ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

М. ҚОЙШЫБАЕВ, А. Б. ЖАНАРБЕКОВА

ЖАЛПЫ ФИТОПАТОЛОГИЯ

оқу құралы

Алматы 2013

ББК 40. 3 я 7 Қ 45

Рецензенттер:

Байракімов С. І. , а. -ш. ғылымдарының докторы, профессор;

Науанова А. П. , биология ғылымдарының докторы, профессор;

Сарбаев А. Т. , а. -ш. ғылымдарының докторы.

Қойшыбаев М., Жанарбекова А. Б.

Қ 45 Жалпы фитопатология.

Аграрлық университеттердің «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша дайындалатын студенттеріне арналған. //Оқу құралы. - Алматы, ҚазҰАУ, 2013 жыл. - 280 бет.

(Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі, профессор

А. О. Сағитов) .

І8БК 978-601-241-329-8

Кітапта өсімдік ауруларының негізгі түрлері мен белгілері, патологиялық өзгерістердің жалпы сипаттамасы, саңырауқұлақтар мен бактериялар, микоплазмалар мен вирустардың жіктелуі, олар- дың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, инфекция ошақтарының табиғатта сақталу жолдары жайлы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, аурулардың таралуы мен дамуына қоршаған ортаның тигізетін әсері, оларды болжауға арналған үлгілер келтірілген. Өсімдік ауруларының дамуы мен зияндылығын шектеуге бағытталған кешенді жүйе және аурулардың түрлерін, таралуы мен дамуын анықтауда қолданылатын әдістемелер қарас- тырылған.

Фитопатология ғылымының соңғы жетістіктері және Қазақс- танда осы сала бойынша жарты ғасырдан астам уақыт аралығында атқарылған негізгі жұмыстар ескерілген.

ББК 40. 3 я 7

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған (№ 8 хаттама, 11. 06. 2012 ж. ) .

І8БК 978-601-241-329-8

© Қойшыбаев М., Жанарбекова А. Б., 2013. © «Айтұмар»баспасы, 2013.

КІРІСПЕ

Фитопатология - гректің «рһуіоп» - өсімдік және «раІо§» - ауру немесе патология, яғни онда орын алатын өзгерістер деген сөз тіркестерінен тұрады. Өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзге- рістердің бірнеше себептері бар, негізінен оны екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншіден, өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуына қоршаған ортаның қолайсыздығынан болатын ауытқулар немесе инфекциясыз, яғни жұқпайтын аурулар. Бұған абиотикалық әсерлер немесе температураның қолайсыздығы, ылғал мөлшері мен қорек- тік заттардың жетіспеуі, немесе шамадан тыс артық болуы, қоршаған орта мен топырақтың өндіріс қалдықтары мен радиоак- тивті заттар, ауыр металдармен ыластануы және т. б. жатады.

Өсімдік ауруларының екінші себебі - бұл фитопатогенді микроағзалардың әсерінен туындайтын патологиялық өзгерістер немесе жұқпалы аурулар. Олардың қоздырғыштары ретінде алғаш микроскоп арқылы көрінетін саңырауқұлақтар белгілі болса, кейінірек бактериялар мен микоплазмалар, вирустар мен вириондар ашылды. Осы себептен де фитопатология ғылымы микология, микробиология және вирусология деп аталатын бірнеше ғылым салаларымен үзеңгілес дамыды.

Микология құрама сөз, оның түп тамыры гректің «тукез» - саңырауқұлақтар деген сөзден шығып отыр. Ғылымның бұл саласы саңырауқұлақтардың жіктелуі мен тіршілік ерекшеліктерін, таралу- ын, анатомиясы мен физиологиясын зерттейді. Өзінің қолдану аясына байланысты ол дәрігерлік, мал дәрігерлік, техникалық және ауылшаруашылық микология деп тарамдалып кеткен. Соңғысының бір тармағы - фитопатология. Мәдени дақылдардың ауру қоздыр- ғыштарының 70-80%-ға жуығы саңырауқұлақтар екенін ескерсек, фитопатологияның ғылым ретінде қалыптасуына микология үлкен әсер етті.

Микробиологияға келсек, ол жай көзбен көріне қоймайтын, мөлшері 0, 1 мм-ден аспайтын тіршілік иелерін зерттейтін ғылым саласы. Осыдан 330 жылдай бұрын Голландия ғалымы Антони ван Левенгук ашқан микроағзалар әлемін зерттейтін ғылымның бұл саласы ХІХ-ХХ ғасырларда қарқынды дамып, қазір бірнеше тармақтарға, соның ішінде ауыл шаруашылық және өндірістік микробиология, бактериология және вирусология деп аталатын салаларға тарамдалып кетті. Өсімдік ауруларын зерттеуде микро- биология тәсілдері кеңінен қолданылатындықтан ғылымның бұл саласынан да студенттердің жақсы хабары болуы қажет.

Ғалымдардың болжауы бойынша үстіміздегі ғасырдың 20- жылдарына қарай дүниежүзін мекендейтін халық саны 8 милли- ардқа жетеді екен. Оларды негізгі азықтық дақыл - астықпен қамтамасыз ету үшін, оның өндірісі 650 млн. тоннадан 750-800 млн. тоннаға жеткізілуі қажет. Өкінішке орай, мәдени дақылдардың түсімділігін арттыру халық санының өсуінен әлдеқалай төмен болып отыр. Оған қоса қала халқының ұдайы өсуі және тұрғын үйлер мен өндіріс орындары салынуына байланысты егін шаруа- шылығы орналасатын, көкөніс пен картоп өсіретін және жеміс- жидектер отырғызатын жер ресурстары жылдан-жылға азайып барады. Осыны ескерсек, тығырықтан шығудың негізгі бір жолы трансгенді селекцияны пайдалана отырып, азықтық дақылдардың түсімділігін күрт арттыру. Сонымен қатар, егісті арам шөптерден таза ұстап, мәдени дақылдарды зиянкестер мен аурулардан тиімді қорғау шараларының атқаратын рөлі зор.

Өсімдік аурулары эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда азықтық дақылдардың түсімділігіне орасан зор шығын келтіргені тарихтан белгілі.

Студенттерге ұсынылып отырған осы оқу құралы Қазақ ұлттық аграрлық университеті бекіткен 5ВО81100 «Өсімдік қорғау және карантині» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының үлгісіне сай дайындалды. Аталған бағдарламаны негізге ала отырып, мұнда өсімдік ауруларының негізгі түрлері мен белгілері, патологиялық өзгерістердің жалпы сипаттамасымен қатар саңырауқұлақтар мен бактериялар, микоплазмалар мен вирустардың жіктелуі, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, инфекция ошақтарының табиғатта сақталу жолдары жайлы жалпы мәліметтер берілді.

Оқу құралы аграрлық университеттердің өсімдік қорғау мамандығы бойынша оқитын студенттері мен магистранттарының және республикада осы салада еңбектенуші мамандардың да өз білімдерін арттыруларына көмегі тиеді деген ойдамыз.

1-тарау. ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Өсімдіктердің әртүрлі ауруларға шалдығатыны ерте заманнан белгілі болған. Біздің заманымызға дейінгі 460-жылдары Демокрит егінді қаракүйе ауруынан қорғау үшін астық дақылдарының тұқымын қоян қырыққабаты шырынымен дәрілеу керек екенін жазған. Бірақ, талай ғасырлар бойы олардың пайда болуының негізгі себептері белгісіз болып келді. ХҮШ-ХІХ ғасырларға дейін өсімдік ауруы оның шырынының бұзылуынан немесе әр түрлі бөртпелердің әсерінен пайда болады деген болжам белең алып келді. Бұл жаңсақ түсінік көпке дейін фитопатологияның ғылым ретінде дамуына тұсау болды.

Бірінші кезең. 1675 жылы Голландия ғалымы Антони ван Левенгук бірінші рет өзі құрастырған микроскоп арқылы көзге көрінбейтін тіршілік иелері - микроағзалар болатынын анықтаған еді. Осы жаңалық кейін бірнеше салаға тарамдалған микробиология ғылымының қалыптасуына негіз болды. Өсімдік ауруларының негізгі себепкерлері немесе қоздырғыштары микроағзалар болатын- дықтан, фитопатологияның дамуы микробиология және миколо- гиямен тығыс байланысты болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Тюландардың және басқа да ғалымдардың жүргізген тәжірибелері өсімдік ауру- ларының дамуымен саңырауқұлақтар арасында белгілі байланыс бар екенін көрсетті. Олар тікелей саңырауқұлақтардың әсерінен болатынын бірінші рет неміс микологы Антон де Бари (1831-1888 жж. ) дәлелдеді. Ол картоптың фитофтороз ауруын жан-жақты зерттеп, оны Рһуіорһіһога Іп/в8іап8 саңырауқұлағы қоздыратынын анықтап, кеселмен күресу шараларын ұсынды. Сонымен қатар, ғалым астық дақылдарының тат ауруларын зерттеп, оларды тіршілік айналымы әр түрлі өсімдіктерде өтетін және бірнеше түрлі споралар түзетін саңырауқұлақтар қоздыратынын анықтады. Ғалым тәжірибе жүргізудің жаңа әдістерін қолданып, оларды жасанды ортада өсірді, өсімдіктерге жұқтыру арқылы ауру қоздыру қабілет- тігін анықтады. Осы әдістерді қолдана отырып, Антон де Бари қаракүйе, жалған ақ ұнтақ, т. б. ауруларды саңырауқұлақтар қозды- ратынын нақты дәлелдеді.

Өсімдік ауруларын зерттеуде орыс ғалымы М. С. Ворониннің (1838-1903 жж. ) еңбегі үлкен. Ол қырыққабаттың тамыр ісігінің таралуы мен даму ерекшеліктерін бақылау арқылы ауруды саңы- рауқұлақ қоздыратынын анықтады. Күнбағыстың тат ауруын жан- жақты зерттеп, өсімдіктің осы кеселімен күресудің тиімді жолы - ауруға төзімді жаңа сорттар шығару қажеттігі жайлы тұңғыш рет дұрыс тұжырым жасады. Ғалым шай бұтасы мен ит бүлдіргеннің экзобазидиоз ауруын сол кезге дейін ғылымға белгісіз ЕхоЪазШит. туыстығына жататын саңырауқұлақтар қоздыратынын анықтап, олардың тіршілік сатыларын жете зерттеді.

Антон де Бари мен М. С. Ворониннің ашқан жаңалықтары өсімдіктер аурулары туралы ғылымның қалыптасуына негіз болды. Кейінірек ағылшын ғалымы Берилл (1882-1953 жж. ) алмұрттың күйік ауруын бактериялар қоздыратынын анықтады. Эрвин Смит (1854-1927 жж. ) өсімдіктер бактериоздарын жан-жақты зерттеу арқылы ғылымның осы саласының қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосты.

1892 жылы орыс ғалымы Д. И. Ивановский (1864-1920 жж. ) сол уақытқа дейін белгісіз болып келген өсімдік ауруларының жаңа қоздырғышын ашты. Бұл бактерия сүзгісінен өтіп кететін өте ұсақ ағза, анығырақ айтқанда вирустар еді. Кейіннен олар адам мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын қоздыратыны белгілі болды.

1935 жылы ағылшын ғалымы У. Стэнли мозаика ауруына шал- дыққан темекі жапырағынан вирусты таза кристалл түрінде бөліп алып, ол химиялық құрамы бойынша нуклеопротеидтен тұратынын анықтап, үлкен жаңалық ашты. Осы уақыттан бастап өсімдік және жануарлар вирусологиясында жаңа дәуір басталды.

Ресейде фитопатологияның дамуы А. А. Ячевскийдің (1863- 1932 жж. ) есімімен тығыз байланысты. Бұл ғалым ХХ-ғасырдың бас кезінде Санкт-Петерборда фитопатология зертханасын ашып, ауыл шаруашылық дақылдары мен орман және жабайы өсімдіктер ауруларын, оларды қоздыратын саңырауқұлақ түрлерін анықтап, осы ғылымның қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Сол қиын заман- ның өзінде «Өсімдік аурулары туралы мәліметтер» атты ғылыми еңбектер жинағын жыл сайын шығарып тұрды.

Екінші кезең . Кеңес Үкіметі орнағанның алғашқы жылда- рынан бастап, фитопатология ғылымына көп көңіл бөлініп, ол ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосты. А. А. Ячевскиймен қатар В. А. Траншель (1868-1941 жж. ), Н. А. Наумов (1885-1959 жж. ), А. С. Бондарцев (1877-1968 жж. ), Т. Д. Страхов (1890-1960 жж. ) және т. б. ғалымдар аталған ғылым саласының қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Ауылшаруашылық дақылдары ауруларын жан-жақты зерттеп, олармен күресу шараларының ғылыми жүйесін қалыптастырды, фитопатология мамандығы саласы бойынша көптеген білікті мамандар дайындап шығарды.

