшаулайды және
жояды;
в) карантиндік өнімді зарарсыздандыруды жүргізеді, соның ішінде фумигациялауды да.
Жеке және заңды тұлғалар фитосанитарлық сертификат алу үшін өсімдік карантині жөніндегі территориялык органға жүкті тиеуге болжам жасалып отырған мерзімнен он бес тәулік бұрын, мынандай мәліметтерді көрсете отырып, өтінім береді:
- карантинге жатқызылған өнімдердің аты мен мөлшері;
- импортер елдің аты және карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген мекен-жайы;
- импортер елдің өсімдік карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдік карантині саласының импорттық карантиндік рұқсатында немесе карантинге жатқызылған экспортталатын өнімге жасалған шартта көрсетілген талабы;
- карантинге жатқызылған өнімді тиеу мерзімі мен орны;
- импортер елдің жүк алып өтетін шекаралық бекетінің аты.
- Территориялық инспекция- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты облыстық, аудандық және қалалық территориялық орган.
- Мемлекеттік нүсқаушы- территориялық инспекцияның өсімдік қорғау және карантин бөлімінің мемлекеттік нұсқаушысы. Ол фитоса- нитарлық және карантиндік сертификат береді, карантинге жатқызылған өнімді алғаш рет және екінші рет тексереді, үлгілер алады, анықтау жүргізеді немесе үлгілерді анықтау үшін республикалық, аймақтық және шекаралық карантин зертханаларына, инструкциялық-карантиндік көшетжайларға жөнелтеді.
- Карантиндік хабарлама. Өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясын карантинге жатқызылған материалдардың алда түсетіні жайлы, олардың карантиндік жағдайы, сондай-ақ жүргізілген шаралар мен пайдалану шарттары туралы хабардар ететін құжат. Карантиндік хабарлама жүкті ол келіп түскен бекетте қарайтын және онда көрсетілген шарттардың орындалуын бақылайтын өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекцияға жіберіледі.
- Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік нұсқаушы. Өсімдік карантині бойынша шаралар ұйымдастырып және оларды ұйымдардың, кәсіпорындардың, шаруашылықтар мен жеке тұлғалардың орындауын бақылауды іске асыратын өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік қызмет маманы.
- Карантиннің даму тарихы
«Карантин» атауы quarante giorni (қысқаша quarantine) деген итальян сөзінен шыққан. Ол Италияның теңіз жағалауындағы қалаларына шығыс елдерінен келген кеме рейдтерін 40 күн бойы қашықта ұстай тұру мерзімін білдіреді. Бүл ереже «қара ажал» - обаның әкеліну қауіптілігіне байланысты белгіленген.
Алғаш рет «карантин» атауы, сондай-ақ кемелерді ұзақ уақыт оқшаулап ұстаудың өзі де Италияда заңды түрде 1374 жылы рәсімделді. Сонымен, 600 жылдай уақыт бұрын «карантин» атауы пайда болды. Оны барлық ел өте тез меңгерді. Орта ғасырларда карантин оба ауруы әкелінеді деген күдік болса елге кіруге тиым салу сипатын алды, ал жұқпалы аурулар індеті туындаған жағдайда қалалар мен облыстар толық оқшауланды. Ол кездерде алдын ала егу де, инфекциялы ауруларға қарсы қолданылатын өзге де құралдар белгісіз еді, соған байланысты карантин олардың тарауын шектейтін жалғыз тәсіл болатын.
Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында «карантин» атауы кейбір елдердің мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығы мен орман шаруашылығын сырттан келетін қауіпті өсімдік дүниесі мен жануарлар дүниесінің қоныстануынан қорғайтын шаралар ретінде қолданыла бастады. 1851 жылы Париж конференциясында халықаралық карантиндік арақатынас негіздері, ал соңынан өсімдік карантині жөніндегі Конвенцияда қабылданды.
Зиянды организмдер биологиясы мен экологиясы саласындағы заманауи ілім деңгейі карантинді ғылыми негізде ұйымдастыруға, оны анағұрлым ықпалды, мақсатқа сай және аз ауыртпалықты етуге мүмкіндік берді. Енді әлемнің көптеген елдері шекараларды санитарлық қорғауды қамтамасыз етуге, кез-келген жерде туындаған инфекция ошағы тұрғысындағы қазіргі заманғы ақпараттар беруге көмектесетін өсімдік карантині бойынша халықаралық келісім-шарт жасауға қатысуда.
2. 1. Өсімдік карантинінің шет елде дамуы. Алғашқы карантиндік шаралар Францияда енгізілді. Олар 1858-1862 жылдары Америкадан жүзім көшеттерімен келген филлоксерадан қатты зардап шеккен жүзімдіктерді қорғауға қатысты еді.
Осы қауіпті зиянкестің жүзім шыбықтарына қоныстануы және жүзімдіктердің жаппай жойыла бастауы бүл елде үлкен дабыл соқтырды. Осы дабылдың салдары Франция Ауыл шаруашылығы министрлігін сол елдің барлық 56 департаментінде сырттан әкелінетін отырғызу материалдарына бақылау жасайтын жэне елге филлоксераның, басқа да қауіпті зиянкестердің келуін болдырмайтын филлоксераға қарсы арнайы комитеттер құруға ұсыныс жасауға мәжбүр етті. Кейін бұл комитеттер Францияға тек филлоксера ғана емес, сонымен бірге ақ ұнтақ және жалған ақ ұнтақ тәрізді аурулардың да енгенін анықтады. Францияға іле өсімдік шаруашылығы саласында карантиндік шектеу жолын кейбір еуропа елдері де, содан соң Солтүстік Америка да таңдады.
Карантиндік заң АҚШ-та 1912 жылы қабылданды. Сөйтіп АҚШ АПТМ -і үшін сол елде карантин жүйесін құруға негіз болды.
Алайда, карантиндік шаралар жүргізу тәжірибесі, көп ұзамай, кез-келген жеке елдердің салған күшінің жеткіліксіз екендігін көрсетті. Сондықтан да өсімдіктерді қауіпті зиянкестерден, аурулар мен арам шөптерден қорғау бағытындағы түрлі ел әрекетін біріктіруді қарастыратын халықаралық келісім-шарт жасау қажеттілігі туындады.
Өсімдік карантині жүйесін ұйымдастырудың халықаралық ауқымдағы алғашқы қадамы 1877 жылы Еуропаның оңтүстігінде үлкен жүзімдіктердің филлоксерамен зақымдалып, құрып кетуіне қарсы тұруға бел буған бірнеше ел бас қосып, Лозанн (Швейцария) қаласында өткен кеңесте жасалды. 1878 жылдың 1 -қыркүйегінде Бернде жазылған Бірінші халықаралық Конвенция мәтініне Германия, Австро-Венгрия, Швейцария, Франция, Бельгия, Голландия қол қойды. Нәтижесінде конвенцияға Италия, Испания, ал бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Венгрия, Чехословакия және Югославия қосылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz