ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ


Ашықбаев Н. Өсімдік карантині
Пікір жазғандар
Жексенбиев Р. - биология ғылымының кандидаты, доцент
Сауранбаев Б. - биология ғылымының кандидаты, доцент
Өсімдік карантині атты оқу құралы қазақ тілінде тұңғыш рет оқырмандарға ұсынылып отыр.
Оқу құралында ауылшаруашылық дақылдарының карантинді және аса қауіпті зиянкестері, аурулары және арамшөптер; Қазақстанда бейімделіп жаппай көбейіп кету қаупі болатын түрлердің биоэкологиялық екрекшеліктеріне көңіл бөлінген. Негізгі терминдердің орысша-қазақша түсіндірмесі келтірілген. Онымен қатар оқушының білім деңгейін арттыру мақсатымен қосымша анықтама мәліметтер де берілген.
Алғы сөз
Оқырмандарға ұсынылып отырған оқу құралы 4409002 -"Өсімдік қорғау және агроэкология" мамандығы бойынша түлектерді даярлау деңгейіне және мазмұны мемлекеттік стандартына қойылатын талаптарына сәйкес жазылған.
Өсімдік карантині агрономдарға білім беру саласында маңызды орын алады. Ол болашақ өсімдікті қорғау мамандарын карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің сыртқы түр сипаты пішіні, биологиялық және экологиялық, ерекшеліктері, географиялық таралу жолдары, олармен күресу шаралары жүйесімен таныстырып, аса қауіпті түрлерінің таралуын шектеу жолдарын ғылыми тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының кең байтақ аймағындағы ауылшаруашылық, дақылдарының карантинді зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің таралуының алдын алу, ошақтарын жоюдың тиімді жолдары жайлы құнды мәліметтер берілген. Сонымен қатар карантиндік зиянды организмдермен күресудің агротехникалық химиялық, биологиялық, карантиндік және интегралдық шаралары қаралады. Өсімдік карантині пәні түлектердің ой-өрісін және кәсіби ойлау қабілетін айтарлықтай жоғарғы деңгейде қалыптастырады.
Онымен қатар бұл оқу құралында тың тақырыптар да орын алады және қазіргі кездегі талапка сай дизайн қарастырылған. Әрбір тараудың соңында пысықтау сұрақтары мен еске сақта айдарымен маңызды мәліметтер берілген. Оқу құралында кездесетін.
КіРіСПЕ
Оқырмандарға ұсынылып отырған оқу құралы 4409002 -"Өсімдікті қорғау және агроэкология" мамандығы бойынша түлектерді даярлау деңгейіне, мазмұны мемлекеттік стандартқа және қойылатын талаптарына сәйкес жазылған.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасына сырттан тасымалданатын ауылшаруашылық өсімдіктер өнімдерінің көлемі айтарлықтай артуда. Қазақстанда бұрын болмаған немесе аздаған ошақтары мен таралған қауіпті өсімдіктер аурулары, арамшөптер тұқымдарын шеттен әкеліну қаупі де артты. Бұл жағдай еліміздің жерін ауылшаруашылығына үлкен шығын келтіретін карантиндік және басқа қауіпті зиянкестер, аурулар мен арашөптердің тұқымдарының енуінен қорғау карантиндік қызметінің жауапкершілігін арттырады.
Өсімдік карантині мамандық беретін негізгі пәндерге жатады. Бұл оқу құралында карантиндік зиянды организмдердің сыртқы құрылысы, биоэкологиялық ерекшеліктері, географиялық таралуы, олардың таралу жолдары және карантиндік организмдердің алдын-алу, ошақтарын жою мақсатымен күресу шаралары кешенді түрде қарастырылған.
Пәнді оқу нәтижесінде зиянды организмдердің таралған және қауіпті түрлерінің биологиясы мен экологиясын оларға қарсы карантиндік шараларды білуге тиіс. Пәнді оқу кезінде карантиндік зиянды организмдер бойынша кестелер, т. б. көрнекі құралдарды дайындау мақсатында оқушылар оқулықтан жоғары дизайынды материалдарды алуына мүміндік болады.