Н. А. Наумов фитопатологияда биологиялық бағыттың дамуына үлкен үлес қосты. Ол жазған «Методы исследований в микологии и фитопатологии» және 1952 жылы толықтырылып екінші рет баспа- дан шыққан «Болезни сельскохозяйственных растений» кітаптары соңғы кезге дейін өздерінің құнын жоймай, фитопатология саласында мамандар дайындау үшін аса қажет оқулық және анықтама ретінде қолданылып келді.

1930-1940 жылдарға дейін қаракүйе аурулары салдарынан астық дақылдары өнімі 20-30% дейін ысырапқа ұшырап, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге айтарлықтай кесірін тигізіп келді. Бұл түйткілді шешуде А. И. Боргардт көп еңбек сіңірді. 1932 жылы ол осы аурулармен күресудің ғылыми негізделген жүйесін ұсынды. Оны ауылшаруашылық өндірісіне ендіру нәтижесінде егін шаруа- шылығына қаракүйеден келетін шығын күрт төмендеді. Ғалымның еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуы қоршаған ортаға, әсіресе ауа райы жағдайына тығыз байланысты болғандықтан фитопатологияда экологиялық зерттеулер басым болды. Инфекция көзі болып саналатын саңырауқұлақ споралары немесе конидия- лары өніп, өсімдік ұлпасына енуі үшін жоғарғы ылғалдылықпен қатар, қолайлы температура қажет. Олар аурудың ары қарай дамуы мен таралуы және зияндылығына да тікелей әсер етеді. Мәселен, бидай сабақ таты қоздырғышы спораларының өнуіне қолайлы температура 20-25 0 С аралығында болса, сары татты қоздыратын саңырауқұлақ үшін 9-13 0 С аралығынды, ең төменгісі 1-2 0 С, ал жоғарғы температура - сәйкестендіре алғанда, 30-35 0 С және 23- 25 0 С.

Өсімдік аурулары дамуының инкубациялық немесе сырттай білінбейтін мерзімі, көбінесе ауа температурасына байланысты келеді. Жүзімнің ақ ұнтақ ауруымен зерттеу жүргізген Мюллер температураның белгілі бір дәрежесіне дейін ғана, мәселен 20-26 0 С, оның инкубациялық мерзімі қысқаратынын, ал температура одан ары қарай жоғарыласа, ол қайтадан ұзаратынын анықтады. Бұл байланыс графикте парабола сияқты иілген сызықпен бейнеленіп, ол Мюллер қисығы деп аталды. Осының негізінде, ғалымдар жүзімнің жалған ақ ұнтағы мен бидайдың қоңыр татының инкуба- циялық мерзімін анықтауға арналған математикалық теңдеулер ұсынды.

Н. А. Наумова бидайдың сары таты мен картоп фитофторозы дамуының ауа-райы жағдайымен, атап айтқанда оның температу- расы мен ылғалдылығы арасындағы байланысты анықтады. Осындай зерттеулер негізінде ғалым аталған аурулардың дамуы- ның инкубациялық мерзімін анықтайтын номограммалар ұсынды.

Кеңес Одағында өткен ғасырдың 50-70 жылдары өсімдік бактериоздарын жан-жақты зерттеп, олармен күресу шараларын жетілдіруге В. П. Израилский, М. В. Горленко, К. И. Бельтюкова көп үлес қосты. Вирусология ғылымының дамуы Д. И. Ивановскиймен қатар К. С. Сухов, М. С. Дунин, В. Л. Рыжков, Ю. И. Власов және т. б. ғалымдардың атымен тығыз байланысты. Олар негізгі мәдени дақылдарда кездесетін бактериоздар мен вироздар түрлерін, ауру- лардың таралу ерекшеліктерін және келетін зиян мөлшерін анықтап, олардың дамуы мен зияндылығын шектеуге бағытталған шаралар жүйесін ұсынды.

Барлық одақтас республикалар үшін фитопатология ғылымы бойынша мамандар бұрынғы Ленинград қаласындағы «Зоология және фитопатология» институтында, кейінірек Бүкіл Одақтық өсімдіктер қорғау ҒЗИ-да және К. А. Тимирязев атындағы ауылша- руашылығы академиясы мен Мәскеу мемлекеттік Университетінің биология факультетінде дайындалды.

Орталық Азия мен Қазақстан. Өсімдік аурулары туралы алғашқы мәліметтерді өткен ғасырдың 20-30 жылдары жарық көрген Н. Г. Запрометов пен П. Г. Естифеевтің еңбектерінен кездес- тіреміз. Бірінші ғалымның деректеріне қарағанда, Түркістан окру- гінде астық тұқымдас мәдени дақылдар мен жабайы өсімдіктерде қаракүйе саңырауқұлақтарының 29 түрі кездескен екен. Соңғы автордың 1925 жылы Алматыда баспадан шыққан: «Болезни культурных и дикорастущих растений в Джетысуйской области» деген шағын еңбегінде былай жазылған: «Тарының қаракүйесі барлық жерде кең таралған. Ол өнімді кейде толықтай жойып, тек тарымен ғана қоректенетін қырғыздарды ашаршылыққа душар етуде».

1940-50 жылдары Қазақстанда өсімдік ауруларын зерттеу екі ғылыми бағытта жүргізілді. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ботаника институтында флористикалық зерттеулерге көп көңіл бөлінсе, ал Республикалық өсімдіктер қорғау стансасында мәдени дақылдарда кездесетін аурулардың түр құрамы мен таралу ерек- шеліктері, зияндылығы және олармен күресу жолдары анықтала бастады. Өсімдік аурулары жайлы бірінші жарық көрген көлемді еңбек Г. С. Неводовскийдің «Флора споровых растений. Ржав- чинные грибы» (Алма-Ата: АН КазССР, 1956. - 431 б. ) атты кітабы еді. Мұнда Қазақстан мен Батыс және Шығыс Сібір аймақтарында кездесетін тат саңырауқұлақтарының 351 түрінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері мен таралуы жайлы біраз мәліметтер жинақталған. Көп ұзамай С. Р. Шварцманның «Флора споровых растений Казахстана. Головневые грибы» (Алма-Ата: АН КазССР, 1960. - 359 б. ) атты үлкен еңбегі жарық көрді. Бұл кітапта Орталық Азия мен Қазақстан және Батыс-Шығыс Сібір аймақ- тарында 193 жабайы және мәдени өсімдік түрлерінде кездесетін и8ІіадіпаІв8 қатарына жататын 249 саңырауқұлақ түрлері жайлы мәліметтер жинақталған еді.

Өсімдіктердің алуан түрлі ауруларының қоздырғыштары болып келетін саңырауқұлақтар флорасын Қазақстанда жан-жақты зерт- теуге С. Р. Шварцманмен қатар Б. К. Қалымбетов, С. В. Бызова, М. Л. Васягина, Н. Ф. Писарева, Н. М. Филимонова және т. б. ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Олар «Флора споровых растений» деген атпен ғылыми еңбектерінің бірнеше томдық жинағын шығарды. Бұл еңбектерде Республикада кездесетін пайдалы және зиянды саңырауқұлақ түрлері, олардың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері мен таралуы жайлы құнды деректер жинақталған. Ғалымдардың көп жылдық терең еңбегі бағаланып, оларға ғылым саласындағы ҚазССР-дің мемлекеттік сыйлығы берілді.

Республикалық өсімдіктер қорғау стансасында мәдени дақыл- дар ауруларын зерттеуде қолданбалы мақсатқа көбірек көңіл бөлінді. Өткен ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап, Қазақстанның солтүстік өңірінде Ж. Т. Жиембаев пен Л. М. Городилова бидайдың ауруларын зерттеп, оны қаракүйеден айықтыру үшін тұқымды ыстық сумен және химиялық препараттармен баптау әдістерінің тиімділігін анықтады. Е. И. Ишпайкина мен В. М. Пушкарева күздік және жаздық бидай тұқымын дәрілеу әдістерін жетілдіріп, сол кезде аса тапшы химиялық препараттарды үнемдеу мақсатында тұқымды споралану мөлшеріне байланысты дәрілеу әдісін ұсынды. Н. Н. Әлмұратов республиканың оңтүстігінде арпаның қаракүйе ауруларын терең зерттеп, дақылды олардан айықтыру тәсілін өнді- ріске ендіруге біраз үлес қосты.

50-60 жылдары Е. И. Ишпайкина, Л. Д. Казенас, Г. Н. Куликова,

В. К. Матвеева, С. Т Бубенцов, Г. П. Лопухина, В. Н. Шевченко, М. М. Исин, В. М. Малахова, М. Т. Куликова және т. б. ғалымдар картоп, көкөніс және жеміс-жидек дақылдары ауруларының түр құрамын, олардың таралуы мен зияндылығын шектеу тәсілдерін анықтады. Микологтар мен фитопатологтар жинақтаған өсімдік ауруларының гербарлық материалдары мен ғылыми деректерін жүйелі талдай отырып, Л. Д. Казенас «Болезни сельскохозяйс- твенных растений Казахстана» (Алматы: Қайнар, 1965) атты кіта- бын шығарды. Мұнда республикада өсірілетін 70-тен астам мәдени дақылдарда кездесетін ауру түрлерінің сипаттамасымен қатар олардың, таралу ерекшеліктері мен зияндылығы, қоздырғышта- рының морфологиясы мен биологиясы жайлы құнды деректер жинақталған. Бұл кітап толықтырылып, 1974 жылы екінші рет баспадан шығарылды (Алматы: Қайнар, 367 б. ) . Осы күнге дейін ол көптеген ғалымдар үшін таптырмайтын анықтамалық құрал.

Үшінші кезең . Қазақстанда тың жер игеру кезеңі өсімдік қорғау саласындағы ғылым салаларының, солардың бірі фитопа- тологияның дамуына үлкен ықпал етті. 1958 жылы Үкіметтің арнайы жарлығымен Республикалық өсімдік қорғау стансасының негізінде Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты құрыл- ды. Оның ұйымдастырушысы және ширек ғасырдай директоры болған Ж. Т. Жиенбаев өсімдіктер қорғау саласындағы ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ғалым Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік өңірлерінде астық дақылдарында, әсіресе бидай мен жүгеріде кездесетін ауру түрлерін, таралу ерекшеліктері мен зияндылығын жан-жақты зерттеп, бірінші рет өндіріске олардың дамуы мен зияндылығын шектейтін ғылыми негізделген шаралар жүйесін үсындь т («Система мероприятий по борьбе с главнейшими болезнями зерновых культур в Казахстане». - Алма-Ата: Кайнар, 1971. -53 б. ) . Ғалым 1972 жылы Ленинград қаласындағы Бүкілодақ- тық өсімдік қорғау ҒЗИ-ның диссертациялық кеңесінде осы тақы- рып бойынша докторлық диссертация қорғады.

Тың игерілгеннен кейін миллиондаған гектар егіс алқапта- рында жаздық бидай бірегей дақыл ретінде егіле бастады. Осының салдарынан астық дақылдарының аса бір зиянды ауруы - тамыр шірігі кең таралып, үлкен түйткілге айналды. Бүл ауруды шектеу мен зияндылығын төмендету мақсатында агротехникалық шаралар- дың, атап айтқанда топырақты өңдеу мен ауыспалы дақыл, минералды және органикалық тыңайтқыштар қолдану, түқымды себу мерзімдері мен тереңдігі, сорттардың беріктігі жайлы респуб- ликаның негізгі астықты өлкесі - солтүстік өңірде жан-жақты зерттеу жүмыстары жүргізілді. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ҒЗИ-да (Ақмола облысы) Л. М. Городилова мен В. В. Плахотник, Павлодар мен Көкшетау облысында - Ж. Т. Жиенбаев, А. Ф. Кургина, Ш. Ә. Әлжанов, Шығыс Қазақстанда - Г. Н. Кузьмина өндіріске кеңінен ендіріле бастаған топырақты жел эрозиясынан қорғау жүйесіне және басқа агротехникалық шараларға фитосани- тарлық түрғыдан баға берді. Сол жылдары қазақстандық миллиард пүттың төрттен бірін беретін Қостанай облысында Бүкілодақтық өсімдік қорғау институтының белді ғалымдары С. М. Тупеневич, Н. А. Нестеров, В. В. Котова бидайдың тамыр шірігінің зияндылы- ғын анықтау тәсілдерін жетілдіріп, оның дамуы мен зияндылығын шектейтін агротехникалық шаралар жүйесін жетілдіруге өз үлес- терін қосты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Өсімдіктер биохимиясы
Алматы облысы, Қаратал ауданының климаттық жағдайы. Пиязды өсіру технологиясы
Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
Астық дақылдарының аурулары
Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Өсімдіктің қорғану механизмі
Қарағанды облысының табиғаты, геологиясы және климаты. Картоп дақылы, оларды өсіру технологиясы
Таттылар қатары саңырауқұлағы тудыратын аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz