Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Ғылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
0.1 Ғылымның дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
0.2 Ғылымдардың топқа жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік ... ... ... ... ... ... 8
2.1 Оқу- дидактикалық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Оқу процесінің қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3 Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Ғылым сағасының көзге көрінер анық кезін ХІХ -- ХХІ ғасырыда десек , алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.т. жатқызамыз.Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарстырылып, метофизика саласын бөліп шығарды . Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді. Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенме олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында, бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны дамытады.

1.1 Ғылымның дамуы
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антропоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді. Ғылымды қалыптастыру - мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті. Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. Мұндай жағдай біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т.б.) қалыптасып, табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан бөліне отырып, теориялық натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны танымдық бағытта біріктірді. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым. (Аристотель, т.б.) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты.
Орта ғасырлардағы ғылым
Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки, т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Мысалы, Омейя әулеті халифатында ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды, ғылымның ерекше формасы, фәлсафа қалыптасты. Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамытты. Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрологияның дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады. Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның (Леонардо да Винчи, Николай Коперник) негізгі тірегіне айналды. Сондай-ақ ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16 - 17 ғасырларда ғылымда болған терең өзгерістер алғашқы ғылыми революцияға (Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Уильям Гарвей, Рене Декарт, Христиан Гюйгенс, Исаак Ньютон және т.б.) алып келді. Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға, көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті. Механикадағы жетістіктер 17 ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалық бейнесі туралы түсінік қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық (Леонард Эйлер, Жан Даламбер, Пьер Лаплас, т.б.) маңызға ие болды. Осы бағыттың шеңберінде физика, химия салаларымен бірге биологиялық құбылыстар да зерттелді, соның ішінде адам тұтас организм (Жюльен Ламетридің адам - машина тұжырымдамасы) ретінде қарастырылып түсіндірілді. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Роберт Майер, Джеймс Джоуль, Герман Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге қоюға мүмкіндік берді. Клетка теориясын тұжырымдау (Теодор Шванн, Маттиас Шлейден) барлық тірі организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Биологиядағы эволюциялық ілім (Чарльз Дарвин) жаратылыстануға даму идеясын енгізді. Элементтердің периодтық жүйесі (Дмитрий Менделеев) заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын көрсетті. 19 ғасырдың ортасында әлеуметтік дамудың ғылыми теориясын жасау үшін әлеуметтік-экономикалық, философиялық және жалпы ғылыми жағдай қалыптасты; физика саласында бірқатар ғылыми жаңалықтардың (электрон, радиоактивтілік, т.б.) ашылуына қол жеткізді. Ғылымдағы дағдарыс физикада басталған жаңа ғылыми революциямен (Макс Планк, Альберт Эйнштейн, Нильс Бор) шешілді және қазіргі заманғы ғылымның барлық негізгі салаларын қамтыды. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары айқындалды. 20 ғасырда ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа көздерін қалыптастыру, адам мен табиғат қатынастарын тиімділендіру, үлкен жүйелерді басқару, ғарыштық зерттеулер, т.б.) ерекше байқалды. 3-мыңжылдықтағы ғылым дамуының басым бағыты біздің бүкіл әлемді, оның ішінде, адамның ішкі әлемін жан-жақты, тұтас қарастыру болмақ.

1.2 Ғылымдардың топқа жіктелуі
Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылыми пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде - техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымының түйіскен жерінде - астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде экономикалық ғылымдар қалыптасқан. Ғылымның ерекше маңызды рөл атқаратын салалары - математика, ақпараттану және басқару теориясы болып табылады. Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізілуімен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Мысалы, табиғатты қорғау мәселелерін зерттеуде осы бағыттың маңызы айқын болып отыр. Мұнда биология мен техникалық ғылымдар, жер туралы ғылым мен медицина, экономика мен социология түйісіп, мәселені бірге зерттеуде. Өзінің алған бағыты, тікелей өмірге қатынасына байланысты ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Іргелі ғылым саласының міндеті қоғамды, дүниені, табиғатты түсіндіретін заңдарды тану. Бұл заңдар мен құрылымдар таза күйінде зерттеледі, оларды тікелей пайдалану мүмкіншілігі шартты емес. Қолданбалы ғылымның тікелей мақсаты - іргелі ғылымның ашқан жаңалықтарын танымдық, әлеуметтік-практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Яғни оның міндеті - ақиқатты тану ғана емес, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру. Қолданбалы ғылым теориялық та, практикалық та бағытта дамуы мүмкін. Мысалы, қазіргі физикада электрдинамика мен кванттық механика іргелі ғылым саласы, ал осыған қосымша нақтылы пәндік саланы тану үшін теориялық қолданбалы физиканың түрлі салалары (металл физикасы, шалаөткізгіштер физикасы, т.б.) қалыптасқан. Ал олардың нәтижесін одан әрі практикада қолдану үшін, әр түрлі практикалық қолданбалы ғылым (металтану, шалаөткізгіш технологиясы, т.б.) пайда болды, бұлар тікелей өндіріспен байланысты қалыптасқан. Барлық техникалық ғылымдар қолданбалы ғылым саласына жатады. Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде және бірқатар жоғары оқу орындарында шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 ж. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. Ғылым академиясы құрылғаннан бергі уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді.
Ғылымдардың топқа жіктелуі -- ғылымдардың өзара байланысы, олардың ғылыми білімдер жүйесәндегі,ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі бір принциптерге байланысты туындайтын өзара орналасу тәртібі, сондай-ақ олардың зерттеу әдісі. Ғылымдардың топңа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикалық мазмұны (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс Табиғат диалектикасында бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және Гегельдің) бір жақтылығынан арылған ғылымдардың топңа жіктелуін жасады. Энгельс ғылымдардың топңа жіктелуін жекеленген ғылымдар зерттейтін материя қозғалысыныңформаларының өзінің және оолардың материалдық негіздернің (материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді. Ол бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады.Кейінен (биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға ойысы ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге асырылды. Энгельс жекелеген ғылымдардың арасындағы ( қозғалыс формалары арсындағы (қозғалыс формалары арасындағы ) ойысуға баса назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың неғұрлым жоғары формасының мәні бұл формалардан оның төменгі формаларымен байланысын тану тану арқылы ашылатыны басшылықа алынды, ол генетика жағынан туындайды және олар бағынышты формаларретінде көрінеді. Ғылымдарда бұдан былайғы саралау олардың барған сайын күшейе түскен интеграциялануын, бұрынғы бытырынқы ғылымдар мен қалған арқау болып тартылып жатқан неғұрлым жалпы сипаттағы ғылымдардың арасындағы өтпелі (аралық) ғылымдардың туу жолымен біртұтас болып бірігуіне жағдай жасады. Жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдардың арасында техникалық ғылымдардың арасында техникалық ғылымдар, ал жаратылыстану мен тұр. Психологияның негізгі салалары: зоопсихология мен жоғары нерв қызмет туралы ілім арқылы жаратылыстанумен, тіл білімі, педагогика, әлеуметтік психология т.т. арқылы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Басқа ғылымдарға терең тамыр тартып жатқан және матиматикалық бөлімнің өкілі болып табылатын кибернетиканың алатын орны ерекше. Жүйелі талдау моделдеу және басқалар сияқты ғылыми әдістер онымен өзара байланысты. Ғылымның қазіргі дамуы Энгельстің ғылымдардың топқа жіктелуінің алғашқы схемасына түбегейлі өзгерістер енгізді: Микродүние туралы жаңа ғылым (ядролық -- субатомдық физика, кванттық механика,) аралық ғылымдар пайда болды (биохимия, биофизика, геохимия ) барлық жерде ғылымдардың өзінің ерекше маткериалдық қолданушысы бар неғұрлым ортақ абстрактілі және нақты ғылымдарға бөліне отырып, күрделі тарамдану іске асады. Барлық жеке ғылымдар жалпы ғылым ретінде диалектикалық- материалистік философияда қамтылды.
Кейде ғылыми білім өзге біліми салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшелеледі деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші рөл атқармайды. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқар жүйесінде де матиматкалық есептеулер,статистикалық мәліметтер, бүге-шүгесіне дейін дәл есептелген оспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Дәлділік нақтылыққа қатынастың белгілі бір тәсілі ретінде күделікті өмірге де енді: темір жол және авиация кестелері дәл болып табылады, ол мемлекет қызметкерлеріне де, станоктағы жұмысшыға да, бухгалтер мен дәрігерге де қажет. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақтылы тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыдан қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғаныменен, ол да ғылыми танным ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыру мен айналысатын ғылымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер ( сұңғатшылар, мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер және т.б.) өз шығармашылқтарында дәл, логикаық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлермен әдістерге сүйеніп отрады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симвониялары бағдарламаларын музыклық мәтінмен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дәл, ұғымдарға бейнеленген білімдер көптеген ірі жазушылардың шығармашылығының негізін құрайды( Пушкин, Толстой, Чехов). Бұл ұғымдық және бейнелік танымдар бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді. Олар әр түрлі дозаларда ғыыми шығармашылықта да , көркемдік шығармашылықта да кездеседі. Бұл тұрғыда философ-неопозитивистердің ғылыми білім ерекшелігін эмперикалығы, яғни білімнің бүкіл мазмұны бақылаулура мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірмен келісуге болмайды. Білім формасы түріндегі және және оның өзге формалардан артықшылығы, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілге формасы теория болып табылады.
Теория - бұл тәжірибенің , практиканың немесе бақылаудың қортындылануы деп жиі айтылады. Кез - келген қортынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үдерістермен бірқатар бақылаулар , эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жлпылықты ерекшелеп бекітеді.
Бірақ барлық қортынды ғылыми ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды.Біз обьективті әлем заңдары мен ғылым заңдары арсындаы маңызды айырмашылық пен тәуелділікті анықтай аламыз
Ғылыми танымның артықшылығы адамның кезкелген әрекеті қандай да міндеттерді және мәселелерді шешуді білдірді.
Оның бірі - өндірістік міндеттер -- материалдық игіліктерді игеруге бағытталған. Келесілері -- саяси міндеттер -- саяси мақсаттарға жетуге бағытталған.Қазіргі ғылым қалыптасқанға дейін танымдық міндеттер өте жай және ұзақ уақытта шешілетін еді. Ал бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен-күнге ашылп жатқан ғылыми жаңалықтардың үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатумен де сипатталады.

2. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында "оқу", "оқу процесі" ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.
Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы үйретуші дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.
2.1. Оқу - дидактикалық процесс

Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін оқу жəне оқу процесі түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. Оқу түсінігі құбылысты білдіреді, ал оқу процесі- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды.
Оқу процесі - шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да оқу процесі түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында оқу процесі ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: оқу процесі - бұл барысында білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет.
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту - мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінің мəн-мағынасы
Дидактикалық жүйенің сипаттамасы
Оқу - дидактикалық процесс туралы ақпарат
Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Оқу – дидактикалық процесс
Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың дамуына үлес қосқан ағартушылар
Оқу процесінің қызметтері
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Пәндер