МАҚТА АУРУЛАРЫ.
МАҚТАНЫҢ АНТРАКНОЗЫ
Қоздырғъшы - Соllеtotriсhum gоssурii Sоиthw. және С. indicum Dastur. Ауру қоздырғышы жетілмеген саңырауқұлақтар деутеромицеттер ( Deuteromycetes ) класы меланкониялылар ( Ме1аnсоniаlеs ) қатарының меланкония (Ме1аnсоniасеае) тұқымдасына жатады. С. Gossypii саңырауқұлағы мақта өсімдігінің жер үстілік бөліктерін залалдайды және маусымдық өсу кезінде тоғышарлық тіршілік етуі мүмкін. Ауру өскінді залалдау нәтижесінде, оның жатып қалуы немесе өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады.
Ауру тамыр мойында қызғылттау немесе күнгірт суланатын дақ түрінде сабақты айнала залалдап, бөліктенген күйде немесе жара түрінде байқалады. Ауру тұқым жарнақ жапырақгарында күнгірт-қоңыр түсті пішінсіз кызыл шеңберлі дақтар түрінде байқалады. Дақтар біртіндеп жапырақ бетін қаптап, онын шіруіне себепкер болады.
Жетілген өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары бір себептерден әлсіреген жағдайда ғана залалданады. Сабақтарда кызғылт-қоңырлау ұзынша дақтар түзіледі. Жапырақтардағы дақтар күнгірт, дөнгелек пішінді болады.
Антракноз ауру қоздырғышымен көбінесе қауашақтар қатты залалданады. Олардың жіктерінде ұсақ басылған күнгірт-қоңыр немеее қара қошқыл, қанқызыл дақтар түзіледі. Бұл дақтар біртіндеп қараяды, тек жиектерінде қызғылттау түс сақталады. Дақтар жайыла келе қауашақтың жартысын, кейде түгелдей қамтиды. Залалданған қауашақтың өсуі тежеледі, ашылмайды немесе аздап ашылады, ал жеміс ұстағышы залалданғанда қауашақтар түсіп қалады. Ылғалды ауа райы жағдайында антракнозбен залалданған өсімдік бөліктерінде қызғылт конидиялық өңез байқалуы мүмкін.
Антракноз ауру қоздырғышымен залалданған тұқым, сау тұқымнан сыртқы белгілері бойынша анық ажыратылмайды. Қатты залалданған тұқым қалыпты сұрғылт-жасыл түсін жоғалтып, сарғыштау немесе қоңырлау болып, әлжуазданып өнгіштігінен толықтай айырылады.
Саңырауқұлақтың даму циклінде конидиялды және қалталы стадиялары болады. Конидиялды стадиясы -Соllеtоtгісһum gоssуріі Sоutһw. - дөңгелек немесе ұзыншақ жастықша түрінде байқалады. Олар алғашында эпидермиспен жабылып, кейін жарылады. Бөртпедегі қылшықтар дара немесе шоқталған, түбі күңгірт-қоңыр, жоғарғы бөлігі түссіз, перделі, кейде бұтақталған болады. Конидия тасушылары түссіз, 12-28 х 5 мкм. Конидиялар ұзыншақ созылыңқы, түссіз, вакуолі ортасында орналасқан, қызғылт-ашық сары тусті, 10-20 х 4, 5-5, 5 мкм болады.
Қалталы стадиясы - Glomella gossypii Еdg (Аscomycetes класы, Sрһаегіаles қатары, Gnomопіасеае тұқымдасына жатады), табиғи жағдайда сирек кездеседі, өлі өсімдік қалдықтарында түзіледі.
Мақта антракнозы Еуропа, Азия, Африка, АҚШ және Австралияда таралған.
Саңырауқұлақ залалдаған өсімдік қалдықтарында және ауру тұқымда ұзақ сақталады. Тұқым ішіндегі жұқпа тұқым және сақталатын орынның ылғалдылығына байланысты бір жылдан 13 жылға дейін қорланады.
Өсімдіктің залалдануы көбінесе бунакденелілердің зақымдаулары немесе жарақаттары арқылы атқарылады, саңырауқұлақ конидияларының жұқпа жіпщесі зақымдалмаған ұлпа арқылы да енуі мүмкін. Ауру қоздырғыштың жіпшумағы эндогенді дамып, бетіне тек саңырауқұлақтың споралары (жиынтығы) -шығады.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
1. Мақта тұқымы шет елдерден тек ғылыми зерттеу мақсатымен Казақстан Республикасына тасымалданады.
2. Шет елдерден алынған тұқым лабораториялық экспертизадан өткізіліп, карантиндік питомникте себіліп бақылаудан өтеді.
3. Антракноз ауруы таралған елдерде барлық тұқымдықтар химиялық жолмен-өңделеді.
МАҚТАНЫҢ ТЕХАСТЫҚ ТАМЫР ШІРІГІ
Ауру қоздырғышы Рһуmatotrichum оmnivorum (Duggar) Неппеbегt (Рһуmatotrichum оmnivorum Duggar) . Ауру қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтар деутеромицеттер (Deuteromycetes) класы гифомицеттер (Нурһоmycetalез) қатарының монилия (Мопіlіасеае) тұқымдасына жатады.
Негізгі иесі мақта, бірақта саңырауқұлақ 200-ден артық
1-сурет Мақтаның техастық, тамыр шірігі
түрді, көбінесе қосжарнақты өсімдіктерді залалдайды.
Саңырауқұлақтың Оzопіum оmnivorum деп аталатын вегетативті стадиясы табиғи жағдайда жиі кездесетін патогеннің тіршілік формасы. Ол ірі клеткалы жіпшумақ, желі, қастауыш және жалған қастауыш түрінде кездеседі.
Жіпшумақты желінің диаметрі 200 мкм, айқыш бұтақталған инелі жіпшелері болады.
Конидиалды стадиясы - Рһуmatotichopsis оmnivога топырақ бетінде өлі өсімдіктердің айналасында кездесетін борпылдақ өрілген жіпшелердегі конидия тасығыштарымен конидиялары. Конидиялар жіпшелердің түйреуіш пішінді шар тәрізді бұлтықтарында түзіледі. Олар түссіз, бір клеткалы, шар тәрізді немесе сопақ, диаметрі 4, 8-5, 5 мкм немесе 6-8 х 5-6 мкм болады.
Саңырауқұлақ топырақ ішінде дамиды. Көбінесе өсімдіктің тамыр жүйесі, кейде сабағы топырақ бетінен 2-3 см биіктікте залалданады. Аурудың негізгі белгісі - өсімдік кенеттен солады. Ауру өсімдіктің жоғарғы жағынан басталып, кейін ортаңғы және төменгі жапырақтары солады. Жапырақтар үгілгіш келеді, қоңырланады немесе қараяды.
Тамырда жіпшелерге толы ойыстар пайда болады. .
Ауру ұлпалар сауларынан күңгірт сызықтармен бөлінген. Залалданған қабық сүректен оңай ажыратылады.
Мақтада солыған өсімдіктер ошағының ортасында шанақтану және қауашақ түзілу кезеңдерінде солу жиі байкалады.
Техастық тамыр шірігі Мексика мен АҚШ -та жергілікті түрге жатады.
Мақтаның техастық тамыр шірігі Казақстанда тіркелмеген, сыртқы карантиндік нысанаға жатады.
Ауру қоздырғыш тұқыммен таралмайды. Аурудың ие-өсімдік тамырында сақталатын қастауыштары немесе жіпшелер арқауы аурудың алғашқы көздеріне жатады. Саңырауқұлақ топыраққа кіріп баска тамырларды залалдайтын жіңішке жіпшелер және арқаулар арқылы таралады. Саңырауқұлақ арқаулары топырақ арасында тіршілік қабілетін бір жылдан артық сақтай алмайды. Кастауыштар тірішілік қабілетін 5 жылдан артық сақтай алады.
Қыстағы салыстырмалы жоғары температура індеттің сакталуына қолайлы. Саңырауқұлақ сілтілі және нейтралды топыраққа карағанда қышқылды топырақта нашар дамиды. Тамыр шірігі ауыр, ылғалды топырақтарда жақсы дамиды.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
1. Мақтаның техастық тамыр шірігі тіркелген елдерден топырақты тасымалдауға халыкаралық келісім бойынша тиым салынған.
2. Техастық тамыр шірігі таралған елдерден өсімдіктер мен отырғызылатын материалдар Қазақстан Республикасының өсімдік карантині заңына (2003 жыл) сәйкес топырақсыз тасымалдануына ұлықсат етілуі мүмкін.
3. Ауруды бақылаудың негізгі жолы - ауыспалы егіс тәртібін (бидай, жүгері, сұлы және басқа дақылдарды енгізу) - ротациясын орындау.
4. Органикалық тыңайтқыштарды беру және ұзақ мерзімді ауыспалы егісті қолдану өнімнің аурудан шығынын айтарлықтай азайтады.
8 стр
5. Терең сүдігер жырту.
6. Арамшөптерді, әсіресе кіндік тамыршаларды жоюға көңіл бөлу керек.
7. Химиялық препараттарды топырақтағы саңырауқұлақты жою үшін қолдануға болады. Дихлорпропен, метамомнатрий немесе метилбромид препараттары және топырақты бензимидазолмен суару жақсы нәтиже көрсетуде.
8. Ауру қоздырғышқа төзімді өсімдік сорттарына көңіл бөлу.
? Мақта аурулары
1. Мақта антракнозының ауру қоздырғышын атаңыз.
2. Мақта антракнозының ауру қоздырғышы өсімдіктің қандай бөліктерін зақымдайды.
3. Мақтаның техастық тамыр шірігінің ауру қоздырғышы негізгі иесінен басқа қандай өсімдіктерді залалдайды.
4. Антракноз ауру қоздырғьшының даму циклінде қандай стадиялар байқалады.
Есіңізге сақтаңыз
1. Антракноз ауру қоздырғышымен көбінесе қауашақтар қатты залалданады.
2. Антракноз ауру қоздырғышымен залалданған тұқым сау тұқымнан сыртқы белгілері бойынша ажыратылмайды.
3. Антракноздың даму цикліндегі конидиялы стадиясы - Colletotrichum gossypii саңырауқұлағы, қалталы стадиясы Glomerella gossypii саңырауқұлағы болып есептелінеді.
4. Мақтаның техастық тамыр шірігінің негізгі белгісі -өсімдік кенеттен солады. Солу өсімдіктің жоғарғы жағынан басталып, кейін ортаңғы және төменгі жапырақтарына ауады.
Лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Мақта аурулары
Мақсаты: Мақта ауруларымен таныстыру.
Нысандары: Мақта антракнозы, мақтаның техастық тамыр шірігі байқалатын кептірілген өсімдік. Олар бейнеленген альбом, слайдтар.
Құралдары: Үлкейткіш (7х, 10х) шыны, микроскоп, су, препараттых ине мен шынылар.
Тапсырманы орындау жоспары
Ауру өсімдікті тексеріп ауру белгілерімен танысу. Ауру белгілерін ажыратып, олардың суретін салу. Оқулықты, альбомды, слайдтарды пайдаланып аңықталған аурулардың сипаттамасын төмендегі кестеге толтыру.
Кесте. Мақта ауруларының қысқаша сипаттамасы
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ
БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Ауру қоздырғышы Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. Ауру қоздырғыш базидиомицеттер (Basidiomycetes) класының устилагиналылар (Ustilaginales) қатарының тиллеция (Tilletiaceae) тұқымдасына жатады.
Кеселдің ерекшелігі - масақ түгел залалданбай, көбінесе масақшаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телиоспора массасына айналады. Ауру өте қатты залалдағанда масақшаның қабықшалары ажырап, кара күйелі жағымсыз шіріген балық иісті дәндер масақтан топыраққа түседі.
Кеселдің залалдауы нәтижесінде масақтың ұзындығы қысқарып, дән саны азаяды. Казіргі кезде Үндіде кара күйеден бидай өнімі 0, 2-0, 5%, ал Мексикада - 1% дейін азаяды (Савотиков т. б., 1996) .
2-сурет. Бидайдың үнділік кара күйесі
1-бидайдың залалданған масақтары,
2-бидайдың залалданган дәндері,
3-үнділік кара күйенің споралары
N. indica телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм., кабығы қара-қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-25 температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 мкм. ұзынша, сәл иілген базидиоспоралар түзіледі (2-сурет) . Кейде телиоспорадан ұзындығы 10-200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клеткалы споридиялар түзіледі. Өсімдікті гүлдеу кезеңінде базидиоспоралар және споридиялар
11 стр
залалдайды. Саңыраукұлақ жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры - залалданған тұқым және топырақ.
Бидайдың ергежейлі сорттары ауруға төзімсіз келеді. Үнді қара күйесімен залалданған тұқымның тауарлық сапасы мен өнгіштігі төмендеп, өнім 10-20% жойылады.
Ауру Азияда (Ауғанстан, Үнді, Ирак, Пәкістан), Солтүстік Америкада (Мексика) таралған. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары:
1. Залаладанған тұқымды себуге тиым салынады.
2. Ауру тіркелген шет елдерден тасымалданған тұқым лабораториялық экспертизадан өткізіліп, кейін карантиңдік питомникке арнаулы бөлінген мемлекеттік сортоучаскеде себіледі.
3. Залалданған деген күмәнді тұқым табылса, онда ол карантиндік лабораторияға міндетті түрде экспертизаға жіберіледі.
4. Егер үлгідегі дәннің залалданғандығы анықталса, онда ауру ошағын жоюға шаралар қарастырылады.
5. Шет елдерде тұқымдық инфекцияны жою үшін, тұқымды дәрілеуге төмендегі препараттар ұсынылған: агаллол (3 кг/т) немесе витавакс'75% ы. ұ. (2, 5 кг/т), тирам 80% ы. ұ. (3 кг/т), бенлат 50% ы. ұ. (2 кг/т) т. б.
6. Бидайдың масақтану кезеңінде манкоцебтің 0, 2% ерітіндісін, 0, 1% витавакс ерітіндісін, байкордың 0, 2% ерітіндісін бүрку керек.
7. Ауыспалы егіс тәртібін дұрыс сақтау.
8. Егісті арамшөптен тазарту, оңтайлы мөлшерде суару және тыңайтқыш беру.
9. Ауруға төзімді сорттарды қолдану. Үндіде PWZ-5023, WZ-1562, HD-1907 т. б. сорттары жақсы егістік төзімділік көрсеткен.
Дәнді дақыл аурулары
1. Үнді қара күйесінің ауру қоздырғышын атаңыз.
2. Үнді қара күйесіне төзімді бидай сорттарын атаңыз.
Есіңізге сақтаңыз
1. Бидайдың ергежейлі сорттары үнді қара күйесіне төзімсіз.
2. Ауру қоздырғыш саңырауқұлақтың жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды.
Лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Бидайдың үнді қара күйесі.
Мақсаты: Бидайдың үнді қара күйесімен танысу
Нысандары: Үнді қара күйесімен залалданған бидай тұқымы.
Құралдары: Үлкейткіш (7х, Юх) шыны, микроскоп, транспирс.
Тапсырманы орындау жоспары
1. Ауру өсімдікті, тұқымын қарап, ауру белгілерімен танысу.
2. Ауру белгілерін ажыратып, олардың суретін салу.
3. Оқулықты, альбомды, транспирсті пайдаланып, анықталған аурудың сипаттамасын төмендегі кестеге толтыру.
Кесте. Дәнді дақылдар ауруларының қысқаша сипаттамасы
Кесте. Дәнді дақылдар ауруларының қысқаша сипаттамасы
МАҚТА ЗИЯНКЕСТЕРІ
АҚЖИЕКТІ ҚОҢЫЗ - GRAPHOGNATUS LEUCOLOMA ВОН.
Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының бізтұмсықтылар (Curculionidae) тұқымдасына жатады.
Қоңыздың ұзындығы 8-12 мм түсі қоңырлау-сұр, алдыңғы қанаттарының жиегінде ашық түсті жолақтары болады. Артқы қанаттары рудиментарлы. Ұшпайтын қоңыз, бізтұмсығы қысқа. Жас қоңыздардың жоғарғы жақтарында мүйіз тәрізді өскіні болады.
Жұмырт қасының ұзындығы 0, 6-0, 9 мм, сопақша, алғашыңда сүт сияқты ақ түсті, кейін сарғаяды. Дернәсілі ақшыл-сарғыш түсті, ұзындығы 14 мм дейін, аяқсыз, орақша иілген, қуыршағы 10 мм дейін, ақшылдау, сарғыш түсті.
Ақжиекті қоңыз АҚШ, Мексика және Австралияда таралған.
Қазақстанда тіркелмеген сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Дернәсіл күйінде топырақ ішіңде (50 см) қыстайды. Жаңа Зеландия жағдайында екі ұрпақ береді.
Дернәсілі мен қоңызы зиянды. Көп қоректі. Мақта, батат, картоп, жүгері, әртүрлі көкөністер мен жеміс дақылдарын кеміреді. Әсіресе дернәсілдері өсімдіктің төменгі бөліктерін және кіндік тамырын қорек етеді. Қоңыздар жапырақтар мен жас өркендерді зақымдайды.
Карантиндік шаралар және куресу жолдары
1. Акжиеті қоңыз таралған елдерден тасылатын өсімдіктер өнімдері тыңғылықты тексеріліп, залалсыздандырылуы тиіс.
2. Зиянкес таралған елдердегі көкөністер бір орында 4-5 жылдан артық өндірілмеуі керек.
3. Көкөністер, картоп егілетін жер жақсылап қопсытылып, егіс зиянкес аз зақымдайтын дақылдардан (сұлы, бидай) кейін егілуі тиіс.
МАҚТА КҮЙЕСІ - PECTINOPHORA GOSSYPIELLA
SAUND.
Қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрядының ойыққанатты күйелер (Gelechiidae) тұқымдасына жатады. Көбелектің қанаттарының өрісі 12-16 мм. Алдыңғы қанаттары ұзыншақ, үшкір келеді. Қанаттарының түбіне қарай және ортасында анық байқалмайтын қоңырлау дақтары болады. Артқы қанаттарының ұш жағында ойығы болады. Шашақтары сұр түсті.
Жүмыртқасының ұзындығы 0, 4-0, 6 мм, ені 0, 2-0, Змм, сопақша келген алғашында жасылдау реңді, кейін дами келе қызарады.
Жұлдызқұрттың ұзындығы 12-13 мм болады. Оның астыңғы жағы қызғылт түсті. Қуыршақтың ұзындығы 8-10 мм, қызғылт қоңыр түсті, үстін қысқаша түктер басқан.
Мақта күйесі Африка, Австралия, Еуропа және Азияда (Қытай, Жапон, Ауғанстан, Пәкістан т. б. ) елдерінде таралған.
Казақстанда мақта күйесі сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Зиянкес жұлдызқұрт күйінде мақта тұқымында, көбінесе сақтау орындарында, бұнымен қатар егістікте жерге түскен қауашақтарда қыстайды. Көбелек жер шарының әр түрлі аймақтарында 2-6 ұрпақ береді. Мақта көбелегінің жұлдызқұрты 70-тен астам өсімдік түрін әсіресе мақта т. б. құлқайыр тұқымдасы түрлерін зақымдайды. Жұлдызқұрт қауашақтағы тұқымды және талшықты, кейде пердені зақымдайды.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
1. Мақта және басқа талшықты дақылдар тұқымы тек ғылыми-зерттеу мақсатына ғана шет елдерден тасымалдауға ұлықсат етіледі және олар міндетті түрде фумигацияланады.
2. Зиянкес таралған елдерде мақта оңтайлы кеш мерзімде егілуі тиіс.
3. Химиялық препараттар (дурсбан, децис т. б. ) мақтаның вегетациясы кезінде бүркілуі тиіс.
МЫСЫРЛЫҚ МАҚТА КӨБЕЛЕГІ - SPODOPTERA LITTORALIS BOISD.
Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядыньң түн көбелектер (Noetuidae) тұқымдасына жатады.
Көбелектің қанаттарының өрісі 31-41 мм, сұр қоңыр түсті. Канаттарының ашық-қоңыр түсті ерекшеленетін суреттерімен сподоптера туыс өкілдерінен оңай ажыратуға болады, бірақ азиялық мақта көбелегінен ажырату қиын (3, 4, 5, 6-сурет) .
3-сурет. Мысырлық және азиялық қоңыр көбелек. 1-мысырлық мақта қоңыр көбелегі, 2-азиялық мақта қоңыр көбелегінің копулятивтік қапшығы жөне ағыс жолы, 3-мысырлық мақта қоңыр көбелегінің копулятивтік қапшығы және ағыс жолы, 4-мысырлық, мақта көбелегінің еркегінің гениталийі, 5-мысырлық мақта көбелегінің юкустасы, 6-азиялық мақта көбелегінің юкустасы.
Жүмыртқасы алғашқыда ақшылдау, кейін көкшіл-қара түске айналады (жұлдызқұрт шығар кезде), диаметрі 0, 6мм. Жұлдызқұртының ұзындығы 40-45мм, көбінесе ашық немесе күңгірт-қоңыр түсті болады.
Куыршағы сұр-қоңыр түсті, ұзындығы -16-20мм.
Мысырлық мақта қоңыр көбелегі Еуропа, Азия (Иран, Ирак, Пәкістан) және Африкада таралған. !
4-сурет Азиялық және мысырлық мақта қоңыр көбелегінің мүшелері а-жоғарғы ерін, б-жоғарғы жақ, в-көкірек аяғының тырнағы, г-тоқу мүшелері
16стр
Мысырлық қоңыр көбелек Казақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады. Көбелек Жапония жағдайында 4, ал тропикада 8 ұрпақ береді.
Жұлдызқұрт өсімдік- жапырақтарын және жыныс мүшелерін кеміріп қатты зиян келтіреді.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
І. Импорттық ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын көліктер мен өнімдер тыңғылықты тексерілуі тиіс. Әсіресе қызанақ, баклажан, жүгері сабақтары, күнбағыс себеті, мақта қауашақтары, бақытгүл, раушан гүлдер аса қадағаланып тексерілуі тиіс.
2. Импорттық өнімдер тиісті орындарына жеткізілген жерде екінші рет тексеріліп, зиянкес табылған. өнім зарарсызданады.
3. Залалданған жемістер, гүлдер жолаушылардан алынады және жойылады.
4. Зиянкеспен күресу шаралары кешенді жүйеде (жұмыртқаларды қолмен жинау, феромонды ұстағыштар, химиялық, биологиялық препараттар, агротехникалық тәсілдер) атқарылады.
5. Бақытгүл, қалампыр шыбықшалары, тұқымдары міндетті түрде бромды метилмен (24 г/м 3 ) фумигацияланады.
АЗИЯЛЫҚ МАҚТА КӨБЕЛЕГІ - SPODOPTERA LITURA FABR.
Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектер (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Канаттарының өрісі 30-45 мм. Алдыңғы қанаттары ашық-қоңыр түсті, ерекше суреттері болады. Бірақ мысырлыққоңыр көбелектен ажырату қиын. Одан жыныс мүшелерінің құрылысы бойынша ғана ажыратуға болады.
Жұмыртқасының диаметрі 0, 6 мм, ақшыл-сары түсті дөңгелек келеді. Жұлдызқұртының ұзындығы 35-40мм, түсі сұр-жасылдау түстен қоңыр-қызғылт түске дейін өзгереді. Қуыршағының ұзындығы 19мм, қоңыр-жаңғақ түсті келеді.
Зиянкес Азия (Қытай, Жапон), Австралияда таралған. Ресейде Приморье өлкесі мен Сахалин аралында кездеседі.
5-сурет. Азиялық мақта 6-сурет. Куыршақтар.
қоңыр көбелегінің жұлдыз- а- мысырлық, 6- азиялық
құртының дене жабынының суреті.
Іб-үстінен қарағанда, Іа-бүйірінен қарағанда, II- алты жастағы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz